Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент



бет6/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

10-Кесте – Айналым капиталына ықпал ететін фактілердің өзгерісін есептеу, мың, теңге



Көрсеткіш

Жоспар бойынша

Факті бойынша

Ауытқулар, +/-
Қорлардың нормасы (ҚН), күндер










Қорлардың бір күндік қажеттілігі (ҚБКҚ)










Қорлар (ТМҚ)









Қарастырылып отырған капиталдың айналым көлемінің өзгеріс фактілеріне ықпал ететіндігін келесі таблицада көрсетіндер:


11-кесте – Айналым капиталының өзгеріс факторына ықпал ету есебі, мың, теңге

Фактілер

Ықпал ету есебі

Ықпал ету есебі

Қорлардың нормаларының өзгерісі







Материал бойынша біркүндік қажеттіліктің өзгерісі







Барлығы








Бақылау сұрақтары
1. Капитал айналымы деген не?

2. Өндірістік айналым құралдарына анықтама беріндер.

3. Қорлар айналымы деген не?

4. Айналым құралдарын қандай көрсеткіштер сипаттайды?

5. Айналым құралдарының айналым ұзақтылығы қалай есептеледі?

6. Айналым жылдамдығы деген не?

7. ТМҚ-ның және басқада құндылықтардың қандай түрлерін білесіндер?

8. Дебиторлық және кредиторлық берешектердің айналым көрсеткіштері қалай есептеледі?

9. Төлем қабілетінің орташа ұзақтығын қандай көрсеткіш сипаттайды?

10. Кәсіпорынның іскерлік қабілетінің көрсеткіштерін атандар.

11. Капиталдың жалпы айналым коэффициенті нені көрсетеді?

12. Негізгі қорлардың айналымын қалай есептейді?

13. Өзіндік капиталдың айналым коэффициентін не сипаттайды?

14. Қорлардың және шығындардың сату жылдамдығын қалай сипаттайды және қалай анықтайды?

15. Іскерлік белсенділікті қандай индекс сипаттайды?

10-тақырып. Кәсіпорын ісінің тиімділігі мен табыстылығын талдауия

Пән мақсаты: кәсіпорынның кірістерін талдаудың тәсілдерін үйрену; кірістерді жоғарылатудың жолдарын анықтап және аналитикалық есепті жүргзуді үйрену; қорытынды жасауда машықтану.

1-тапсырма. Баланстың берілгені бойынша (қосымша 1), кәсіпорынның кірісі мен шығысына (қосымша 2) қарап, кәсіпорынның кірісін талдап, осыған әсер ететін негізгі фактілерді анықтандар. Қорытынды жасандар.

2-тапсырма. Баланстың берілгені бойынша (қосымша 1), кәсіпорынның кірісі мен шығысына (қосымша 1) қарап, өнімді сатудан, (жұмыстан, қызметтен) түскен кірістің өзгерісін талдаңдар. Осы өзгеріске ықпал ететін келесі фактілер: а) өнімді сататын бағасы; б) өнімді сатудан түскен табыс; в) сатылған өнімнің 1 теңгеге шығыны. Өткен жылмен салыстыру бағалық индексі 1,03 құрайды.

3-тапсырма. Баланстың берілгені бойынша (қосымша 1), кәсіпорынның кірісі мен шығысына (қосымша 1) және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіне (қосымша 3) қарап, кәсіпорынның кірісіне қатысты көрсеткіштерді талдандар. Қорытынды жасандар.

Бақылау сұрақтар
1. Табыс деген не, оның функциялары.

2. Табыстықтың абсолюттік көрсеткіштерін атаңыз.

3. Кәсіпорынның жалпы пайдасы қалай анықталады?

4. Жалпы пайдаға қандай факторлар әсер етеді, әсер қалай есептеледі?

5. Таза табыс дегеніміз не?

6. Табыстықтың салыстырмалы көрсеткіштерін атаңыз.


11-тақырып. Қаржы ағымын талдау

Пән мақсаты: Ақшалай қаражат түсуді және ұстауды тура тәсілмен талдау; табыстық және шығындық бөлімдерінің құрылымын және өзгерістерін бағалау; аналитикалық есептілікті жүргізуді үйрену.

1-тапсырма. Ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша (қосымша 3) тура тәсіл қолдана отырып, ақшаның келіп түсуі мен кетуін талдандар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның беріктілігіне қарап бағаландар.

2-тапсырма. Ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша (қосымша 3), кәсіпорынның тура тәсіл көмегімен қаржылық жағдайын және кәсіпорын ақшасының келіп түсуі мен кетуін барлық түріне қарай бағаландар. Ұсыныс пен қорытынды жасандар.

3-тапсырма. Ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша (қосымша 3) кәсіпорынның қаржылық жоспарын құрындар және кіріс пен шығыс бөлімі бойынша олардың орындалуын бағаландар. Кіріс пен шығыс бөлім құрылымының өзгерісін динамикада есептендер. Шыққан есепті кесте түрінде толтырындар. Жүргізілген талдау бойынша қорытынды жасандар.
Бақылау сұрақтар
1. Қаржылық ағымдарды талдағанда қандай әдістер қолданылады?

2. Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарына не қатысты?

3. Қолдағы ақшаның түсу арналарын атап өтіңіз.

4. Кәсіпорынның операциялық әрекеті дегеніміз не?

5. Кәсіпорынның инвестициялық әрекетіне не кіреді?

6. Кәсіпорынның қаржылық әрекетінің бағыттарын атаңыз.




12-тақырып. Әлуетті банкроттықты бағалау

Пән мақсаты: Баланс құрылымын бағалау, кредит қабілеті индексін есептеу, баланс құрылымы туралы шешімдерді негіздеу және төлем қабілеті көрсеткіштерін болжау, қаржылық ағымдарды талдау.

1-тапсырма. Баланстың берілгені бойынша (1-қосымша), 2 – ші модельді қолдана отырып, кәсіпорынның несие төлеу қабілетінің индексін және банкрот болу мүмкіндігін анықтандар. Қорытынды жасандар.

2-тапсырма. Баланстың берілгені бойынша (қосымша 1), банкроттықтың болу мүмкіндігіне баға беру үшін баланстың құрылымының көрсеткіштерін есептендер.

3-тапсырма. Баланстың берілгені бойынша (қосымша 1аланстың құрылымының көрсеткіштерін есептендер, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру немесе оны жоғалтудың нақты мүмкіндігін анықтандар. Қорытынды жасандар.
Бақылау сұрақтар
1. Шаруашылық субъекттың банкроттығы деген не?

2. Кәсіпорын банкроттығының себептері қандай?

3. Қандай нормативтік құжат кәсіпорын дәрменсіздігін анықтау тәртібін регламенттейді?

4. Баланс құрылымының қанағатсыздығы не көрсетеді?

5. Кәсіпорын банкроттығының мүмкіндігін анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?

6. Альтман модельдері әдістерінің мәні неде?

7. Төлем қабілетін жоғалту коэффициенті қалай есептеледі?

8. Төлем қабілетін қайта алу коэффициенті қандай формула арқылы есептеледі?

9. Кәсіпорын банкроттығы болмас үшін қандай шаралар қолдануы мүмкін?

5 СӨЖ на материалдар
5.1 Дәріс сабақтарына дайындалуға тапсырмалар

5.1.1 Қаржылық талдау теориясы

1-тақырып. Қаржылық талдаудың пәні, міндеті және түрлері

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Қаржылық талдаудың ұғымы, оның мазмұны. Талдаудың қалыптасуы мен дамуының тарихи аспектілері. Қаржылық талдаудың міндеттері. Талдау түрлері. Қаржылық есеп талдауының шетелдік тәжірибесі.

Бақылау сұрақ:

1. «Қаржылық талдаудың түрлерін классификациялау» кестесін құру.

2-тақырып.Қаржылық тәсілдері мен әдістері

Қаржылық талдау әдісінің мәні. Қаржылық есепті талдаудың әдістері мен тәсілдерінің классификациясы. Көлбеу бағыттағы талдау. Тік бағыттағы талдау. Трендтік талдау. Салыстырмалы талдау. Факторлық талдау. Қаржы коэффициенттерінің әдісі.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:

1. Қаржылық талдауда статистикалық тәсілмен әдістерді қолдану мысалдарын келтіріңіз.

3-тақырып.Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету

Қаржылық талдаудың ұйымдасуы мен ақпараттық қамтамасыз ету. Қаржылық талдауды ұйымдастырудың негізгі принциптері. Талдау объектілері мен субъектілерін, ұйымдастыру түрлерін таңдау, оларды зерттеу және жеке қызмет арасында міндеттерді үлестіру. Талдауды ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету.

ҚЕХС-ға сәйкес қаржылық есептің түрлерін классификациялау. Бухгалтерлік балансты, табыс пен шығыс есебін және ақша жылжуы туралы есепті құрастыру ерекшеліктері.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:

1. Қаржылық есеп түрлерімен танысу.



5.1.2 Кәсіпорын әрекетінің қаржылық талдауы

1-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау

Қаржылық есепті тексеру жөнінде аналитикалық процедураларды өткізу.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:



  1. Бухгалтерлік баланс оқуды өткізу.

2-тақырып.Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Бухгалтерлік баланс және оның құрамдық бөлімдері. Бухгалтерлік баланс активтері және олардың классификациясы. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы. Баланс активтерін талдау. Дебиторлық қарызды талдау.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:

1. Бөлім қорытындылары мен бухгалтерлік баланс валюталарын салыстыруды өткізу және анық теңдік пен теңсіздіктерді табу.

3-тақырып. Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Баланс активтері қалыптасу көздерінің классификациясы. Баланс пассивінің құрамы мен құрылымы. Кәсіпорынның меншікті капиталы және оның қалыптасуы. Тартылған капиталды талдау. Несиелік қарызды талдау. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын мінездейтін көрсеткіштер.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:

1. Дебиторлық және кредиторлық қарыздың салыстырмалық талдауын жасау.

4-тақырып.Меншікті және несиелік капиталды талдау

Кәсіпорынның меншікті капиталы, оның қалыптасуы мен толықтыру көздері ұғымы. Меншікті айналым капиталын талдау міндеттері. Меншікті капиталды пайдалану тиімділігін мінездейтін көрсеткіштер.

Несие капиталының құрамы, құрылымы және динамикасын талдау.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:

1. Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының есебін өткізу.



5-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы ұғымы. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы ұғымы және мәні. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар және олардың классификациясы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:

1. Қаржылық тұрақтылығының абсолюттік көрсеткіштерінің негізінде кәсіпорын қаржы жағдайы тұрақтылығының түрін анықтау.

6-тақырып. Өтімділікті талдау

Өтімділік және өтімділік құралдарының ұғымы. Өтімділік деңгейі бойынша баланс активтерін классификациялау. Төлемдік жеделдігі бойынша баланс пассивтерін топтау. Баланс өтімділігі. Өтімділік коэфиициенттер.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:

1. Кәсіпорын баланс өтімділігін анықтау.

7-тақырып. Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау

Кәсіпорынның төлем қабілетін анықтау. Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау. Ағымды, болашақты, абсолютты төлем қабілеті. Өтімділік пен төлем қабілетінің өзара байланысы.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:

1. Өтімділік және төлем қабілеті көрсеткіштерінің өзара байланыс кестесін құру.

8-тақырып. Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау

Банктік несиелендірудің мәні. Несиелендіру принциптері. Несиелендіру объектілері мен түрлері. Несие беру шарттары. Кәсіпорынның кредит қабілетін талдаудың негізгі міндеттері. Несиелендіру шарттарының талдауы. Шаруашылық субъекттің кредит қабілетін бағалау әдістері.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:

1. Несиелеуге жататын және жатпайтын объектілерінің кестесін құрыңыз.

9-тақырып. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау

Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорынның белсенділігі. Кәсіпорынның іскер белсенділігінің көрсеткіштері (активтердің, негізгі қорлардың, ағымды активтердің жалпы айналымдарының, материалдық айналым қорларының, дайын өнімнің, ақшалай қаражаттың, инвестицияланған капиталдың және т.б. айналымдарының коэффициенттері), оларды есептеу мен талдау.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:

1 Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін талдау көрсеткіштері.

10-тақырып. Кәсіпорын ісінің тиімділігі мен табыстылығын талдау

Табыс ұғымы, оларды классификациялау. Нарық экономикасы жағдайындағы табыстың маңызы және ролі. Табыс функциялары. Кәсіпорын табыстылығын талдау маңызы.

Табыстықтың абсолюттік көрсеткіштері және олардың қалыптасуы. Кәсіпорын табысының құрамы мен құрылымы. Кәсіпорын табысына ықпал ететін факторлар.

Кәсіпорын табыстарының салыстырмалы көрсеткіштері. Жалпы активтердің табыстылығы. Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) табыстылығы. Ақшалай қаражаттың таза ағылымы негізінде саналған табыстылық көрсеткіштері.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:

1 Кәсіпорынның қорытынды пайдасын қалыптастыру кестесін құрыңыз.

11-тақырып. Қаржы ағымын талдау

Кәсіпорынның ақшалай ресурстарының ұғымы және олардың құрамы. Операциялық, қаржылық және инвестициялық істерден келген ақшалай қаражаттардың кіруі мен жұмсалуы. Ақшалай қаражат жылжуын тура және жанама талдау.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:

1. Ақшалай қаражат жылжуын талдаудың тура және жанама әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін белгілеу.

12-тақырып. Әлуетті банкроттықты бағалау

Тәуекелдік ұғымы. Тәуекелдік түрлері (өнеркәсіптік, коммерциялық, қаржылық, жүйелік, жүйесіз және т.б.). Тәуекелдіктің негізгі салалары. Тәуекелдікті санды талдау. Тәуекелдікті сапалы талдауды өткізу ерекшеліктері.

Банкроттықтың мәні. Кәсіпорын дәрменсіздігінің себептері: объективтік және субъективтік. Банкроттық жағдайды реттеудің құқықтық механизмі және оның негізгі элементтері. Қаржылық жағдайды болжау. Кредит қабілетінің индексі. Банкроттықты болжаудың көпфакторлық модельдері. Банкроттықтың формальды және формальды емес белгілерінің жүйесі. Төлем қабілетін болжау. Қаржы ағымын талдау. Банкроттық тәуекелдігінің диагностикасы және кәсіпорынның қаржылай жақсарту жолдары.

Сабақ жоспары

1. Бақылаулық сұрау.

2. Теориялық сұрақтарды талқылау.

3. Сабақтың қорытындысын шығару.

4. Келесі сабаққа тапсырма беру.

Бақылау сұрақ:

1. Альтманның бесфакторлық моделін құрыңыз.


5.2 Тәжірибелік сабақтарға дайындалуға арналған тапсырмалар:

5.2.1 Қаржылық талдаудың теориясы

1-тақырып. Қаржылық есептің түрлері және пәні, міндеттері

Қаржылық есеп түсінігі және мазмұны. Талдаудың дамуы мен тарихи пайда болу аспектілері. Қаржылық талдаудың міндеттері. Талдаудың түрлері. Қаржылық есепте талдаудың шетелдік тәжірибесі.



Мақсаты: тақырып бойынша ториялық білімді бекіту

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық талдауға түсініктеме бер.

2. Қаржылық талдаудығ негізгі мәселесі болып не табылыады?

3. Талдаудың дамуы мен пайда болуының тарихи аспектілері қандай?

4. Қаржылық талдаудың негізгі міндеттерін тізбектеп бер.

5. Қаржылық талдаудың қандай түрлерін білесін?

6. Қаржылық талдаудың ішкі және сыртқы болып бөлінуінің негізгі себебі қандай?



2-тақырып. Қаржылық талдаудың тәсілдері мен амалдары

Пәннің мақсаты: қолданылу әдіснамасын зерттеу:

1. Негізгі статистикалық тәсілдер: индекстердің қатынас көлемін топтастыру;

2. Экономикалық талдауды салыстыру;

3. Баланстық үйлестірілген қаржылық талдаудың вертикалды және горизонтальді талдауы.

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық талдаудың маңызы мен тәсілдік мазмұны .

2. Қаржылық талдауда қандай статистикалық қабылдаулар қолданылады?

3 Қаржылық талдауда топтасудың ролі қандай?

4 Тізбектеме тәсілдерінің маңыздылығы және абсолютті есептеудің ерекшелігі.

5. Қай кезде баланстық тәсіл қолданылады?

6. Қандай негізгі экономикалық индекстерді білесіндер?

7. Құбылысты графикалық тәсілмен зерттеудің маңыздығы неде?

8. Қаржылық талдауда экономика-математикалық модель қандай роль атқарады?

3-тақырып. Қаржылық талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету

Пәннің мақсаты: қаржылық талдауды ұйымдастырудағы талаптарды үйрену; қаржылық есептің формаларын толтыру барысында машықтану және мәліметтердің толықтығын қадағалау; аналитикалық есептерді шығаруды үйрену; қорытынды жасау кезінде машықтану.
Бақылау сұрақтары
1. Қаржылық есептің формаларын анықтандар.

2. Қаржылық есептің формаларына қатысы бар заңдық және нормативтік құжаттарды атандар.

3. Бухгалтерлік баланстың маңыздылығы неде?

4. Бухгалтерлік баланстың құрылым тәртібі қандай?

5. Қаржылық есептің № 2 формасында қандай ақпарат бар?

6. Қандай ақша айналым есебін жүргізудің тәсілдерін білесін?

7. № 3 форманың құрылуы кезіндегі тура және қосымша тәсілдердің ерекшелігі қандай?

8. Кәсіпорынның операциялық қызметінің мағынасы неде?

9. Кәсіпорынның қаржылық қызметі өзіне не қосады?

10. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары қандай?

11. Кәсіпорынның № 4 қаржылық есеп нысанында қандай ақпарат бар?

12. Қаржылық есептілік жүйесінде бухгалтерлік баланс қандай роль атқарады?

13. Бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызы қандай?

14. Баланстық тепе-теңдіктің маңызы неде?

15. Баланстың активі өзінен не ұсынады?

16. Баланстың пассивінде не орналасқан?

17. Кәсіпорынның қандай қаржылық құжатында кірісі мен шығыны көрсетілген?

18. Кәсіпорынның кірістерін ата.

19. Кәсіпорынның шығынын ата.

20. Кәсіпорынның таза және қосымша пайдалары қалай есептеледі?

21. Қандай есепті құжатта қолма-қол ақша қаражатының келіп түсуі және шығындалуы туралы мағлұмат көрсетіледі?

22. Ақша қаражатының айналымында көрініс табатын, кәсіпорынның қандай негізгі қызмет бағыттарын білесін?


5.2.2 Кәсіпорын қызметінің қаржылық есебі

1-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспрес-талдау

Пәннің мақсаты: қаржылық есепте талдау әдістерін оқу; аналитикалық негізгі рәсімдерді жүргізе білу және машықтану; аналитикалық есептілікті рәсімдеуді үйрену; жеке дара жұмыспен машықтану.
Бақылау сұрақтары
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдаудың мәні неде?

2. Экспресс-талдаудың негізгі кезеңдерін атаңыз.

3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдаудың мақсаты қандай?

4. Қаржылық есептің экспресс-талдау әдісі қандай?

5. Балансты оқу деген не?

6. Қаржылық есепті тексеру жөнінде аналитикалық жұмыс деген не?

7. Бухгалтерлік баланстың бөлімдері мен жеке статьялары арасында қандай байланыстарды табуға болады?

8. Кәсіпорынның қаржы жағдайын терең талдау дегеніміз не?

9. Қаржылық есептің талдауын кім жасайды?

2-тақырып. Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Пән мақсаты: баланстық үйлестірілген қаржылық талдаудың вертикалды және горизонтальді талдауын үйрену; аналитикалық есептеулерді жүргізуді үйрену; қаржылық талдаудың формаларын оқуды үйрену.
Бақылау сұрақтар
1. Кәсіпорын балансы дегеніміз не?

2. Кәсіпорынның активтерін қандай негізгі статьялар мінездейді?

3. Кәсіпорынның ұзақмерзімді активтерін талдау өткізудің тәртібі.

4. Кәсіпорынның өнеркәсіптік потенциалының құрамына не кіреді?

5. Актив мобильдігі коэффициенті не көрсетеді, ол қалай есептеледі?

6. Мобильді және иммобильді қаражаттардын салыстыру коэффициенті не үшін есептеледі?

7. Негізгі қордың нақты бағасының коэффициенті не көрсетеді?
3-тақырып. Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Пән мақсаты: баланстық пассивті жүргізу тәсілін талдау; аналитикалық есептілікті талдауды үйрену; қаржылық есептің формаларын оқу кезінде машықтану.
Бақылау сұрақтары
1. Баланс активтері қалыптасуының меншікті және тартылған көздерін атаңыз.

2. Меншікті айналым капиталы барын қандай көрсеткіштер айқындайды?

3. Меншікті айналым қаражат мөлшері қалай есептеледі?

4. Кәсіпорынның тәуелсіздігі нені мінездейді?

5. Кәсіпорынның тәуелсіздігінің кері көрсеткіштері болып қандай коэффициент табылады?

6. Қаржыландыру коэффициенті нені көрсетеді және ол қалай есептеледі?

7. Қандай мақсатпен инвестициялық коэффициентті есептейді?

8. ТМҚ құрылуының негізгі бастауын қамтамасыз етуді қандай көрсеткіштер сипаттайды?

9. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтылық көзқкарасымен қарағанда қалай топтастыруға болады.
4-тақырып. Меншікті және несиелік капиталды талдау

Мақсаты: Меншікті және несиелік капиталды талдаудың тәсілдерін оқу, қорытындылар мен ұсыныстарды жасау кезінде машықтану және тұжырымдау.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет