Республика аумағында 2019 жылдың алты айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат



Дата17.05.2020
өлшемі206.54 Kb.



Республика аумағында 2019 жылдың алты айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі пультына халықтан 3 363 110 қоңырау келіп түсті.

Мынадай тұрақты әзірлік қамтамасыз етілді:

- өңірлік және жедел құтқару қызметтері 2 453 адамды құтқарды,
774 адамды эвакуациялады, 186 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетті, ТЖ орындарынан 386 адам денесін шығарды, 5 580 шығу жасады;

- өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 2 531 адамды құтқарды, 9 701 адамды эвакуациялады, дабыл бойынша 25 809 шақыртуға барды, оның ішінде: 6 041 - өрт, 2 494 - авариялық-құтқару жұмыстары,


16 277 - өрт ретінде есепке алынбайтын жану, 83 - көрінеу жалған шақырту, расталмаған жану фактілері - 914;

- «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 1 787 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті, 1 052 адамды құтқарды, 877 адамды эвакуациялады, 2 276 шығу жасады, оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттері 660 шығу жасады, 749 адамды эвакуациялады, 1 329 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті.

ІІМ қарамағындағы ұйымдар мынадай іс-шаралар өткізді:

- «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына, өрттерді сөндіруге қатысу, жеке құрамды жеткізуге және басқа тапсырыстар бойынша 831 ұшу сағатын жасады, оның ішінде санитариялық авиация бағыты бойынша 250 ұшу жасады, 222 адам тасымалдады.

- «Өрт сөндіруші» АҚ 117 адамды құтқарды және эвакуациялады,
290 шығу жасады, соның ішінде 125 өрт сөндіру, 20 авариялық-құтқару жұмыстарын өткізді, 145 жануды жойды.

Мемлекет басшысының бизнеске қысымды төмендету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында өрт қауіпсіздігі саласында бақылау тек жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілерге қатысты енгізілген және ерекше тәртіпте өткізіледі. Бақылау-профилактикалық қызмет шеңберінде


21 041 объекті тексерілді, 79 369 бұзушылық анықталды, 12 709 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 4 405 лауазымды тұлғаға 116 971 мың теңге сомасында айыппұл салынды.

Халықты оқыту және хабар беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 28 959: 3 164 - телевизия арналарында, 6 975 - баспа басылымдарында, 6 764 - радио қондырғыларында, 4 814 - ақпараттық агенттіктер таспаларында, 7 242 - ведомстволық веб-сайттарда сөз сөйлеу болды.

Азаматтық қорғау саласында басшылық құрам мен мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында:

- Көкшетау техникалық институтында - 64 қызметкерге ;

- Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өңірлік оқу орталығында 30 қызметкерге;

- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 85 мемлекеттік әкімшілік қызметшіге.

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің ТЖ-ға уақтылы ден қоюы және алдын ала қабылданған алдын алу шараларының арқасында 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда оқиға саны 1,3%-ға (88 оқиғаға), қаза болғандар 10,3% (38 адамға) азайғаны, зардап шеккендердің саны 4,7%-ға (65 адамға), материалдық нұқсан 19,1%-ға (195,3 млн.теңгеге) көбейгені байқалады.



6 810 табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және оқиғалар тіркелген,
1 437 адам зардап шеккен, соның ішінде 331 адам қаза болды, материалдық нұқсан 1 218,2 млн.теңгені құрады.

Облыстар бөлігінде қалыптасқан және жалпыланған көрсеткіштер мына ахуалды сипаттайды (2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда):

- ТЖ саны мына облыстарда: Атырау 19,2%-ға (34 оқиғаға),Алматы 15,9%-ға (133 оқиғаға), Қарағанды 7,7%-ға (64 оқиғаға), Маңғыстау 7,6%-ға (11 оқиғаға), Батыс Қазақстан 6,6%-ға (21 оқиғаға), Жамбыл 6,1%-ға (21 оқиғаға), Алматы қаласында 30,2%-ға (117 оқиғаға), Нұр-Сұлтан қаласында 6,1%-ға (21 оқиғаға) төмендеді;

- зардап шеккендер саны мына облыстарда: Ақтөбе 66,1%-ға (72 адамға), Қарағанды 31,6%-ға (18 адамға), Ақмола 26,1%-ға (12 адамға), Маңғыстау 21,7%-ға (5 адамға), Павлодар 15,4%-ға (10 адамға), Алматы қаласында 47,2%-ға


(42 адамға) азайды;

- қаза болғандар саны мына облыстарда: Ақтөбе 87,7%-ға (57 адамға), Маңғыстау 58,3%-ға (7 адамға), Атырау 52,6%-ға (10 адамға), Шығыс Қазақстан 26,9%-ға (14 адамға) азайды.

Сонымен бірге басқа өңірлерде:

- ТЖ саны облыстарда: Қызылорда 19,7%-ға (49 оқиғаға), Павлодар 17,2%-ға (74 оқиғаға), Ақтөбе 16,7%-ға (61 оқиғаға), Шығыс Қазақстан 16,4%-ға


(117 оқиғаға) өсті;

- зардап шеккендердің саны мына облыстарда: Қызылорда 2,5 есеге


(54 адамға), Қостанай 42%-ға (21 адамға), Жамбыл 41,9%-ға (36 оқиғаға), Солтүстік Қазақстан 39,5%-ға (15 адамға), Нұр-сұлтан қаласында 71,4%-ға (50 адамға) ұлғайғаны байқалады;

- қаза болғандардың саны мына облыстарда: Қызылорда 5 есеге


(16 адамға), Жамбыл 41,7%-ға (10 адамға), Солтүстік Қазақстан 38,9%-ға
(7 адамға), Нұр-Сұлтан қаласында 2,1 есеге (9 адамға) көбейгені байқалады.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жалпы ТЖ санынан 91,8%-ды құрады, 6 251 оқиға тіркелді (3%-ға азайды), бұл ретте 1 072 адам зардап шеккен (18,2%-ға ұлғайды), оның ішінде 325 адам қаза болды (11,2% азайды).

Техногендік сипаттағы жағдайлардың негізгі үлесі өндірістік және тұрмыстық өрттерге (95,9%) тиесілі, ағымдағы жылдың алты айында 5 993 өрт болды (3,5%-ға азайды), 355 адам зардап шеккен (21,6%-ға азайды), оның ішінде 160 адам қаза болды (31,3%-ға азайды), материалдық нұқсан 1 145 млн. теңгені (25,1%-ға өсті) құрады.



Өрт саны мына облыстарда: Алматы 16,8%-ға (124 оқиғаға), Атырау 12,2%-ға (18 оқиғаға), Маңғыстау 10%-ға (14 оқиғаға), Жамбыл 9,6%-ға (27 оқиғаға), Қарағанды 8,5%-ға (69 оқиғаға), Батыс Қазақстан 8,4%-ға (24 оқиғаға), Алматы қаласында 26,6%-ға (94 оқиғаға) азайды.

Өрт саны мына облыстарда: Ақтөбе 18,7%-ға (66 оқиғаға), Павлодар 18,3%-ға (75 оқиғаға), Шығыс Қазақстан 15,2%-ға (98 оқиғаға), Қызылорда 10,8%-ға


(24 оқиғаға), Ақмола 8,8%-ға (37 оқиғаға), өскені байқалды.

Өрт туындайтын негізгі объектілер: 63,3%-ы тұрғын үй секторы,
18,3%-ы көлік құралдары, 4,9%-ы басқа ашық аумақтар, 3,3%-ы сауда кәсіпорындары, 1,7%-ы өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, 1,6%-ы әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, 1,4%-ы ормандар.

Өрттің пайда болуының таралған себептері: 38%-ы отты абайсыз қолдану, 29,6%-ы электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзу, 14%-ы пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 6,2%-ы анықталған әдейі өртеу, 3,6%-ы тұрмыстық электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 1,9%-ы балалардың отпен ойнауы болып табылады.



Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ТЖ жалпы санынан 8,2% құрады, ағымдағы жылдың алты айында 559 оқиға тіркелді (23,1%-ға ұлғайды), 365 адам зардап шекті (21,5%-ға азайды), оның ішінде 6 адам қаза тапты (2 есеге көбейді).
Каталог: images -> 2019 -> docfiles
docfiles -> Республика аумағында 2019 жылдың екі айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
2019 -> Республика аумағында 2019 жылдың бес айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
2019 -> "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы"
2019 -> Жоба Батыс Қазақстан облысының


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет