Құрастырушы: ф.ғ. к., аға оқытушы Кәріпжанова А. О



Дата02.05.2016
өлшемі170.08 Kb.

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы
«Қазақ тілінен арнаулы курс» пәнінен
050205 – «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной





Мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленген пәннің жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/34









БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

__________ Пфейфер Н.Э.

(қолы)


20__ж. «___»____________

Құрастырушы: _________ ф.ғ.к., аға оқытушы Кәріпжанова А.О.

(қолы)
Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ тілінен арнаулы курс» пәні бойынша 050205- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған




ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы____________бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың

элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ ж. «___»____________№_____Хаттама.
Кафедра меңгерушісі ____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

____________________________________________ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20_ ж. «____»____________ №____ Хаттама


ОӘК төрағасы ___________ Жұманқұлова Е.Н. 20_ ж. «_____»___________

КЕЛІСІЛДІ

ФЖжӨ факультетінің деканы _________ Сарбалаев Ж.Т.

20_ж. «_____»________



МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ Варакута А.А. 20_ ж. «____»_______

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама


1 Пәннің мақсаты – «Қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелері» арнаулы курсының мақсаты студенттерді ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған тілтанымдық зерттеулер бағытымен, сонымен қатар қазіргі отандық және әлемдік лингвистикадағы мектептер мен ағымдармен таныстыру.
Пәннің міндеті –

- қазіргі лингвистика статусы, оның объектісі, мақсаттары мен міндеттері, әдіс-тәсілдері, лингвистиканың гуманитарлық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдары циклындағы орнын анықтау;

- әрбір ғылыми парадигмалардың ерекшеліктері, лингвистикалық ғылымның дамуындағы магистралды бағыттар мәселелерін зерттеу;

- әртүрлі тілтанымдық бағыттар мен мектептердің аясында шешілетін жеке мәселелер – тілтанымдық білімнің негізгі мәні, білім мен мән-мағынаның арақатынасы, тілдесімдік қызметпен байланысты мәселелерді тұжырымдау.


Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

- Тіл туралы қазіргі ғылымда пайда болған үрдістердің басымдылықтарын айқындай білуі тиіс және тіл дамытуда байқалып жатқан перспективаны белгілеу жөнінде түсініктері болуы;

- Қазіргі тіл біліміндегі негізгі теориялық және әдіснамалық қағидаларды, басты ұғымдарды білуі;

- Тілтанымдық ғылыми концепцияларды интерпретациялауға;

- Лингвистикалық талдау жасауға икемді болуы;

- Концептілік, танымдық тұрғыда талдаулар жасау бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет.


2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: тіл біліміне кіріспе; қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы; қазіргі қазақ тілінің фонетикасы; қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы; қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.



3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі; қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі; стилистика және тіл мәдениеті; қазақ тілінің тарихи грамматикасы, жалпы тіл білімі.



4 Пәннің мазмұны


4.1 Пәннің тақырыптық жоспары


№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

зертха-налық

студия-лық

жеке

СӨЖ

1

Қазіргі тіл біліміндегі ғылыми парадигма ұғымы

2

1

-

-

-

6

2

Тілдің парадигмалық айрықша белгілері

2

1

-

-

-

6

3

Тіл білімінің парадигмалы кезеңі

2

1

-

-

-

6

4

Қазіргі тіл біліміндегі лингвистикалық бағыттар мен мектептер

2

1

-

-

-

6

5

Тілтанымдық зерттеулердің функционалды бағыты

2

1

-

-

-

6

6

Генеративтік лингвистика

2

1

-

-

-

6

7

Қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыт

2

1

-

-

-

6

8

Когнитивтік ғылымдағы лингвистикалық теориялар

2

1

-

-

-

6

9

Тілдік тұлға теориясы

2

1

-

-

-

6

10

Тілдік тұлға құрылымы

2

1

-

-

-

6

11

Тілтаным құрылымдарын зерттеу теориялары

2

1

-

-

-

6

12

Жалпы когнитивтік құрылымдар

2

1

-

-

-

6

13

Ментальды лексикон мәселесі

2

1

-

-

-

6

14

әлемнің концептуалдық бейнесі

2

1

-

-

-

6

15

Семиотиканың негізгі ұғымдары мен категориялары. бағыттары

2

1

-

-

-

6

БАРЛЫҒЫ :

30

15

-

-

-

90


4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны


1- тақырып. Қазіргі тіл біліміндегі ғылыми парадигма ұғымы.

Ғылыми парадигма ұғымы (Т.Кунның ғылыми теориялары және оның қазіргі кезеңдегі интерпретациясы). Ғылымдағы парадигманың ауысымын анықтайтын факторлар. Тіл білімінің қазіргі кезеңдегі мәселелері.



2 -тақырып. Тілдің парадигмалық айрықша белгілері.

Экспансионизм ғылым дамуының жалпы үрдісі іспетті. Тіл білімімен байланысты жаңа ғылымдардың байланысы (лингвогносеология, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, нейролингвистика, лингвопраксеология, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, лингвопалентология).



3-тақырып. Тіл білімінің парадигмалы кезеңі.

Антропоцентризм зерттеудің ерекше принципі іспетті: тілдегі екі мәселе – «тілдегі адам мәселесі» және «адамдағы тіл мәселесі». Функционалдылық және ондағы қазіргі лингвистикалық зерттеулердегі жалпы әдіснамалық негіз; функционалдылықтың тар және кең мағынада түсінуі. Қазіргі тілдік зерттеулердегі гипотезалық-дедуктивтік әдістердің орны. Тілтанымдық зерттеулердегі соңғы мақсаттар мен міндеттерді анықтау мәселесі.



4-тақырып. Қазіргі тіл біліміндегі лингвистикалық бағыттар мен мектептер.

Тілтанымдық зерттеулердің функционалды бағыты. Генеративтік тіл білімі. Қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыт.



5-тақырып. Тілтанымдық зерттеулердің функционалды бағыт.

Қазіргі функционалды зерттеулерге жалпы сипаттама. Дәстүрлі грамматика мен функционалды грамматиканың арақатынасы. Әлемдік тіл біліміндегі функционалды-грамматикалық тұжырымдамалардың негізгі типтері.



6-тақырып. Генеративтік лингвистика

Генеративтік лингвистика терминінің мазмұны. Оның компоненттері және осы компоненттердің өзара арақатынасы. Генеративистердің тіл онтогенезі мәселелеріне көзқарастары.



7-тақырып. Қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыт

Қазіргі әлемдік лингвистикадағы когнитивтік зерттеулер. Когнитивтік тіл білімінің басқа когнитивтік ғылымдар ішінде алатын орны. Когнитивтік механизм. Модельдік-символикалық ұстаным.



8-тақырып. Когнитивтік ғылымдағы лингвистикалық теориялар

Менталдық ақпарат. Менталдық лексикон. Когниция. Концепт. Жалпыкогнитивтік құрылымдар. Метафора.



9-тақырып. Тілдік тұлға теориясы

Тілдік тұлға ұғымы және Ю.Н.Караулов тұжырымдамалары. Тілдік тұлғаның ұйымдастырылуындағы вербалды-семантикалық деңгей. Осы деңгейді лингвистикалық зерттеудің әдістері. Прагматикалық деңгей немесе прагматикон.



10-тақырып. Тілдік тұлға құрылымы

Тілдік тұлға феномені. Тілдесімдік тұлға және коммуникативтік тұлға. Ассоциативтік бақылау.



11-тақырып. Тілтаным құрылымдарын зерттеу теориялары

Көркем мәтіннің лексикалық құрылымы: антропоцентрлік зерттеулер принциптері. Қазіргі концептілік зерттеулердің лингвистикалық жолдары. Концептіні зерттеудің лингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық ұстанымдарының мәнісі.



12-тақырып. Жалпы когнитивтік құрылымдар

Тілдік құрылымның универсалдық сипаты. Тілді қолданудың шығармашылық аспектісі. Когниция мәселелері. Когнитивтік зерттеулер аясында қарастырылатын мәселелер.



13-тақырып. Ментальды лексикон мәселесі

Менталды лексикон мәселесінің психолингвистика және адам туралы басқа да ғылымдардың жалпы даму үрдістерінің заңдылықтармен сәйкестігі. Жеке адам лексиконының психолингвистикалық теориялары. Ақпаратты когнитивтік тұрғыдан қайта өңдеу механизмдері.



14-тақырып. Әлемнің концептуалдық бейнесі

Әлем бейнесі ұғымы. Тілдік ұжым стереотиптерінің жүйесі. Менталитет болмысы тұжырымдамалары.



15-тақырып. Семиотиканың негізгі ұғымдары мен категориялары. Бағыттары

«Семиотика» терминінің тарихы. Семиотикадағы таңба ұғымы. Қоғамда бар таңбалардың басты топтары. Таңбалардың функционалды категориялары. Семиотикалық жүелердің дамуы және семиотика заңдары. Семиотика эмпирикалық және теориялық білім іспетті.



4.3 Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі


1-тақырып. Ғылыми парадигмалардың ауысу теориясы аясындағы қазіргі тіл білімі.

Тіл біліміндегі бихевиоризм, экспансионизм және функционализм бағыттары. Олардың өзіндік ерекшеліктері, алғы шарттары, басымдылықтары.



2-тақырып. Тіл біліміндегі антропоцентризм бағыты.

Антропологиялық лингвистика, оның зерттеу нысаны. Лингвомәдениеттаным, лингвогносеология.



3-тақырып. Функционалды зерттеулер.

Функционалды грамматика және функционалды лексикология мәселелері. Тілдік универсалийлер. Синтаксема, жүйе, форма мәселелері. Функционалды-семантикалық ая.



4-тақырып. Генеративтік тіл білімі бағыты.

Генеративтік тіл біліміндегі тілдік модуль, тілдік қолданымдар, тілдік қабілет мәселелері және олардың өзектілігі. Семантикалық интерпретация.



5-тақырып. Когнитивтік тіл білімі.

Когнитивтік тіл біліміндегі тілдік модуль. Когнитивті механизм, менталды ақпарат, менталды лексикон мәселелері.



6-тақырып. Психолингвистика.

Психолингвистикалық зерттеулер, олардың жалпы сипаты. Репрезентация, коннекционизм мәселелері.



7-тақырып. Тілдік тұлға құрылымы.

Тілдік тұлғаның ассоциативтік нормасы, ассоциативтік аясы, ассоциативтік эксперименті, лингвокогнитивтік деңгейі. Прагматикон, прагматикалық деңгей. Тілдесім механизмі.



8-тақырып. Тілдік білім құрылымын зерттеуге байланысты теориялар.

Этноцентризм мәселелері. Менталды-тілдік кешен. Категориялау теориясы. Тіл біліміндегі прототип мәселелері. Тілдің функционалды репрезентациясы.



9-тақырып. Тілдік әлем бейнесі.

Концептуалдық әлем бейнесі. Концептуализациялау. Концептуалдық талдаулар және оның жасалу үлгісі. Концептуалдық жүйе. Ұлттық концептілер ерекшеліктері.



10-тақырып. Қазіргі тіл біліміндегі метафора мәселелері.

Метафора және оның түрлері. Онтологиялық метафоралар, узуалдық метафоралар. Тілдік метафора. Метафоралық ұғымдар. Метафора фокусы. Ойлаудың фигуралық тәсілдері.



11-тақырып. Индивидтің менталды лексиконы.

Ішкі лексикон. Терең когнитивтік жүйелер. Ақпараттық тезаурус. Лексикалық грамматика. Менталды репрезентация.



12-тақырып. Модульдік зерттеулер.

Тораптық модель, таралымы белсенді модель, семантикалық белгідегі модель ұғымдары. Фонетикалық-фонологиялық модуль.



13-тақырып. Қазіргі тіл біліміндегі тілдік қатынас мәселелері.

Тілдесім мәселелері. Сыртқы сөз, ішкі сөз. Тілдік перцепт. Перцептілік механизм. Перцептивтік үдеріс. Перцептивтік сөздік. Перцептивтік стратегия. Перцептивтік эталон.



14-тақырып. Тіл біліміндегі уәж теориясы.

Уәжделу, уәждеме, уәжденім мәселелері. Сөзжасамдағы уәждеме.



15-тақырып. Стилистикалық прагматика.

Шығармашылықтағы адамның әлемді қабылдау ерекшеліктерінің когнитивтік базасы. Ұлттық-мәдени стереотиптер және дәстүрлі стилистикалық амал-тәсілдердің арақатынасы.


4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі
СӨЖ мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

30

2

Практикалық сабақтарға

дайындалу (сабақтың тақырыбы бойынша материалды меңгеру, тапсырмаларды шешу және т.б.)



Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15

4

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген қосымша материалды меңгеру

Конспект

(және т.б.)



Коллоквиум

(және т.б.)



35

7

Бақылау шараларына дайындалу




1 МБ, 2 МБ , коллоквиум, бақылау жұмысы, тестілеу және т.б.

10

Барлығы:

90


4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
1. Тілдік қатынас негіздері.

Ұсынылатын әдебиет: [9], 234-240 бет.

2. Ғылыми парадигма және оның ауысымы мәселелері.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 496-525 беттер; [7], 1-35 беттер.

3. Әлеуметтік лингвистика және оның мәселелері.

Ұсынылатын әдебиет: [10], 149-155 беттер; [3], 102-103 беттер ,[11], 144-156 беттер

4. Концептілер. «Талап», «Жүрек», «Ұйқы» сөздеріне концептілік талдау жасаңыз.

Ұсынылатын әдебиет: [9], 240-246 бет.

5. Дискурс және дискурстік талдаулар.

Ұсынылатын әдебиет: [9], 246-250 бет, [3], 186-187 беттер, [15] 45-75 беттер.

6. Көркем шығармалардағы эмоционалды-экспрессивті лексика, олардың қызметі.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 116-118 бет, [12], 1-55 беттер,.

7. Тілдің көріктеуіш-бейнелеуіш құралдары. Көркем сөз және көркем бейне.

Ұсынылатын әдебиет: [19], 5-36 бет, [10], 161-167 беттер, [11] 156-176 беттер,[12].

8. Көркем шығарма авторларының прагматикалық деңгейі, менталды лексиконы (Көркем шығарма авторы өз қалауыңыз бойынша таңдалады).

Ұсынылатын әдебиет: [11], 1-20 бет, [6], 25-39 беттер, [14] 49-100 беттер.

9. Тезаурус және прессупозиция деген не?

Ұсынылатын әдебиет: [13], 191-192 бет, [16], 1-53 беттер,

10. Метафоралы сөз қолданыстары және оның түрлі стильдердегі көрінісі.

Ұсынылатын әдебиет: [14], 25-89 бет, [3], 190-191 беттер, [9] 29-78 беттер.


5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Аманжолов С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері. Оқу құралы. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. -536 б.

  2. Авакова Р.Ә. Фразеология теориясы. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 292 б.

  3. Авакова Р.Ә. Фразеологиялық семантика. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 152 б.

  4. 20 Аблақов А. Қазақ тіліндегі меңгеріле байланысқан сөз тіркестері. Жинақ: Қазақ тілінің мәселелері. -Алматы, 1981. – 310 б.

  5. Апресян Ю.Д. Коннотации как часть прагматики слова // - В кн.: Интегральное описание языка и системная лексикография. - М., 1995. – Т.2. – 206 с.

  6. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -Алматы: Мектеп, 1978. - 495 б.

  7. Балақаев М, Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. - Алматы, 1971. – 340 б.



  8. Виноградов В.В. Избранные труды // АН СССР. - 1955. - 560 с.

  9. 27 В.Виноградов. Основные понятия русской фразеологии как лингвистической дисциплины: труды научной сессии ЛГУ. - 1946. - 614 с.

  10. Дейк Т. Ван. Язык. Познание. Коммуникация. –М.: БГК им. И.А. Бодуэни де Куртенэ, 2000. – 308 с.

  11. Ефимов А.И. Об изучении языка художественных произведении. - Москва, 1963. – 325 с.

  12. Карасик В.И. Культурные доминанты // Языковая личность: культурные концепты: Сб. науч. тр. ВГПУ. - Волгоград, 1996. - 280 с.

  13. Қасым Б.Қ. Сөзжасам: семантика, уәждеме / Оқу құралы. - Алматы, 2003. - 167 б.

  14. Моррис Ч.У. Основные теории знаков // Семантика. – М., 1983. – 289 с.

Қосымша

16. Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. -М.: Наука, 1998. – 216 с.

17. Барт Р. Основы семиологии // Структурализм «за» и «против». – М, 1975. – 185 с.

18. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 440 б.

20. Степанов Ю.С. Прагматика. Лингвистический энциклопедический словарь. –М.: Советская энциклопедия, 1990. – 260 с.





Мамандықтың (тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме




ПМУ ҰС Н 7.18.3/32


050205 – «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының (тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Пән атауы - Қазақ тілінен арнаулы курс


Оқу нысаны

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау түрлері

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

пр.

зертх

бар

лы

ғы



СОӨЖ

ЖОБ негі-зіндегі күндізгі

3

135

45

90

3

-

-


-

3


3


135

30


15

-

90

15

Кафедра меңгерушісі ______ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «___» ________



(қолы)
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет