Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



Дата25.04.2016
өлшемі169.89 Kb.
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
РЕСПУБЛИКАНСКИЙ УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ ЦЕНТР ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ


Патриоттық әндердің жинағы

АЛМАТЫ – 2007




Мазмұны
1. Ән ұран 4

2. Елім менің 6

3. Жерім менің 7

4. Атамекен 8

5. Отаным- Қазақстан 9

6. Атамекен 10

7. Туған ел 11

8. Отан 12

9. Қазақстан-қыран далам 13

10. Ақ көгершін 14

11. Сарбаздар 15

12. Әлия 16

13. Қазақстан 17

14. Елімізді сүйеміз 19

15. Батыр Бауыржан 20

16. Отырардағы той 21

17. Сәлем саған туған ел 23

18. Гулденген Қазақстан 24

19. Қазақ елі 25

20. Арман қала –Астана 26

21. Егемен елім 27

22. Родина моя 28

23. День Победы 29


Қазақстан Республикасының мемлекеттік ән ұраны

Өлеңі: Н. Ә.Назарбаев

Ж. Нәжімеденов

Әні: Ш. Қалдыаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,


Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:


Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарас қан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Государственный гимн Республики Казахстан

(Подстрочный перевод)

В небе золотое солнце,


В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.
Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,

Родина моя – мой Казахстан.

У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.

Припев:
О, мой народ!


О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.

Елім менің

Өлеңі: Н. Ә.Назарбаев

Әні: Б. Тілеуханов.
Арайлап таңым, асқақтап тауым,

Ән ойнап көгім, күй тартып көлім.

Қол жетті, міне, аңсаған күнге,

Жасай бер жаса, қазағым менің.

Қазақстаным - жасыл орманым,

Қуанышымды жасыра алмадым.

Аңсаған бабам, аңсаған елім

Бостандық еді ау, асыл арманым.

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Құтты болсын отауың,

Берік болсын босағаң.


Бабамның қаны , анамның жасы,

Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.

Береке, бірлік - қамалдың басы,

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.

Күйінсін жауың , сүйінсін досың,

Жиылсын қауым, құйылсын көшің.

Ертеңің үшін аянба, ерім,

Ояншы, елім, жиылсын есің.


Ұрпақ үшін, ел үшін,

Атамекен жер үшін

Берекең мен бірлігің,

Таси берсін ырысың.




ЖЕРІМ МЕНІҢ

сөзі: Н. Назарбаев

әні: Б. Тлеуханов
Байлығы қазағымның кең даласы,

Ырыстың ұясындай сай-саласы.

Туған жер қасиетіңнен айналайын,

Таусылмас ұрпағыңның қазынасы.

О-о-о жерім менің.

Қайырмасы:

Атамекен

Өлеңі: Қ. Мырзалиев

Әні: Е. Хасанғалиев
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем.


Қайда жүрсең, атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны,

Ұясына батады екен.


Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Асқар тауың аспаныммен астасқан,

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын , көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы

Қазақстан

Әні мен сөзін жазған: Р. Гайсин
Құрлықтың жалпақ жарты бөлшегіндей,

Өр өскен жемістердің бүрлеріндей.

Жомарттың қазынасындай жермен жарық,

Байлық пен сұлулықтың бөлшегіндей.


Қазақстан - елдің аты,

Қазақстан - жердің аты.

Қазақстан - ел жаннаты,

Қазақстан - жер жаннаты.


Ерлері аспанмен алысқандай,

Қыздары жарысқандай қалыс қалмай.

Қазақтың - ақ дастархан кең төріндей

Құшағы халықтардың табысқандай.

Қайырмасы.
Тынысы жер жаһанның келісіндей

Бір жылы бүгін ғасыр жеңісіндей.

Өмірі келешектің өрісіндей,

Төңірек келбетімнің жемісіндей.

Қайырмасы.


Отаным- Қазақстан

Өлеңін жазған: С. Тойлыбаев

Әні: А. Исағұлова.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге данқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.


Жасампаз жыр - әнім,

Өзіңсің ғажапстан .

Өсиет, ұраным,

Отаным –Қазақстан.

Ғажап қой сұлу көктем, жасың, әні,

Тындарсың ән жүректің сазын әлі .

Шіркін – ай, жетпейді бір өзіңе,

Қойнауың - тұнған байлық, қазыналы .

Қайырмасы.
Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.

Қайырмасы.

Атамекен

Өлеңін жазған: Ш. Сариев

Әнін жазған: Ж. Тұяқбаев
Кең далам, толғанайын, толғайын,

Домбырам, қолға алайын, жырлайын.

Қазағымның даласындай,

Көзімнің қарасындай,

Айналдым сені, Атамекен-ай!
Теңіздей тебірендім, тербедің,

Сапарда сағынышым, сен менің

Дүние сырларындай,

Мөлдіреп тұрғанындай,

Айналдым сені, Атамекен-ай!
Қайырмасы

Бақыт тұнған күндер-ай,

Жұлдыз тамған түндер-ай.

Өзің куә өмірде,

Кімдер өтті, кімдер-ай -

Атамекен-ай!


Ғажап-ау, Атамекен ғаламат,

Бір саған тағдырымыз аманат.

Қымбатты даламыздай,

Сымбатты анамыздай,

Айналдым сенен, Атамекен-ай!

Жүрегім, жанымыздай

Бақыт тұнған күндер-ай

Өзің куә өмірде,

Кімдер өтті, кімдер-ай -

Атамекен-ай!

Қайырмасы.
Туған ел

Өленін жазған: М.Ниязбеков

Әні: Ө. Байділдаев.
Туған жер қандай көркем мөлдіреген.

Желегі желмен ойнап желбіреген.

Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,

Тыншымай ет жүрегім елжіреген.


Ыстық-ақ мөлдіреген өзендерің,

Саяңда сайрап өскен өрендерің.

Мен едім соның бірі - қарыздармын,

Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.


Қашан да қарыздармын, елім, саған,

Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.

Жүректің арнап ыстық махаббатын,

Туған ел, берерім көп менің саған.



Отан

Өлеңі: Н. Әлімқұлов.

Әні: И.Нүсіпбаев.
Туған Отан, дәулетің асқан,

Бақыт нұры сәулесін шашқан.

Асыл ана, мейірімі жылы

Еркелесем, кеудесін ашқан.


Кең алқапты шарпысын желің

Байлық тасып, шалқысын көлің.

Байтақ жатқан алыпсың өзің

Отан - ана, бақытты елім.


Асқар тауың, өзенің қандай

Орманыңды кеземін қандай.

Самалыңды жұтамын балдай

Бақыт құшқан өз елім қандай.

Қайырмасы.


Қазақстан-қыран далам

Өлені: Ш. Сариев.

Әні: С. Бәйтереков.
Сен қуансаң - қуанам таңдарыммен

Сен мұңайсаң - мұңаям бар жаныммен.

Тағдырым бір туған ел тағдырыңмен

Арманым бір, туған ел, арманыңмен.

Қазақстан - арман дала

Жұлдыз бақыт жанған дала.

Ақ бидайдай мерейі бар,

Ғарыш үшін шайқасты қасіретпен.


Қазақстан - арман дала,

Жұлдыз бақыт жанған дала.

Алатаудан ата берер,

Бақыт сыйлап таңдар саған.



Ақ көгершін

Өлеңі: Н. Баймұхамедов

Әні: А. Жұбанов
Ақ көгершін , көгершін,

Қолқанат құс сен едің.

Бар, кезіп қайт, ел үшін.

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Ұшырамын қолымнан.
Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.


Көзін сенен алмайды

Ақ ниеті бар адам.

Ақ қанатың талмайды

Әділеттен жаралған.

Тыныш бейбіт өмірдің

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің

Қайт шыңына қонақтап.

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына



Сарбаздар

Өлеңін жазған: Ж. Құрамысов

Әні: Д.Құрамысов

Қазақ деген пейілі кең бай халық

Толды арманы егеменге айналып.

Бейбітшілік қорғанындай сенімді,

Сарбаздары сап түзеді сайланып.

Батыр болған бабаларым,

Ел бастаған даналарым.

Байтақ елге жау тигізбес

Сарбаздары, қазақтың сарбаздары.

Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі,

Қаһарманы заманымның бұл енді.

Отан даңқы мүддесі үшін қажетті,

Сарбаздар ол – елдігімнің тірегі.

Батыр болған бабаларым,

Ел бастаған даналарым.

Байтақ елге жау тигізбес

Сарбаздары - қазақтың сарбаздары.
Бір, екі, үш, төрт. Адымдары алымды

Бір, екі, үш, төрт. Апайтөсті арынды.

Алға сарбаздар, ей, алға сарбаздар,

Алаулат мәңгі жастық жалынды.



Әлия

Өлеңін жазған: Б.Тәжібаев

Әнін жазған: С.Бәйтереков
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,

Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.

Аққу құстың бейне бір баласындай,

Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен.

Әлия – ару қызы сен халқымның,

Әлия – батыр қызы сен халқымның,

Ерке құсы сен даламның!

Саған белгі орнатқан мәрмәр тастан,

Саған күнде қызыққан мөлдір аспан.

Саған күнде жазылған көркем дастан,

Саған күнде құшағын көктем ашқан.

Әлия – ару қызы сен халқымның,

Әлия – батыр қызы сен халқымның,

Ерке құсы сен даламның!


Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық,

Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып.

Туған жердің төсінде мәңгілікке,

Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.

Әлия – ару қызы сен халқымның,

Әлия – батыр қызы сен халқымның,

Ерке құсы сен даламның!
Қазақстан

Өлеңін жазған: Ғ.Жұмабаев

Әнін жазған: С. Мұхамеджанов

Ен даласын

Егін жапқан,

Бар баласы

Бақыт тапқан.

Менің елім, туған елім –

Күн сәулелі Қазақстан.

Көкке тиген

Асқар тауы,

Жасыл киген

Бақша – бауы.

Күн өлкесі

Күлімдеген

Ел еркесі

Ұлым – деген.

Елімізді сүйемін

Өлеңін жазған: Қ. Мырзалиев

Әнін жазған: Д. Ботбаев
Балбұл жанған гүл шағында,

Біз Отанның ұланымыз.

Бақытты елдің құшағында

Білім алу - ұранымыз.


Біз өнерге, ұлы өмірге,

Гүл өмірге иеміз.

Көгімізді, көлімізді,

Елімізді сүйеміз.


Туған жерде аунап – қунар,

Біз ұланбыз, өрімдейміз.

Біз ұланбыз еңбек құмар,

Өнер десе ерінбейміз.

Біз өнерге, ұлы өмірге,

Гүл өмірге иеміз.

Көгімізді, көлімізді,

Елімізді сүйеміз.


Қуанышты әніміз де,

Біз ұланбыз - жоқ арманы.

Біздер әлі бәріміз де,

Боламыз ел қаһарманы.


Біз өнерге, ұлы өмірге,

Гүл өмірге иеміз.

Көгімізді, көлімізді,

Елімізді сүйеміз.



Батыр Бауыржан

Өлеңін жазған: Ә. Бейсеуов.

Әнін жазған: А. Байғожаев.
Ақ боранда азынап, қақаған,

Жаудың қолы Москваға тақаған.

Тайсалмады жау сұсынан жас қазақ

Мирас еткен батырлықты атадан.


Әрқашан аты ауызда,

Ықпаған батыр дауылдан

Айналған аты аңызға

Момыштың ұлы Бауыржан.


Жаудың оғын қағып құрыш төсімен

Туған елі шыққан емес есінен.

Қашты жаулар Москваның түбінен,

Қашты жаулар Бауыржандар сесінен.

Әрқашан аты ауызда,

Ықпаған батыр дауылдан

Айналған аты аңызға

Момыштың ұлы Бауыржан.


Ерен сүйген өзі туған Отанын

Халық берген оған батыр атағын.

Ауыр жылдың арқалаған азабын,

Ерлігіңді әнмен алаулатамын.

Әрқашан аты ауызда,

Ықпаған батыр дауылдан

Айналған аты аңызға

Момыштың ұлы Бауыржан.



Отырардағы той

Өлеңін жазған: С. Асанов

Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Той басталды Отырарда,

Сұлу сырдың бойында.

Кеудесінде оты жанған,

Қызылқұмның қойнында.

Бұл аймақтың сұлулығын

Талай ақын толғаған,

Осындай той Отырарда

Бұрын – соңды болмаған.


Туған елім,

Өскен жерім,

Асқар белім,

Сенсің әнім менің

Сәнім менің.

Алақанда аялаған

Арманым да өзіңсің.

Ақ тілегім аялаған,

Ардағым да өзіңсің.

Сендегі жас кәрінің де,

Қуанышы мол болсын,

Қазағымның әр үйінде

Дәл осындай той болсын.
Зіл қара жер қозғалғандай,

Палуандардай алысқан

Қызғалдақтай қыздар қандай,

Көз тартады алыстан.

Сол қыздарда Отырарда,

Жүрек отын жалғаған.

Осындай той Отырарда,

Бұрын – соңды болмаған.

Қайырмасы.
Отырардың күні бүгін,

Қайта туды жарқырап.

Жырлап жатыр ұлылығын,

Барлық аймақ, атырап.

Әнмен бірге тербетілем,

Күймен бірге толғанам.

Осындай той Отырарда,

Бұрын – соңды болмаған.

Қайырмасы.

Cәлем саған туған ел

Өлеңін жазған: Ш. Сариев
Сыр бойындай баулардан,

Алатаудай таулардан,

Сарыарқадай даламнан,

Теңіз Каспий, Аралдан,

Баян сұлу, Жібектей,

Төлегендей түлектей,

Ұл – қызы бар елімнен,

Жұлдызы бар жерімнен,

Сәлем саған, туған ел!

Аспаны бір, күні бір,

Жұлдызы бір, түні бір,

Даласы бір, гүлі бір,

Арманы бір, сыры бір,

Сәлем саған, сәлем саған, туған ел,

Ұлы тойдай ұлы ісім,

Жаралған ел, жыр үшін,

Сырда сұлу – күрішім,

Қырда бидай – ырысым,

Миллиардтай алтын дән,

Миллиардтай бар тұлғам,

Жыршы, жырау салтымнан,

Әнші, күйші халқымнан,

Сәлем саған, туған ел!
Аспаны бір, күні бір,

Жұлдызы бір, түні бір,

Даласы бір, гүлі бір,

Арманы бір, сыры бір,

Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

Гүлденген Қазақстан

Өлеңі: Н. Баймұхамедов

Туып - өскен Отаным – Қазақстан,

Күлімдеп, гүл жайнаған күншығыстан.

Құлпырған жерім бар, алтын нұрлы елім бар,

Шығыстан сәулелі жарқырап атқан таң.

Ахау, Гүлстан, шығыстан бейне бір атқан таң,

Далама бір көз жіберсең, түкті кілем түгіндей.

Алатауым әсем текше, қыздың жиған жүгіндей,

Жайсаң жайлау Қазақстан, осынау тұрған күлімдеп.
Мыс қорытып, қорғасын, күміс қаптап,

Бермесін табиғаттың тартып алған.

Шалқыған көлім бар, асқар таулы белім бар,

Шығыстан Отаным жарқырап атқан таң.


Ахау, Гүлстан, шығыстан бейне бір атқан таң,

Далама бір көз жіберсең, түкті кілем түгіндей.

Алатауым әсем текше, қыздың жиған жүгіндей,

Жайсаң жайлау Қазақстан, осынау тұрған күлімдеп.



Қазақ елі.

Өлеңі: Ш. Сариев

Әні: С. Бәйтереков.
Қазағым сенсің қазақ - ұлы елім,

Дүрсілдеп сен деп соққан жүрегім.

Мақтанам, қазағым, мақтанышым,

Тәуелсіздік таңы атқан үшін.

Қазағым, сенсің тауым асқарым,

Самғасаң сенсің ұшар аспаным.

Жұлдыздайы аман, күні аман,

Туған жерім - сенсің ұлы анам.


Қазақ жері - бұл Қазақстан

Жаса мәңгі гүл Қазақстан.

Келешекке туған елім менің

Қолым беріп тұр менің Қазақстан.


Бір мен үшін сенен басқа жер жоқ.

Жер бетінде сенен басқа ел жоқ.

Арманым, тағдырым - қазақ жерім

Әнұраным, туым, қазақ елім.


Қазақ елі ұлы көште

Дария тағдыр суын кеште

Қазақ жері, кең далам да осы.

Біз балаңбыз туып өскен.


Қазағым, туып өскен мекенім,

Қастерлеп сені мәңгі өтем.

Туым да, далам да қазақ жері

Жаса мәңгі, қазақ елі.

Қайырмасы.


Арман қала - Астана

Сөзі: Е. Шаймерденұлы

Әні: М. Омаров.
Ағылып Атыраудан, Алатаудан,

Көш конды Қараөткелден таласа ауған.

Жайнайды Астана ару алқасындай

Ғажайып ғимараттар жаңа салған.


Сарыарқа сауырындай

Ерке Есіл бауырында

Қаланды бой көтеріп арман қала

Арман қала,

Асыл дала -

Жаңа Астана, Астана.


Төріне туын тігіп.

Ерекше ел еңсесі бүгін биік.

Астана - ақ ордасы қазағымның,

Астана тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.

Қайырмасы


Егемен елім

Әні: Қ. Жүнісов
Көз жетпес далам - ел жетпес елім,

Арнайды әнін жауынгер ұлын.

Жау шапса саған, жас жаным құрбан,

О, далам менің, о, елім менің.


Қазақтың елі, қазақтың жері.

Береке қонған - ұлы Отан.

Асқар тауларың, өзен- көлдерің,

Жаныма қымбат ұлы Отан.


Еркіндік сүйген - егемен елім,

Бұғауды бұзған - өлермен елім.

Бостандық үшін жанымыз құрбан,

Сен үшін елім, сен үшін жерім.

Қайырмасы
Сұңқары биік - самғаған елім,

Қанатын көкке қомдаған елім.

Кел, достар, кәне, шырқайық бірге,

Бостандық әнін, азаттық әнін.

Қайырмасы.


Родина моя

Слова: Е. Евтушенко

Музыка: Б. Теретьева

Я часто брел по бездорожью,

Но если, чистое тая,

Хранил в ладонях искру божью,

То это – Родина моя.
На свете все небесконечно –

От океана до ручья,

Но если что-то в мире вечно,

То это – Родина моя.


Меня не станет, - солнце встанет,

И будут люди и земля,

И если кто меня вспомянет,

То это – Родина моя.



День Победы

Слова В. Харитонова

Музыка Д. Тухманова
День Победы, как он был от нас далек,

Как в костре потухшем, таял уголек.

Были версты, обгорелые, в пыли, -

Этот день мы приближали, как могли!


Припев: Этот день Победы

Порохом пропах,

Этот праздник

С сединою на висках.

Это радость

Со слезами на глазах.

День Победы!

День Победы!

День Победы!
Дни и ночи у мартеновских печей

Не смыкала наша родина очей.

Дни и ночи битву трудную вели, -

Этот день мы приближали, как могли!


Здравствуй, мама, возвратились мы не все…

Босиком бы пробежаться по росе!

Пол – Европы прошагали, пол – Земли, -

Этот день мы приближали, как могли!



Припев
Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет