Реферат Тақырыбы:Өкпенің қатерлі ісігінің алдын алу Орындаған: Райхан Айдана Тексерген: Бошаева Жазира



Дата21.11.2020
өлшемі24.34 Kb.
түріРеферат
Реферат

Тақырыбы:Өкпенің қатерлі ісігінің алдын алу

Орындаған:Райхан Айдана

Тексерген:Бошаева Жазира

Өкпе - кеуек типтес, конус тәрізді сыңар мүше. Ол кеуде қуысының оң және сол жақ бөліктерінде орналасқан. Өкпе тыныс алу жүйесінің бір бөлігі. Оң жақ өкпе үшке бөлініп, оларды үлес (доля) деп атайды. Екі үлестен тұратын сол жақ өкпеге қарағанда, оң жақ өкпенің мөлшері үлкенірек болады. Дем алған сәтімізде өкпеге таза ауа толып, негізгі функцияларды атқару үшін жасушалармен тіндерге аса қажет таза ауамен қамтамасыз етеді. Дем шығарған кезде өкпе зат алмасу қорегі болып табылатын қос тотықты көмірқышқыл газын шығарады.



Өкпе қатерлі ісігі дегеніміз не?

Қатерлі ісік тіндер түзетін, құрама элементтер жасушаларынан бастау алады. Тіндер ағзаны түзеді. Қалыпты жасушалар өседі және бөлшектенеді, ағзаның қажетіне қарай жаңа жасушаларды тудырады. Көнерген жасушалар жойылады, ал олардың орынын жаңа жасушалар басады. Кейде, бұр ретті процесс бұзылады. Ағзаға қажет емес жаңа жасушалар түзіліп, көне жасушалар орын босатпай қояды. Бұл қосалқы жасушалар жаңатүзінді немесе ісік деп аталатын тіндер массасын түзеді.



Ісіктер залалды және залалсыз болып бөлінеді:

Залалсыз ісктерде қатерлі ісіктің категориялары болмайды.

• Залалсыз ісіктер өмірге көп қауіп төндіре бермейді.


• Әдетте залалсыз ісіктер жойылғаннан кейін қайта пайда болмайды.
• Залалсыз ісіктердің жасушалары ми тіндерінің айналасына өсіп шықпайды.
• Залалсыз ісіктің жасушалары басқа мүшелерге және дененің басқа бөліктеріне таралмайды.

Залалды ісіктер қатерлі ісікпен тікелей байланысты болып табылады.

• Залалды ісіктер залалсыздарға қарағанда салмақтырақ симптомдармен көрініс береді. Олар науқастың өміріне қауіп төндіруі де мүмкін.


• Залалды ісіктер көп жағдайда жойылады, бірақ қайта пайда болуы да мүмкін.
• Залалды ісіктер өзіне тиесілі мүшелер мен тіндерді зақымдауы мүмкін, немесе оларды ісітеді.
• Залалды ісіктердің жасушалары басқа мүшелер мен дене бөліктеріне таралады (метастазданады). Қатерлі ісік жасушалары таралып, өзімен байланысқан, қан ағымын немесе лимфа түйіндерді ісіте бастайды. Ісік жасушалары басқа мүшелерде дамиды, ол жерде мүшені зақымдайтын жаңа ісіктер түзеді. Басқа мүшелерге таралған қауіпті ісік жасушаларын метастаздар деп атайды, ал олардың таралу процессі метастаздану болып табылады.

Ісіктің жайылуы кезінде және басқа мүшелерге немесе дене бөліктерінде жаңа ісіктердің түзілуі кезінде олар аномальді жасушалар құрайды және олардың барлығын алғашқылық деп атайды. Мысалы, қуық асты безінің қатерлі ісігі сүйекке жайылса, ол қуық асты безінің метастаздануы болады, сүйектің қатерлі ісігі болып саналмайды. Егер ол осындай себептерден туындаса, сүйек ісігі емес, қуық асты безінің ісігі бойынша емделеді. Дәрігерлер бұлай туындаған ісіктерді кейде «дистантты» немесе метастатикалық ауру деп атайды.

Өкпе қатеріл ісігі – микроскоптағы жасуша бейнесіне байланысты екі түрге бөлінеді. Олар: ұсақ жасушалы өкпе обыры және ұса қжасушалы емес өкпе обыры. Бұл өкпе ісіктерінің екі түріде әртүрлі таралады, оларған қарсы қолданылатын да емдеу тәсілі әрқалай болмақ.
Ұсақ жасушалы емес өкпе обыры - бұл өкпе обырының барынша көп таралған формасы болып табылады. Ол ұсақжасушалы обырға қарағанда баяу өсіп, таралады. Бұл аталмыш обырдың түрі жасушалардың түріне байланысты түрлі атау иеленеді: сквамозды-жасушалы карцинома (эпидермойдты картцинома деп те аталады), аденокарцинома және ірі жасушалы карцинома.

Ұсақ жасушалы өкпе обыры сирек кездеседі, бірақ өсуі мен таралуы ұсақ жасушалы емес обырдан қарағанда өте тез орындалады. Және бұл аталмыш ісік түрі залалды болып табылады.



ӨКПЕ ІСІГІНІҢ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ

Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде өкпе обырын дамытатын бірнеше себептер анықталды. Олардың көпшілігі шылым-табактарға қатысты.



• Темекілер. Шылым шексе өкпе обыры дамиды. Табактың құрамында канцерогендер деп аталатын, өкпе жасушаларын зақымдайтын зиянды заттар болады. Уақыт өте келе зақымданған жасушалар обырға айнала бастайды. Шылымды тоқтатпай шегетіндер, ерте жастан шегетіндер, күніне көп мөлшерде шылым түтініне ыстанатындар, сондай-ақ шылым ысын көп жұтатындар өкпе обыры туындауы мүмкін қауіпті факторлар тобының қатарында болып саналады. Адам егер, шылым шегуді тоқтатса өкпе обырының даму қаупін едәуір төмендетер еді.
• Шылым мен түтікшелер. Салыстырмалы түрде шылым мен түтікшені тартпайтындардан қарағанда, тартатындарда өкпе обырының даму қаупі басым екен. Оған сондай-ақ мынадай факторларда қатысты: шылым шегуді тоқтатпау, көп мөлшерде шылым немесе түтік ысымен ыстану, сонымен қатар табак ысын көп жұту. Тіпті сіз табак ысын жұтпасаңыз да өкпе обыры, ауыз қуысы немесе обырдың басқа да түрлері дамуы мүмкін.
• Шылымға жанасу. Өкпе обыры пассивті шылым шегетіндерде де дамитын көрінеді. Пассивті шылым шегетіндер – өзі шылымды арнайы шекпесе де бір бөлмеде шылым түтінін жұтуға мәжбүр болған жандар.
• Радон. Радон – бұл түссіз, дәмсіз радиоактивті газ, ол жайшылықта топырақ пен тастан түзіледі. Радон өкпе жасушаларын зақымдап, өкпе обырын дамытуы мүмкін. Шахтада жұмыс істейтіндер, әдетте радонның әсерінен зақымданады. Осы радонның әсерне ұшырағандар шылым шексе, олар да өкпе обырының баму қаупі басым болады екен.
• Астестоз. Асбет – бұл минералды заттар тобы. Олар талшық түрінде болады және оны құрылыстық индустрияда кеңінен пайдаланады. Талшықты асбаст ұсақ бөлшектерге тез уатылып, ауаға көтеріліп, киімге немесе өкпеге бірден қонуы мүмкін. Олар қай жасушаны зақымдаса, содан өкпе обырының даму қаупі артады. Зерттеулердің нәтижесі бойынша айтар болсақ, жұмыста асбесттің әсерінен зақымданғандар, зақымданбағандардан қарағанда өкпе обырының даму қаупін 3-4 есеге арттырады екен. Алайда бұл мәселе құрылыс саласында, асбестпен жұмысс жасайтындар арасында қарастырылады. Себебі мұндаймен жұмыс жасайтындарда өкпе обырына шалдығу қаупі шылым шегетіндерден қарағанда әлдеқайда басымырақ. Асбестпен байланысты өндірістерде жұмыс істейтіндер, оның әсерінен зақымдалмасс үшін, арнайы респираторларды киіп және басқа да қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануы керек.
• Экологиялық ластану. Зерттеушілер ауаның дизель отыны мен басқа да химиялық заттардың жанып, түтінінің ауалы ластауынан өкпе обырының даму қаупі туындайтынын айтады. Бірақ олармен тікелей байланысстылығы әлі нақтыланбады. Сондықтан бұл сұрақтың төңірегінде тағы қосымша зерттеулер жүргізу керек.
• Өкпе ауруы. Туберкулез секілді өкпе ауруына шалдыққандарда да өкпе обырының даму қаупі басым болады. Сондықтан мынадай тенденция қалыптасқан, бұрын қай жерде туберкулезге қатысты тіндер зақымдалған болса, сол жерде өкпе обыры дамуы мүмкін.
• Сырқатнама. Бұрын кім өкпе обырымен ауырған болса, сол адамдарда, бұрын ауырмағандармен салыстырғанда індеттің қайта туындау қаупі басым екен. Сол үшін бұрын өкпе обырымен ауырғандар шылым шегуін мүмлдем доғарса, аталмыш індетке қайта ұрынудан сақтанады.

Ғалымдар өкпе обырының туындау себебін ісдестіруде, сондай-ақ оның алдын алуды да қарасстыруда. Қазіргі таңда бір белгілісі өкпе обырын болдырмас үшін шылы шегуді тоқтату керек. Тіпті кейбір адамдар ондаған жыл темекі шексе де, ендігі әрі ол жағымсыз әдетін тастаса өкпе обырына шалдығу қаупін біршама азайтуы мүмкін.



ӨКПЕ ОБЫРЫНЫҢ СИМПТОМДАРЫ

Өкпе обырының негізгі симптомдары болып табылатындар:

• Жөтел, бұрын болмай жүреді де күрт басталып асқынып кетеді;


• Кеуденің ылғи аурып тұруы;
• Қақырық аралас жөтел;
• Демікпе, ыссқырықты тыныс алу және тамақтағы қырыл;
• Мойын мен беттің ісінуі;
• Тәбеттің жоғалуы және арықтау;
• Жалпы әлсіздік.

Көретілген симптомдар өкпе обырының туындауынан болуы мүмкін, сондай-ақ, бұлар басқа да жағдайлардан да болып жатады.



ӨКПЕ ОБЫРЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Симптомдардың себептерін табу үшін дәрігерлер ауру сырқатнамасымен танысуы керек: оның әдеттерін, экологиялық факторлардың мүмкін болатын әсерін және кәсіптік зияндылығын сондай-ақ,отбасында обырға қатыстылығын тексереді.

Және де дәрігер ауру адамды толық тексеруден өткізуі керек, рентгенологиялық және басқа да тексеру шаралары жүргізіледі. Өкпе обырының болуы мүмкін деген күмән болса, науқастың қақырығын цитологияға (бронхтық шырышты алу үшін жүргізілетін микроскопиялық жасуша зеттеуі) зерттеуді тағайындайды, бұл өкпе обырына диагноз қоюға арналған ең қарапайым әдіс. Диагнозды анықтау үшін биопсияның көмегімен өкпе тінінің аздаған бөлігін алу керек, оны микроскппен тексереді. Биопсиялық материал алу үшін бірнеше жол қарастыруға болады:

• Бронхоскопия. Науқастың тыныс алу жолдарын қарау үшін ауыз құысы мен жұтқыншағына бронхоскоп енгізіледі (ұшында жарығы бар жіңішке түтікше) . Бронхоскоп арқылы микроскоптық тексеру үшін азғантай тін бөлшегі алынады.


• Ине арқылы аспирациялау. Бұл шара иненіісік орналасқан кеуде қуысына енгізумен жүзеге асырылады. Оның көмегімен микроскопиялық зерттеу үшін тін бөлшегін алуға болады.
• Торакоцентез. Иненің көмегімен обыр жасушасын зерттеу мақсатында өкпені қоршап тұратын сұйықтық үлгісі жинап алуға бағытталған әдіс.

АУРУ САТЫЛАРЫ

Егер өкпе обыры анықталған болса, келесідей кезеңдер бойынша аурудың даму сатыларын белгілеуге болады. Бұл ісіктің таралу сатыларын белгілеу үшін маңызды болып табылады. Өкпе обылы ми мен сүйектергі сирек метастазданады. Мұндай ақпараттың емдеу тәсілін жүргезгенде дәрігерлерге көмек болуы мүмкін. Өкпе обырынның таралуы мен сатысын анықтауға арналған бірнеше тесттер бар:

• Компьютерлі томаграфия (КТ). Рентген құрылғысына жалғанған компьютер өкпе мен басқа да түрлі қуыстардағы мүшелердің кескіндемелерін егжей-тегжейлі топтамалауға мүмкіндік береді.
• Ядролы-магнитті резонанс (ЯМР немесе МРТ). Магнитті құрылғының көмегімен жұмыс істейтін компютер өкпе мен басқа да түрлі қуыстардағы мүшелердің кескіндемелерін егжей-тегжейлі сериялауға мүмкіндік береді.
• Радионуклидті көшірме. Зерттеудің бұл түрі обырдың бауыр секілді басқа жерге таралған-таралмағандығын анықтауға бағытталады. Зеттеуді жүргізу үшін ауруға біркелкі радиоактивті затты жұтқызады немесе ішіне енгізеді. Түрлі мүшелердегі радиоактивтіліктің кезеңі радиоактивті көшірме деп аталатын арнайы құрылғының көмегімен бағаланады. Бұл арқылы түрлі мүшелердің потологиялық ошағын анықтауға болады.
• Сүйекті сканерлеу. Сүйекті сканерлеу радионклинді сканерлеудің тағы бір түрі. Бұл әдіс сүйек тіндеріне ісіктің таралған-таралмағандығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеуді жүргізу үшін ауруға біршама мөлшерде радиоактивті енгізіледі. Бұл зат біраз уақыт өткеннен кейін сүйектегі ісіктің потологиялық ісінген орнына барып тұнады. Сканердің мүмкіндігімен бұл жайтты басып, рентгендік кескіндемеге шығаруға болады.
• Медиастиноскопия/Медиастономия. Медиастиоскопия көкіректегі лимфа түйіндерге ісіктің таралған-таралмағанын анықтауға мүмкіндік туғызады. Бұл тексеру шарасы ұшында жарығы бар арнайы құрылғының көмегімен жүзеге асырыладды. Ол құрылғыны көкіректі аздап тесіп ішке ендіреді, сол арқылы мүшелер мен лимфа түйіндерді зерттейді. Көкіректі сондай-ақ медиастинотомиялық жолымен – хирургиялық операция арқылы тексеруге болады. Ол үшін кеудені тілу арқылы көкірек шығарылады. Екі жағдайда да биопсия жүргізуге болады және микроскопиялық зерттеу үшін тіннің аздаған бөлшегі алынады.

ӨКПЕ ОБЫРЫНЫҢ ЕМДЕЛУІ

Қазірлі уақытта өкпе обыры емделеді, тек уақытысымен диагностика жасап, емін ерте қолға алса. Ең маңызды факторы ауру жанның жалпы жағдайы. Яғни, ол операцияның қай сатысына шыдай алатындығына байланысты. Бұдан басқа хирургиялық операцияны басқа да әдістермен ауыстыра тұрса болады. Ол енді, аурудың таралу сатысын бақылау мен аурудың өмірін ұзарта тұруға ғана мүмкіндік беретін амалдар. Егер ондай да емдеу әдістері қолданылуға келмейтін болса, дәрігер паллиативті емді ұсынуы мүмкін. Ол кезде аурудың бойындағы обырмен байланысты басқа да мәселелердің туындауын тоқтатуға, сондай-ақ, науқастың өмірлік сапаын жақсартуға бағытталған шаралар іске қосылады.

Дәрігер сонымен қатар, ауруды өкпе обырын анықтап, емдеумен айналысатын мамандарға жолдауы мүмкін. Олар: онкологтар, хирургтар, радиологтар, пульмонологтар.

Өкпе обырын емдейтін әдістерді таңдау

Өкпе обырын емдейтін түрлі әдістер бар, оларды көптеген факторларға байланысты таңдау жасауға тура келеді. Мысалы, ісіктің түрі, көлемі, орналасуы, сондай-ақ, таралу сатыларына қарасты. Бұлардан басқа маңызды фактордың бірі – аурудың жас мөлшері болып табылады. Және оның денсаулығының жалпы жағдайы, жанама әсерлер мен т.б. жайттар да назарға алынады.

Өкпе обырын емдейтін әдістер, обыр ісігін жоюға, сондай-ақ аурудың өмір сапасын жақсартуға, ауру ссимптомдарын жеңілдетуге бағытталады.

• Хирургиялық операция ісікті жоюға бағытталады. Операцияның сәтті болуы өкпедегі ісіктің орналау жағдайына байланысты. Өкпе тінінің аздаған аумағын жоюға бағытталған операция түрі – сегмент резекциясы деп аталады. Өкпенің толықтай бір жартысын жоюға бағытталған операция түрі лобэктомия деп аталады. Пневмонэктомия – бұл өкпені тодықтай жоюға бағытталған операция түрі. Ісіктің кейбір түрлері неоперабельді болып табылады, яғни хирургиялық операция арқылы жоюға келмейтін ісік түрі болып табылады. Одан басқа, хирургиялық операция басқа да себептерге байланысты орындауға ыңғайсыз болып қалуы да ғажап емес.


• Химиотерапия барлық ағзадағы обыр жасушаларын жою үшін обырға қарсы дәрілерді қабылдауға негізделеді. Тіпті обыр ісігі хирургиялық жолмен жойылғанның өзінде, обыр жасушалары өзіне жақын басқа тіндерде сақталып қалуы мүмкін. Химиотерапия ісіктің үлкейіп кетпеуі үшін қолданылуы мүмкін, сондай-ақ, аурудың симптомдарын жеңілдетуге де пайдаланылады. Обырға қарсы дәрілер көбінесе ішке иньекция арқылы енгізіледі немесе катетераның (бұл арнайы түтікше, ол дәрі енгізілгенше ірі тамырға орнатылады) көмегімен жүзеге асады. Кейбір обырға қарсы дәрілер ауруларға ауыз арқылы беріледі.
• Радиациялық терапия, мұны радиотерапия деп те атайды. Бұл әдіс арқылы обыр жасушасын жоюға бағытталған жоғары энергиялық радиоактивті сәуле қолданылады. Радиотерапия ісіктің көлемін кішірейту үшін хирургиялық операцияның алдында қолдануылуы мүмкін немесе обыр жасушаларын түгелдей жою үшін операциядан кейін пайдаланылады. Кейде радиотерапия химиотерапияның сапасын күшейту үшін, хирургиялық операциямен бірге обырды емдеу негізінде пайдаланылады. Радиотерапия тыныс ала алммау, демікпе секілді симптомдарды жеңілдету мақсатында да қолданылуы мүмкін. Радиацияның негізгі көзі ретінде арнайы аппарат (сыртқы радиация) қолданылуы мүмкін, сондай-ақ құрамында радиоактивті материалы бар имплантты құрылғы қолданылады. Бұл аталмыш құрылғы ісіктің жақын аралықтарына қондырылады (импланттанады) бұл ішкі радиация деп атлады.
• Фотодинамикалық терапия – сәулелі терапияның бір түрі. Мұны орындау барысында ағза жасушаларына сіңірілетін арнайы химиялық заттарды қантамырлар арнасына енгізеді. Бұл нәрсе қалыпты жасушалардың тез кетуіне ықпал етеді, бірақ, обыр жасушаларында ұзақ уақытқа дейін сақталып қалады. Сәуленің әсерінен бұл зат іске қосылады және өзі сіңген обыр жасушаларын жояды.

Фотодинамикалық терапия өкпе обырының симптомдарын сеңілдету үшін қолданылуы мүмкін, мысалы, қантамырларын бақылауда ұстауы мүмкін, жасушаларды жою барысында тынысс алуды жеңілдетуі мүмкін, және бекітілген мұрынтыныс жолдарын ашуы мүмкін.Фотодинамикалық терапия сондай-ақ, дәстүрлі емдік әдістер реттей алмайтын, науқастардың шағын көлемді ісіктерін де жою үшін қолданылады.



Ұсақ жасушалы емес өкпе обырын емдеу

Ұсақ жасушалы емес өкпе обырымен аурытан ауруларға емдеудің түрлі жолдары тағайындалуы мүмкін. Емдік тәсілді ісіктің көлеміне, орналасу ыңғайына және таралу сатыларына байланысты таңдау керек. Обырдың бұл түріне көбінесе хирургиялық ем қолданылады. Криохирургия – обыр жасушасын қатыру жолымен жоюға негізделген, сондай-ақ ұсақ жасушалы емес өкпе обырының барынша соңғы сатыларындағы симптомдарды бақылауға мүмкіндік туғызады. Ауруды баяу дамыту мақсатында және жимтомдарды жеңілдету үшін радиация терапиясы мен химиотерапия комбинациясын қолданса болады.



Ұсақ жасушалы өкпе обырының емделуі

Ұсақ жасушалы өкпе обыры тез таралатын болып сипатталады. Диагноз қою барысында, көбінесе басқа мүшелер мен тіндерде таралған ісік анықталады. Яғни, таралған ісіктерді жою үшін жалпы әрқашан химиотерапия тағайындалады. Бұдан басқа, өкпе, ми және басқа мүшелердегі обырларды жоюға бағытталған радиациялық терапия тәсілі қолданылуы мүмкін. Кейбір ұсақжасушалы өкпе обыры бар ауру жандарға , оларда метастаздану орын алған-алмағанына қарамастан ми радияциялық терапиясы тағайындалуы мүмкін. Бұл қадам профилактикалық краниалды иррадиация деп аталады. Ол ми ісігінің дамуының алдын алуға бағытталған. Хирургиялық операция өкпе обырымен ауратындарды емдеудің жалпы стратегиялық бөлігі болып табылады.



Өкпе обырын емдеудегі жанама әсерлер

Обырға қарсы терапиядағы жанама әсерлер емдеу әдісіне байланысты және жеке тұлғалардың болмысына байланысты да бөлінеді. Жанама әсерлер көбінесе уақытша сипат көрсетеді және оның әлсіреу бойынша да әдістері бар.

• Өкпе обыры бойынша хирургиялық араласу кең көлемді операция болып табылады. Өкпенің бір сыңарын жойғаннан кейін кеуде қуысына ауа мен сұйықтықтар жинала бастайды. Науқастарға ылғи кеуде қуысын аударып, терең деп алып немесе жиі жөтеліп тұруға тура келеді. Мұндай амалдар арқылы өкпенің көлемі өседі, артық ауа мен сұйықтықтарды шығаруы жеңілдейді. Өкпеге операция жасағаннан кейін кеуденің ауырсынуы мен демікпе қатты мазалауы мүмкін. Бұл жанама әсердің негізгі белгісі болып табылады. Науқастарға, әдетте, күш-қуаты қайта қалпына келуі үшін бірнеше апта немесе ай қажет болады.
Химиотерапия, обыр жасушаларынан басқа сау жасушаларға да әсер береді. Химиотерапияның жанама әсері дәрілерден және оларды артық мөлшерде қолданғаннан нақты анықталады. Химиотерапияның барынша кең таралған жанама әсерлері: жүрек айну, құсу, шаш түсу, ауыз қуысында ойық жаралардың пайда болуы және әлсіздік.
• Радиациялық терапия да химиотерапия секілді обыр жассушаларынан басқа сау жасушаларды да зақымдайды. Радиация терапиясының жанама әсерінің сипаты жергілікті әерлермен белгі береді, сондай-ақ, радиотерапияның мөлшерін артық қолданғаннан жанама әсер береді. Радиотерапияның кең таралған жанама әсерлері құрғау және ауыз қуысының тітіркенуі, жұтынудың қиындауы, әлсіздік, сәуленің әсері болған терінің өзгеруі, сонымен қатар, тәбеттің жоғалуы болып табылады. Ми радиотерапиясы бас ауруымен қатар келуі мүмкін, сондай-ақ тері өзгеріп, дел-сал күйге түсіп, жүрек айнып, құсып, шаш түсіп, есте сақтау қабілеті бұзылып, саналы ойлану мүмкін болмай қалуы мүмкін.
• Фотодинамикалық терапия терінің сезімталдығын арттырады және көз жарыққа алты аптадай төзгісіз болып жүреді. Бұл терапияны қолданған науқастар күннен қорғайтын киім киіп, көзілдірік тағып жүргені дұрыс. Фотодинамикалық терапияның басқа да уақытша болатын жанама әсерлері жөтел, жұтынудың жиындауы, ауыр дем алу және демікпе болып табылады.

ҚОСЫМША ЖӘНЕ АЛЬТЕРНАТИВТІ МЕДИЦИНА

Кейбір қатерлі ісікке шалдыққандар қосымша және альтернативті медицинаның әдістерін оңтайлы деп санайды:

Қосымша әдістер хмиотерапия және радиотерапия сияқты ми ісіген емдеуге арналған стандартты емдеу түрлерімен қатар қолданылады. Альтернативті әдіс – стандартты емдеу әдістерінің орынына қолданылады.

Акупунктура (инетерапиясы), емдік массаж, шөп өнімдері, дәрумендер немесе арнайы диета, сонымен қатар, визуализация, медитация және түрлі рухани емдер қосымша немесе альретнативті медицинаға жатады.

Кейбір онкологиялық аурулар қоссымша немесе альтернативті терапияның арқасында өздерін едәуір жақсы сезініп қалатындығын айтып жүр. Және бір айта кетерлігі, қосымша және альтернативті медицина химиотерапия мен радиотерапияның кейбір механизмдерінің әсерін өзгертеді. Бұл өзгерістер ауруға айтарлықтай зиянын тигізуі мүмкін. Бұдан басқа, қосымша және альтернативті медицина, тіпті жеке қолданылса да өздігінен зиянын тигізіп қоюы да ғажап емес. Кейбір қосымша және альтернативті медицинаның түрлері қымбат тұратын болып келеді.

Аурулардың күтіміне қолдау көрсету

Қатерлі ісік секілді күрделі аурумен өмір сүру оңай емес. Кейбір адамдарға бұл аурумен байланысты эмоциялық және практикалық мәселелерін шешу үшін көмек қажет. Ондай жағдайда ауруға қандай жағынан болсын көмек қолын созса да пайдалы болмақ. Бұл ұйғарым әсіресе батыс жақта жақсы дамыған. Қатерлі ісікпен ауыратындар мен аталмыш топтар бас қосып тұрады, әрқайсысы өз жағдайымен бөлісіп, кейбіреуделі емделу үшін өзіне пайдалы кеңес алып қайтып жатады.

Онкологиялық ауруы бар адамдар өз отбасы жайлы көп ойлайды, өзінің жұмыс орнының сақталуын, күнделікті тұрмыс-тіршілігін жиі уайымдап жүреді. Ондай ауру адамдарға барынша сабыр сақтап жүрген дұрыс, оларға емделетіні жайында, емханада алаңсыз болуы керектігі жайында, медициналық көмекті барынша дұрыс қолдану керектігі жайында әңгімелесіп тұрған жүрген жөн. Онкологиялық аурулардың көптеген сұрақтарына әдетте медицина қызметкерлері жауап береді.

Дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік

Онкологиялық аурулардің өзін өзі күтінгені аса маңызды болып табылады. Ол үшін жақсы тамақтанып, жеткілікті түрде белсенді қозғалыс жасау керек. Онкологиялық аурулар салмағын тұрақты ұтап тұру үшін нәуызыға бай тағамдармен қоректенуі керек. Әсіресе ағуызы мол тағамдарды пайдаланғаны абзал. Жақсы тамақтану арқылы өзін-өзі жақсы сезінеді және көп энергия жинайды.



Онкологиялық аурулар көбінесе емделген кезде немесе емделгеннен кейін тәбеті нашарлап кетеді. Олар өзін делсал сезінеді немесе шаршаңқы жүреді, не болмаса, дәм сезуі өзгеріп кетеді. Бұдан басқа, емдеудің жанама әсерлері (тәбетінің нашарлауы, жүрегі айнуы, құсуы немесе аузының қышуы сияқты) салмақты мәселелерді туындатуы мүмкін. Дәрігер, диетолог немесе басқа да медициналық қызметкерлер тамақтануға байланысты мәселелерді шешуге көмектесуі мүмкін.

Көптеген адамдар салауатты өмір салтын сақтау арқылы өзін кәдімгідей жақсы сезініп жүреді. Жүру, йогамен айналысу, жүзу, және осындай спорттардың біраз түрлері күштің сақталуына және энергияны тұрақты ұстауға және өмірлік тонусты көтеруге ықпал етеді. Жаттығулар емделу процесінде жүрек айну, ауру секілді жағдайларды жеңілдетеді. Олар сондай-ақ, күйзелістен айығуға да көмек береді. Десе де, физикалық жүктеме жайында дәрігермен кеңесіп алудың маңызы зор болмақ. Егер физикалық жүктемеден ауру немесе басқа да мәселелер туындап жатса, ол жайында міндетті түрде дәрігерге хабарлау керек, дәрігер аталмыш жаттығулардың басқаша түрлеріне бағыттауы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет