ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен



бет5/8
Дата03.04.2016
өлшемі1.37 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Е.Г. Огольцова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының

аға оқытушысы, п.ғ.к.

e-mail: cmaffia72@mail.ru



СЫРЫМ ДАТҰЛЫ, МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ,

ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ, КЕНЕСАРЫ ХАН – ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҮШІН КҮРЕСКЕНДЕР
Кез келген халықтың тарихында халық мүддесі үшін әрекет еткен жеке тұлғалардың ролі зор. Өзіміз өткен жолды қайта ойластыра отырып, біз осы ұлы адамдарға деген өзіміздің көзқарасымызды қайта қараймыз. Қазақ халқының тарихында «Отанымыздың нағыз ұлдары» көп болды, олар барлық қиындықтар мен соқыр нанымдарға қарамастан өзінің дала халқының жарқын болашағына сенді, оның тәуелсіздігі үшін күресті.

Қазақстанда патшалықтың отарлық қыспағының күшеюі Қазақстанда халықтың күрт наразылығын тудырды. Халықтың қатты толқынысы ұлт-азаттық қозғалысқа ұласты. Бірақ өкінішке орай, ұлт-азаттық қозғалыс пен соғыс мәселелері бүгінгі күнге дейін тарихтың «ақ таңбасына» жатады.

Кіші жүздегі халықтың алғашқы үлкен қатысуы Сырым Датовтың басшылығымен күресі болып табылады (1783-1797 жж.). Академик А.Марғұланның растауынша: «Әбілқайыр ханның ұрпақтарына қарсы көтерілістер арасында осы көтеріліс ең маңызды және атақты» [1].

Халық бұқарасының алғашқы әрі тегеурінді әрекеттерінің бірі — Сырым Датұлының қолбасшылығымен болған қозғалыс. Кіші жүз қазақтарының көтерілуіне патша өкіметінің қазақтардың "ішкі жаққа", Жайық сыртына өтуіне тыйым салуы, қазақ билеушілерінің бір бөлігінің құқықтарымен санаспауы негізгі себеп болған еді. Ресейдегі шаруалар көтерілісінің көптеген қолбасшылары сияқты Сырым батырға да "жақсы ханға" деген сенім тән еді. Сырым билердің қазақ қоғамындағы рөлін көтеру мақсатын көздеді. Сонымен қатар хандық билікті келтіруге де өз келісімін берді. Дегенмен қозғалыстың отаршылдыққа және хандар зорлығына қарсылық сипаты соңғы кезеңге дейін сақталды. Ханның шексіз зорлық-зомбылығы туралы Сырыс Датов патшаның атына бағытталған өзінің жолдауларында мәлімдеді. Хаттарының бірінде ол императордан «ханды ығыстыруды», ал билікті «халықтың қолына беруді» талап етті. Ол сонымен қатар тонау, патша шенеуніктері-отарлаушыларының айуандығы туралы ашық жазды. 1783 жылы көтерілісшілер патша шенеуніктерін, хандарды, сұлтандарды тонады. Сырым Датовқа Орынбор түрмесінде бір жыл отыруға тура келді және халықтың талабы бойынша ол босатылды. Оны босатқаннан кейін қозғалыс қайтадан жандандырылды. «Лебяжная», «Рубежная», «Сахарная» бекіністері тоналды. Көтерілісшілер Орынбордан және Оралдан шыққан екі корпуспен ұзақ қажытатын күрес жүргізді. Есімханның ұлы Нұралы өлтірілді.

Патша үкіметі Сырым Датовтың басы үшін 3000 доллар белгілеуге мәжбүр болды. Шынайы халық азаттық сипат алған осы көтеріліс 1797 жылдың аяғына дейін мақсатқа жетуде бірізділік пен мақсаттылықтың үлгісі болды.

Сырым батыр – біздің тарихымызда көрнекті орын алған көрнекті тұлға. Алайда оның есімі мен ісі ұдайы патшалық Ресей тарихшылары да, сондай-ақ кейбір кеңестің, тіпті қазақ зиялыларының жеке өкілдері күмән тудырған. Оның басшылығымен отаршылдық және феодалдық қыспаққа алуға қарсы шаруа көтерілісі туралы мәліметтер біресе оқулықтарға енгізілді, біресе алып тасталды.



1836-1838 жылдардағы старшын Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс халық бұқарасының отаршыл билікке, сондай-ақ сол билікке сүйенген Жәңгір хан бастаған феодалдар тобына қарсы ашу-ызасының сыртқа шығуы еді. Бұл ретте Исатай Тайманұлы бастаған қозғалыс қазақ топырағындағы ашық әлеуметтік-таптық сипат алған алғашқы қоғамдық қарсылық болды. 1801 жылы Жайық Орал өзені аралығында Бөкей ханның бастауымен 5 мың қазақ шаруашылығы орын тепті, бұл Ішкі (Бөкей) орданың құрылуының басы болды.

XIX ғ. 30-жылдарының аяғына қарай онда 20 мыңға жуық шаруашылық пен 80 мың адам есептелді. Жер мен жайылымдар бірдей бөлінген жоқ. Қысқа мерзім ішінде 273 т. жер десятинасы қазақ феодалдарының және орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың жеке иелігіне көшті. Жәңгір хан өзіне 400 т. десятина жер бекітті.

Исатай 1791 жылы туған. 1808 жылы Исатай руы Ішкі ордаға көшті. 21 жасында ол Беріш тайпасының Жайық бөлімшесінің старшинасы болып тағайындалды. Исатайдың ең жақын сыбайласы Махамбет Өтемісұлы болды. Ол тара және орыс тілдерін білген, Хивада болған, Орынборда тұрған. Махамбет орыс жазушысы және этнографы В.И. Дальмен және ғалым-саяхатшы Г.С. Карелинмен таныс болды.

1836 жылы ақпанда қазақ халқының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Бұның себебі Исатайды ставкаға шақыруы болды. Ол келуден бас тартты, өзінің ауылын қыстаудан шығарып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады.

1837 жылы көтерілісшілердің әрекет ету шекаралары кеңейді. 1837 жылы жазда және күзде көтерілісшілердің ірі ауыл байларына белсенді шабуылы басталды. Көтерілісшілердің ірі күштері хан ставкасына жақындайды. Исатай ставканы күшпен алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханның өз айналасынан Балқу және Қарауыл қожа билерді алып тастауын; сонымен қатар оларға қарсы барлық бастаған істерді немесе оларды билер сотына беруін тоқтатуды талап етті.

Жәңгір хан қорықты. Келіссөздар басталды, ханға жаңа өтініш берілді. Тайманов ханмен жанжалды бейбітшілік жолмен шешу мүмкіндігіне әкімшіліктің көзін жеткізуге тырысты. Сол уақытта Орынбор әкімшілігі мен хан казактарды жедел тарта бастады, жазалаушы әрекеттер үшін хан отряд құрастырды. 15 қарашада таң сәріде көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында Тас төбе жерінде кескілескен айқас болды, соңына түсу барысында көтерілісшілерде көп малы өлді, ондаған адамдар қаза тапты, Исатай мен Махамбет құтылып шықты. 1838 жылы 12 шілдеде Қиыл өзенінің жанында жазалаушылармен көтерілісшілердің қақтығысы болды, сонда Исатай Тайманов қаза тапты. Көтеріліс талқандалғаннан кейін оның қатысушылары қатаң қуғынға түсті, олар аздаған топтармен далаға жасырынуға тырысты. Көпшілігін таяқпен ұрып жазалады, каторгалық жұмыстарға жіберді, мүліктерін тәркіледі, мәңгілікке жер аударды. Исатай мен Махамбет басқарған Көтерілістің негізгі қозғаушы күші тоналған көшпенділер болды, бұл көбінесе соның бағытын анықтады.



1836-1838 жылдардағы көтеріліс оған дейінгі қозғалыстардан ерекшелеу болатын. Бұл уақытта қазақ жерінің негізгі бөлігі Ресейдің қол астына еріксіз еніп, отаршылдық саясат барған сайын өктем сипат ала түскен еді [2].

Хандық биліктің жойылуы, жаңа әкімшілік басқару жүйесінің енгізілуі, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы, міне, осының бәрі көтерілістің патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытын айқындап берді. Бұл стихиялы көтеріліс бола тұра, көтеріліс басшысы мен оның жақтастарының Ақбұлақ түбіндегі шайқасқа дейін табандылықпен күрескенін атап өту қажет. Сөйтіп, ол өзінің алдына қойған мақсатты күресінің идеясына, қатардағы көшпелілер алдында адалдығын дәлелдеді. Ал көтеріліске қатысқан кейбір билер тобының тұрақсыз әрекеттері, жазалаушы күштердің басымдылығы көтерілістің жеңіліске ұшырауын жылдамдатты.



Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихында ауқымдылығы, қуаттылығы жағынан ең ірісі — 1837-1847 жылдардағы көтеріліс. Көтерілістің басталған уақыты патшалық Ресейдің қазақ жеріне тереңдей еніп, әкімшілік-әскери шараларымен әлі де болса дербестігін сақтап тұрған аудандарға жеткен кезеңіне тұспа-тұс келді. Орта жүздегі округтік басқару жүйесіне қарсы басталған бұл көтеріліс Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүзеге асты.

Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында Петр І билігі кезеңінен басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қатынастар сипатымен тығыз байланыста болды. Ресей империясы өзіне шекаралас жатқан Қазақ хандығын, күллі Азия елдері мен жерлеріне бастар қақпа деп есептегендіктен, оны Ресейге қосып алу қажеттігіне ерекше мән берген-ді. Қазақ хандығы аумағын империяға күштеп қосу оның отарлануымен қатар жүрді. Ресей отаршылдығының ерекшелігі – «орыс солдатының соңынан орыс мұжығы ілесіп отыратындығында, сөйтіп, жаулап алған жерін орыс жеріне айналдырып жіберуге тырысатынында» (М.Шоқай) еді. Атасы Абылай хан заманынан бері үдей түскен бұл процесс жас сұлтан Кенесары санасына ұлт тәуелсіздігіне төнген қауіпті терең түйсінтті.

Кенесары көтерілісін жер жерден қолдаушылар көбейеді. Өйткені патша әкімшілігі қазақтардың жерін тартып алып, әскери бекіністер сала бастайды. Көшпелі ел ата қонысынан айырылып, мал жаятын жаңа жер іздеуге мәжбүр болды.Оның үстінен патша үкіметінің алым салығының ауыртпалығы да оларды діңкелетіп біткен еді. Осының бәрі қазақ қауымының наразылығын күшейтіп, оларды Кенесары бастаған көтерілісті жан жақты қолдауға итермеледі.



Кенесарының қол астына 20 мыңға жуық сарбаз жиналды. Әскери қимылдар 1838 ж.Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. Көтерілісшілер қамалдарды өртеп жіберді. Кенесары соғыс ауқымын Торғай арқылы Кіші жүз жеріне қарай кеңейтті. 1841 ж. қыркүйекте Кенесары үш жүздің өкілдері жиынында қазақ халқының ханы болып сайланды. Осы жылы Кенесарының әскері Қоқан хандығының иелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын алды. 1843 ж. Ресей үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Кенесарының әскері Ресей әскері мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді. Алайда әскери қуаты әлдеқайда басым жау Кенесары сарбаздарын Жетісуға шегінуге мәжбүр етті. Азаттық үшін шайқаста Кенесары қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Алайда патша әкімдерімен құпия байланыста болған манаптар оған мойынсұнбады. Кенесары бағынудан бас тартқан қырғыздарға шабуыл жасады. Өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан Кенесары мен інісі Наурызбай дұшпандарының қолына түседі. Кенесары айуандықпен өлтіріледі. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жібереді. Князь Горчаков Кенесарының басын Батыс Сібір бас басқармасындағы «Кенесары бүлігі туралы» іске қосып сақтауға бұйрық береді. 1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті әкімшілігіне, сонымен қатар патшаның тікелей өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі Кенесарының талаптарын орындаудан бас тартады. Сондықтан да ол өз мақсатын күшпен жүзеге асыруға кіріседі.

Патша өкіметі кесіп алған жерлерді заңды иесіне қайтару жолындағы күресте Кенесары әскери күштерді ұйымдастыру барысында Орта Азия хандықтарының тәжірибесіне сүйенеді. Ол өз әскерін жүзге, мыңға бөліп жүзбасылар мен мыңбасыларды тағайындады. Әскер тәртібін бұзғандар қатал жазаланды.

Кенесарының сыртқы саясатының басты мақсаты Тәуелсіз Қазақ хандығын құру болатын. Ол осы мақсатын жүзеге асыру үшін Орта Азия хандықтарынан өзіне сүйеу іздейді, олардың ішкі ісіне араласып, билеушілерін өз жағына тартуға күш салады. Хиуа ханы мен Бұқар әміріне өз елшілерін жіберіп, байланыс орнатады. Орта Азия мемлекеттерімен сауда көлемін ұлғайтып, олардан өздеріне қажетті қару жарақ, оқ дәрі алып тұрады.

Кенесары өз хандығын нығайту үшін біраз экономикалық және саяси шараларды жүзеге асырады. Оның алым-салық саясаты шариғатқа негізделіп, мал өсіретін аудандарда зекетті, егіншілікті аудандарда ұшырды енгізеді. Халықтан алым-салық жинауды арнайы жасауылдар жүзеге асырды.

Кенесары өзінің басты мақсаты – азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің 1844-1845 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады.

Кенесары Қасымов хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде 20.000 адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды.

Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді.

Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты. Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді әдістерін қолданды. Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті.

Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843-жылы 27 шілдеде І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.

Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары 1843-1844 жылдары біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.

Кенесары Қасымов Томақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды.

Кенесары Қасымовтың сіңірген тарихи еңбегі – ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.



Біздің егемендігіміздің негізінде тәуелсіздіктің ұлттық-патриоттық идеясы жатыр.

Нақ сол Қазақстан халқын Кенесары Қасымұлының заманынан қазіргі күнге дейін алға жетеледі. Нақ осы идея қазақтарды патша саясатына және бұрынғы Кеңестер Одағының тоталитарлық жүйесіне қарсы күреске жұмылдырды [3]. Халық тарихының бастауына және оның тәуелсіздік үшін күресіне жүгіну тұтас тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Ол өз халқына құрмет сезімін қалыптастыруы, патриотизм сезімін дамытуға ықпал етеді. Қазір Қазақстан саяси тәуелсіз, ақсүйек, демократиялық, біртұтас динамикалық дамуы үшін зор әлеуетке ие либералды экономикасы бар, «жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы» болып табылатын мемлекет болыпт табылады. [4].


Әдебиеттер тізімі
1. Касенов Е. Дух свободы: Национально — освободительное движение Сырыма Датова в наследии академика А.Маргулана // Мысль. - 2003. - № 6. - С. 85-90.

2. Артыкбаев Ж.О. История Казахстана. – Астана, 2004. – 159 с.

3.Выступление Президента Республики Казахстан, Председателя Ассамблеи народа Казахстана Н.А. Назарбаева на XIII сессии АНК. // www.akorda.kz

4. Конституция Республики Казахстан, раздел 1, статья 1.1.



А. Әбдрахманова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының

аға оқытушысы

е-mail: aardasha@list.ru

«АЛАШ ОРДА» және АЛАШ ОРДАЛЫҚТАР – АЗАТТЫҚТЫҢ ҰЗАҚ ЖОЛЫ (А. БАЙТҰРСЫНОВ, А. БӨКЕЙХАНОВ, М. ДУЛАТОВ)
Біздің егеменді дамуымыздың құндылығы мен мәнін ойластыру өз Отанының тарихын терең білуге сүйенуі тиіс. Егер өткен ғасыр тарихына көз жүгіртсек, онда қазақ халқының өз бетіндік ұлттық мемлекет құруда үздіксіз күресін көреміз.

ХХ ғасырдың басында, ежелгі бастауы болатын және этникалық бірліктің негізгі ұғымы, жалпы қазақ девизі мен әскери ұраны болып табылатын «Алаш» ұғымы ұлттық зиялылардың күшінің арқасында біріктіргіш азаттық идеясына айналды.

«Алаш» - түрлі ұсыныстар бойынша, қазақтардың мифтік ата-бабаларының және басқа ежелгі түрік руларының атынан шығатын тарихи термин (Алаша хан) [1, 72-б.].

Ресейдегі бірінші буржуазиялық революция Қазақстан еңбекшілерінің саяси түрде оянуына, өлкеде отарлық, әлеуметтік және басқа қанау түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшы, аграрлық және басқа қозғалыс түрлерінің дамуына түрткі салды. Өлке тұрғындарының түрлі топтарының Ресейдегі 1905-1907 жж. оқиғаларға көзқарасы бір мәнді болған жоқ. Оған өнеркәсіптік және қала жұмысшылары белсенді араласты. Аграрлық қозғалысты көбінесе қазақ ауылдарының еңбекші топтары, көшпелі деревнялары мен казак станциялары жасады.

Ұлттық ғылыми және шығармашылық зиялы топтардың қалыптасуына «Алаш» көшбасшыларының үлестері баға жетпес, олардың бірінші және жарқын өкілдері өздері болған. Алаш үкіметі мүшесінің әрқайсысы айрықша тұлға болып табылады. Олардың әрқайсысы қазақ ұлттық сана-сезімін дамытуға, оның білім беру мәдениетін арттыруға үлкен үлес қосты. Осы мақсатта олар қарқынды белсенділік танытты: ғылыми және публицистикалық басылымдардың қазақ тіліне аудармасын жасады, кең бұқара арасында қазақтардың тарихы мен мәдениетін терең зерделеді және әйгілі етті, публицистика мен поэзияның жарқын өкілдері бола тұра, саяси және құқықтық мәдениетін көтерді [2, 46-б].

Қазақтың алғашқы саяси партиясы «Алаш» пен Алаш орда үкіметінің пайда болуы кездейсоқ құбылыс болған жоқ. Бұл қазақ халқының тәуелсіздігі үшін көп ғасырлық күресінің заңды кезеңі болды. «Алаштың» бұрынғы қайраткерлері және ғылыми және шығармалық интеллигенциясы қазақтың басқарушы таңдаулы тобының өкілдері қазақ мемлекеттілігінің іргетасын қалады. Олар шекараларды анықтау және қазақ жерлерін қосу процесіне белсенді араласты. А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, А. Ермеков, М. Тынышпаев, С. Мендешев, Х. Досмұхамедов және т.б. қазақ аумағының тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлық күштерін салды [1, 73-б.].

Сол кезеңдегі Қазақстан тарихында көрнекті саясаткер, ғалым, публицист А.Н. Бөкейхановтың (1866-1937 жж.) қызметі ерекше орын алады. 1870 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, То­қы­рауын болысының 7-ші ауылында туған.

1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

1905 жылы Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды [3, 544-б.].

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.

1937 жылы Ә.Бөкейхановты қайтадан тұтқындайды және баптыр түрмесіне қамайды. Оған: «кеңес үкіметіне қарсы контрреволюциялық күресті басқарды, Қазақстанда және Мәскеуде террористтік орталық басшыларымен байланыс орнатты» деген айып тағылды.

1937 жылы 27 қыркүйекте оған ең жоғары жазалау шарасы қолданылды. Үкім сол күні орындауға келтірілді.

Ахмет Байтұрсынов – ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғамдық қайраткер. Өз уақытында ол сталиндік жазалау әділетсіздігінің құрбаны болды, жарты ғасырдан астам есімі ұмыт болды, еске алуға лайықтанбады. А. Байтұрсыновтың бүкіл өмірі қазақтардың өзін-өзі анықтауына, мәдениетін, білімін және ғылымын дамытуға, ғасырлар бойы ұлттың өзінің рухын өзіндік халық шығармашылығын сақтауға деген қамқорлыққа толы болды. М.Әуезов 1923 жылы, Байтұрсыновтың баға жетпес еңбектерін ескере отырып, оны «қазақ зиялы қауымының көсемі» деп текке атаған жоқ [4, 384-б.].

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды.



1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады.

1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді.

1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.

1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.

1907 жылы жолдастарымен бiрге А. Байтұрсынұлы тұтқынға алынады. Содан екi жыл бойына Қарқаралының абақтысында отырып, 1909 жылы уақытша босатылады. 1909 жылы шiлдеде қайта тұтқындалып, 1910 жылға дейiн Семей түрмесiнде отырады. Одан соң оған қазақ даласынан сыртқа жер аударуға жарлық етедi. 1910 жылдан бастап 1917 жылға дейiн қазақ жерiне келуге құқықсыз А. Байтұрсынұлы Орынборға тұрақтайды. Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн, жас республиканың халық ағарту комиссары болып тұрған кезiнде сауатсыздықты жою мәселесiнде көп iстер тындырды. Оның басшылығымен жаңа мектептер, жоғары оқу орындары, орта кәсiби бiлiм беретiн училищелер ашылды. Ең бiрiншi ашылған педагогикалық институтта Ахметтiң өзi сабақ бердi.

А. Байтұрсынұлы 1913 жылы қолында ешқандай қаражаты болмаса да қалың көпшiлiкке тез тараған және бұқараның ықыласына ие болған «Қазақ» газетiн шығарды. Оның өзi сол кезде қазақ өмiрiнiң мәдени және қоғамдық талаптарына iс жүзiнде жауап берiп отырған бiрден бiр мерзiмдiк басылым болды. Бұл газет үкiметке қарсы тiкелей көтерiлiске шығуды уағыздаудан бас тартып, революциялық байыпты көзқарастарды жақтап отырды. Бiрақ, осы саяси сақтықтың өзi де «Қазақты» қуғындаудан құтқара алмады. 1913–1914 жылдар аралығында газет 26 рет тұтқындалды. Соған қарамастан «Қазақ» газетi бұқаралық қоғамдық пiкiрге төрт жыл бойына билiк айтып отырды. Сондықтан да қазақ баспасөзiнiң тарихында бұқаралық тұңғыш басылым деген құрметке ие болды.

Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады.

Алаш қозғалысының көсемі ретінде «халық жауы» деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында А.Байтұрсынұлы есімі қайтып оралды. Тамаша адамның біздің жерлесіміздің А. Байтұрсыновтың естелігі Қостанай қаласында мәңгі сақталған. Оның есімі Қостанай мемлекеттік университетіне берілді. Қала паркінде ескерткіш орнатылған, қаланың орталық көшелерінің біріне оның есімі берілген. А.Байтұрсыновтың сегіз қырлы таланты поэзияда, публицистикада, ғылымда және мәдениеттің басқа салаларында қаламының күшін байқатуға мүмкіндік берді. Ахмет Ұлы Ұстаз – бас әріппен жазылатын мұғалім болды. Ол халықтың жадында қазақ ғылым мен мәдениетінің жарқын сәулесі ретінде қалды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), «Ақ жол» кітабы (1991) жарық көрді.



Тамаша ақын, жазушы, аудармашы, журналист, педагог Міржақып Дулатұлының өмірі мен қызметі де ХХ ғасырдың басына сай келеді. Осы уақыт әлеуметтік, саяси және рухани сипаттағы қарама-қайшылықтардың асқынған кезі еді. Қоғамдық аренаға шыққан зиялы қауымның белсенді бөлігінің ішінде көзге түскен А. Байтұрсынов, М. Дулатов халықтың ұлттық сана-сезіміне әсер етті және оны азаттыққа шақырды.

Міржақып Дулатұлы 1885 жылғы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысының үшінші ауылында, қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Қызбел елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Дулат ескіше сауатты, өз дәулеті өзіне жетерлік, атақты шебер болған адам. Ал Міржақыптың анасы Дәмеш қарапайым да мейірімді жан еді. Ол екі жасында шешесінен, он екі жасында әкесінен айрылды. Сегіз жасында Міржақыпты ауыл молдасына оқуға береді. Мұнан кейін оның білімін жетілдірген оқу орны – 1880 жылдары Торғай дуанында бой көтерген Ыбырай Алтынсариннің уездік орыс-қазақ мектебі. Міржақып осы орыс-қазақ мектебіне 1897 жылы оқуға түсіп, оны 1902 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

Ыбырай мектебін оқып-бітіргеннен кейін Міржақып өзінің ұстаздық қызметін Торғайдағы Терісбұтақ деген жерде ауыл балаларын оқытудан бастайды. Жасы жиырмаға да толмаса да Міржақып мектептен алған білімін, өзінің дүниетанымын одан әрі дамытып, оны еліне арнауды ойлап, соған сәйкес іс-қимыл жасау үшін қазақ зиялылары шоғырланған Омбы қаласына қоныс аударады. Бұл – 1904 жыл еді. Мұнда ол Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтармен танысады. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург қалаларын аралап, көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлеседі, мәдени – саяси шараларға қатысып ой-өрісін кеңейтеді. Мұның бәрі Міржақыптың саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Бұл – Ресейдегі буржуазиялық – демократиялық бірінші революцияның қарсаңы, елдің дүрлігіп, қоғамдық қозғалыстардың өз қазанында қайнап, тасып жатқан тұсы болатын. Және де бұл кезде Ахмет Байтұрсынов қазақ даласына әлеуметтік қозғалыстың беделді басшысы ретінде танылып қалғанды. Олар бірін-бірі іштей тез ұғысып, бұдан былайғы өмірлерін бір мақсаттың жолына арнайды, ақтық демдері біткенше, жұп жазбайды, Міржақып Ахмет ағасына еріп, Омбыдан Қарқаралыға келеді. Осында астыртын жұмыстарға қатысады.

1909 жылы Қазан қаласында жарық көрген және қысқа мерзімде екі рет қайта басып шығарылған «Оян қазақ» өлеңдер жинағы тәркіленді, автор түрмеге қамалды. "Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, өткізбей қараңғыда бекер жасты", - Дулатовтың өлең жолдары осылай болды.

1928 жылдың аяғына қарай Қазақстанда революцияға дейінгі зиялы қауымды қуғындау басталды. М. Дулатовқа буржуазиялық-ұлттық қозғалысты жаңғыртуы бойынша заңсыз қызметіне айып тағылды. Ол тұтқындалып ату жазасына жіберілді, оны соңында 10 жыл тұтқындаумен алмастырды. Алаш ордашылардың барлық өмірі мен қызметі – халыққа және республикаға табанды қызмет етудің көрнекті үлгісі. «Алаш» буынының ұлы тұлғалары өзінің ұлты үшін шырақ, адамгершілік бағдары, жоғары адамзат рухының және Отанға қызмет етудің өшпес өнегесі болды. Өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алаш Орда еңбектерін былай сипаттады: «ХХ ғасырдың басында қазақ ұлттық идеясын қалыптастыру міндетін ұлттық ықпалдастыру идеясын алға жылжытқан рухани-интеллектуалды элита өзіне алды. Біздің отандық тарихымызда ұлттық саяси ұйымды құру фактісінің өзі аяғына дейін мойындалмайды. Оның үстіне, өз уақытында «Алаш» партиясының басшылары алға жылжытқан көптеген ережелер өзінің мағынасын қазірге дейін сақтап келеді. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым болды, ол өзінің мақсаты ретінде қазақ қоғамының біртіндеп өзгеріуін және жаңа заманғы реалийге бейімделуін мақсат етті» [7, 174-б.].

Тарих бізді сабақ алуға, даналық пен төзімділікке үйретеді, тағдырлары тоғысқан халық күшіне деген сенім ұялатады [8].

Өзінің концептуалды деңгейі және саяси маңызы бойынша Алаш партиясының қызметі өз заманының рухына жауап беріп қана қоймай, сондай-қ белгілі бір шамада Қазақстанның дүркіреген тәуелсіздігінің идеялық көзі болып табылды.
Әдебиеттер тізімі
1. Кыдыралина Ж. Алимхан Ермеков: служение отчизне // Мысль. –

2013. - №5. – C. 72 - 75.

2. Абдыгалиев Б. Алаш Орда // Мысль. - 2013. - №5. - май. - C. 46-48.

3. История Казахстана: белые пятна. - Алма-Ата, 1991. – 347 c.

4. История Казахстана в 5-ти т. - Алматы, 1996. - Т.1. – 544 c.

5. Козыбаев М.К. История и современность. - Алма-Ата, 1991. – 314 c.

6. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (очерк). – Алматы: Дәуір, 1993. - 363 c.

7. Назарбаев Н.А.. В потоке истории. – Алматы: Атамұра, 2000. – 271 с.

8. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда. - 2014. - 18 января.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Приложение к части а1
2012 -> Рабочий проект
2012 -> Абиотрофические
2012 -> М. Ж. СҮлейменова күЛӘш байсейітова – танымал опера әншісі, драма актрисасы
2012 -> Сборник 4 Караганда 2014 (574) ббк 26. 89 (5 Каз) к 70 Под редакцией академика нан рк а. М. Газалиева
2012 -> БАҒдарламасы кіру тегін 10 қазан 18. 30
2012 -> С. Д. Шаймұханова сұлтанмахмұт торайғыров
2012 -> Е. Г. Огольцова қҰрманғазы сағырбайұлы – халық музыканты, сазгер, домбырашы
2012 -> Моу сош №10 п. Белореченск Год 2014г заполнения Ф. И. О. Абашева Лариса Юрьевна


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет