С. Ш. Тілеубай С. К. Тоқсанова Х.Қ. Бекмұратова



Дата28.04.2016
өлшемі47.64 Kb.
БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МОДЕЛІН ҚҰРУ
С.Ш.Тілеубай

С.К.Тоқсанова

Х.Қ.Бекмұратова

Модель кең мағынада – бұл кез-келген объектінің, үдерістің немесе құрылыстың бейнесі, аналогы (ойдағы немесе шартты – бейнесі, сипаты, схемасы, чертежі, графигі және т.б.), зерттелетін объект элементтерінің арасындағы қатынасы мен өзара байланыстарын, құрылымын, қасиеттерін бейнелейтін, оның «орынбасары», «ұсынушысы» ретінде қолданылатын және бізге қызық объект туралы ақпарат алуды жеңілденетін үдеріс [2]. Модель түпнұсқаның құрылымын басқа жаққа аударады. Ол «құбылыстың жалпылама бейнесі, жалпылама практикалық тәжірибенің нәтижесі», объект туралы теориялық ұғымдар мен ол туралы білімнің қатынасын белгілеу болып табылады [3].

Дүниетаным құрылымын талдай отырып, біз болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың құрамдастық, функционалдық және деңгейлік жалпылама моделін құрастырдық.

Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың құрамдас моделі когнитивті, аксиологиялық және әрекеттік-тәжірибелік құрамдас бөліктерден тұрады. Ақпараттық дүниетанымның когнитивті құрамдас бөлігі фундаменталды ғылым, адам білімінің мәдениеті секілді информатика ғылымын меңгеруімен: әртүрлі жүйедегі - табиғи, әлеуметтік және техникалық (жүйелі-ақпараттық тәсіл) ақпараттық үдерістерінің жалпы заңдылықтарын түсінуімен байланысты. Ақпараттық дүниетанымның аксиологиялық құрамдас бөлігі жеке тұлғаның ақпараттық әрекетінің құндылық-мағыналық саласының маңыздылығымен, ақпараттық өзарақатынас пен өзараәрекет шартында өнегелі өзін реттеу тәжірбиесімен және жеке ақпараттық әрекеттің рефлексиясымен байланысты. Ақпараттық дүниетанымның әрекеттік-тәжірибелік құрамдас бөлігі оның кәсіптік бығытымен: оқушылар үшін ақпараттық мәдениет, ақпараттық дүниетаным тасымалдаушысы ретінде болашақ информатика мұғалімі өзін санауымен; информатика және ақпараттық технологиялар аясындағы дүниетанымның қуатын, оқушылардың ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру әдіснамасы мен әдістемесін меңгеруімен байланысты.

Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымының негізгі функциялары адамның ақпараттық әрекетінің ерекшелігінен, ақпараттық ортадағы оның өзарақатынасы мен өзараәрекетінің түрлілігінен пайда болады. Біз болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымының функционалдық моделінің келісідей функцияларын бөліп қарастырдық:

Гносеологиялық – жүйелі-ақпараттық тәсілмен қоршаған болмысты тануға, табиғат құбылыстарындағы, қоғамдағы адам өміріндегі ақпарат, ақпарат үдерістерінің анықталған рөлін меңгеруге бағытталған.

Бағалау-рефлекстік – ақпараттық ортадағы үйренетін және меңгерілетін рефлекстік-мағыналық қатынасына құбылыс, үдеріс туралы жеке ойын білдіру, өзінің ақпараттық әрекетіндегі себеп, мағына, мақсат сапасы мен нәтижесі рефлексивтерін қосуға бағытталған.

Нормативтік-реттеуші – ақпараттық ортадағы құқықтық, этикалық және адамгершілік нормаларын орындауға, ақпараттық әрекетінде оларды қолдану тәжірибесін, бостандық өлшемін, ондағы жауапкершілігі мен өзін шектеуіне бағытталған.

Коммуникативті – «адам-адам» және «адам-компьютер-адам» (ақпараттық ортадағы біріккен әрекет тәжірибесі) диалог түрінің, ақпараттық өзара әрекет пен өзара қатынас рефлексиясының енуіне бағытталған.

Жобалау–болжаушы - эстетикалық, денсаулық, физикалық және жабдықталған қауіпсіздік үдерістерін іске асыру мақсатымен, ақпараттық әрекетін ұйымдастыру әдіснамасын өңдеуге, ұтқырлық, алғырлық пен дағдыланғыш секілді өзгермелі ақпараттық ортадағы шығармашылық қасиеттерін, өзінің ақпараттық әрекеттерінің мүмкіндіктерін болжауға бағытталған.

Деңгейлік модельде біз болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастыруды динамикалық үдеріс ретінде қарастырамыз. Оның деңгейлік моделі негізінде жеке тұлғаның белгілі дәрежедегі ақпараттық дүниетанымының толықтығына өрлеу критерийі жатыр.

Ю.А. Канаржевский, бір деңгейден келесі деңгейге өту жүйесінің механизмін келесі жолмен: элемент дамуының қиындығымен, құрылым қиындығына келтіретінімен, элементтердің дамуынан құрылым дамуының деңгейіне дейінгі элементтер арасындағы қатынасынан бүтіндей құрылымын құруымен, элемент пен құрылымының бір мезетте жетілдірілуімен іске асырылады деп айтады. Осы бағытты қабылдай отырып, болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың деңгейлері белгіленді.

Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымының деңгейлік моделі негізін келесі критерийлер құрайды: ақпараттық ортаны функционалдау құрылымы мен механизмі, маңыздылығы туралы білім жүйелілігі мен толықтығы; болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетаным көзқарасының функциясын, оның ақпараттық әрекетінде ұсыну толықтығы; ақпараттық ортада субъектінің пайда болу дәрежесі.

Жеке тұлғада көрсетілген критерийлердің көріну деңгейін салыстыру негізінде болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастарудың жағдайлық, фрагменттік және жүйелік деңгейден тұратын деңгейлік моделі құрылды. Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың жағдайлық деңгейінде ақпараттық орта туралы күнделікті, үйреншікті ұғымдары басым болып көрінеді; ақпараттық әрекет бейне, үйлестік бойынша іске асады Ақпараттық ортадағы болашақ информатика мұғалімінің бейімделуі ақпараттық ортадағы жалпы қабылданған бейнелер, мәдениет бейнелер, дәстүр тәртіптерінің рөлін меңгеру арқылы жүзеге асырылады. Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың фрагменттік деңгейі оқытылатын информатика пәндерінің төңірегіндегі жеткілікті білімдерінің болуымен, басқа пәндерді оқуда және күнделікті өмірде олардың рөлін меңгерумен сипатталады. Жүйелік деңгейде студенттер ақпараттық ортаның маңызы, құрылымы туралы терең және жүйелі білім алады. Олар жүйелі-ақпараттық тәсілмен жаратылыстану ғылымымен бірге, гуманитарлық ғылым аясында да меңгеріп, оны кең көлемдегі мәселелер мен міндеттерді шешу үшін қолдана алады. Болашақ кәсіптік әрекет информатиканың дүниетаным қуатын іске асыруда толық меңгеріледі, осы салада өзінің дамуына тұрақты бағытталған оқушылардың ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру әдіснамасы мен әдістемесін меңгерудегі алынған бастапқы тәжірибесімен бекітіледі.

Ғасырлар бойы адамзаттың озық ойлы өкілдерін ойландырған дүниетаным мәселесі бүгінгі таңда көкейкесті міселелердің бірі болып отыр. Сол себептен болашақ информатика мұғалімдерінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру – кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселенеі шешуде ұсынып отырған болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың жалпылама моделінің маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бидайбеков Е.Ы., Тілеубай С.Ш. Болашақ информатка мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру хақында. Вестник КазНПУ им. Абая, №4, Алматы, 2008ж.



2. Гуревич П.С. Философия культуры: пособие для студ. гуманит. вузов / П.С.Гуревич. – М.: АО «Аспект-Пресс», 1994

3. Каган М.С. К разработке философской концепции культуры / М.С.Каган // Вестн. РНГФ. – 1996. - №1.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет