Құрамы 25 мл тұндырманың құрамында белсенді зат 5, 0 г сасықшөп шөбі қосымша зат 70% этил спирті



Дата01.05.2016
өлшемі37.29 Kb.
түріҚұрамы






Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Төрағасының 2011 жылғы “ 20 ” 07 № 392 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН


Дәрілік заттың медицинада

қолданылуы жөніндегі нұсқаулық

Сасықшөп тұндырмасы




Саудалық атауы

Сасықшөп тұндырмасы



Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ
Дәрілік түрі

25 мл тұндырма
Құрамы

25 мл тұндырманың құрамында



белсенді зат – 5, 0 г сасықшөп шөбі

қосымша зат – 70% этил спирті
Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар жасыл-қошқылдан қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық.


Фармакотерапиялық тобы

Тыныштандыратын және ұйықтататын басқа препараттар.

АТЖ коды N05СМ
Фармакологиялық қасиеттері

Сасықшөп шөбінің құрамында белсенді заттар – сапониндер, флавоноидтар, иридоидтар, органикалық қышқылдар (алма, шарап, лимон, урсол, ванил), иіткіш заттар, гликозидтер, қантты заттар, эфир майы бар. Айқын тыныштандырғыш қасиеттер, сондай-ақ гипотензиялық және кардиотоникалық әсер иеленген. Тиімді тыныштандырғыш әсер ете бастауы орталық жүйке жүйесіндегі тежелу үдерісін күшейту және қозу үдерісін кеміту есебінен жүреді. Ұйықтататын әсері жоқ, бірақ физиологиялық ұйқының басталуын жеңілдетеді. Дағдыланып алу, психикалық тәуелдену құбылыстарын туындатпайды.

Препарат жүйке жүйесін тыныштандыратын әсерге ие, артериялық қысымды төмендетеді, жүрек қызметін қалыптандырады.
Қолданылуы

- жүрек-қан тамырларының невроздарында

- вегетотамырлық дистонияда

- қатты эмоциялық қозуда, ашушаңдықта

- неврастенияда

- ұйқысыздықпен, ширығу сезімімен және жоғары реактивтілікпен қатар жүретін психоастения мен неврастенияда

- артериялық гипертензияда (кешенді ем құрамында)
Қолдану тәсілі және дозалары

Сасықшөп тұндырмасын ішке қабылдайды.

Ересектерге күніне 3-4 рет тамақтануға дейін 30 тамшы тұндырмадан қабылдау ұсынылады. Емдеу курсы 20-30 күн.



Жағымсыз әсерлері

- диспепсия

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыма, шырышты қабықтың гиперемиясы)
Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктерін жекеше көтере алмаушылықта

- он екі елі ішектің және асқазанның ойық жаралы ауруында

- эрозиялы гастритте

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезеңде

- жүктілікте, лактация кезеңінде


Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сасықшөп тұндырмасы ұйықтататын, тыныштандыратын және ауыруды басатын дәрiлік заттардың әсерiн күшейтедi.


Айрықша нұсқаулар

Сасықшөп тұндырмасының жағымсыз әсерлері пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Тиімді тыныштандырғыш әсері 3 апта ішінде баяу дамиды.

Препараттың құрамында этил спирті бар!

Препаратты қант диабеті, созылмалы бауыр жеткіліксіздігі және алкогольдік тәуелділігі бар емделушілерге абайлап қолдануға кеңес беріледі.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде автокөлікті және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар жеделдігін талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін басқарғанда сақтық шараларын қадағалау қажет.



Артық дозаланғанда

Анықталмаған.


Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл-ден тамшылатқыш тығындармен тығындалған және бұралатын қақпақтары бар тамшылатқыш құтыларда немесе тығындармен тығындалған және бұралатын қақпақтары бар медициналық шыныдан жасалған құтыларда.

Құтыларды медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа салады.
Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтiн жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі

4 жыл


Жарамдылық мерзiмi өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары

Рецептісіз


Өндіруші

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 561342
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі: 7252 (561342)

Факс нөмірі: 7252 (561342)

Электрондық пошта: standart@santo.kz








Каталог: images -> catalog
catalog -> Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат 1000,0 мг пирацетам
catalog -> Құрамы 250 мл препараттың құрамында белсенді заттар: кәдімгі анис жемістері
catalog -> Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат винпоцетин 012 мг
catalog -> Құрамы 1000 мл бальзамның құрамында белсенді заттар (граммен): кәдімгі анис жемісі 20
catalog -> Құрамы 5 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат 0 г глюкоза моногидраты (сусыз затқа шаққанда) қосымша заттар
catalog -> Құрамы 1 таблетканың құрамында белсенді зат 1,00 мг кетотифен 38 мг кетотифен гидрофумараты түрінде)
catalog -> Құрамы 100 мл шәрбаттың құрамында белсендi заттар: итмұрын жемістері 24. 48 г аскорбин қышқылы 2 г
catalog -> Құрамы Бір капсуланың құрамында белсендi зат 278. 000 амброксол гидрохлориді пеллеті
catalog -> Құрамы Бір таблетканың құрамында белсендi зат 30. 0 мг амброксол гидрохлориді
catalog -> Құрамы 5 мл препараттың құрамында 228. 5 мг үшін 457 мг үшін белсенді заттар : амоксициллин 262. 9 мг 525. 7 мг


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет