Психология тарихы” пәні бойынша Оқу әдістемелік кешен. 050103 «Педагогика және психология»



бет15/16
Дата02.05.2016
өлшемі3 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

37. Сабақтың тақырыбы:

Қабылдау
Сабақтың жоспары:

Қабылдау туралы жалпы түсінік.

Қабылдаудың физиологиялық негіздері.

Қабылдаудың түйсіктен айырмашылығы.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді қабылдау туралы ұғыммен, қабылдаудың физиологиялық негіздерімен, балаларда қабылдаудың даму жолдарымен, қалыптасуымен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен кұбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері жатады. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мүнда біздің аналозаторымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қасиеттері, бір мезгілде әсер етеді де, миымызда түтас зат күйінде бейне пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сырқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бүлардың бәрін бірдей дүрыс қабылдай алмайды немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.Адамның сыртқы дүниенің заттары мен қүбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Қабылдау ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Мүны И.П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның түлғасын тануға мүмкіндік береді.

Сөйтіп қабылдау-түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализатордың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен киноны көру екі анализатордың /көру, есту/ өзара байланысып жүмыс істеуінен болады.


38. Тест тапсырмалары
1. Аз мағыналы, бірақ маңызды бөлшектерді байқап қалатын жеке тұлғаның қасиеті:

А) Апперцепция

В) Байқағыштық

С) Мінез

D) Иллюзия

Е) Тұрақтылық

2. Толып жатқан объектілердің ішінен адамның қажеттілігіне,

қызығушылығына және бағыттылығына байланысты заттарды іріктеп алу

қабылдаудың қай заңдылығына жатады?

А) Таңдамалылығы

В) Тұтастай

С) Уақытты

В) Апперцепциялылығы

Е) Иллюзиялы

3. Қабылдаудың қай ерекшелігі арқылы әлемді тұрақты және өзгермелі

қабылдаймыз.

А) Заттылығы

В) Тұрақтылығы

С) Тұтастылығы

D)Саналылығы

Е) Категориялылығы

4. .Адам әуенді тыңдағанда бөлек дыбыстарды естімейді, тұтас әнді

қабылдайды. Бұл ерекшелікті не деп атайды?

А) Тұрақтылық

В) Заттылық

С) Тұтастылық

D) Саналылық

Е) Құрылымдылық

5. Танудың сезгіштік деңгейін құрайтындар:
А) Зейін жэне ес

В) Түйсік және ойлау

С) Қабылдау жэне қиял

D) Түйсік жэне қабылдау

Е) Ойлау және сөйлеу

6. Синестезия құбылысының мәні-


а) Икемделу

в) Жоғарылау

с) Төмендеу

д) Өзара ықпал

е) Қосарлану

7 . Иллюзия құбылысының мэні -


а) дәл тану.

в) жаңсақ тану

с) шамалап тану.

д) ауыстыра тану.

е) екіұшты тану.

8. Әр қандай нақты заттың қабылдаудағы кейпі мен заттың өзі.

а) сәйкес

в) тіпті ұқсамайды

с) сәйкес емес

д) ажыралып тұрады

е) айнадағыдай дәл

9. Көздің қашықтықтағы заттарды көруге байланысты икемделу қабілеті -

а) конвергенция

в) дивергенция

с) аккомадация

д) апперцепция

е) галюцинация

10 . Аз мағыналы, бірақ маңызды бөлшектерді байқап қалатын тұлғаның қасиеті:

а) Байқағыштық.

В) Зейін.

С) Сөйлеу.

Д) Қиял


Е) Елес.

11. Қабылдаудың күрделі түрлеріне жататындар:

а) кеңістік-уақыт

в) тактілік

с) дәм

д) есіту


е) жүртшылық

12. Қабылдау объектісіндегі және оның қасиеттерін бейнелеу адекватты емес-бұл:

а) Иллюзия.

в) Детерминация.

С) Синестезия.

Д) иррадияция.

Е) Эйдетизм.

13. Қабылдау көбіне былай атайды:

а) Перцепция.

в) Ес.


с) Зейін.

д) Түсіну.

Е) Ойлау.

14. Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз-бұл:

а) Қабылдаудың тұрақтылығы.

в) Қабылдаудың таңдамалығы.

с) Қабылдаудың мағыналығы.

д)Қабылдаудың тұтастығы.

е) Қабылдаудағы иллюзия.

15. Жүйкенің ауруға шалдығуынан бұрмаланған бейнелер туындау құбылысы:

а) Иллюзия.

в) галлюцинация.

с) апперцепция

д) аккомодация

е) сенсибилизация

16. Қабылдау процесінің неше қасиеті бар.

а) 2

в) 4


с) 10

д) 1


е) 6

17. Қабылдау консттантылығы бұл:

а) Жалпы

в) Туа берілген

с) жүре пайда болған.

д) Жеке


е) Генетикалық шарттанған.
18. Қабылдау бұл:

а) Информация жинақтау.

в) Нәрселердің тұтас бейнелеуі.

с) Ойша болжамдау.

д) Шартты рефлекс.

е) Түйсіктер жиынтығы.



39. Сабақтың тақырыбы:

Байқау және байқағыштық.
Сабақтың жоспары:

Байқау туралы түсінік.

Байқағыштық туралы түсінік.

Оқушылардың байқау қабілетінің дамуы.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді адамның бойындағы байқау және байқағыштық қасиеттермен, байқаудың оқыту процесіндегі дамуымен, балаларда қабылдаудың даму жолдарымен, қалыптасуымен таныстыру.



Теориялық мәліметтер:

Байқау дегеніміз- белгілі мақсат пен обьектіні әдейілеп қабылдау. Қабылдау үшін оны көру жеткіліксіз, оған белгілі көзқарас бойынша баға берілу қажет. Бір нәрсені мүқият байқау үшін біраз уақыт бойына жүйелі түрде бір обьектіні бөліп алып қадалаған дүрыс. Бүл, байқаудың негізгі шарттарының бірі. Байқау үшін белсенді ой жүгірту, арнайы зейін қою, байқау нәтижесін сөзбен айтып отыру ерекше маңыз алады. Байқағыштық кез-келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған көбінесе мән берілмейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық. Мәселен, бүркіт пен тазының арасындағы шайқастың үсақ түйсіктерін тек жақсы аңшы ғана байқай алады.

Осы суретті А. Қүнанбаев "Қан сонарда бүркітші шығады аңға" деген өлеңінде жақсы көрсеткен.

"Біреуі көк, біреуі-жер тағысы"

Адам үшін батысып қызыл қанға.

Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл

Ұқсайды қаса сүлу шомылғанға - "қар аппақ", "бүркіт

қара", " түлкі қызыл" деген тіркестерде кез-келген адамға байқала бермейтін көріністер сөз болып отыр. Мүндай сөздерді -кез- осы нәрсені өте л<етік білетін адам ғана айта алады.

Байқағыштық жаңа фактілерді білуге күмарлықты, олардың егжей-текжейін білуді, адамның әрдайым қабылдауға даярлығын тілейді. Байқағыштык қасиет-адамның өмір сүрген ортасына, алған т,әлім-тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне де байланысты. Байкағыштық-өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет. Баиқағыштық әсіресе ғылыми жүмыста, мүғалімдік қызметте, ақын -жазушының өмірінде ерекше орын алады.

Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүруінің негізгі формалары. Сондықтан кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, оларды материядан аулақ өмір сүру деу шындыққа сай келмейді.Кеңістікті қабылдау заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін аумағын алыс жақындығын, түрқын, тайыз-тереңдігін бағыт-бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, заттың көлемі мен түрін қабылдау -көру, сипай сезу, қимыл қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы жүзеге асады. Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бүл қүбылыс жақындағы нәрсені ажыратуға байқалады. Көз тіккен нәрсе неғүлым жақын түрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бүрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтан заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация деп атайды. Көздің аккомадациясы хрусталь дөңестігінің өзгеруіне байланысты жақын заттарды көргенде жиырылады да алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі.

40. Бақылау тапсырмалар
Бақылау сұрақтары

(Үй тапсырмасы бойынша түсінігін тексеру).

Қабылдау дегеніміз не.
Қабылдаудың түйсіктен айырмашылығы неде.
Қабылдаудың тұтастығы дегенді қалай түсінуге болады.
Қабылдаудың мағыналылығы мен таңдамалылығы деп нені айтамыз.
Қабылдаудың константтылығы дегеніміз не.
Иллюзия деп нені айтады, оның қандай түрлері бар.
Апперцепция деп нені айтады, оның қандай түрлері бар.
Байқау дегеніміз не.
Байқағыштық дегеніміз не.
Байқау және оның оқыту процесіндегі дамуы.
Қабылдау саласындағы дара айырмашылықтар.
Төменгі сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктері қандай.Олардың байқау қабілеті қалайша дамып отырады.
Адам кеңістік пен уақытты қалай қабылдайды.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
Уақыт пен кеңістікті қабылдау.


41. Сабақтың тақырыбы:

Ес. Ес туралы теориялар.
Сабақтың жоспары:

Ес туралы жалпы түсінік.

Естің физиологиялық негіздері.

Ассоциациялардың түрлері.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді ес туралы жалпы ұғыммен, естің физиологиялық негіздерімен, естің түрлерімен, типтерімен, ассоциацияның түрлерімен, елес және оның өзгешеліктерімен, ес процестерінің түрлерімен, ес саласындағы дара айырмашылықтармен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Ес- деп, қоршаушы өмірдегі заттар мен қүбылыстардың мида алғашқы із ретінде калыптаса бастап белгілі бір уақыт ішінде сақтала отыра . кезінде қайтадан жаңғыртылуын айтамыз.

Ес-деп, коршаушы өмірдегі заттар мен күбылыстардың адам миында сакгалып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, үмытылуын бейнелейтін процесс.

Ес-күрделі психикалық процестерге жатады. Ес- есте қалдыру,қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден түрады. Естің физиологиялык; негіздерін бір кезде И.П. Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеть түралы ілімімен түсіндіретін. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз- түрлі козулардан қалған осерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уакытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда мида жасальтуы онда бүрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігін жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ.

Мысалы; ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса енді бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді бакыпың өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклейнді қышқылдар комплексінің табылуын) естің бүкілі ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.

Бір нәрсені есте сақтау- оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің

негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды.

Егер бүрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек, не ойласақ, бүлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін обектінін біреуін гана елестетсек миымызда калған бөлігін -тудыруға себеп болады. Ассоциациялык принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып психикалық әрекеттің калған түрлерін түсіндіруге бүл принципті колданбады.

Ғылымда тұңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен
дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатындығын көрсеткен ұлы орыс ғалымы И.П.Павлов болды. И.П.Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын қүбылыс ми қабығында екі қозу процесінің қабаттасып келуі себепті паида болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндірді.“Ұлы ғалым бүл туралы былай деп жазды"Уақытша нервтікбайланысжануарлардүниесінде де , біздің өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс .
42. Реферат


Ес және оның адам өмірінде маңызы туралы.
Ассоциация және оның түрлері .
Естің түрлері туралы.
Естің негізгі процестері.
Есте қалдыру туралы.

Материалды мағынасына қарай түсініп жаттап алудың шарттары туралы.
Қайта жаңғырту мен танудың бір–бірінен айырмашылығы .
Елес және оның өзгешеліктері туралы.
Ұмыту және оның түрлері .
Ес саласындағы дара айырмашылықтар .
Бала есінің даму жолы .
Төменгі сынып оқушыларының ес ерекшеліктері туралы.
Есті тәрбиелеу үшін мұғалімнің жүргізетін жұмыс түрі.
Қимыл - қозғалыс есі туралы.
Эмоциялық ес туралы.
Сөз – мағыналық ес туралы.
Бейнелік ес туралы.


43. Сабақтың тақырыбы:

Ес процестері
Сабақтың жоспары:

Есте қалдыру туралы.

Қайта жаңғырту, тану туралы.

Ұмыту және оның түрлері.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді елес және оның өзгешеліктерімен, ес процестерінің түрлерімен, ес саласындағы дара айырмашылықтармен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту.ұмыту және тану.

Есте қалдыру.

Есте қалдыру- мағлұматты белсене қайта өңдеу , жүйелеу, жалпылау, оны игеру процесі. Есте қалдыру екіге бөлінеді:

1." Еріксіз есте қалдыру ,

2. Арнайы есте қалдыру.

Қайта жаңғырту.

Қайта жаңғырту -бұрын қабылдағандарды қалпына келтіру процесі. қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта жаңғырту деп. екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына мақсат қоймаиды . Мұны іс-әрекеттің барысы туғызып отырады. Арнайы қайта жаңғыртуда мақсат қоюмен , ерік күшін жұмсаумен арнаулы әдіс-тәсілдер қолданумен жүзеге асады.

Тану (қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мыс: біреу бір нәрсені қиналмай, тез және

Толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайтын болады, үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате таниды. Обектіні дұрыс тану үшін адамның көзі төселіп үйренген болуы, өмір тәжірибесі мол, бақылағыш болуы шарт.



Ұмыту және оның түрлері.

Ұмыту процесі - есте қалдыру процесі не қарама-қарсы процесс, өмірге қажет емес нәрселерді үмытып отыру адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егерде адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген үсақ түйектер мидың бір қалыпты жүмысын қиындатар еді. Ұмыту түрліше жағдайларда көрінуі мүмкін. Бірде ұмыту обектіні әдейілеп еске түсіруге не танула мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде обектіні қате тану,не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Материалды оқыған бойда он бір ден жаңғырту кейде қиынға түсіп, мазмүны толық берілмей қалатын кездері болады. Бірақ, бүлар екі үш күннен кейін тым тәуір байта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кеншігіп еске түсіруді психолгияда реминисцанция қүбылысы деп. Атайды. Кешігіп еске түсіру көбінесе мектепке дейінгі балалар мен төменгі класс оқушыларында жиі кездеседі. Өйткені олар көлемі алкен, күрделі материалдарды бір ден толық айтып баруге шамалары келмейді де, ойларына келген жерлерін айта бермейді.


44. Глоссарий

Ассоциация –
Жанасу ассоциациясы –
Ұқсастық ассоциациясы –
Контрастық ассоциациясы –
Каузальдық ассоциация –
Тану –
Ұмыту –
Елес –
Мнемоника –
Амнезия –
Реминисценция –
Сақтық тежелу –
Проактивтік тежелу –
Ретроактивтік тежелу –

45. Сабақтың тақырыбы:

Естің адам өміріндегі маңызы.
Сабақтың жоспары:

Ес саласындағы дара айырмашылықтар.

Балаларда естің дамуы.

Есті тәрбиелеу жолдары.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді естің адам өміріндегі маңызымен, елес және оның өзгешеліктерімен, ес процестерінің түрлерімен, ес саласындағы дара айырмашылықтармен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Ес саласындаға дара айырмашылықтар.

Ес дәрежесі бірдей адамды табу қиын. Біреу өлеңді жылдам жаттаса, екінші біреу санды жақсы жаттайды, үшінші біреу үмытшақ, төртінші біреу көргенін есінде ұстағыш келеді, т.б. адамдар сон дай-ақ есінің дәлдігі жөнінен бір-бірінен ажыратылады. Естің дәлдігі- ешбір жаңылмай, ойдың тәртібін бүзбай, мағыналы түрде айта білу қабілеті.

Есі дәл адамдар материалды игеріп алудың жылдамдығы жөнінде де алдына қара салмайды. Жұрт бұларды зейінді, зерек адам дейді. Ал басқа біреулер, керісінше байта - байта оқыса да есіне түсіре алмай әуре болады. Адамдар еске қалдырудың үзақ қысқалығымен де ажыратылады. Мүны кейде естің беріктігі деп. Те атайды. Мысалы: бір нәрсені жаттап алса, оны үзақ бойына үмытпайтын болады. Екінші біреу он тез ұмытады. Естің жақсы сапаларының бірі даярлығы. Естің қорынан кез келген уақытта қажет нәрсені миына токи алатын,есінің өресі кең адамдар да болады. Біреулер көзбен көргенді, енді біреулер қүлағымен естігенді жақсы қалдырады.



46. Тест тапсырмалары

1. Абстракция дегеніміз не:

А) Біртекті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру

В) Шьшдықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі

қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алу

С) Синтез

D) Жалпылау

Е) Анализ

2. Жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы:

А) Пікір

В) Ой қорытындысы

С) Индукция

О) Дедукция

Е) Пайымдау

3. Ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке
бөліктерге бөлу:

А) Анализ

В) Синтез

С) Абстракция

D) Жалпылау

Е) Дедукция

4. Заттардың бөлшектерін біріктіретін ой операциясы:
А) Анализ

В) Синтез

С) Салыстыру

D) Классификация

Е) Абстракция

5. Пікір дегеніміз -

а) заттың жалпы, мәнді қасиеті.

в) бір нәрсе жөнінде мақұддау, не теріске шығару.

с) бірнеше пікірден жаңа пікір шығару.

д) құбылыстың жеке элементтерін тану.

е) зат тұтастығын түзу.

6. Шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған


психикалық процесс -

а) түйсік

в) қабылдау

с) елес


д)ес

е)ойлау


7. Бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы.
а) ұғым

в) пікір


с) ой қорытындысы

д) Қиял


е) сөз, тіл

8. Бөліктер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге


бағытталған ой-қабілеті -

а)талдау

в) біріктіру

с) салыстыру

д) дерексіздендіру

е) нақтылау

9. Біріктіру (синтез) дегеніміз

а) бір сананың заттық негізінен бөлініп қаралуы

б) ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге қаратылған ой әрекеті

в) әрқилы қасиеттер мен әрекеттерді тұтас бірлікке келтіру

г) құбылыстарды ортақ және мәнді белгілеріне орай ойда біріктіру

д) ойдың жалпы күйден көрнекілікке келтірілуі

10. Құбылыстардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен
орындалатын ой түрі

а) заттай

б) әрекетті

в) көрнекі-бейнелі

г) сөзді

д) мағыналы

11. Заттар мен құбылыстарды ортақ және мәнді белгілеріне орай
ойда біріктіру -

а) дерексіздендіру (абстракция)

б) нақтылау

в) талдау (анализ)

г) біріктіру

д) қорыту

12. Сан алуан көрнекі материалды жалпыланған, қорытынды күйіне
келтіруші ой түрі

а)заттық


б)әрекет-қимылдық

в)сөзді-логикалы

г)көрнекі

д)бейнелі

13. Теориялық оймен үштасқан әрекет -

а) ақылдық

б) дағдылық

в) тума


г) еліктеу

д) әдет


14. Ойлау дербестігінің мәні -

а) мәселені өз бетінше шешуге ұмтылыс

б) проблеманы тың әдістермен шеше білу

в) әртүрлі жағдайларды ұштастыра білу

г) шешім тексеру, қорытындылап, практикаға ендіре білу

д) сындарлы талдауга сала білу

15. Қоршаған орта деректерін топтастырып, олар арасындағы мәндік қатынастарды ажыратушы сана әрекеттері:

А) Қиялдау

В) Ес

С) Зейін


Д) Елестету

Е) Ойлау

16. Төмендегілердің қайсысы ойлау түріне жатпайды ?

А) Көрнекі-қозғалысты.

В) сөздік-логикалық.

С) шығармашылық.

Д) ұзақ мерзімді.

Е) көрнекі-бейнелі.

17. Ойлаудың түсінікте іске асуы ойдың қандай түрінде айтылады?

А) Интуитивтік.

В) Көрнекі-әрекет.

С) Практикалық.

Д) Көрнекі-логикалық

Е) Сөздік-логикалық.

18. Түпкі ойға сәйкес келетінматериалдарды таңтдаудағы жаңа бейнелерді құрастыру қиял түрінің қайсы ?

А) пассивті-ерікті.

В) абстрактілі.

С) пассивті еріксіз.

Д) белсенді творчестволық.

Е) белсенді қайта жасау.

19. Адам бүкіл психологиялық әрекетінің, санасының белгілі заттарға құбылыстарға, олардың білгілі бір қасиеттерімен ерекшеліктерінебағытталуы қандай процесті білдіреді ?

А) Назар.

В) Қиял.

С) Шоғырлану.

Д) Ойлау.

Е) Зейін.

20. Қандай да бір заттың бір жағын, қасиетін басқаларынан ойша бөліп қарау қалай аталады?

А) Абстракциялау.

В) Жалпылау.

С) Салыстыру.

Д) Синтез.

Е) Анализ

21. Зат пен әрекеттің арасындағы қатынас туралы пікірді құрайтын логикалық ойлау формаларының бірі.

А) Түсінік.

В) Салыстыру.

С) Ақылмен бекіту.

Д) Ой жүгірту.

Е) Типтеу



47. Сабақтың тақырыбы:

Ойлаудың түрлері мен формалары
Сабақтың жоспары:

Ойлаудың түрлері.

Ойлау формалары.

Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.

Ойлау мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді ойлау туралы ұғыммен, ойлаудың физиологиялық негіздерімен, ойлау жөніндегі теориялармен, ойлау тәсілдерімен, формаларымен, түрлерімен, ойлау саласындағы дара айырмашылықтармен және ойлау мәдениетімен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Ойлаудың түрлері.

Адам әрекет еткенде мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан түрлі мәселелермен кездеседі.



Практикалық ойлау.

Біріншіден, ойлаудың түрі нақтылы іс-әрекет пен қимыл-қозғалыс жайындағы прпактикалық іспен ұштасқан. Бөбектердің ойы осы іс-әрекеттермен байланысты. Екінші, бейнелі ойлау мектеп жасына дейінгі балаларда қарқынды дамып, олардың заттардыұстап тұтынуы нәтижесінде қалыптасады. Олар сол заттардың бейнесін көрнекті түрдеқабылдап отырады. Үшінші, абстрактылы ой. Ойлаудың бұл түрі бойынша адамның ұғымды меңгеруі нәтижесінде пайымдау әрекеттері дамып, ғылыми түсініктері өрістейді.



  1. Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері- дискурсивтік: өз

кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау процесі; интуитивтік: желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесі.

2.Шешулі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жағалығына орай ойлау

шығармашыл және қайта жаңғыртушы болады. Шығармашыл ойлау жаңа идеялары туындатуға бағытталады, оның нәтижесінде қандай да мәселе, проблемаларының соны, қайталанбас шешімі табылып, не бұрыннан бар шешімнің жетілген әдісі жүзеге келеді., Шығармашыл ойлау барысында танымдық іс-әрекеттің төркін, ішкі мән-мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой-пікір құрылымдары пайда болды. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет: 1) жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық; 2) нақтытұлға ой-өрісінен бастау алған субъективті жаңалық. Шығармашыл ойдың дамуына кедергі болатын факторлар: 1) шектен тыс сыншылдық; 2) шешім іздеудегі асығыстық; 3) ішкі шек қоюшылық (цензура); 4) регидшілдік (ескі білімдері қлдануға әуесқойлық); 5)конформизм (сырт көзге мазақ болу қаупінен туындаған тар-тыныштық). Қайта жаңғыртушы ой әрекектінің шығармашылдықтагн айырмашылығы - дайн білімдермен ептіліктерді қолданып, ескі сүрлеумен жере білу.

3.Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әрекеті теориялық және тәжірибелік болып бөлінеді. Психологияда көп уақыттарға дейін ынсандардың заңдылықтары мен қасиеттерін ашуға арналған ойдың теориялық қырықына ескеріліп, зерттеліп келді. Теориялық ақыл-ой әрекеттері іске асырылуы тиіс. Практикалық іс-әрекеттердің бастауы , негізі деп түсіндірілді. Әр қандай теориялық оймен ұштаспаған әрекет ақылдық емес, тек дағдылық, одан әрі тума біткен деп. сипатталады. Осының нәтижесінде бір -біріне тікелей қарсы екі ой әрекеті жөнінде көзқарас бесіді:



    1. Әрқандай ақылдың қатысынсыз орындалатын әрекет;

    2. Теориялық ойлау негізінде жүзеге келетін әрекет.

2. Ойлау түрлерін классификациялауға байланысты психологияда кең тараған бағыттардың бірі – шешеілуі тиіс болған мәселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ойлау :1)Затты -әрекеттік; 2) көрнекі- бейнелі ; 3) сөзді логикалы болып түрленеді. Затты әрекеттік ойлаудың көрініс сипаты: қалыптасқан жағдайды жаңалай өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей бағытталған нақты әрекетпен бірге жүреді. Бұл ой формасы 3 жасқа дейінгі сәбилерге тән. Бұл кезеңде бала заттрарды бірін –біріне беттестіре салыстырады; ойыншығын бөлек- бөлек сындыра, бұзып талдайды; таяқшалары мен кубиктерін бір ортаға үйіп, біріктіреді; ойыншықтарын түр –түсіне орай қосып, қорытындылайды. Бұл ойлау формасы ересектер тәжірибесінде де көптеп кездеседі. Мысалы, үй жиһаздарын ауыстырғанда; бұрыннан таныс болмаған механизмдермен жұмыс істеген сынаушылар мен конструкторлар қызметінде, яғни нәтижесі әлі күңгірт болван әрекеттерді орындау барысында қолданымын табады.

Көрнекі бейнелі ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес , ол ардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады . Мұндай ойлауда заттың тұтастай сипаты толық әрі Жан – жақты көрініс береді. Бұл тұрғыдан көрнекті –бейнелі ойлау қиялдаумен жанасып кетеді.

Қарапайым формада көрнекі- бейнелі ойлау 4-7 жастағы балаларға тән. Бұл кезеңде таным тікелей әрекетпен емес, дайын нысанды қабылдап, көрнекі- бейнесін еске,көз алдына келтірумен байланысты. Баланың дәлелдеулері тікелей заттың өзіне негізделген қандайда ой жүргізуден бұрын сол заттың бейнесін еске түсіреді, орындайтын ісімен оның нәтижесін суреттеп, болжайды.Көрнекі-бейнелі ойлау арқылы өзі жоқ не көрінбейтін заттың кескін бедері тұрғызылады. Осындай жолмен ғылымда атом ядросының схема сызбасы, жер шарының ішкі құрылымы танылған.

Сөзді-логикалы ойлау қызметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған. Сөзді- логикалы ойлау тікелей бейнеге ие болмаған түсініктерді, логикалық құрылымдарды пайдаланады.(мыс: құн, адалдық мақтаныш т.с.с.) Осы ойлау түрінің арқасында адам жалпы заңдылықтарды ашып, қоғамның даму желісін алдын- ала болжап, сан алуан көрнекі материалды жалпыланған, қорытынды күйіне келтіреді. Ойлаудың барша түрлері өзара тығыз байланысқан.




Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет