Регламентін бекіту туралы



Дата28.04.2016
өлшемі176.07 Kb.
түріРегламент


Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 шілдеде № 4578 болып тіркелген
Павлодар облысының әкімдігінің

2015 жылғы 28 мамырдағы № 157/5 қаулысы
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. Мыналардың:

Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Халықты әлеуметтік қорғау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 136/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3841 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 маусымда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) қаулысындағы 1-тармақтың жиырма бірінші абзацының;

Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Халықты әлеуметтік қорғау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 136/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» № 279/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4026 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қыркүйекте «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) қаулысындағы 1-тармақтың жетпіс сегізіншіден бастап сексен біріншіге дейінгі абзацтарының күші жойылды деп танылсын.



3. «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет»

ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімінің

міндетін атқарушы Д. Тұрғанов

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы «28» мамырдағы

№ 157/5 қаулысымен

бекітілді

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрi – ХҚКО);

«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтындырылған) және ( немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) болып табылады.

Мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілген қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа

беріледі);

3) отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

4) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

7) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді падаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

5. Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы ХКҚО-ның қызметкері ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, хабарламаны дайындайды – 6 (алты) күнтізбелік күн ішінде.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды – 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде.

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы ХҚКО-ға хабарламаны жібереді – 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде.

6. Рәсімнің нәтижесі тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаны беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында (кесте) көрсетілген.




4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық

жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар мен ақпараттарды ұсына отырып, ХҚКО-ға жүгінеді.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi ХҚКО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) күнтізбелік күн.

ХҚКО-ға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу тәртібі:

1-үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚКО-ның ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚКО АЖ) ХҚКО операторының авторландыру үдерісі;

1-шарт – логин және пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы тіркелген оператор туралы деректердің түпнұсқалығын ХҚКО АЖ-да тексеру;

2-үдеріс – ХҚКО операторының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ХҚКО АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-үдеріс – ХҚКО операторының мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыру (деректерді енгізу, сканерленген құжатты бекіту);

4-үдеріс – ХҚКО операторының мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, сканерленген құжатқа) ЭЦҚ арқылы қол қоюы және оператордың бұдан кейінгі әрекеттері туралы ақпарат алу;

2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімі мен ХҚКО АЖ-дан қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;

5-үдеріс – оператордың ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған құжатын (қызметті алушының сұрауын) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ)/«электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) арқылы жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ортасында (бұдан әрі – ЖАО АЖ) жіберу және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті өңдеуі;

7-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің бас маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаны) қалыптастыруы. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қалыптастырады және

ХҚКО АЖ-ға жібереді;

8-үдеріс – ХҚКО қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін (тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаны) көрсетілетін қызметті алушының қолына беруі немесе электрондық поштасына жіберуі.

Құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдау кезінде көрсетiлетiн қызметтi

алушыға тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкерi Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатыстырылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген (1-диаграмма).

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi порталға жүгінгенде – 10 (он) күнтізбелік күнi.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің реттілігін сипаттау:

1-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН мен парольді порталға енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі);

1-шарт – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы тексеру;

2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректеріне бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу);

4-үдеріс – толтырылған нысанға (енгізілген деректерге, бекітілген сканерленген құжатқа), мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;

2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін, порталда қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;

5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжатын (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және жауапты маманның электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті өңдеуі;

7-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің бас маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаны) қалыптастыруы. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қалыптастырады және парталға көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатыстырылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген (2-диаграмма).

11. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдау тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.




«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша





Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

және байланыс деректері


Р/с



Арнайы комиссияның жұмыс

органының атауы

Байланыс деректері

1

2

3

1

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,

Кривенко көшесі, 25-үй

телефон: 8(7182) 323332

opr.osz.ap@pavlodar.gov.kz



2

«Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы

Ленин көшесі, 36 б-үй,

телефон: 8(71877)70455

zan_ekibastuz@mail.ru



3

«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,

Советов көшесі, 10-үй

телефон: 8(71837)50105

zanak@yandex.ru



4

«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы

Абай көшесі, 118-үй

телефон: 8(71841)21173

aktogai_sozprog@mail.ru



5

«Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы

Сәтбаев көшесі, 56-үй

телефон: 8(71840)91481

pavlzan@yandex.ru



6

«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы

Квитков көшесі, 7-үй

телефон: 8(71831)22146

gelez_oszn@mail.ru


7

«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы

Бөгембай көшесі, 97-үй

телефон: 8(71832)21474

irtyshk@yandex.ru


8

«Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы

Елгин көшесі, 139-үй

телефон: 8(71833)21371

kachirrouz@mail.ru



1

2

3

9

«Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы

Мир көшесі, 7-үй

телефон: 8(71839)21399

AKKU@yandex.ru


10

«Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Май ауданы

Уәлиханов көшесі, 34-үй

телефон: 8(71838)91434

center5556@rambler.ru


11

«Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы

Генерал Дүйсенов көшесі, 1-үй

телефон: 8(7182)533133

defence6@mail.ru

defence6@rambler.ru



12

«Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы

10 лет Независимости көшесі, 27-үй

телефон: 8(71834)91400

zanusp@mail.ru


13

«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы

1 Май көшесі, 18-үй

телефон: 8 (71836)21354

sherb_zanet@mail.ru


«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау



Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың

(жұмыс барысының, ағынының) №-і



1

2

3

2

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы

Көрсетілетін қызметтті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы

3

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

ХҚКО-дан немесе портал-дан түскен құжаттарды қабылдау және тексеру. Кіріс құжаттар журналында тіркеу, құжаттарды қарастыру

Құжаттарды қарастыру

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» немесе ХҚКО-ға жіберуді жүзеге асыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Тұрғын үй көмегін таға-йындау туралы хабарла-маны дайындау

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаға қол қою

ХҚКО-ға немесе порталға хабар-ламаны жіберу

5

Орындау мерзімдері

6 (алты) күнтізбелік күн ішінде

1 (бір) күнтізбелік күн ішінде

1 (бір) күнтізбелік күн ішінде

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша


ХҚКО АЖ арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі

функционалдық іс-қимылдың №1 диаграммасы





Көрсетілетін қызметті алушы

Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі

функционалдық іс-қимылдың №2 диаграммасы





Көрсетілетін қызметті алушы

Шартты белгілер:




Бастапқы хабарлама






Аяқтаушы хабарлама



Ақпараттық орта




Үдеріс


Шарт





Басқару ағыны






Хабарламалар ағыны




Соңғы тұтынушыға ұсынылатын электрондық құжат





«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

4-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсетудің

бизнес-процестерінің анықтамалығы


скругленный прямоугольник 7скругленный прямоугольник 8скругленный прямоугольник 9скругленный прямоугольник 13скругленный прямоугольник 14ромб 16
Құжаттарды қарайды және хабарламаға қол қояды

(1 күнтізбелік күн ішінде)





Хабарламаны ХКҚО-ға немесе порталға жібереді

(1 күнтізбелік күн ішінде)



прямая со стрелкой 22 прямая со стрелкой 24
да

нет
соединительная линия уступом 292 скругленный прямоугольник 8 скругленный прямоугольник 8
Өтініштің дұрыс толтырылуын және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын тексеру

(20 минут)



Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартылады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі

(20 минут)



Нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына беру немесе электрондық поштасына жіберу

(1 күнтізбелік күн)




Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда тіркеуді (автоматтанды-руды) жүзеге асырады (15 минут)

Көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты автоматтанды-рудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

(3 минут)



Көрсетілетін қызметті алушымен көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жолдама дайындығы туралы хабарламаны алуы
скругленный прямоугольник 2 скругленный прямоугольник 2 скругленный прямоугольник 2 ромб 16
жоқ

жоқ

иә

иә
прямая со стрелкой 42 прямая со стрелкой 42 скругленный прямоугольник 2 скругленный прямоугольник 1


ХКҚО немесе порталдан ұсы-нылған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, хабарламаны дайындайды – 6 күнтізбелік күн ішінде




- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

- таңдау нұсқасы;



  - келесі рәсімге (іс-қимылға) өту


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет