Рецензенттер: Қр ашм ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы рмк жамбыл областық филиалының сынама қабылдау және ақпарат бөлімінің басшысы Маметова А. Ж



Дата30.09.2019
өлшемі97.5 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ - ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Ветеринариялық радиобиология» пәніне арналған


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(90 сағат)

Шифры, мамандық аты: 5В120200 «Ветеринариялық санитария»







Тараз 2020 ж.

«Ветеринариялық радиобиология» пәнінің оқу бағдарламасы 5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығының саласы бойынша білім мазмұнына және бакалаврларды дайындау деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес «Ветеринариялық радиобиология» пәні бойынша оқулықтар мен қосымша материалдар негізінде құрастырылған.



Рецензенттер:

1. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Жамбыл областық филиалының сынама қабылдау және ақпарат бөлімінің басшысы Маметова А.Ж.

2. ТИГУ «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының доценті, в.ғ.к. Нургожаева Г.М.
Құрастырған: «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының оқытушысы Жұмабай А.Н.
Оқу бағдарламасы «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының

Хаттама № __ «___»________2020 ж. мәжілісінде қаралды.


Кафедра меңгерушісі _________ П.М. Маликтаева
Оқу бағдарламасы «Жаратылыстану» факультетінің № __ хаттама «__»____2020 ж. оқу-әдістемелік бюросында мақұлданды.
Факультеттің ОӘБ төрайымы _________ А.М. Дунбаева
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті әдістемелік кеңесінің шешімімен бекітілді.

«____»____________2020 ж. №____хаттама

Тіркеу №______________


КІРІСПЕ
1. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: «Ветеринариялық радиобиология» - сыртқы орта нысандарын және малдан алынатын өнімдер мен шикізаттардың радиоактивті ластануын бақылау бойынша студенттерге теориялық білім және тіжңрибелік дағды беру.

Міндеттері:

- негізгі радиометриялық және дозиметриялық аспаптармен жұмыс істеуді;

- малдың сәулемен зақымдануын балау және алдын алу шараларын жүргізуді;

-Қазақстан Республикасында ветеринариялық қадағалау және бақылау нысандарын радиациялық сараптау әдістерін;

- мал өнімдері мен шикізаттарын дезактивациялау әдістерін оқытып үйрету болып табылады

2. Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар:
2.1 Студент білуі керек

- ядролық физика элементтерін, радиометрия, дозиметрия, радиотоксикология және радиоэкологияны, малдәрігерлік қадағалау және бақылау нысандарын радиациялық сараптауды;

- ядролық сәулелердің биологиялық әсері негізін біліп, сәуле ауруын балауды, емдеуді және болжауды;

- радиоактивті заттармен ластанған мал өнімдері мен шикізаттарын ветеринариялық радиациялық бағалауды;

- иондаушы сәулелермен сырттай және инкорпоральді сәулеленген малды шаруашылықта пайдалану мүмкіншілігін;

- иондаушы сәулелерді, радиоизотоптарды, басқа да радиация көздерін ветеринария ғылымында пайдалану принциптерін.



2.2 Студент меңгеруге тиісті

- негізгі радиометриялық және дозиметриялық аспаптарды дайындауды және жұмыс істеуді;

- сәуле ауруының ауыртпалық дәрежесін, радиоизотоптармен сырттай және іштей зақымданудың сәулелену дозасының мөлшерін анықтауды;

- тамақ өнімдерінің, жем-шөптің, судың радиоактивтілік дәрежесін анықтауды;

- радионуклидтермен зақымданған аймақта мал шаруашылығын жүргізуді ұйымдастыруды;

- тамақ өнімдеріне, жем-шөпке, суға т.б., жүргізілетін дезактивациялық шараларды;

-радионуклидтермен және басқа да сәуле көздерімен жұмыс істегенде жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды;

- радиациялық жағдайды бағалауды



2.3 Студент игеруі керек:

- радиометрия және дозиметрия әдістерін, радиометриялық және дозиметриялық аспаптардың негізгі түрлерін пайдалануды;

- ветеринариялық қадағалау нысандарын радиациялық сараптау әдістерін;

- бұл кезде құжаттарды дұрыс рәсімдеуді;

- биологиялық зерттеулерде изотоптарды пайдалану әдістерін

2.4 Студентт құзыретті болуы қажет:

- радиометрия және дозиметрия жүргізуде, радиометриялық, дозиметриялық аспаптардың негізгі түрлерін пайдалануда;

- ветеринариялық қадағалау нысандарын радиациялық сараптау әдістерін қолдануда;

- бұл кезде құжаттарды дұрыс толтырып жүргізуде;

- биологиялық зерттеулер кезінде радиоизотоптарды пайдалану әдістерін қолдануда.

Пәннің пререквизиттері: жануарлар морфологиясы, жануарлар физиологиясы және биохимиясы, ветеринариялық микробиология және вирусология, ветеринариялық гигиена және санитария, мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау, алғашқы ветеринариялық көмек, клиникалық және қолданбалы балау.

Пәннің постреквизиттері: жануарлар патологиясы, фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау, шекара және көліктегі ветеринариялық санитариялық бақылау, өсімдік, балық, ара және құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау, ветеринариялық санитариялық паразитология, індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары, ветеринариядағы менеджмент, ет-сүт өнімдерінің технологиясы, гигиенасы, санитариясы және ветеринариялық санитариялық сараптау.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

1 Тақырып. Ветеринариялық радиобиологияға кіріспе

2 Тақырып. Радиациялық қауіпсіздіктің заңдамалық және нормативті құқықтық негіздері

3 Тақырып. Ядролық физика элементтері

4 Тақырып. Дозиметрия және радиометрия

5 Тақырып. Радиоэкология және радиотоксикология негіздері

6 Тақырып. Иондаушы сәулелердің биологиялық әсері

7 Тақырып. Малдың радиациялық патологиясы

8 Тақырып. Ветеринариялық қадағалау және бақылау нысандарын радиометриялық және радихимиялық сараптау

9 Тақырып. Ветеринариялық зертханалардың радиология бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру

10 Тақырып. Ластанған аймақтардың радиациялық және санитариялық гигиеналық мониторингі

11Тақырып. Радиоактивті изотоптарды және иондаушы радиацияны мал шаруашылығы мен ветеринарияда пайдалану




ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ
Зертханалық сабақ №1. Тасымалданатын радиометрлік аспаптардың құрылысы және жұмыс істеу принципі.
Зертханалық сабақ №2. Тұрақты радиометрлік аспаптардың құрылысы және жұмыс істеу принципі.
Зертханалық сабақ №3. Ветеринариялық қадағалау нысандарын радиациялық сараптауға сынама алу ережелері.
Зертханалық сабақ №4. Өнімдердің радиоактивтілігін анықтау үшін сынамаларды дайындау ережелері.

Зертханалық сабақ №5. Ауыл шаруашылық өнімдерінде гамма-сәулесін бөлетін нуклидтердің меншікті және көлемдік активтілігін жедел тәсілмен анықтау.
Зертханалық сабақ №6. СРП-68-01 аспабының көмегімен ірі малдың бұлшық етінде радионуклидтердің ықтимал шоғырлануын анықтау.
Зертханалық сабақ №7. «ПРОГРЕСС» бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып санау үлгісіндегі бета-сәулесін бөлетін радионуклидтердің активтілігін өлшеу.
Зертханалық сабақ №8. «ПРОГРЕСС» бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып санау үлгісіндегі радионуклидтердің активтілігін сцинтилляциялық гамма-спектрометрінде өлшеу.
Зертханалық сабақ №9. Ауыл шаруашылық және зертханалық жануарлардың сәуле ауруы, клиникалық белгілері, балауы және патанатомиялық өзгерістері, сәуле ауруын гематологиялық әдіспен балау.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ


Практикалық сабақ №1. Радиация қауіпсіздігі негіздері және ветеринариялық радиологиялоық зертханада иондаушы сәуле көздерімен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру (3 сағат).


Практикалық сабақ №2. Радиоактивтіліктің, иондаушы сәулелердің дозасының және доза қуатының өлшем бірліктері. Өлшем бірліктерін «СИ» жүйесінен сыртқы жүйеге ауыстыруды есептеу және керісінше.


Практикалық сабақ №3. Ветеринариялық қадағалау нысандарынан алынған сынамаларды радиациялық сараптау кезінде толтырылатын алғашқы құжаттар және буып, түю.


Практикалық сабақ №4. Иондаушы сәулелерді анықтау және тіркеудің ионизациялық әдісі. Ионизациялық камера, газдыразрядты есептегіштер.


Практикалық сабақ №5. Сәулені өлшеу мен тіркеудің сцинтилляциялық әдісі. Фотоэлектронды көбейткіш.


Практикалық сабақ №6. Заттардың сәулемен әсерлесуінің екінші әсеріне негізделген әдістер: фотографиялық, химиялық, калориметриялық.



БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ




СӨЖ тақырыптары

Тапсырманы орындау

Формасы

Тапсырманы қабылдау мерзімі

1

1. Заттың құрылысы

2. Радиоактивті сәулелердің сипаттамасы

3. Ионизациялық камералар, пропорционалды есептегіштер, олардың құрылысы және жұмыс істеу тәртібі

4.Гейгер-Мюллер есептегіштері, сцинтилляциялық есептегіштер, олардың құрылысы және жұмыс істеу тәртібі



Баяндама презентация түрінде

2-апта

2

1. Иондаушы сәулелердің табиғи көздері (ғарыштық сәулелер, күннен бөлінген сәулелер) олардың физикалық сипаттамасы мен сәуле қуатының мөлшері

2. Радиоизотоптардың организмге түсу жолдары. Организмде радиоизотоптардың таралу түрлері: біркелкі, қаңқаға, бауырға, бүйрекке, қалқанша безіне жиналатын изотоптар.

3. Табиғи радиоактивті заттар, олардың таралуы, өсімдіктер мен мал организіміндегі мөлшері

4. Ядролық реакциялар (активтену, бөліну, синтездеу реакциялары)





Баяндама презентация түрінде

3-апта

3

1. Биосфераға өте қауіпті радиоактивті ыдырау өнімдерінің сипаттамасы

2. Стронций 90 радионуклидінің улылығы және метаболизімі

3. Цезий 137 радионуклидінің улылығы және метаболизімі

4.Йод 131 радионуклидінің улылығы және метаболизімі



Баяндама реферат түрінде

4-апта

4

1. Радиоактивті сәулелердің заттармен әсерлесуі

2. Сәулелену дозасы, доза қуаты және олардың өлшем бірліктері

3. Иондаушы сәулелерді табу және тіркеудің ионизациялық әдісі

4. Сәулелерді өлшеуге арналған жылжымалы аспаптар және оларды қолдану мақсаты



Баяндама реферат түрінде

5-апта

5

1. Радиоактивтілікті өлшеудің негізгі әдістері

2. Радиобиология ғылымының даму тарихы

3.Ядролық түрленудің түрлері

4.Радиациядан қорғану негіздері және радиоактивті заттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру

5.Радиоактивті элементтердің активтілігі және оның өлшем бірліктері


Баяндама презентация түрінде

6-апта

6

1.Сәулелерді өлшеуге арналған тұрақты аспаптар және оларды қолодану мақсаты

2. Иондаушы сәулелердің жасанды көздері

3.Радиометриялық сараптауға ветеринариялық қадағалау нысандарынан сынама алу тәртібі

4. Иондаушы сәулелерді табу мен тіркеудің сцинтилляциялық (люминисцентті), фотографиялық, химиялық және калориметриялық әдістерінің маңызы

5.Иондаушы сәулелерден қорғану әдістері


Баяндама презентация түрінде

8-апта

7

1.Ветеринариялық радиологиялық зертхананың құрылысына және жабдықталуына қойылатын талаптар

2. Ауыл шаруашылық тізбегі бойынша радионуклидтердің көшуі

3. Иондаушы сәулелердің организмге тигізетін әсерін генетикалық әсерлері. Радиациялық мутагенез

4. Соматикалық жасушалардағы мутацияның салдары: лейкоз, рак, хромосомды, геномдық және иммуногенездің бұзылуы және т.б.

5. Радиация әсерінің алыстатылған салдары


Баяндама реферат түрінде

9-апта

8

1.Радиохимиялық сараптау, оның мақсаты мен міндеттері

2. Ауыл шаруашылық қадағалау нысандарынан алынған сынамаларды радиациялық сараптауға құжаттар рәсімдеу

3. Иондаушы сәулелерді мал азықтары мен өнімдерін консервлеуге пайдалану

4. Иондаушы сәулелер әсерін саймандарды, таңғыш заттарды, тері шикізаттарынан, жүнді т.б. стерильдеу үшін және зиянды жәндіктерді жою үшін пайдалану

5. Радиоактивті қалдықтарды жинау, алыстату және залалсыздандыру


Баяндама реферат түрінде

10-апта

9

1.Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерін өсімдік және мал өнімдерін азайту мен организмнің тұқым қуалаушылық қасиетін өзгерту үшін пайдалану

2. Иондаушы сәулелерді биологиялық өндірісте, ауыл шаруашылығында және халық шаруашылығының басқа да салаларында пайдалану

3. Иондаушы сәулелердің жүйке жүйесіне әсері

4. Иондаушы сәулелердің қан және қан түзуші мүшелерге әсері



Баяндама презентация түрінде

11-апта

10

1. Иондаушы сәулелердің ас қорыту ағзаларына әсері

2. Иондаушы сәулелердің малдың иммунологиялық төзімділігіне әсері

3. Иондаушы сәулелердің тері және дәнекер ұлпаларға әсері

4. Иондаушы сәулелердің ішкі секреция бездеріне әсері



Баяндама презентация түрінде

12-апта

11

1.Сәулелену кезіндегі молекула мен жасуша деңгейіндегі және бүкіл организмде болатын қалпына келу, компенсаторлық үрдістер

2. Жіті және созылмалы сәуле ауруы

3. Ауыл шаруашылық малының түрлеріне байланысты сәуле ауруының ерекшеліктері

4.Мал терісінің сәулелі күцігі, сәуле ауруы кезіндегі күйіктің жазылу ерекшеліктері

5. Иондаушы сәулелер әсерін құстардың шаруашылыққа пайдалылығын шаруаға пайдалану


Баяндама реферат түрінде

13-апта

12

1.Иондаушы сәулелер әсерінен болатын ұлпалардағы физикалық-химиялық үрдістер

2. Аз мөлшердегі иондаушы сәулелердің және табиғи радиоактивтіліктің процесстердегі маңызы

3. Иондаушы сәулелердің молекула және жасуша деңгейіндегі әсерінің механизмі жөніндегі қазіргі заманға байланысты түсінік

4. Радиоиндикациялық тәсілді (таңбалы атом) организмдегі зат алмасуды тексеру және мал организміндегі ағзалар мен жүйелер жұмысын зерттеуде пайдалану



5. Сәуле ауруы кезінде жараның және сүйек сынығының жазылу ерекшеліктері

Баяндама реферат түрінде

14-апта


Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі

  1. Белов А.Д., Киршин Б.А. и др. Радиобиология. –М.: «Колос», 1999.

  2. Белов А.Д., Киршин Б.А. Ветеринарная радиобиология. – М.: «Агропромиздат», 1987.

  3. Белов А.Д., Косенко а.С., Пак В.В., и др. Практикум по ветеринарной радиобиологии. –М.: Агропромиздат, 1988.

  4. Шуклин Н.Ф. и др. Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификация. –Алматы. «Credos», 2012.

  5. Nian, A.H.W., Introduction to Radiobiology, Wiley, New York (1998).

  6. Steel, GG, Basic Clinical Radiobiology, Amold, London (2002).

  7. Fliedner, T.M., Frieseeke, I., Beyrer, K., Medical management of radiation accidents – manual on the acnte radiation syndrome. British Institutc of Rasiology Supplement (2001).

  8. Radiation biology: a handbook for teachers and students IAEA, Vienna, 2010



Қосымша:

  1. Анненков Б.Н., Юдинцева В.В. Основы сельскохозяйственной радиологии. –М.: «Агропромиздат», 1991.

  2. Веккеп Г.Г. Ветеринарная радиобиология. –М.: Колос, 1973.

  3. Карташов Н.А., киршин В.А., Ильин В.Г. и др. Лучевая болезнь сельскохозяйственных животных. М.: Колос, 1978.

  4. Корнеев м.А., Сироткин А.Н. Основы радиоэкологии сельскохозяйственных животных. –М.:Энергоиздат, 1987.

  5. Кузин А.М., Каушанский Д.А., Пак В.В. К практическим занятиям по радиобиологии.

  6. Кузин А.М. Структура – метаболическая теория и радиобиологии. –М., 1986.

  7. Словнов В.А. Радиоизотпоные и радиоиммунологические исследования функции эндокринных желез. –Киев: Здоровье, 1978.

  8. Шуклин Н.Ф. Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов и сырья прирадиационных поражениях животных в книге. «Частная ветеринарно-санитарная экспертиза», -Алматы: Кайнар, 1989.

  9. Шуклин Н.Ф., Киршин В.А., Каракбаев С.К. Полевая ветеринарно-санитарная и радиобиологическая экспертиза продуктов животноводства, в книге Ветеринарно-санитарная экспертиза, стандартизация и сертификация продуктов. –ІІ том – Алматы «CREDO», 2003.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет