Пульмонология. Клиникалық жағдай N1



Дата16.05.2020
өлшемі23.32 Kb.
Пульмонология.

Клиникалық жағдай N1.

37 жастағы науқас дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: дене қызуының 37,50С-ке көтерілуі, кеуде сарайының төменгі бөліктерінің ауырсынуы, кілегейлі қақырық бөлінетін күшті жөтел, ентігу, тершеңдік, жалпы әлсіздік.

Анамнезінен: ауруы жедел, тұмаумен ауырған байланыстырады.

Об-ті: кеуде сарайы тыныс актісіне бірдей қатысады, перкуссияда айқын өкпе дыбысы, аускультацияда қатқыл тыныс негізінде шашыраңқы ызыңдаған құрғақ сырылдар тыныс алу фазасында басым және шашыраңқы ысқырықты сырылдар естілді.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында өкпе суреті шамалы күшейген, басқа өзгерістер жоқ.
1.Болжам диагнозы.
Клиникалық жағдай N2.
Сырқат М., 21 жаста,емханаға келесi шағымдармен келеді: аз мөлшерлi, кiлегейлi-iрiңдi қақырықпен күштi жөтел, қан талшықтары аралас қақыру, төс артының шаншуы, дене қызуының 38-390С-ке көтерiлуi; тәбетiнің нашарлауы, әлсiздiк.

Ауырғанына бiр апта, суықтағаннан кейiн тамағы қышып, бiрiншi құрғақ‚ одан кейiн ылғалды кiлегейлi-iрiңдi және қан талшықтары аралас қақырықпен жөтел пайда болған.

Об-ті қарағанда: дене қызуы 37,80С, хал-күйi орташа ауырлықта. Дене тұлғасы нормостеник, терiсi ылғалды, терісінің түсi қалыпты. Кеуде сарайы қалыпты пішінді, екi бөлiгi де тыныс актiсiне бiрдей қатысады, тыныс жиілігі 22 рет минутына. Перкуссияда анық өкпе дыбысы, оң өкпенің түбірі кеңіген (В.П.Образцов тәсілімен). Аускультацияда ызыңдаған құрғақ және бiрен-саран майда көпіршікті консонансты (үнді) ылғалды сырылдар оң өкпенің төменгі бөлігінен естілді. Жүрек қағысы анық, ырғақты. Пульсі 90 рет минутына. АҚ 110/70 мм сын. бағ.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: оң өкпенің төменгі бөлігінде өкпе суретi ошақты күшейген, өкпе түбiрi осы жағында кеңiген, синустары бос.


1.Болжам диагнозы.

Клиникалық жағдай N3.
42 жастағы науқастың шағымдары: кілегейлі іріңді қақырықпен жөтел, кеуде сарайының сол бөлігінің ауырсынуы, дене қызуының 380С-ке көтерілуі.

Анамнезінен: бір күн бұрын қатты суықтаудан кейін, бірнеше сағаттан соң, кенет қатты қалтырау мен дене қызуының 390С-ке көтерілуі, кеуде сарайының шаншып ауыруы пайда болған, қатаң әлсіздік мазалаған. Науқас емханаға ауруы басталғаннан 1күннен кейін келіп тұр.

Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, ауыз айналасында ұшықтар бар. Кеуде сарайының сол бөлігі тыныс актісінен қалыңқы. Салыстырмалы перкуссияда сол жауырынынан төмен өкпе дыбысы қысқарған. Аускультацияда везикулалық тыныс, аталған ошақ үстінде өте әлсіз везикулалық тыныс негізінде көптеген крепитациялар естіледі, тыныс жиілігі 26 рет минутына. Жүрек тондары анық, ырғақты, ж.с.с. 91 рет минутына. АҚ 100/70 мм сын. бағ.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: сол өкпенің төменгі бөлігінің контурлары айқын емес инфильтраты.


1 Болжам диагнозы.

Клиникалық жағдай N4.
54 жастағы ер кiсi емхана дәрiгерiне келесi шағымдармен қаралды: аз мөлшердегі кiлегейлi-iрiңдi қақырық түсетiн таңертеңгiлiк жөтел, физикалық күш түскенде ентiгу, тез шаршағыштық, жалпы әлсiздiк, делсалдық.

Анамнезiнен: науқас соңғы 25 жыл бойына күнiне 30 данадан шылым шегедi. Соңғы көп жылдар бойы таңертеңгiлiкте аз мөлшерлi кiлегейлi қақырық түсетiн жөтел болып тұрған. Науқас оған көңiл аудармаған. Соңғы жылдары жөтелі тұрақталып, күндiз ғана емес, түнде де мазалайтын болды. Қақырық кiлегейлiден iрiңдiге айнала бастады, әсiресе суық маусымдарда күшейетiн болды. Ентiгуі соңғы бір жылда физикалық күш түскенде мазалайды.

Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, тыныс жиiлiгi минутына 22 рет, салыстырмалы перкуссияда өкпе үстiнде қорап дыбысы, топографиялық перкуссияда Крениг кеңiстiгi кеңiген, төменгi шектерi бiр қабырғаға төмен ығысқан, төменгi шегiнiң экскурсиясы шектелген. Аускультацияда өкпе үстiнде әлсiз везикулалық тыныс, тыныс шығаруының ұзаруы негiзiнде көптеген ысқырықты сырылдар естiлдi. Жүрек тондары тұншыққан, ырғақты, өкпе артериясы үстiнде II тонның акцентi, ж.с.с. минутына 80 рет, АҚ 140/70 мм сын. бағ. Бауырының Курлов бойынша өлшемдері: 11-10-8 см.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында өкпе суретi әсiресе төменгi бөлiктерiнде күшейген, деформацияланған, өкпе ауалылығы артқан.

Спирограммада: ӨТС 3,5л, ӨМВ 60%, қарқынды тыныс шығаруы 52%.

ЭКГ-де: оң қарынша гипертрофиясы.


1. Болжам диагнозы.


Клиникалық жағдай N5.
40 жастағы науқас емханаға келесi шағымдармен келді: аптасына 1-2 рет болатын тұншығу ұстамалары 30 минуттан 2 сағатқа дейiн созылады, ұстама кезiнде қатты қинайтын құрғақ жөтел мен айналасындағыларға естілетін құрғақ сырылдар мазалайды.

Анамнезiнен: өзiн 6 жылдан берi ауру санайды, ауруын пневмониямен байланыстырады. Алғашқы кезде ұстаманың ұзақтығы 5-10 минутқа созылып, теофедрин, солутанмен басылатын болған. Соңғы 2 жылда тұншығу ұстамаларының ұзаруына байланысты стационарда жиi жатқан. Жоғарғы тыныс жолдарының вирустік инфекцияларымен, созылмалы іріңді бронхитпен ауырады, ұстамадан тыс уақытта кілегейлі-іріңді қақырықпен жөтел мазалайды. Соңғы тұншығу ұстамасы 1 сағат бұрын басталған, астмопент, теофедринді қабылдау көмек етпеген.

Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Дене қызуы 37,20С. Науқас орындық арқалығына екi қолын сүйеп отыр, дистанциялық сырылдар естіледі. Терi жамылғылары қуқыл, диффузды және акроцианоз. Кеуде сарайы күбi тәрiздi, өкпенiң төменгi шектерi төмен түскен, перкуссияда қорап дыбысы, аускультацияда әлсiреген везикулалық тыныс, тыныс шығару фазасы ұзарған, көптеген құрғақ, ысқырықты сырылдар естiледi, т.ж. 38 рет минутына. Жүрек тондары әлсiреген, ырғақты, 106 минутына, өкпе артериясы үстiнде II тонның акцентi. АҚ 120/70 мм сын. бағ. Бауырының Курловпен өлшемдері 10-8-7 см.
1.Болжам диагнозы.


Клиникалық жағдай № 8

Терапия бөліміне 30 жастағы науқас басылмаған экспирациялық тұншығу ұстамасымен түсті. 10 жылдан бері бронхтық астманың инфекцияға тәуелді түрімен науқастанады. Ұстамалары беротек ингаляциясымен басылып жүрген. Соңғы аптада жағдайы ауырлай түскен, бета-адреностимуляторлармен басылмайтын ұстама мен іріңді қақырықпен жөтел, қызба мазалаған. Эуфиллин таблеткасын, тәулігіне 10-12 ретке дейін сальбутамол ингаляциясын қабылдаған. Қазіргі ұстама 8 сағат бұрын басталған, қатты қинайтын құрғақ жөтел, кеуде сарайындағы ауырсыну мазалайды.

Об-ті: жалпы жағдайы өте ауыр, дене қалыбы ортопноэ, мазасыз, қозу күйінде. Тері жамылғылары малшынған тер, диффузды цианоз, мойын веналары томпайған. Тыныс жиілігі 30 рет минутына, беткей, көмекші бұлшық еттері тынысқа қатысады. Дистанциялық сырылдар жоқ. Кеуде сарайы күбі тәрізді. Перкуссияда қорап дыбысы. Тынысы өте әлсіз, жауырын арасында бірлі-жарым құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйық, семсерше өскінше үстінде шоқырақ ырғағы, өкпе артериясы үстінде ІІ тонның акценті мен систолалық шу, АҚ 100/65 мм сын.бағ., пульсі 120 рет минутына, жиі, кіші.

Қанның жалпы анализінде: эритроциті 6,2х1012/л, гемоглобині 140г/л, гематокриті 50%, лейкоцитті 13,0х109/л, ЭТЖ 22 мм/сағ.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: өкпе жазығының ауалылығы жоғары, оң төменгі бөлігінде гомогенді емес инфильтрация.

Клиникалық жағдай № 6

36 жастағы науқас, слесарь, клиникаға келесі шағымдармен түсті: аз мөлшерлі кілегейлі-ірінді қақырықпен жөтел, қалтырау, дене қызуының 390С-ке дейін көтерілуі, кеуде сарайының оң бөлігінің тыныспен байланысты ауруы, ентігу, жалпы әлсіздік.

Ауру тарихынан: 10 күннен бері науқас санайды, суықтаудан кейін басы мен бұлшық еттерінің ауруы дамыған, дене қызуы 37,80С-ке дейін көтерілген. Дәрігерге қаралған, тұмау диагнозы қойылған, екі күннен соң мұрын бітуі, тамағының жыбырлауы, төс артының қырып ашуы, құрғақ жөтел дамыған. Төртінші күні дене қызуы 38,20С-ке дейін көтеріліп, кеуде сарайының оң жағында тыныспен байданысты ауырсыну пайда болып, жалпы әлсіздік күшейіп, жағдайы ауырлаған. Ықшам аудандық дәрігер ошақты пневмония диагнозын қойып, сульфодиметоксин және ампициллин тағайындаған. Осы емге қарамастан жағдайы төмендей түскен: қалтырау, тершеңдік, дене қызуының 390С-ке дейін көтерілуі, бас ауруы қосылған.

Науқас клиникаға ауруы басталғаннан 10 күннен соң келіп түсті.

Өмір тарихынан: күніне 1,5 қораптан темекі тартады, спирттік ішімдіктерді көп ішеді, шаңдақ, қызуы ауытқымалы жерде жұмыс істейді.

Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, шамалы диффузды цианоз, тыныс жиілігі 28 рет минутына, кеуде сарайының оң бөлігі тыныс актісінен қалыңқы.

Кеуде сарайының оң бөлігінің артқы жағынан және орта бөлік проекциясында дауыс дірілінің күшеюі, перкуссиялық дыбыстын қысқаруы, аускультацияда сол аймақ үстінде везикулалық тыныстың әлсіреуі мен үнді, ылғалды жәнеқұрғақ сырылдар анықталды. Жалпы өкпе үстінде везикулалық тынысы әлсіздеу, тыныс шығару фазасы ұзарған. Жүрек тондары әлсізденген, ырғақты, тахикардия, ж.с.с. 106 рет минутына.

Науқасты объективті қарап жатқанда жөтелдің ұстамасы мазалап, артынша 150 мл-дей жағымсыз иісті іріңді қақырық бөлінді.

Болжам диагнозы.

Клиникалық жағдайы № 7

Нақас Т. 28 жаста, стационарда процедуралық кабинетте медбике болып істейді. 2 жыл бұрын пенициллинмен жанасқанда тамағының қышығанын, мұрнының біткенін, ұстамалы жөтелдің, кейінен тұншықпа ұстамасының пайда болғанын айтады. Үйінде жағдайы жақсарады.

Аллергиялық анемнезінен: анасы аллергиялық ринитпен ауырады Науқасты горизонталь қалыпта қарап жатқанда, кенеттен тұншықпа ұстамасы дамып, ол астмопент ингаляциясымен басылды. Мұрнымен тыныс алуы қиын. Тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттері қатысады. Перкуссияда өкпе үстінде қорап дыбысы. Аускультацияда везикулалық тынысы әлсіреген, тыныс шығару фазасы ұзарған, өкпенің барлық бөлігінде жөтелгенде жоғалмайтын шашыраңқы сырылдар естіледі, тыныс жиілігі 16 минутына. Пульсі 98 рет минутына, жиі, екі қолында бірдей. Жүрек тондары тұншығып естіледі, ырғақты. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауырдың Курлов бойынша өлшемдері 11х9х7 см, перифериялық ісінулер жоқ.

Қанның жалпы анализінде: гемоглобині 134 г/л; лейкоциттері 8,0х109/л, эозинофильдері 10%, нейтрофильдердің: таяқшаядролылары 2%, сегментті ядролылары 68%, лимфоциттері 15%, моноциттері 5%, ЭТЖ 12 мм/сағ.

Қақырықтың анализінде: консистенциясы шыны тәрізді, тығыз, ашық түсті, эозинфильдер өте көп мөлшерде, Шарко-Лейденнің бірен-саран кристалдары, Куршман шиыршықтары.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: өкпе жазығы жоғарғы мөлдірлікте.

Спирограммада: ӨТС 70%, ФТШК1 52%, ФТШК1/ФӨТС 47%. Беротек ингаляциясынан кейін: ФТКШ1 60%, ФТШК1/ФӨТС 52%. Атровент ингаляциясынан кейін: ФТШК1 60%, ФТШК1/ФӨТС 60%.

Клиникалық жағдай № 9

50 жастағы науқас түнде дамитын, 30 минуттан 2 сағатқа созылатын, бронхолитиктермен басыла қоймайтын тұншығу ұстамасына шағымданады.

Өзін бес жылдан бері науқас санайды, жедел бронхитпен ауырғаннан соң Ұстамалары алупент, беротек ингаляцияларымен басылып жүрген.

Бір жыл бұрын аспирин қабылдаудан кейін дамыған астмалық статуспен реанимацияда емделген. Статустан преднизолон тағайындап шығарған, кейін дозасын біртіндеп азайтып, алып тастаған. Ұстамасыз кезенде аллергологиялық сынама жасалып, пневмококк, стрептококтерге жоғары сезімдалдық анықталған. Көптеген жылдар полипозды риносинусті бар, үш ретполипэктомия жасалған, анальгин, аспирин, амидопирин қабылдау риниттің өрші, тұншығу ұстамаларын арандатқан.



Стационарда симптоматиктермен, эуфиллинмен емдеуге қарамастан, тұншығу ұстамалары күнде қайталанып жүрді, уақыты ұзарып, ауырлай түсті. Төртінші күні жағдайы ауырлай келе, жайсыз қимыл қозғалысы көбейіп, агрессия, көру, есту галлюцинациялары дамыды. Тыныс жиілігі 40 рет минутына, тері, кілегей жамылғыларының айқын диффузды және акроцианозы дамыды. АҚ 90/60 мм сын.бағ. Алдында естілген көптеген құрғақ сырылдар үдемелі түрде жойы

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет