Регламенттерін бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



Дата25.08.2020
өлшемі21.07 Kb.
түріРегламент





2015 ж. 15 қыркүйек № 413 Әділет департаменті

2015 ж. 16 қазан №3487
Алматы облысының ауыл

шаруашылығы саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін

қызметтердің регламенттерін

бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 16 - бабының 1- тармағына және «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2015 жылгы 28 сәуірдегі №4-1/379, «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-2/419, «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Жеміс-жидек дақылдарыныңжәне жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2) «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

3) «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітілсін.

2. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 336 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 24 қазанда № 2887 тіркелген және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерінің № 126 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Алматы

облысының әкімі А. Баталов
Каталог: uploads -> npa
npa -> Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Уйгурском районе
npa -> Ұйғыр ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
npa -> Регламенті Жалпы ережелер «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою»
npa -> Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы №8–679
npa -> Құрамына кіретін Ақмола облысының спортшылары мен олардың жаттықтырушыларына ай сайын ақшалай қаржы
npa -> Об организации общественных работ по Карасайскому району
npa -> Жоба текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
npa -> Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № а-3/95 қаулысы Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
npa -> Ақмолаоблысыәкімдігінің 2014 жылғы22мамырдағы № а-5/204қаулысы «Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы»
npa -> Қарабұлақ кенті Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет