Республика аумағында 2018 жылдың 2 айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат



Дата17.05.2020
өлшемі202.27 Kb.



Республика аумағында 2018 жылдың 2 айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік «112» қызметі пультына халықтан 929 297 қоңырау келіп түсті.

Мынадай тұрақты әзірлік қамтамасыз етілді:

- өңірлік және жедел құтқару қызметтері 491 адамды құтқарды,
365 адамды эвакуациялады, 52 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетті, ТЖ орындарынан 74 адам денесін шығарды, 1311 шығу жасады;

- өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 780 адамды құтқарды, 2 927 адамды эвакуациялады, дабыл бойынша 3 245 шақыртуға барды, оның ішінде: 1 369 – өрт, 382 – авариялық-құтқару жұмыстары,


1 323 – өрт ретінде есепке алынбайтын жану, 15 – көрінеу жалған шақырту, расталмаған жану фактілері - 156;

- «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 633 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті, 383 адамды құтқарды, 344 адамды эвакуациялады, 819 шығу жасады, оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттері 192 шығу жасады, 281 адамды эвакуациялады, 420 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті.

ІІМ қарамағындағы ұйымдар мынадай іс-шаралар өткізді:

- «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына


54 ұшу сағатын жасады, санитариялық авиация бағыты бойынша 52 ұшу жасады, 50 адам тасымалдады.

- «Өрт сөндіруші» АҚ 8 адамды құтқарды және эвакуациялады,


68 шығу жасады, соның ішінде 32 өрт сөндіру, 8 авариялық-құтқару жұмыстарын өткізді, 28 жануды жойды.

- «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ


8 915 пациентті емдеді, 1 712 операция жасады, госпитальдар жанындағы емханаға бару 264 420 құрады.

Мемлекет басшысының бизнеске қысымды төмендету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында өрт қауіпсіздігі саласында бақылау тек жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілерге қатысты енгізілген және ерекше тәртіппен өткізіледі. Бақылау-профилактикалық қызмет шеңберінде


1 750 объектінің, оның ішінде 95 өнеркәсіптік объектінің және
1 655 әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектінің өртке қарсы жай-күйі тексерілді, 5 098 бұзушылық анықталды, 1 528 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 653 лауазымды тұлғаға 14 млн. 455 мың теңге сомасында айыппұл салынды.

Халықты оқыту және хабар беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 7 793: 815 – телевизия арналарында, 1 891 баспа басылымдарында, 1 628 – радио қондырғыларында, 1 368 – ақпараттық агенттіктер таспаларында, 2 091 – ведомстволық веб-сайттарда сөз сөйлеу болды.

Азаматтық қорғау саласында басшылық құрам мен мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында:

- «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС-да


231 қызметкерге, оның ішінде – орталық мемлекеттік органдардан
62 қызметкерге, жергілікті атқарушы органдардан 93 қызметкерге, ТЖК аумақтық бөлімшелерінен 35 қызметкерге, ІІМ аумақтық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты ұйымдарынан 41 қызметкерге;

- Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өңірлік оқу орталығында 24 қызметкерге;



- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 5 мемлекеттік әкімшілік қызметшіге;

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясында
2 қызметкерге қайта даярлау және біліктілікті арттыру ұйымдастырылды.

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің ТЖ-ға уақтылы ден қоюы және алдын ала қабылданған шараларына қарамастан 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда оқиға саны 27,4%-ға (517 оқиғаға), зардап шеккендердің саны 25,7%-ға (117 адамға) өсуіне, қаза болғандар 44,1%


(63 адамға) көбейгені, материалдық нұқсан 15,2%-ға (52 млн.теңгеге) азайғаны байқалады.

2 404 табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және оқиғалар тіркелген,
572 адам зардап шеккен, соның ішінде 206 адам қаза болды.

Облыстар бөлігінде қалыптасқан және жалпыланған көрсеткіштер мына ахуалды сипаттайды (2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда):

- ТЖ саны мына облыстарда: Маңғыстау 11,4%-ға (5 оқиғаға), Шығыс Қазақстан 8%-ға (21 оқиғаға), Астана қаласында 17,5%-ға (29 оқиғаға) төмендеді;



- зардап шеккендер саны мына облыстарда: Шығыс Қазақстан 45,5%-ға (51 адамға), Жамбыл 41,3%-ға (19 адамға), Оңтүстік Қазақстан 37,5%-ға
(21 адамға) азайды.

- қаза болғандар саны мына облыстарда: Батыс Қазақстан 66,7%-ға
(2 адамға), Қызылорда 50%-ға (1 адамға), Қарағанды 33,3%-ға (7 адамға), Алматы 25%-ға (5 адамға), Қостанай 11,1%-ға (1 адамға), Оңтүстік Қазақстан 10,5%-ға
(2 адамға), Алматы қаласында 77,8%-ға (7 адамға) және Астана қаласында 50%-ға (2 адамға) азайды.

Сонымен бірге басқа өңірлерде:

- ТЖ саны мына облыстарда: Ақмола 3,2 есеге (112 оқиғаға), Алматы 65%-ға (139 оқиғаға), Павлодар 50,6%-ға (43 оқиғаға), Қостанай 44,5%-ға (65 оқиғаға), Ақтөбе 40%-ға (32 оқиғаға), Қарағанды 23%-ға (52 оқиғаға), Алматы қаласында 50%-ға (59 оқиғаға) өсті;

- зардап шеккендердің саны мына облыстарда: Ақтөбе 60 адамға, Атырау 27 адамға, Алматы 27 адамға, Павлодар 21 адамға, Батыс Қазақстан 8 адамға, және Алматы қаласында 35 адамға ұлғайғаны;

- қаза болғандардың саны мына облыстарда: Ақтөбе 53 адамға, Шығыс Қазақстан 13 адамға, Павлодар 10 адамға, Атырау 9 адамға, Ақмола 4 адамға, көбейгені байқалады.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жалпы ТЖ санынан 97,8%-ды құрады, 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2 352 оқиға тіркелді (26,8% өсті (497 оқиғаға), 528 адам зардап шекті (30%-ға ұлғайды
(122 адамға), 203 адам қаза болды (51,5% ұлғайды(69 адамға), соның ішінде:

- 2 224 өндірістік және тұрмыстық өрт болды (28,6%-ға өсті), 232 адам зардап шекті (53,6%-ға өсті), 119 адам қаза болды (2 есеге өсті), материалдық нұқсан 289 млн. теңгені (15,2 кеміді) құрады.



Өрт санының кемуі мына облыстарда: Маңғыстау 9,5%-ға (4 оқиғаға), Атырау 7,8%-ға (4 оқиғаға) және Астана қаласында 14,8% (23 оқиғаға) байқалды.

Өрт санының өсуі мына облыстарда: Ақмола 3 есеге (98 оқиғаға), Алматы 67,3%-ға (134 оқиғаға), Қостанай 50%-ға (69 оқиғаға), Павлодар 43,4%-ға


(36 оқиғаға), Ақтөбе 37,5%-ға (30 оқиғаға), Оңтүстік Қазақстан 26,8%-ға
(19 оқиғаға), Қарағанды 22,3%-ға (50 оқиғаға), Солтүстік Қазақстан 21%-ға
(21 оқиғаға) және Алматы қаласында 40,7%-ға (44 оқиғаға) байқалды.

Өрт туындайтын негізгі объектілерге: 66,3%-ы тұрғын үй секторы,


19%-ы көлік құралдары, 3,4%-ы сауда кәсіпорындары, 2,6%-ы басқа ашық аумақтар, 2,3%-ы әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, 1,9%-ы өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылымдар, 1%-ы салынып жатқан оъектілер мен құрылыс алаңы.

Өрттің пайда болуының ең таралған себептері: 31,2%-ы пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 29,2%-ы электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзу, 22,8%-ы отты абайсыз қолдану, 5,7%-ы тұрмыстық электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 4,8%-ы анықталған қасақана өртеу, 1,9%-ы балалардың отпен ойнауы болып табылады.



Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ТЖ жалпы санынан 2,2% құрады, 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төмендегідей оқиғалар тіркелді:

- жалпы саны 52 (62,5%-ға өсті (20 оқиғаға), 44 адам зардап шекті (10,2%-ға кемілді (5 адамға), 3 адам қаза болды (3 есеге кемілді (6 адамға), соның ішінде:

- 9 қауіпті гидрометеорологиялық құбылыс (28,6%-ға өсті), 1 адам зардап шекті;

- 35 қауіпті жұқпалы аурулар мен адамдардың улануы бойынша (45,8% - ға ұлғайды), 42 адам зардап шекті, 2 адам қаза болды;

- республиканың су айдындарында зардап шеккендер туралы


1 хабарлама келіп түсті, 1 адам қаза болды.
Каталог: images -> 2018 -> Docfiles
Docfiles -> Республика аумағында 2018 жылдың 5 айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
2018 -> Программа адресной трудовой подготовки
2018 -> Программа Канал Частота Стандарт Первый канал
2018 -> Балқаш ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет