Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


-тақырып. Ғабит Мүсірепов (1902-1985)



бет3/5
Дата03.04.2016
өлшемі0.77 Mb.
түріРабочая программа
1   2   3   4   5

11-тақырып. Ғабит Мүсірепов (1902-1985)

Өмірінен мәлімет.Білім алған мектептері. Жазушылық жолы.Қоғамдық-саяси өмірге араласуы. Әдебиетке үлкен дайындықпен келуі. «Едіге» (1925) әңгімесінен басталған сәтті қадам «Тулаған толқында»(1928) повесімен жалғасып, «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Адамның анасы», «Ананың арашасы», «Жеңілген Есрафиль» т.б. әңгімелерімен қоғамдық өмір қатпарларын бейнелеп бергені. Жазушыға Л.Толстой, Дж.Лондон, Чехов,Гоголь, горький, Короленколардың тигізген ықпалы.

1938-1955жж. Жазылған «Ер ана», «Ана кесімі айнымайды», «Ақлима» новеллаларында соғыс салған тақсіретті көтерген қажырлы аналардың бейнесінің жасалуы. 1956-1977 жылдары жазылған «өмір жорығы», «тимка-Димка», «Сөз жоқ, соның іздері», «Қасқырды атқан қайсысы», «Автобиографиялық әңгіме», «Қыран жыры», «Ұлпан стансасы», «боранды түнде», «қарлы жаңбыр астында», т.б. әңгімелерінде уақыттың әлеуметтік-көркемдік талабын арқалаған замандастарымыздың кесек тұлғасын жасаумен қатар, қызыл империяның тоталитарлық саясатын әшкерелейді. 1977-1983 жылдары жазылған «Жапон балладалары» циклына енген «Арқаның әңгімесі», «Көздің әңгімесі», «Тастың әңгімесі» туындыларында әлеуметтік-философиялық сарын, мифологиялық мағына терең жататыны. Ғылымның ұлы жетістіктерін адам игілігінен басқа агрессиялық әрекеттерге пайдалануға қарсы күрес ашуға үндейтіні. «Ана жыры», «Өмір жорығы», «Қыран жыры» новеллаларындағы символдық, әлеуметтік-философиялық мағына.

«Қазақ батыры» (1945) повесіннен «Қазақ солдаты» романына (1956) айналған туындыда майдан шындығы суреттеліп, Қайрош пен оның бала күнгі достары Бораш, Шеген, Ақбота, т.б. бейнелерінің жасалуы. Романдағы Қайрош Сарталиевтің майдандас серіктері Сәмед Абдоллаев, Василий Гришин, Мирошник, Семен Зонин, Володя Толстов, т.б. солдат, офицерлердің елі үшін, жері үшін ерлік көрсеткен, ұлттық асыл қасиеттерді бойларына жинақтаған , өзіндік мінез ерекшеліктері бар, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, гуманизм, мызғымас достық тұғырына шыққан жандар дәрежесінде суреттелетіні. Жазушының майдан шындығына социалистік реализм әдісіне тән үстірттікке, кейіпкер тіліне байланысты олқылықтарға орын беріп алғандығы.

«Оянған өлке» (1952), «Жат қолында» (1984) дилогиясы. Онда ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалы, тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық жағдайы кең қамтылып суреттелетіні. Романда дала шонжарлары Игілік пен Жұман, орыс алпауыттары Рязанов пен Ушаков, шетелдік компаниялардың иелері Клод Карно, нельсон Филь, фон Штейн, және олардың сойылын соққан малайлары Акула, Зубов, Сикорский, Бернер, Некрасов образдары. Осы алпауыттар әулетімен күрес үстінде шыңдалып, биік азаматтық тұлғаларымен көрінетін Сүгірәлі, Бұланбай, Байжан, Байшегір, Байжан, Байшегір, Жабай, Кенжеғара, Нартай, Әлішер, Андрей- Елизавета Быковтар, Михайло Неволя, Шило қарт, Зуев, т.б. шыққан табының мүддесінен гөрі халық мүддесін жоғары қоятыны. «Жат қолында» романының табысы саналатын Кенжеғараны Ғабит «атаның баласы емес, адамның баласы», халқының көш бастар перзенті дәрежесіне жеткізе бейнелей алғандығы.

Дилогиядағы Назыкеш, Наркөз, Көпей, Күлше, Айғанша, Күнзила секілді әйелдер мен Кенжеғараның тәрбиесін алғанг Күлбәден, Қарлығаш, Анар тәрізді образдары.

«Кездеспей кеткен бір бейне» (1967) поэмасының өнер адамын, өнерге деген көзқарасты лирико- философиялық тұрғыда бейнелеген повесть екендігі. Еркебұлан образы. Еркебұлан мен Сәкен Сейфуллин бейнелерінің үндестігі. Поэмада Ақлима, Ақбала, Қоянжырық, Қайсар, т.б. характерлердің жасалуы.

«Ұлпан» (1975) повесінің осы аттас романға (1981) айналуының көркемдік заңдылықтары. Шығарманың тарихи шындыққа негізделгені. Ұлпан бейнесінің қазақ әйелінің асыл қасиеттерін бойына жинақтаған типтік тұлғаға айналғаны. Ұлпан образынан өрістейтін адамгершілік сабақтары.

«Қыз Жібек» (1930) музыкалы драмасы.

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» (1939) трагедиясы. Драматург фольклорлық эпосты идеялық шығармашылық екшеуден өткізіп, реалистік әдебиеттің биік үлгісімен қайта жазып шыққаны.

«Ақан Сері - Ақтоқты» (1945) трагедиясының психологиялық драма екендігі. Тар заманда торға түскен ақын Ақанның рухани келбеті, ашынған ойы мен ащы күйзелісін Ғ.Мүсіреповтің тебірене суреттегені. Хазірет Науан, азғын ақын Сердәлі, Жалмұқан төре, мүсәпір Қоңқай, Ақтоқты, Мәрзай, Дәмелілердің психологиялық драма талаптарына сай мүсінделетіні.

«Амангелді»(1950) тарихи - әлеуметтік драмасы. Онда дәуірдің әлеуметтік-саяси шындығы мен қайшылықтары реалистікпен бейнеленіп, қаһармандарының күрес үстінде шыңдалып, түлейтіні. Күрделі рухани жаңаруларды басынан кешірген адамдар тағдыры мен сан қилы тартысты оқиғалар өзінің табиғи заңдылығымен дамитыны. Жазушының ер мен ел парызы, озық ойлы орыс адамдарының қазақ халқына көрсеткен интернационалдық көмегін бейнелеп беруі. Пьесада Амангелді характерінің әр қырынан , әр әлеуметтік топ өкілімен қатысы арқылы ашылатыны.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» пьесалары негізінде киносценарийлер жазуы.

«Болашаққа аманат» драмасының басты кейіпкері қазақ халқының тәуелсіздігін аңсап, елді күреске көтерген Сырым Датов екендігі. Трагедиядағы тарихи тұлғаның көркем бейнеленуі.

Ғ.Мүсіреповтың қоғамдық – саяси келбетін, публицистік, зерттеушілік, сыншылдық қабілетін көрсеткен «Суреткер парызы», «Уақыт іздері», «Заман және әдебиет» атты еңбектері.

Ғ.Мүсіреповтың қазақ әдебиетіндегі орны. Шығармашылық мұрасының зерттелу жайы.


12-тақырып. Ғабиден Мұстафин(1902-1985)

Шығармашылық өмірбаяны. Қаламгердің 20-жылдары «Ер Шойын», «Қан», «Сәрсен мен Боқан», «Шағатайдың шатағы», «Кек», «Қашқын», т.б. әңгімелер жазуы. «Ер Шойын және басқа әңгімелер» (1929) атты жинағы. Сондай-ақ, колхоз тіршілігі, өндірісті жандандыру тақырыбына «Алыптың кереметтері», «Тұтқын», «Құлаған құз», «Күлмеген адам», т.б. очерктер жазуы.

Десе де, Ғ.Мұстафиннің алғашқы әңгіме, очерктерінде, шағын пьесаларында жазушылық тәжірибенің аздығынан, дайын сюжет, таптаурын схемаға ұрынудан кеткен кемшіліктердің кездесетіндігі.

«Өмір мен өлім» (1940) романының қазақ прозасында өндіріс тақырыбына жазылған алғашқы шығарма екендігі. Жазушының бұл романды өңдеп, толықтырып, «Қарағанды» деген атпен қайта бастыруы (1952). Романдағы Қарағанды сияқты ірі көмір ошағын іске қосу үшін көп қиындықтарды жеңіп, күресіп еңбек еткен Мейрам, Щербаков, Ермек, Жанәбіл образдары. Оларға қарсы Рымбек, Жаппар, Әлібек, Махметтер. Романдағы түрлі ұлт өкілдерінің арақатынасы, халықтао достығының көрінісі.

«Шығанақ» (1945) романы.Шығарманың орталық кейіпкері Шығанақ бейнесі. Оның тиянақты еңбек, табанды қажыр-қайратының арқасында жартылай шөлейт өңірден тарыдан төрт дүркін рекордтық өнім алуы. Сондай-ақ романда Ұлы Отан соғысы жылдары тылда белсенді еңбек еткен жастардың жарқын бейнесінің көрініс табуы. Романда жазушының кейбір қаламгерлік жасандылыққа, нанымсыз ситуацияларға ұрынуы.

«Миллионер»(1948) повесі. Шығармадағы Жомарт, Жақып, Ахмет, Алма бейнелері. Тартыссыздық теориясының көрініс табуы. Повестің сюжеттік желісінің босаңдығы.

«Дауылдан кейін» (1959)романы. Романда азамат соғысынан кейінгі қазақ даласының тыныс-тіршілігі, ауыл кедейінің сана-сезімінің оянып, қоғамның тегеурінді күшіне айналғанын көрсетуі.

Шығармадағы Аман бейнесінің қалыптасу, өсу эволюциясы.Жаңа заманның әсерімен әлеуметтік өмірге араласа бастаған Әдхам, Ізбасар, Таймас, т.б. халық өкілдерінің бейнелері. Өмір бойы құлдық сезімнен арыла алмаған Қазанғап.

Романдағы зымиян Шәкен мырза. Соның айналасында шөре-шөремен күн көрген, басынан дәурені өткен Жақып, Малқар болыс, Мақаш, Ермекбайдың бейнелері. Шолпанның образы.

«Көз көрген» (1963) романы. Онда екі түрлі қоғамдық құбылыстың, феодалдық және кеңестік дәуірлердің куәгері болған қаламгердің өзі басынан өткерген өмірлік іс-тәжірибелерге сүйене отырып, қоғам, адам, уақыт туралы айтқан ой-толғамдары. Романда қазақ халқы, қазақ қауымы бастан кешкен ширек ғасырға жуық өмірдің қыры мен сырларының қамтылуы. Романның орталық кейіпкері Сарбаланың қаламгердің өз прототипі екендігі. Ондағы жазушының әкесі Мұстафаның образы.

Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ Берсиев», «Мазасыз мейман», «Шыныдан туған қошақан», «Басқа пәле тілден», «Алынған кек», т.б. пьесаларының кезінде театр сахналарына қойылып, көрермен ілтипатына бөленуі.

«Ой әуендері» атты мақалалар жинағы. Жазушы творчествосының қазақ әдебиетінде алатын орны.

Ғ.Мұстафиннің шығармашылығының зерттелуі.
13-тақырып. Қасым Аманжолов(1911-1955)

Өмір жолы. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір жыры»(1938). Абай поэзиясынан үйреніп, нәр алуы.

Ақынның Ұлы Отан соғысына дейін әр түрлі тақырыптарға жазған өлеңдері: «Өркендей бер, Отаным», «Ұшқыш болғым келеді», «Болат сұңқар», «Ескерткіш», «Гүл жүзді, бұлбұл үнді Марпуғажан», «Сүйдім сені, Сандуғаш, қуға теңеп»т.б. өлеңдері.

Ақындық талантының Ұлы Отан соғысы жылдарында жарқырап көрінуі: «Зұлым жау», «Подполковник Әлпинге», «Мартбек», «Ғабдолға», «Орал», «Үстімде сұр шинелім», «Сен фашиссің, мен қазақпын» өлеңдерінде ақынның майдандағы жауынгерлерді ерлікке, туған елді, өмірді сүюге үндеуі.

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының Қ.Аманжоловтың соғыс жылдарындағы шығармашылығының биік шыңы екендігі. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Ондағы ішкі монологтың мәні. Поэма туралы орыс ақыны Н.Тихонов пен қазақ қаламгері Ғ.Мүсіреповтің жылы лебіз білдіруі.

Қ.Аманжоловтың соғыстан кейінгі жылдары «Нұрлы дүние», «Өзім туралы», өлеңдерімен қатар еңбек тақырыбына «Күн көтерген қарындас», «Жылқышы жыры», «Ай астында алтын тау», т.б. өлеңдерінің жазылуы. «Партияның жабық жиналысында» өлеңінің туу жағдайлары. Елуінші жылдары ақынның жазықсыз қудалануы.

Ақынның «Құпия қыз», «Қытай қызы», «Жамбыл тойына», «Біздің дастан» поэмаларының тақырыбы мен идеясы. Көркемдік табыстары мен кейбір кемшіліктері.

Қ.Аманжоловтың аударма саласында өнімді еңбек етіп, А.Пушкиннің «Полтава», Ю.Лермонтовтың «Маскарад», А.Твардовскийдің «Василий Теркин» поэмаларын аударуы.

Ақын шығармашылығының қазақ әдебиетінде алатын орны.

Шығармаларының зерттелуі.


14-тақырып. Әбділда Тәжібаев(1909-1998)

Ақын, драматург, ғалым, Қазақстанның халық жазушысы.

Туған ортасы, білім алған мектептері, қоғамдық қызметі. Жазушылық жолы. Шығыс поэзиясынан, қазақтың ауыз әдебиеті мұраларынан, Абай поэзиясынан нәр алып өскені.

Ақындығының алғашқы жылдарында ұстаз ақындарға, Сыр сүлейлеріне ұқсауға тырысқаны. Саяси лирика жетекші роль алған кезеңде Әбділданың да ойлы лирикалық өлеңдер жазуға дендеп бара алмағаны. Іздене жүріп, табиғат сұлулығын, махаббат сезімін жырлайтын «Алтын ай», «Көрісу», «Меруерт моншақ тереміз», «Тау қойнында», «Айнабұлақ», «Тараспен әңгіме», «Сырдария» өлеңдерінде сезім құбылыстарына терең бойлауға ұмтылатыны. «Аралдар» , «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Көне қоңырау», сондай-ақ кейін жазылған «өзім туралы өлеңдерден», «Афинада», «Көне диалогтерден», «Римде», «Парижде», «Стамбул кеші», «Сол адамға», «Айдап мені барады уақыт қайда», «Темірші жыры», «Ақындық», «Келші, сәулем» және «Құрдастар» (1977), «Таныс дауыстар» (1985) жинақтарына енген жырлардан, «Сүйінбайдың домбырасы» (толғау), «Ұлы Отан соғысында қаза болғандар монологы», өмірінің соңғы жылдарында жазған «Төрттағандарында» терең ой, философиялық жинақтауға еркін баратыны. Бүгінгі романтизм сарынында жазылған шығармаларында («Сырдария», «Тараспен әңгіме») символизмнің ерекше орын алатыны.

Ақынның поэмалары. «Құлғара», «Батырақ Қобыланды» «Олқылық», «Екі жиһан», «Құтқару», «Аққу», «Кілемшілер», «Сөнген шырақ» поэмаларына ақынның тақырыпты таңдап ала білгенімен, жанрдың көркемдік талаптарыныа жауап бере алмағаны..

Құрманғазы күйлерін өлең жолдарына айналдырып, «Қайран шешем», «Көбік шашқан», «Оркестр», «Абыл» дастандарын жазуы. Өнерді, өнер иелерін кейіпкер еткенде ақынның тың поэтикалық образдар жасап, көркемдік құралдарын тиімді пайдаланғаны. Табиғат құбылысы немесе халықтың аңыз-ертегілері негізінде «Толағай», «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез», «Азаматтар» атты драмалық поэмалар жазып, бүгінгі күннің шындығын айтуы.

Соғыстан кейінгі дәуірде Ә.Тәжібаев қаламынан туған «Темірші», «Портреттер», «Ашықтар», «Ол», «Күзетші», «Ақын», «Күйеулер», «Құрдастар», «Қызыл алаң», «Майра», «Мархума» поэмалары.

Ә.Тәжібаевтың драматургиясы. «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Жартас», «Батыр мен ақын» драмалары, «Дубай Шубаевич», «Той боларда» комедиялары. «Біз де қазақпыз» поэтикалық драмасы. Жазушының Майра, Телғара, Жанас, Мәлік, Байбол, Жәрдем, Темір сияқты жағымды, Тайман, Сапар, Дәурен, Қалабай, сияқты жағымсыз кейіпкерлері. Олардың психологиясының, характерлерінің даралығы. Ә.Тәжібаев пьесалары туралы айтылған сын.

«Жаданның хаттары», «Хаттар сөйлегенде» повестерінің идеялық, тақырыптық, көркемдік табыстары.

«Мен жалғыз ем, Сарамен болдық екеу», «Есімдегілер», «Жылдар және ойлар» тәрізді мемуар, естелік-эссесі.

Ә.Тәжібаевтың Н.Погодинмен бірлесіп «Жамбыл» көркем фильмінің сценарийін жазғаны.

А.Пушкин, Гейне, Шевченко және бірқатар орыс ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалауы.

Ә.Тәжібаевтың «Өмір және поэзия» атты монографиясында қазақ лирикасының даму жолын саралағаны. Алайда зерттеушінің коммунистік идеология аластаған «алашордашыл», «ұлтшыл» ақындар лирикасын талдауда қателіктерге ұрынатыны. «Қазақ драматургиясының қалыптасуы мен дамуы» монографиясының ұлттық драматургиямыздың пайда болу, қалыптасу, өркендеу жолын терең сөз еткен ғылыми-теориялық зерттеу екендігі.

Ә.Тәжібаевтың әдеби көркем бейнесінің жасала бастауы.

Шығармашылығының зерттелуі.
15-тақырып. Асқар Тоқмағанбетов(1905-1983)

Ақын, жазушы, публицист, мысалшы, сықақшы, фельетоншы.

Өмірінен мәлімет. Төңкеріске дейін ауыл молдасынан ұзап білім алмағаны. Кейінірек Мәскеу, Ташкент қалаларында оқығаны.

1925 жылдан 1960 жылға дейінгі ақын лирикасының тақырыбы саяси-әлеуметтік, социалистік құрылыс жетістіктері, таптық күрес болып келетіні. Теңдік алып, бақытты тұрмысқа қолы жеткен Қойбағар, Шойынғара, Қарақыз, Күләйшалардың образдары.

А.Тоқмағамбетовтың заман шындығын жырлауы. «Комсомол ақын», «Социалистік құрылыс ақыны», «коммунистік идеологияның насихаттаушысы» болуы. Шынайы өмір шындығына жүгініп, жаңарған ауыл адамдарының бейнесін суреттегені.

Ақын өмірінің соңғы жылдарында жазған өлеңдерінде ауыл адамдарының жан дүниесіне үңілуі, мәдениеті өскен, білімді адам бейнесінің поэтикалық теңеу, образдармен байығаны. Бұл сипаттың «Алтын арал», «Тырналар, сұлу тырналар», «Ғажайып жылдар», «Көгілдір әлем», «Дауылпаз жырлар» жыр жинақтарына енген өлеңдерінен анық аңғарылатындығы. Дегенмен ақынның барлық өлең-жырлары бірдей мазмұнды, көркем бола бермейтіні.

Поэмалары. «Алыптар туралы ертегі» поэмасынан басқаларының тақырыбы социалистік дәуір шындығын қамтитыны.. «Берлин көшесінде», «Испания», «Рейн жағасында», «Мұзбалақ», «Ақ алтынды арал», «Аңыз ағаш», «Екі дүние, екі өмір», «Балам туралы дастан», «Батыр Әли», «Бұқарбай батыр», «Жер тәңірісі», «Жолдар мен жылдар», «Күндіз аққан жұлдыз», «Нартәуекел», «Шағалалы шалқар», «Шынар туралы шындық» дастандары. Олардағы ажарлы сөз, ақындық образ. Сонымен қатар оларда ақынның көпсөзділікке бой алдырғаны.

А.Тоқмағамбетовтың сатиралық шығармалары. Орыстың классикалық сатирасы мен қазақ әдебиетіндегі Абай, С.Дөнентаев, Б.Майлин, І.Жансүгіров сатирасының дәстүрін жалғастырып, оны жаңа тақырыптармен байытқаны. «Саудагер молда», «Тұтам құрық», «Бөлтірік», «Сүмелек қайнаға», «Бір мылжыңның баяндамасы», «Желіккен жеңгей», «Қылтың-сылтың», «Арыстанға еліктеген мысық», «Жаназа үстіндегі даңғаза» т.б.

Мысал жанрындағы еңбектері: «Мияу мен Лен», «Көкек», «Әтештің махаббаты», «Бидай мен қаңбақ», «Қара тоқтының хаты», «Әупілдек пен күпілдек», т.б.

А.Тоқмағамбетовтің сықақ өлеңдерінің формаларының өзгеріп отыруы оның сатиралық поэзиясын ажарландырып, саяси-эстетикалық нысанасын айқындауға мүмкіндік жасайтыны. Алайда Асқардың бірқыдыру фельетондары мен сықақтарында образ дәрежесіне көтеріле алмай қалған бейнелердің де ұшырасатыны.

А.Тоқмағамбетовтың сатиралық мектебінің қалыптасуы.

Проза жанрында «Алғашқы қадам», «Кішкене қолғанаттар», «өзіміздің жігіт», «Жыр күмбезі» атты әңгімелер мен «Ақмоншақ» повесін, «Әке мен бала» және «Жыр күмбезі» романдарын, көптеген очерк, көптеген публицистикалық мақалалар жазғаны. «Әке мен бала» романында дін иелерінің жағымсыз қылықтарын әшкерелегені. «Жыр күмбезі» шығармасында ақынның Сыр өңірі ақындарының рухани портретін жасағаны. «Өтеді күндер» мемуарлық шығармасында соны фактілер, поэтикалық бояу, баяндау тілінің оралымдылығы.

Шығармашылығының зерттелу жайы.
16-тақырып. Тайыр Жароков(1908-1965)

Өмірінен мәлімет. Білім алуы. Әдебиет пен мәдениет салаларында басшылық қызмет атқарып, қоғамдық өмірге араласуы.

Т.Жароковтың отыздан аса жыр кітаптарын қалдырғаны. Шығармашылығының бастапқы кезінде лирикалық туындылардың басым жататыны. Жаңа заманның жыршысы болғандығы. «Өмір сөйлейді», «Бес жылдықтың балғасы», «Күн тіл қатты», «Теңізде», «Сәулеме», «Батырмен кездескенде», «Миллион толқын», «Қара теңіз», «Аэроплан» өлең-поэмаларында өмір жаңалықтарын дер кезінде көре біліп, публицистикалық леппен, романтикалық сезіммен жырлағаны.

Алпысыншы жылдардың алғашқы кезеңінде көркемдік шеберлікке жетудің, кемелденудің жаңа бір кезеңін бастан кешіргені. «Тау жырлайды» (1962), «Тасқынға тосқын» жинақтарына енген туындылары. Ақын жырларында саяси лирика жетекші орын алғанмен, алпысыншы жылдары ол табиғат, махаббат тақырыбы мен әнге сөз, толғау, эллегиялық жырлар, философиялық тебіреніске өрісті кең ашса, «Кавказ жырларында» табиғатты тамсана жырлап, тыңнан жол салатыны.

Т.Жароков - өмірдің сан алуан құбылыстарын арқау еткен циклді өлеңдер жазу дәстүрін қалыптастырушы. «Тау жырлайды», «Тасқынға тосқын», «Кавказ жырлары», «Қарағанды дәптерінен», «Днепр дәптерінен», т.б. Тайыр поэзиясының әуезділігі, түсінуге жеңіл, тез есте қалатыны – саздылығы.

Т.Жароков – эпик ақын: «Орда оқиғалары», «Балабас», «Мұз мұхит аңызы», «Тасқын», «Нарын», «Жапанды орман жаңғыртты», «Қырда туған құрыш», «Құмдағы дауыл», «Зоя туралы жыр», «Тасқынға тосқын»,т.б. поэмалары. Олар өмірімізде кездесетін әр алуан тасқындарға ақылы мен білімі, тәжірибесі, қажыр-қайратымен қарсы тосқын қоя алатын құдіретті күштер жайлы жүрек-жарды сырға ортақтастыратыны. Бойларындағы бары мен нәрін ұрпаққа беретін алғы буын ағалардың дарқандығы мен халқын апаттан сақтап қалу үшін тасқынға тосқын қоюға бекінген бүгінгінің «тау соғар» батыры, «білімі күшті», тәуекелі бекем инженер Арманның іс-әрекеттері.

Т.Жароков А.Грибоедовтың «Ақылдан азап» пьесасын, М.Алигердің «Зоясын», Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» эпосын, Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Маяковский, А.Сурковтың, НазымХикметтің әлемге танымал шығармаларын қазақ тіліне аударғаны.

Ақын қазақ әдебиетінің мәселелеріне сыншыл ой-пікірлерімен үн қатып отырғаны.

Ақынның мұрасының зерттелуі жайлы.

17-тақырып. Жұмағали Саин(1912-1961)

Өмір жолынан мәлімет. Әдебиеттегі алғашқы қадамдары. «Бақыт жыры» (1936) ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы екендігі.

Автордың соғыс басталғанға дейін жазған «Досыма хат» поэмасын жазып, онда ақынның жастарды Отан қорғауға үндеуі

«Пилот сыры» поэмасында ұшқыш өмірінің сипатталуы.

«Күләнда» поэмасы. Күланданың бейнесі. Дастандағы жеке басындық,таптық тартыстар.Әбікеш және ұнамсыз тип Есімбеттің образы. Дастанның поэтикалық ерекшелігі.

Ұлы Отан соғысында Ж.Саиннің беларусь партизандарының қатарында соғысып, соның әсерімен «Түн қатады партизан», «Шайқасқа кеттік ел үшін»«Есімде Айдар өзені», , «Дөнен», «Жауынгер сөзі», «Айтылмай келген аманат», «Жаралы партизан жырлары», және т.б. шығармалары. Қазақ поэзиясына партизан соғысы тақырыбын енгізуі.

«Қазақ қызы», «Кәрібай шал», «Бақташы мен бұлбұл», «Тракторшы» өлеңдерінде ауыл өмірін, еңбек адамдарының тұлғасын жасауы. «Дауыл», «Колхоз таңы», «Мал сипаттары», «Көкшетау» өлеңдеріндегі табиғат суреттері.

«Азамат» және «Елтай» поэмаларының тақырыбы мен идеясы. Олардың көркемдігінің әлсіз тұстары. Аяқталмаған «Жол үстінде» повесі. Көркем тілі.

Ж.Саин шығармашылығының зерттелуі.


18-тақырып. Ғали Орманов (1907-1978)

Ақын, жазушы, очеркист, аудармашы. Өскен ортасы, білім алған мектептері. Әдебиетке құштарлығының ерте оянуы. Абай, Әсет, Әріп, Ілияс жырларынан бала жасында сусындауы.

Ғ.Ормановтың тұңғыш өлеңдер жинағы «Шеңберде»(1934) отызыншы жылдардағы замандастарының ерлігін, коллективтендіру науқанын, таптық езгіден құтылған шаруалардың көңіл күйін айна қатесіз бейнелегені. Тырнақалды өлеңі «Қорада» жанды, нақты картинаның молдығы. Тұңғыш өлеңдер жинағының өзінде Ормановтың көргені мен сезгенін көркем шындыққа көтере түйетін дәоежеге жеткені. Әйтсе де ақынның отызыншы жылдардағы әлеуметтік-таптық мәселелерді, өмірдің жеке көріністерін жыр еткенде өмірдің натуралистік көріністеріне бой ұрып, қайсыбір жағдайда өлеңдерін схемаға құрғаны.

Табиғат көркін, өмірдің әсем көрінісін суреттеуде ақын ұстазы Ілияс Жансүгіровтың суреттеу тәсілдеріне («Жетісу суреттері», «Ақсуым») көбірек жығылып, ұлғайған метафораны үсті-үстіне бастырмалатып, теңеу сөздер мен эпитеттерді алма-кезек алмастырып жиі қолданатыны. Ақынның аз сөзбен көп мағына түйіп, өмір шындығының сурет-сипаттарын лирикалық геройдың толғаныс, тебіреністері арқылы нәзік бейнелеп беруге («Қора»,«Алғашқы адым», «Қапшағайда», «Қарағай», «Қарағай», «Жер қадірі», «Сахара сазбасы», «Көктемде қандай әсем келген тырна», «Жыл құсы», «Баян лебі», «Алтай әуені», «Қарқара келбеті», «Медеу тынысы», «Тау етегінде» ) әбден машықтанғандығы.

Ақынның лирикалық геройларының ішінде тұлғасы тұтас көрінетіні ана бейнесі екендігі. Ғали ана махаббатын кеңінен толғай отырып («Ана», «Ана толғауы», «Қол қанат», «Көріскенде», «Тұңғышым», «Сақ жүр») ана деген сөздің, өз кезегінде Отан ұғымымен біте қайнасып кететінін аңғартуы. Ғали жырларында адамдардың жеңісі мен жетістігіне қуанып, азаматтық лирикаға өрісті кең сайлағанымен, келелі жайларды сөз еткенде сатираны тиімді пайдаланып, Абайдың сатиралық үлгілерін дамытатыны.

Ақынның Ұлы Отан соғысына арналған «Ер арманы», «Мәлік», «Тілек», «Ант», «Намыс», «Ана әңгімесі», «Бөбек жүрегінде» өлеңдері. Ақын қай тақырыпты да ерекше құштарлық сезіммен жырлайтыны. Ақынның философиялық лирикаларында («Емен», « Қарағай», «Таң»)өмір сырынан көп нәрсені аңғартуы.

Ғ.Ормановтың лирика жанрын биік белеске көтеріп, қазіргі қазақ әдебиетінің қорына қомақты үлес қосқаны.

Ақынның « Шәуілдір», «Алынған қамал», «халық - қаһарман» поэмалары. Тақырыбы. Жетістіктері. Ал, «Алынған қамал» атты поэмасының оқиғаларды шолу деңгейінен аспайтын, тілі жұтаң, көркемдік бояулары сұйық, образдар жүйесінде натуралистік схема салқыны көбірек сезілетін әлсіздеу дүние болып шыққандығы.

1935 жылы жарық көрген «Көтерме» жинағына енген очерк, әңгімелері Турксиб темір жолының салынуын, коллективтік шаруашылықтың қанды шайқастар үстінде нығайып, кең өріс алғанын, ауыл өміріне енген жаңалықтарды қуана құптауға негізделсе, соғыс кезінде қаламынан өмірдің ең бір көкейтесті мәселелерін қозғаған «Алатау сынды ақсақал», «Қара таудың Қамбары», «Олжабек», «Алыстағы ауылда», «Жол жүрек», «Механик ойы» т.б. әңгіме, очерктері туғаны.

Ол А.Пушкин, М.Лермонтов, Мопассан, В.Маяковский, Л.Соболев, Н.Тихонов, Ян Райнис, Мақтұмқұлы, А.Тоқомбаевтардың өлең-поэмаларын, Л.Толстойдың «Анна Каренина» романын, Н.Гогольдің «Нева проспектісі» повесін, А.Чеховтың әңгімелерін, Н.Бубенновтың «Ақ қайың» романын, М.Тұрсын-заденің «Үндістан балладалары» кітабын, т.б. шығармалары аударғаны.

Шығармашылығының зерттелу жайы.
19-тақырып. Хамит Ерғалиев(1916-1997)

Ақын, жазушы, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері.Мемлекеттік сыйлық лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.

Х.Ерғалиевтің өскен ортасы, білім алған мектептері. «Ұмытпан», «Сағыныш», «Ауылға»,«Әке сыры»,«Жас ана», т.б өлең-поэмалары. «Санаттағы сарбаз» кітабы. Х.Ерғалиев поэзиясы тақырыбының әр алуандығы.Қазақ поэзиясын дамытуға қомақты үлес қосқандығы. Лирикасының тақырыбы, көтерген мәселелері, өлең өрнегі, сөз кестесі, бояуы, философиясы жағынан даралығы. Бұл сипаттың «Ақын ойлары», «Менің баяндамам», «Самарқан деп сайрасам», «зарафшан бойында», «Сырласу», «Нұра», «Көкшетау», «Менің философиям», «Өткен күндер ізімен», «Ахмет сазы», «Биші қызға», «Әуезовпен әңгіме», «Құда мен құдағиға», «болашаққа хат», «Өз тілім мен өлеңім», «Жеңіс жыры», «Үш ғасыр күткен жақсылық», «құдіретті пірім менің», «Сонеттер», «Өзіме», «Ақын өлімін ойласам», т.б. өлеңдеріндегі көрінісі.Ақын өлеңдерінің ұйқасы нық, ойы астарлы философиялы болып келетіні. Х.Ерғалиевтің классикалық дәстүрді шығармашылықпен игергені. Оның лирикасына тән азаматтық асқақтық, эстетикалық дүниетаным. Қазақ халқының өткен өмірі, соғыс жылдарындағы майдан мен тылдың тынысы, соғыстан кейінгі өмір туралы жырлағаны.

Х.Ерғалиев поэмалары. Дастандарының тақырыбының әр алуандығы, бірін-бірі қайталамайтындығы. «Әке сыры» (1947), «Үлкен жолдың үстінде» (1949), «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің» (1953), «Оралдағы отты күн» (1956) поэмалары. «Аңыз атасындағы» (1965), «Украин халқының перзенті Т.Шевченконың», «Құрманғазы» романындағы қазақ халқының ұлы композиторы Қ.Сағырбаевтың, «Күй дастан» поэмасыныдағы композитор Ахмет Жұбанов бейнелері. «Қыз хиссадағы» өмір шындығының диалектикасы, «Жылдар, жылдар» поэмасындағы (1966) бүгінгі дәуір жетістіктерінің қызыл империяның екіжүзді саясаты, әміршіл-әкімшіл қоғам жүйесі тудырған зауалды оқиғалардың суреттелуі. Кейінірек жазылған «Менің революциям», «Суыт жүріс» дастандары мен «Үшінші январь» балладасы (1985), «Шер толғау» (1988), «Шындық шырқайды» (1984). «Сонеттер» (1995), «Ұлтым дедім ұлғайдым» (1997) атты жыр кітаптары.

«Шындық шырқайды» жинағына енген әңгіме, очерк, публицистикалық мақалалары арқылы мазасыз уақыттың көкейкесті мәселелеріне үн қосып отыруы. «Ғұмырнама» кітабында өз заманы мен замандастары туралы сыр шертетіні.

Х.Ерғалиевтің әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері Дж.Байрон, Ә.Науаи, Низами, Софокл, Назым Хикмет, Пабло Неруда, М.Лермонтов, А.Пүшкин, У.Шекспир шығармаларын аударғаны. Соның ішінде Шекспирдің сонеттері мен «Гамлет», Ричард «III» трагедиялары, «Дуалы күнгі думан» комедиясы, Қырғыз эпосы «Манас» (4 кітап), қарақалпақ эпосы «Қырық қыз» аудармаларының әдебиетімізге қосылған елеулі үлес екендігі.

Х.Ерғалиевтің шығармашылығының зерттелуі.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет