Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау



бет5/7
Дата28.04.2016
өлшемі1.63 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

В. Еуропа


С. Азия

Д. Германия

Е. Қытай

58. Австролопитектердің миының көлемі.

А. 550см

В. 1200см.

С. 800см.

Д. 1030см.

Е. 900см.



59.Қазақстан территориясындағы ежелгі тас дәуірінің ең бірінші тұрағы

А. Тәңірқазған

В. Арыстанды

С.Бөріқазған

.Д..Құдай көл

Е. Обалысай



60.Кейінгі полеолит дәуірінде ежелгі адамның қайсысы қалыптасты?

А. Кроманьондық

Б. Австралопитек

В. Питекантроп

Г. Синантроп

Д. Неандертальдық

.61 “Қытай адамы” қалай аталады?

А. Синантроп

Б. Неандертальдық

В. Австралопитек

Г. Кроманьондық

Д. Питекантроп



62. Ромопитектер қалдықтарының жасы.

А. 14-8 млн ж

В. 14-4 млн ж

С. 5-8 млн ж.

Д. 10-5млн ж.

Е. 20-15 млн ж.

63. Жеке меншік институттарының пайда болу себебтері.

А. таптық қоғамның пайда болуы

В. мемлекеттің пайда болуы.

С. шаруашылықтың пайда болуы.

Д. терімшіліктің пайда болуы.

Е. аңшылықтың пайда болуы



64. Тебіндеп жайылатын үй жануарлары.

А. қой, жылқы.

В. қой,сиыр.

С. ешкі, түйе

Д. түйе,сиыр.

Е. жылқы, ешкі.



65. Жер бетіндегі ең алғашқы адам қалдықтары қай жерден табылды.

А. Солтүстік Африка

В. Африка

С. Оңтүстік Африка

Д. Батыс Африка

Е. Шығыс Африка

66. Дриопитектер қалдықтарының жасы.

А. 27-12 млн ж

В. 1,5 млн ж.

С. 1,5-4 млн ж.

Д. 3.5 млн ж.

Е. 2,5-1млн ж.



67. Туыс аға, қарындас.

А. сибилинги

В. эгзогамия.

С. раунагенез.

Д. шаманизм.

Е. конкубинат.

68. Қол шапқыны кімдер қолданды.

А. синантроп

В. питикантроп.

С. кроманон

Д. неандерталь.

Е. гаминид.

69. Сүйектен жасалған еңбек құралдарды кімдер қолданды.

А. австрлопитек

В. питикантроп.

С. синантроп.

Д. крамонон.

Е. неандерталь.

70. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарих қай кезеңде қамтиды.

А. Адам пайда болғаннан таптық қоғам

В. Адам пайда болғаннан рулық қауым

С. Адам пайда болғаннан тас ғасыры

Д. Адам пайда болғаннан қола дәуір

Е. Рулық қауым қола дәуірі




4-апта

7. Сабақтың тақырыбы : Алғашқы адамдар тобыры.



Жоспары.

1 Алғашқы адамдар тобырындағы аңшылық.

Алғашқы тұрмыстық адам қоғамын тарихи реконструкциялау, сірә, алғашқы тұрмыс тарихының ең күрделі проблемасы болып табылады. Қандай да болсын тура параллель жоқ болғандықтан, ол жөнінде тек жанама деректердің негізінде ғана пайымдауға болады. Бұл, біздің деректеріміз, бір жағынан, маймылдардағы табындық қарымқатынастар, екінші жағынан, археология мен антропологияның кейбір фактілері, сондай-аң азды-көпті ықтималдық үлесімен адамзаттық өте ертедегі, рулык күйге дейінгі сарқыншақтары. Ретінде қарала алатын этнография фактілері. Осы деректердің барлығын салыстырып және талдау сол заманнын қоғамдық тіршілігі туралы көп жағынан гипотездік ұғым болғанымен, жалпы ұғым жасауға мумкіндік береді, бірақ толып жатқан анық емес таза логикалық болжауларға даулы, болжамдарға, әрине, орын қалады.

Алғашқы тұрмыстық табын термині ең көне және көне адамдардың ұйымдарының диалектикалық ерекшелігін, оның Хомо Сабенс дайын қалыптасқан қоғамына хайуандардың адам алды табынынан өту күйін жақсы береді.

Алғашқы тұрмыстық адам табыны сірә шағын адамдар тобы болса керек Үлкен топтың ерте палеолит адамының техникалық қарулануының нашарлығы және тамақ табудың қиындығы кезінде өзін асырай алу ықтималдығы шамалы еді. Жинап теру ісі мен шұғылдану уақытты көп жұмсауды керек етеді. Ол тамақты біршама аз береді. Мұнда көбінесе төменгі калориялы келеді. Алғашқы тұрмыс адамдарына белгілі де болған ірі хайуанаттарды аулауға келетін болған. Алғашқы тұрмыс адам тобының бірнеше ондаған адамнан артық болды деу қиынға түседі. Көбінесе 20-30 ересек адамдардан құралса керек.

Алғашқы тұрмыстық адам табының өмірі бір орыннан екінші орынға ретсіз көшіп - қонып жүрген жинап терушілермен аңшылардың өмірі ғана болып қойған жоқ. Чжоукоудяньдағыі қазбалар көптеген ұрпақтардың ен бойындағы отырықшылық өмірінің бейнесін суреттейді.Табылғын қазындылар ерте палеолиттік уақыттың басқа да көптеген үңгір тұрақтары біршама отырықшылықтың болғанын көрсетті.

Мұндай өмір салтын орнықтыруда аңшылықтың дамуы сөзсіз маңызды роль атқарды.

2.Ең көне және көне заман адамдары шаруашылықтарының екі саласы жинап терушілік пен немесе аң аулау ма қайсысы олардың өмірінің негізгі болғанын айта қою қиын. Алайда нақ аңшылық алғашқы тұрмыстық адам коллективінің дамуын көп жағынан анықтаған шаруашылықтың неғұрлым прогрессивті саласы болғаны даусыз.

Шелль және ашель тұрақтарында табылған хайуанат сүйектерінің арасында кейде тіпті піл сияқты ірі жануарлардың сүйектері де кездеседі.Солтүстікке таманғы аудандарда жылқыларды, бұғыларды, қабандарды, зубрларды аулады кейде жыртқыштарды да үңгір аюлары мен арыстанды өлтіріп олардың еттерінде тамақ етті.

Таулы аудандарда неандертальдықтардың аң аулау мәселен тау ешкілерін аулау басым роль атқарды.

Ірі аңдарды әсіресе олардың ішінен тобыр болып жүретіндерін аулауды игеру әдісінсіз көз алдыға келтіру қиын. Ол ірі хайуанды тікелей өлтіруі үшін ашелль аңшыларының қаруы тым әлсіз болды.

Өте ежелгі заман адамдары ірі сүт қоректілерді өлтіруге иіріп аулағанда ғана батылы бара алған. Сірә оларды шулап от шашып, тас лақтырып үркіткен болар әрі көптеген тұрақтардың орын жайы көрсететіндей терең сайға немесе үлкен жар қабаққа айдап тығатын болған. Жануарлар құлап түсіп мертігетін сөйтіп адамға тек оларды соғып алу ғана қалатын. Міне сондықтан да нақ аң аулау алғашқы тұрмыстық адам табының ұйымшылдығын бәрінен көп ынталандырған еңбек қызметінің формасы болды, оларға коллективизм күшін көрсетті.

Ірі жануарларды аулау бұл жағынан адам организмі үшін аса маңызды заттары (бор) (еттер) әсіресе белоктар майлар мен углеводтар бор еттер әсіресе оны отта қақтаудан кейін тек құнарлы тамақ қана болып адамның бойының өсуін тездетіп, тіршілік қызметін арттырды.



  1. Адамның арғы тектері табынды хайуанаттар болғанымен олардың мінез-құлқы сияқты таза индивидуалистік рефлекстермен де анықталды. Бұл жағдай ертедегі адам табынында сақталмай қала алмады. Оның үстіне адам қару алуды үйренісімен-ақ табындағы соқтығулар жиілей түсіп, анағұрлым кескілескен түрге айналған деген пікірлер де бар.

Бірақ қалай болған күнде де алғашқы тұрмыстық адам табынында мінез-құлықтың индивидуалистік және табында коллективтік формалары арасында жіті күрес болғандығы даусыз және біріншіні екіншінің бірте-бірте ығыстырғаны да осындай даусыз, өйткені бұлай болмаған жағдайда табындық ұйым рулық ұйымға ешқашанда өсіп ұласпаған болар еді.

Шынына келгенде хайуанат дүниесінен адамның бөлініп шығуы тек еңбектің арқасында ғана мүмкін болды, бұл өзінен-өзі адамның табиғатқа ықпал етуінің коллективтік формасы болып табылады.

Коллективті топтастырудың осы бағытында да төменде сөз болатын тілдің жетілуі де әрекет етті. Бірақ хайуандық индивидуализмды ығыстыруда әсіресе үлкен прогресс алғашқы тұрмыстық адам табыны тіршілік етуінің қорытынды кезеңіне мустер уақытына келеді. Нақ осы уақытқа коллектив мүшелері туралы қамқорлықтың алғашқы жанама дәлелдері неандертальдық жерлеу жатады.

4. Алғашқы тұрмыстық адам табынында биологиялық және әлеуметтік бастау күрестерінің негізгі бағыттарының бірі бала тудыру болады.

Ең алдымен мынадай сұрау туады.

Алғашқы тұрмыстық адам табынының алдындағы адамның ата-тектерінің зоологиялық бірлестіктерінде жыныстық қатынастар қалай ұйымдастырылған еді? Соңғы он жылдар ішінде зерттеуге едәуір көңіл бөлініп отырған приматтардың өз ара қарым-қатынастарынан бұған белгілі әрине анағұрлым толық емес ұқсастықты көруге болады.Қазіргі өмір сүріп отырған шимпанзе мен горилла сияақты бір түрлер қосақ семья болып тұрады, басқалары ірі күшті еркегі бастаған 10-20 кісі тұратын горемдік семьялар дейтіндер болып келеді. Басшыдан басқа горемдік семьяға жас еркектер де кіреді, әдетте, бұлар басшымен бәсекелестікте төтеп беру мүмкін болмағандықтан өсіп көбею ісіне қатыспайды.Бірнеше семья біріккенде олардың әрқайсысы, алайда ұрғашысы үшін ұрысты болдырмайтын белгілі бір оқшауланушылықты сақтайды.

5. Қандас туыстық семья туралы мәселе.

Л. Г. Морган өзінің «Көне қоғамында» некелік жыныстың қатынастардың алғышқы (ең көне) формасы қандас-туыстың семья, дейтін болды деген жобаны ұсынды. Морган қандас-туыстың семьяда некелік ортақтың тек бір ғана ұрпақты барлық туыстарды екі-үш аталық т. б. бақырларды және қандастар, олардың туыстарының бүкіл ұрпағын қамтыды, деп санайды. Түрлі ұрпақтардың арасындағы некелік қатынасқа жол берілмеді. Бұл гипотезаны ұсына отырып, Морган этнографтар Полинезийдағы Гавай аралдары халықтарынан тапқан малайя, немесе гавай туыстық жүйесі рейтіннің анализіне сүйенді. Туысқандықтың бұл системесында анасы мен әкесі тек өзінің балаларын ғана емес, соңдай-ақ өзінің барлық бауыры мен қарындастарының балаларын өз балам деп атайтынын, ал балалар өз кезегінде тек өзінің туған ата-аналарын ғана емес, сондай-ак барлық өздерінің қарындастары мен бауырлары ата-аналарымыз деп атайтын фактілеріне сүйеніп, ол некелерді реттеп отырудың ең көне формасы, таяудағы еткен шақта әлі гавайлықтарда сақталып отырғандай, қандас-туысқандық семья болды, деп қорытынды жасайды.


Бақылау сұрақтары:

  1. Алғашқы тұрмыс тарихының ең күрделі проблемасы?

  2. Алғашқы тұрмыстық адамдар табыны қандай болды?

  3. Ең көне заман адамдарының шаруашылығы?

  4. Таулы аудандарда алғашқы трмыстық адамы аң аулағанда қайсы жануарды аулау басым болған?

  5. Ашелль уақытының ескерткіштері қайдан табылды?

  6. Шелль және ашелль тұрағынан қай жануардың сүйегі табылды?

  7. Алғашқы тұрмыстық адам табынының алдындағы адамның ата-тектерінің зоологиялық бірлестіктерінде жыныстық қатынастар қалай ұйымдастырылған еді?

  8. Горемдік семья деген не?



4-апта 5,0 балл

№8 .Сабақтың тақырыбы: Қандас туыстық жанұя туралы мәселе

Бақылау сұрақтары:
1.Семьяның шығуы

2.меншіктің шығуы

3.мемлекеттің шығуы

4.адамның пайда болуы

5.ежелгі ғалымдардың ойлары

6.Моргон “Көне қоғамындағы еңбек”

7.Ч. Дарвиннің жаңалықтары.

8.Алғашқы қоғам жайлы

9.Ойлау және сөйлеудің шығуы

Тест

1.Туыстық қауымдастықты не алмастырады?

А. Көршілік қауым

Б. Жекелеген отбасы

В. Діни қауымдастық

Г. Тайпалық бірлестік

Д. Мемлекет



2.Явадағы Сола өзеніне ерте плейтоцендік шөгінділер ашылған және олар нешінші жылы тұжырымға ие болды.

А. 1890-1891

В. 1888-1889

С. 1892-1893

Д.1894-1895

Е.1896-1897



5-апта

9 Сабақтың тақырыбы : Ойлаудың сөйлеудің және идеологиялық ұғым.



Жоспары :

1.Сөйлеу


2. Ойлау

Ойлау мен сөздің шығуы алғашкы тұрмыстық қоғам тарихында аса күрделі проблема болып табылады, мұны шешудін, қиындығы осы процестің негізгі кезеңдерін көрсетіп беретін біздің қолымызда тура емес, тек жанама деректердің болуы қиындата түседі.

Ойлау мен сөздің дамуының ең көне сатыларының шығуы мен реконструкциясын анықтау үшін, негізгі төркіндер бірнешеу. Ең алдымен бұл — салыстырма психология, салыстырма физиология мен тілі білімі, сондақ-ақ этнография мен археология. Бірақ бұл мәселелерді шешу үшін антропогенез процесіндегі сөзбен ойлаудың материалдық аппараты төменгі жақ сүйектің, мидың т.б. дамуы туралы деректері бер антропология аса маңызды материалдар береді. Антропогенездің еңбек теориясы тұрғысынан алып, осы материалдардың барлығын комплексті қарастыру ғана адамның ойлауы мен сөз функциясының дамуы тарихында негізгі кезеңдерді белгілеп алуға көмектеседі.

Ойлау мен сөз адамның қалыптасу процесі еңбек қызметінің шығуы мен даму процесі, өндірістік даму процесі бір процестін екі жағы екені мүлде айқын дүние. Сондықтан да ең көне адамзат тарихында ой бұрын шыққан ба, оны білдіретін сөз бе, деген сұрақ беру дұрыс болмас еді. Ойлау мен сөз бір сөз бір уақытта пайда болды. Ең қарапайым саналы түрде жасалып шағарылған еңбек құралдарының пайда болуының өзі-ақ ең қарапайым ұғымдардың пайда болуына саналады. Ал бұлар өзінің ретіне қарай коллективтің бір мүшесінен екіншісіне берілуге тиіс еді.

Дыбыс символдарын берудің ең қарапайым формасы да туды.

Мұндай дыбыс сигналдарының тууы үшін адамның тікелей арғы аталары маймылдардың дыбыс сигналдары негіз болды. Мәселен Шимпанзеде эмоциямен организм күйін білдіретін түрлі дыбыстар 20 –дан асады.

Синантроптың миындағы самай, төбе, желке саласының дамуы, онда мүшелі сөздің дамуының демек ойлаудың біршама жоғары дәрежесін көрсетеді. Бұл жобалау синантроптардың материалдық мәдениеті. қалдықтарын зерттеу нәтижелерімен (оларды отты игеруімен коллективтік үйіріп аң аулау, ролі мен) олардың өндіргіш күштері дамуының біршама жоғары дәрежесімен жақсы үйлесіп келеді.

Көне заман гоминидтерін сипаттап жазғанда миының аумағы жағынан неандертальдықтардың кейбір тобы осы, заманғы адамдардан кем түспегені, тіпті одан асып түскені атап айтылды.

Адамның ойлануы ерте палеолиттен кейінгі полеолитке көшу кезінде елеулі секіріс жасады да сонымен бірге дыбыстық сөз прогрессивті өзгерістерге ұшырады деп жеткілікті айқын етіп айтуға болады. (Бұлар сірә жеке дыбыстарды артикуляциялап, адамның толық игеруінен әрі) нақ осы кейінгі палеолит дәуірінен бастап біз қазіргі қоғамдағы білетін эволюциялық жағынан айырмашылығы жоқ тіл системасы айтуымызға болады.

Идеологиялық ұғымдардың өркендері.

Неандертальдықтар өз өдліктерін неге жерлеген? Бұл мәселе зерттеушілердің үлкен назарын аударып, көптеген талас тудырды. Өлгендер туралы қамқорлық деп біледі. Бұл жөнінде жерленгендердің жату ыңғайы жанама түрде көрсетеді. Сондай -ақ ой- пікір мен некрофагияны өліктерді жеп қоюды болдырмау да ұмтылуда роль атқаруы мүмкін еді.

Жерленгендердің сүйектері әдетте шығыс-батыс бағыты бойынша бағдарланған, яғни оларды жатқызу жағдайы қалайда күннің қозғалысы мен байланысты фактісіне баяғыдан бері көңіл аударған. Совет археологы А.Т. Окладников Өзбекстанда Тешик-тош үңгірінде неандертальдық еркек баланың қалдықтарын қазып алғанда оның айналысына белгілі тәртіпте үңгірді мекендеушілерге ау менен негізгі обьектісі тау, ешкі киіктердің мүйіздерін салып қойғанын тапқан.

С Ө Й Л Е У

Сөйлеу адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен негізі кісінің психикалық қабілетіне қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік амалдар ұзақ ғасырлар бойында кісілердің пікір алысу тәжірибесі үстінде қалыптасқан тілдік амалдар сөз тудыру, сөз тіркестерін сөйлем құрау ережелері көпшілікке ортақ, обьективті категориялар. Осы сипаты арқылы тіл жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді.

Сөйлеу процесі айтылтын пікірдің мазмұнына пікір туудың жағдайына (пікірді ауыз екі және жазбаша айту екі-үш адам қатысқан диалог түрінде сөйлесу көпшілік алдына шығып сөйлеу тыңдауышының білім дәрежесін жасын ескеру) сай (келе ) түрліше құралады. Сондықтанда сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайға сай ығңайланған стилі де қалыптасып, көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән сөз жұмсауы, сөз тіркесін сөйлем қүрау ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын дәл әсерлі етіп немесе мәнерлеп айту талабынан туды. Тілдің дамуы, жетілуі сөйлеу кезіндегі осы индивидуалдық творчествоға сүйенеді.

СӨЙЛЕУ МҮШЕЛЕРІ.

Сөйлеу немесе дыбыс шығару аппараты адамның негізгі физиология қызметінен қатар тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дене мүшелері. Сөйлеу мүшелері екі топтан тұрады.


  1. Тыныс мүшелері: өкпе, кеңірдек, көмей, мұрын қуысы арқылы ауа жүріп тұрады.

  2. Тіл дыбыстарын жасауға тікелей қатысатын мүшелер: олар актив және пассив болып екіге бөлінеді.

Актив мүшелер көмей, жұтқыншақ, тіл, кішкене тіл ерін, көмекей бірнеше шеміршектен тұрады.

Пассив мүшелер тіс, таңдай, мұрын қуысы.

Актив және пассив мүшелердің бір-біріне жуысуынан жабысуы немесе алшақтауынан әр түрлі тіл дыбыстары пайда болады.

О Й Л А У.

Ойлау сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының мида жалпы жанама түрде ұғымдар арқылы бейнеленуі. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойдың қамтитын өрісі өте кең. Бұл жөнінде В.И.Ленин былай деп жазды: Түсінікті қозғалысты түгелдей баурай алмайды. Мысалы секундына 300 мың километр шапшаңдықпен болған қозғалысты баурай алмайды. Ал ой баурайды және баурауға тиіс.
Бақылау сұрақтары:


  1. Ойлау, сөйлеудің пайда болуы.

  2. Идеологиялық ұғымдардың өркендеуі?

  3. Сөйлеу мәдениеті неше топтан тұрады?

  4. Жалпы ойлау дегеніміз не?


5-апта 4,0 балл

№10 . Сабақтың тақырыбы: Антропогенез процесі.

Реферат тақырыптары:


  1. Қазіргі адам түрінің қалыптасу

  2. Фредрих Энгельстің маймылдың адамға айналуындағы еңбектің ролі

  3. Өндіргіш күштердің өрлеуі

  4. Рулық құрылыстың тууы

  5. Эйкулендердің ұлғюы


1. Неандерталдықтардың сенім түрлері?

А. О дүниедегі өмірге сену.

Б. Фетемизм

В. Тотемизм

Г. Мифология

Д. Анимизм

2.Неандертальдықтардың сенім түрлері.

А. о, дүниедегі өмірге сену

В. аспанға сену.

С. тәңірге сену.

Д. отқа табыну.

Е. затқа табыну.



3.Қандай адамдар өлікті көмген.

А. Неандерталь

В. Гаминид.

С. Дриопитек.

Д. Питикантроп.

Е. Кроманон.

6-апта

11. Сабақтың тақырыбы : Рулық құрылыстың пайда болуы.



Жоспары :

    1. Өндірістік күштердің пайда болуы.

    2. Рулық қауымның дамуы.

    3. Алғашқы ойкументтер кеңесі

Өндіргіш күштердің дамуында алға ірі қадам жасау қоғамды ұйымдастыруда бұдан кем ірі өзгергіштерді тудырмай қала алмайды. Табиғатпен өзінің күресіндегі адамның өсе түскен техникалық қарулануы біршама тұрақты шаруашылық коллективтерінің өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Бірақ сонымен бірге, бұл күрделене түскен қаруларды және еңбек дағдыларын тиімдірек пайдалануды, мұрагерлік пен одан әрі жетілдіре беруді талап етті. Оның біршама аморфты тұрақсыз құрылымымен алғашқы тұрмыстықтабынның бұл міндетке шамасы жетпейтін еді, сондықтан да табын қоғамның неғұрлым берік формасына сөзсіз орын беруге тиіс болды.

Бұл ұйымның сипатын бірқатар жағдарлар анықтап берді. Біріншіден, жаңа ұйым қалыптаса бастаған жағдайларда ерте палеолиттік қоғам дамуының өте төменгі дәрежесінде әлеуметтік байланыстарды нығайту үшін, өзінен - өзі туған табиғи, қандас туыстық, бірден – бір нақтылы негіз болды десе болғандай еді. Екіншіден, жыныстық қатынастардың ретке келтірілмегендігін де, демек, әкелік ұғымның жоқтығын да туыстық қатынастар тек жалғыз ана ұрпақтары арасында қалыптасуға яғни аналық, әйелдік бағыт бойынша құрылуға тиіс болды. ақырында, үшіншіден сол кездегі коллективтердің ең тұрақты бөлігі шаруашылық тіршілігінің барлық салаларында ірі роль және балаларға қамқорлық жасау, отты сөндірмей ұстау, үй шаруашылығын жүргізуде ерекше роль атқаратын әйелдер болды.

Аналық рулық қауымның жанама, бірақ пайымдау археологиялық деректер дәлелдеп отыр. Ориньяк тұрақтарында орасан үлкен, бірнеше ондаған, кейде тіпті жүздеген шаршы метр қауымдық тұрақтардың қалдықтары ашылды.

П.П. Ефименкодан кейін көптеген археологтар осы ориньяк “Шолпандары” дейтінді ана – арғы әжелердің басына сиыну ретінде алып қарастырды. Бұларды арғы - әжелер емес, үй иесі де үй ошағының сақшысы, рулық топ өмірінің шоғырын бейнелеуші деп танып, оларға жуырда С.А. Токарев басқа тұжырым берді. Толып жатқан этнографиялық паралельдермен растала түскен екінші көзқарас, сірә, шындыққа жанасатын шығар. Бірақ, қайсысынікі дұрыс болса да кейінгі палеолиттік тұлғашалар қоғамның өмірі мен дүниеге көзқарастағы әйелдердің ерекше орнын атап, аналық - рулық иемденушіліктің туғанына көрсетеді.

Алғашқы тұрмыстық адам табынынан айырмасышылығы аналық рулық қауым, енді қалыптасқан “дайын” адам қоғамы болды. бұларда алғашқы тұрмыстық коллек тивизмнің бастамасы ең жоғары даму шегіне жетті, мұнда көптеген совет зерттеушілері айтып отырғандай, жаңа өндіріс қатынастарының өзіне тән ерекшелігі, олардың қандас – туыстық байланыстарының үйлескендігі (немесе негізінен үйлескендігі) болады. Туысқандық қатынастар ретінде экономикалық қатынастар табиғи туыстық қатынастар ретінде ұғылып түсіндірілді. Осы арқылы туысқандық қатынастарды мойындау қоғамдық еді. Өз кезегінде туыстық топтардың анықтаушы белгісі экзагамия ішінде жыныстық қатынастарға тыйым салу әдеттері болды.

Егер алғашқы тұрмыстық адам табының аналық рулық қауымға айналуының жалпы негіздері мен уақыты қазір ғылыми жұмбақ болып табылмаса, енді бұл айналудың механизмі мен ең алдымен экзагамдік тыйым салу тууының себептері әлі де болса, жеткілікті зерттелмей қалып келеді.

Экзогамияның шығуы туралы мәселе жөнінде көптеген әр түрлі теориялар бар, бірақ бұлардың бірде – бірін жұртшылық қабылдамағ,ан. Бұлардың біріншісін ХІХ ғасырдың 60 – шы жылдарында ғылымға экзогамия терминін енгізген шотланд ғалымы Мак – Леннан ұсынды, бірақ сонымен бірге мұны барлық алғашқы тұрмыс тайпаларын экзогамды және эндогамды деп бөліп шатастырды. Мак – Леннанның пікірі бойынша экзогаияның түп – негізі пайдасыз қыз балаларды соғыста өлтіргендігінде жатыр, сондықтан да өздеріне “әйелдерді басқа жақтан іздеуге мәжбүр болған “жабайы жауынгерлердің” әдет – ғұрпында болды.

Дарвин жақын, күнделікті өзара араласып, қатысып жүрген туыстардың арасында тууға тиіс болған жыныстық қатынасқа деген жиіркеніш экзогамияны тудырды деп түсіндіреді. Осы теорияға қан аралас жыныстық байланысқа деген “инстинктивті”жиіркенудің едәуір тараған теориясы жақын келеді. “Патриархалдық теорияны” кейбір жақтаушылар экзогамияны рудың кіші мүшелерін басқа жақтан әйел іздеуге мәбүр еткен патриархтың қызғанышты деспотизмнің нәтижесі, деп біледі. Экзогамияның шығуына тағы да бір көзқарас неғұрлым көп жүріп – тұратын аңшы ерлері әйелдерінен үнемі оқшау кетіп, өз кезегінде өздерінің ерлерінен қалып қойған басқа табындардың әйелдерімен жолығысқандығы, осындай алғашқы тұрмыс адам табынына тән болған –мыс деген тәртіптен оны немесе олар тура жоққа шығарды.

Экзогамдік тыйым салуларың тууына қан араласудың биологиялық ұмтылу мен байланыстырған бұл мәселенің тарихында. Моргон елеулі із қалдырды. Бұл түсінік, алайда, мұндай ұмтылыс тек стихиялы түрде, мақсатқа айқын түсініп жетпей көріне алатын еді, деген ескертпемен Энгельс өзінің “Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы” деген еңбегінде қайталады. Кейінгі ғылым деректері экзогамияның шығуына Морганның көзқарастарын растамады. Біріншіден, туыстық некелердің зиянды биологиялық салдары, мустьер адамы жыныс актісі мен бала туу арасындағы байланысты әлі де толық түсініп жетпегендіктен де, сірә, қалыптасқан рулық қоғам шынында да назарға іліктіре алмайттын еді. Мұны, австралиялықтардың кейбір нанымдарының қалдықтары көрсетеді. Екіншіден, көптеген жағдайларда рулық қоғам, жақын туыстардың белгілі бір категорияларының арасындағы некеге жол беріп қана қойған жоқ, сондай – ақ міндетті деп санады. Осы жағдайларды ескере отырып, ғалымдардың басым көпшілігі қазіргі кезде экзогамдық тыйым салулардың “биологиялық” теориясынан бас тартты.

Өндіргіш күштердің өрлеуі мен тіршілік ету жағдайларының жақсаруы халықтың өсуіне жағдай жасады, бұл өз кезегінде аң аулаудың неғұрлым жетілдірілген құралдары мен мекен – жайларға жақын территорияларда жабайы жануарларды атып құртуға немесе оларды азайтуға әкеп соқты. Кейінгі палеолиттік аңшылары бұрынғы игеріп алған жерінен осы уақытқа қарай бос жатқан Солтүстік Европа мен Азияның шел аймақтарына, мұз бүркеніштерінен босаған құрылықтың байтақ кеңістіктерінен бірте – бірте орын тебе бастады.

Мұздық кезіндегі Европа аймағы мұз басудың тікелей ықпалына ұшыраған Европа территориясын қамтыды. Мұнда адамдар қатаң климат жағдайларында тұрып, мамонттар мен солтүстік бұғыларын аулады, сүйектер мен жануарлардың терілерінен қыс мекенін тұрғызды.


Бақылау сұрақтары.

  1. Рулық құрылыстың тууы себебі?

  2. Экзогамияның шығу тарихы?

  3. Эйкумендердің ұлғаю себебі?

  4. Америкадан табылған ең көне құралдар?


6-апта 6,0 балл

12 .Сабақтың тақырыбы : Расогенез


Бақылау сұрақтары:

  1. Нәсілдердің пайда болуы.

  2. Негроид.қай жерде таралған

  3. Европоид. Қай жерде таралған

  4. Монголоид.қай елдер кіреді

5 Европоидтың отаны

6 Монғолоид нәсілінің пайда

7 болған жері?

8 нәсілдерді зерттейтін ғылым?

9 Европоид нәсіліне сипаттама?

10 Негроид нәсілінің отаны және сипаттама?

11 Негроидтар нешеге бөлінеді?

12 Нәсілдердің қалыптасу жағдайлары, түрлері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Тест

1.Тас пен ағаштан жасалған қоныстар қай дәуірге жатады.



А.политогенез дәуірі

В.Паштогенез дәуірі

С. неолит

Д.мезолит

Е. Палеолит

2.Тас пен ағаш-н жас-н қоныстар қай кезеңде пайда болды.

А. Политогогенез дәуірі

В.Кейінгі палеолит

С. мезолит

Д.энеолит

Е. Ерте палеолит

3.Нәсіл қай кезеңде пайда болды.

А. мезолит

В. палеолит

С. неолит

Д. қола


Е. Темір

4.Нәсілдің пайда болу кезеңін көрсетіңіз.

А. Мезолит

В. Неолит.

С. Палеолит.

Д. Энеолит.

Е. Қола.

5.Политагенез дүниесінде адамдар арасындағы қатынас.

А. құлдық.

В. феодалдық.

С. тең құқылы.

Д. барлығы дұрыс.

Е. комунизм.



5.Расогенез дегеніміз не

А. нәсілдердің шығуы

В. мемлекеттің пайда болуы

С. еңбек құралдарының атауы

Д. халықтың атауы

Е. шаруашылықтың пайда болуы



6.Африка мен Австралияда кімдер мекендеді.

А. Негроид

В. манголойд

С. европоид

Д. австролоид

Е. Негроевропоид



7.Ислам діні қай ғасырда пайда болуы

А. орта ғасыр

В. қола дәуірінде

С. ерте орта ғасырда

Д. ерте рулық қауымда

Е. кейінгі рулық қауымда

8. Геронтицид терминінің мағынасы

А. кәрілерді өлтіру

В. Жас балаларды өлтіру

С. жас балаларды ересек қатарына қосу

Д. жұбайлардың нағашыларында тұруы

Е. Өндіргіш шаруашылыққа көшу

9. Океанияда қандай нәсіл өмір сүрді

А. австроидтық

В. монголоид

С. еуропоид

Д. негроид

Е. жерорта теңіздік



10.Еуропада рассогенез нәтижесінде пайда болған нәсіл.

А. европоид

В. жерорта теңіздік

С. австроид

Д. негроид

Е. Манголоид



11.Кросскузендік терминнің мәні

А. шешесінің ағасының қызына үйлену

В. жоғары сатыдағы тұлғамен некелесу

С. семьяда басшылығы

Д. әкесінің ағасының қызына үйлену

Е. төменгі сатыдағы тұл-н некелесу

12. Екі-апалы сіңлілі мен некелесу қалай аталады.

А. Сорорат

В. социогенез

С. стратифицирования

Д. симполиттік қоғам

Е. сегментарлық ұйым

13.Фетишизм терминінің мәні.

А. затқа сиыну

В. отқа табыну.

С. аспанға сену.

Д. тәңірге сену.

Е. о, дүниедегі өмірге сену

14.Эндоканибализм терминінің мағынасы.

А. өлген туыстарын жеу.

В. туылған баланы әкесіне көрсету.

С. затқа табыну

Д. шешесінің ағасының қызына үйлену.

Е. семьияда шеше билігі.

15.Геронтицид терминінің мағынасы.

А. кәрілерді өлтіру.

В. Туыс аға, қарындас

С. заттарға сиыну.

Д. жас балаларды өлтіру.

Е. екі туысқан адамнан бір мезгілде некеге тұру.

16.Кейінгі рулық қауымда қай дін кең тарады.

А. шаманизм

В. зоостризм.

С. ислам.

Д. христиан.

Е. будда.



17. Татемизм дінін кімдер ұстанды.

А. көшпенділер

В. ерлер.

С. кәрілер.

Д. әйелдер.

Е. жастар.



18.Ерте рулық қауымда қандай дін болды.

А. анимизм

В. шаманизм

С. Зоростризм

Д. хрестиан

Е. Ислам


19. Кейінгі рулық қауымда қандай дін болды

А. Шаманизм

В. Анимизм

С. Зарастризм

Д. христиан

Е. Ислам


20. Ерте рулық қауымда рухани мәдениеттің сипатты белгісі.

А. Рухқа сену

Б. Музыкалық халық ауыз әдебиеті

В. Мифология

Г. О дүниедегі өмір туралы көз
7-апта

13. Сабақтың тақырыбы: Садақ қолданбаған аңшылық шаруашылығы



жоспары:

  1. . Мадлен мәдениеті.

  2. Азиль мәдениеті.

Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың дамуында тұтас дәуір бола отырып, аналық рулық қауым тарихи дамудың ұзақ жолынан өтті. Осы дәуірде алғышқы тұрмыстық адамзат жеңіп шыққан ең маңызды меже табиғаттың дайын өнімдерін иемденуден, оларды өндіруге, яғни иемденетін шаруашылықтан өндіретін шаруашылыққа көшу болды. Бұл аңшылар мен балық аулаушылардың ер тедегі аналық-рулық қауымы ажыратуға негіз береді.

Ертедегі аналық-рулық қауымдық шектерде иемденуші іс-әрекеттің екі дәйекті кезеңде: археологиялық кезеңге және бірқатар аудандарда балық шаруашылығы ен де ұштасып келетін неғұрлым дамыған аңшылық шаруашылық кезеңге бөлінеді. Әдетте, аңшылықтың жаңа, өте тиімді қаруы-жебелер мен садақты қолдану бұлардың арасындағы шек деп санайды. Бұл ескерте кетуді керек етеді. Этнография садақты пайдаланбаған, бірақ аулаудың басқа, пәрменділігі азырақ қаруларын, мәселен духовой, жебе лақтыратын түтікті пайдаланған аңшылар тайпасын, атап айтқанда, Амазонка бассейнінің көптеген тайпаларын біледі. Дегенмен, археологиялық және этнографиялық материалдарға қарап пайымдағанымызда, жетілдірілген аңшылық қаруы ретінде нақ садақ неғұрлым кеңірек тарағандығы хақ өйткені, бұдан ертедегіден неғұрлым кейінгідегі аңшылық шаруашылығына көшудің белгілі бір дәрежеде шартты болса да, өзіне тән белгісін көруге болады.

Садақ қолданбалы аңшылық шаруашылығы ерте аналық рулық қауым өмір сүруінің алғашқы кезеңі кейінгі палеолиттің археологиялық ескерткіштерінен көрінеді. Мұздың кезіндегі европада бұл ең алдымен ореньяк, солютрей және мадлен мәденит еді. Бұлар кейінгі палеолит дамуының кезеңдер үшін тән мәдениеті ретінде алынып қаралады.

Ориньяк термині Францияның Оңтүстік батысындағы Ориньян үңгірі атынан шыққан. Бұл дәуірдегі ең маңызды жаңалық сүйектен көптеген мөлшерде еңбек құралдарын жасап шығару мен тұрақты қыстық қауымдық тұрақтар болды. Бұл дәуірде шоқпақ тас өндеуде (призмалық нуклеус) кейінгі палеолиттік ерекшеліктер алғашқы рет көрінеді. Атап айтқанда салютрей дәуірінде мейлінше дамыған қоспа ретушь тәсілі туды. Шоқпақ тасты өңдеудің бұл тәсілі мынандай еді. Сүйек қысқыштың көмегімен құралдардың сыртқы бетінен жұқа қабыршақтар ойылып алынды.

Салютрей мәдениеті Франциядағы Сение және Уаза департаменті Салютр үңгірі бойынша аталған. Бұл мәденттің ерекшелігі ені жағынан ретушьпен шақпақты өңдеу жолымен жетілдіріліп жасалған найза ұштықтарынан пышақ кездіктерінің таралуы болып табылды көшетті және бүйір ойындылы лавр жапырақты және көк тал жапырақты басым келеді. Аң аулаудың мыстан бұл ориньяк және салютри дәуірінде үйіріп аң аулау басым болып қала берді. Аңдар тобы аңды жарға жартас шатқалы шығатын тұрақтағы қатып қалған жерде қойма шұңқыр қазатын. Осындай етті ұзақ уақыт бойына сақтауға болатын. Мадлен мәдениеті Францияның дарданидегі Ламадлен үңгірі бойынша аталған. Сөздік кең мағынасында алғанда мадлен мәдениеті дәлірек айтқанда мадлен дәуірі кейінгі палеолиттік мәдениет дамуының барлық еуропалық мұздық кезіндегі салаларында көрінеді. Бұл кезде салютри мәдениетіне тән заттар жойылады. Шақпақ тас индустриясының жалпы тұрпаты біраз құлдырағандықтан әсерін туғызады. Ұсақ қиындылар кеспелер, қырналар, шеттері мұқалған жүздер т.б. таралады. Бұлар негізінен алғанда сүйектерді өңдеуге арналады. Ең тамаша мадлен құралы гарпундар болды. Атқаратын қызметі беймәлім.
Бақылау сұрақтары:


  1. Ертедегі аналық рулық қауымның шектерде иемденуші іс әрекетті неше дәйекті кезеңге бөлді?

  2. Ең тамаша мадлен құралы?

  3. Садақ қолданбаған аңшылық шаруашылығы түрі?

  4. Ерте рулық қауымда қандай дін болды?

  5. Мұздық кезінде Европада қандай мәдениеттер болды?

  6. Ориньяк мәдениетінің маңызды жаңалығы?

  7. Қыспа ретуш қай мәдениетке тән?

7-апта


№14 .Сабақтың тақырыбы: Семьялық қатынастар.

Тест

1.Ұйымдасқан аң аулаудың пайда болу себептері.

А. Ерте қоғам

Б. Таптық қоғам

В. Рулық қоғам

Г. Мемлекет

2.Эгалитаризм терминінің мағынасы.

А. Тең құқықты қоғам

Б. Ру ішіндегі некеге тиым салу

В. Ру ішінде некелесу

Г. Өлген туыстарын жеу

Д. Халықтың атауы.

3. Алғашқы еңбек құралдарының атауы

А. Чоппер

Б. Болас

В. Нуклеус

Г. Гарпун

4.Алғашқы қауым адамдарының топқа бірігу себебі

А. бірлесіп қорғану және аң аулау

В. егін егу

С. аң аулау

Д. терімшілік

Е. еңбек құрал жасау

5.Терімшілік шаруашылығы қай кезеңде пайда болды

А. Палеолит

В. Мезолит

С неолит

Д. қола


Е энеолит

6. Ең көне және көне заман адамдары қандай екі салаға бөлінді

А. терімшілік аңшылық

В.Аңшылық егіншілік

С. мал шаруашылығы егіншілік

Д. Егіншілік терімшілік

Е.Аңшылық мал шаруашылығы

7. Таулы аудандарда алғашқы тұрмыстық адамы аң аулауда қайсы жануарды аулау басым болған.

А. тауешкі бұғы

В.арыстан жолбарыс

С.ешкі қой

Д.бұғы сиыр жылқы

8.Алғашқы қауым адамдарының топқа бірігу себебі

А. бірлесіп қорғану және аң аулау

В. егін егу

С..аң аулау

Д.ерімшілік

Е. еңбек құрал жасау

9. ерте палеолит баспаналар

А. төменгі аңшылар тұрақтары

В.тас пен ағаштан жасалған

С. Жануарлар терісімен сүйегін жасалған

Д.Жеркепелер

Е. жартылай жеркепелер



10.Ерте палеолит баспаналары

А.Төменгі аңшылар тұрақтары

В.жануарлар терісімен сүйегін жас-н қоныстар

С. жер кепелер

Д.жартылай жер кепелер

Е. тас пен ағаш-н жас-н қоныс-р



11.Ерте қауымдық топта аңшылықпен кімдер айналысты

А. ерлер

В. кәрілер

С. аналар

Д. балалар

Е. айналысқан жоқ



12.Аңшылық қай мәдениетте басым болды

А. ориняк,салютри

В. салютри,мадлен

С. мадлен,мустер

Д. мустер, ашель

Е. ашель шель



13. Таулы аудандарда алғашқы тұрмыстық адамы аң аулауда қайсы жануарды аулау басым болған.

А. тауешкі бұғы

В. арыстан жолбарыс

С. ешкі қой

Д. бұғы сиыр жылқы

Е. жылқы,қабан, аю, бұғы



14. Аң аулағанда әрбір топ неше адамнан құралған.

А. 10-20


В. 20-30

С. 30-40


Д. 40-50

Е. 50-60


15.Европоидтық нәсіл европада,ал монғолоидтық нәсіл қай жерде тараған

А. Азия


В. Европа

С. Австралия

Д. Африка

Е. Евразия



16.Алғашқы қауым адамдарының топқа бірігу себебі

А. бірлесіп қорғану және аң аулау

В. егін егу

С. аң аулау

Д. терімшілік

Е. еңбек құрал жасау



17.Эгалитаризм терминінің мағынасы.

А. Тең құқықты қоғам

Б. Ру ішіндегі некеге тиым салу

В. Ру ішінде некелесу

Г. Өлген туыстарын жеу

Д. Халықтың атауы.



18..Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?

А. Мезолитте

Б. Неолит дәуірі.

В. Палеолит

Г. Қола дәуірінде

Д. Темір дәуірінде.



19.Жеңіл найза, ілмекті сүңгілер мен боластар қай дәуірде шыққан?

А. Кейінгі палеолит

Б. Ерте палеолит

В. Орта палеолит

Г. Неолит

Д. Мезолит



20. Тропикалық Африкада неолитке тән шаруашылық түрі

А. Аңшылық пен терімшілік

В. жер өңдеу

С. ирригациялық жер өңдеу

Д. кетпенмен жер өңдеу

Е. мал шаруашылығы



21. Терімшілік шаруашылықтың тарап кету себептері.

А. жер өңдеудің пайда болуы.

В. садақ пен жебенің п.б.

С. метал құралдың п.б.

Д. рудың пайда болуы

Е. Қосымша өнімнің п.б



22.Алғашқы қауымдық кезеңді комунистік қоғам деп атаған кім

А. Ленин

В. маргон

С. энгельс

Д. Дарвин

Е. Маркс


7-апта
.15. Сабақтың тақырыбы : Семьялық қатынастар.
жоспары :

  1. Неке және оның түрлері.

  2. семьялы некенің пайда болуы.

  3. қауым семьясының бір-бірімен байланысы.

Алғашқы тайпалар біртұтас болып келмеді. Бұларға енген рулық қауымдардың арасындағы байланыс өзара некелесу, әрі мүмкін, кейбір эпизодтық кәсіптермен – аңшылық қамажаулармен, некелік және басқа рәсімдермен шектелген болса керек. Бірақ байланыстар бірте-бірте нығайып, күрделене түседі. өзара некелермен ұсталған байланыстар неғұрлым тұрақты шаруашылық ынтымағын, мәдени құнды заттар алмасуды, өзара тілдік ықпалды тудырды. Бұл процесс археологиялық тұрғыдан байқалады. Ру алғашқы тұрмыстық қауымдық демократия принциптері негізінде басқарылды. Оның жоғарғы органы шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірдің негізі мәселелерін ынтымақтаса отырып шешетін. Рулық қауымды өкімет билігін ұйымдастыру принципіне келгенде таптық мәжбүр етудің кейініректе туған аппаратынан, ал рулық нормалар заңға айналдырылған үстем таптың еркі – праволардан айырымдалды. “Алғашқы тұрмыс қоғамында адамдар әлі дамудың ең төменгі сатысында, тағылыққа жақын күйде болып, шағын рулар болып тұрып жатқанда” осы заманғы мәдениетті адамзатты бірнеше мың жылдар бөліп тұрған дәуірде – осы кезде әлі мемлекеттің өмір сүру белгілері көрінбейді.

Алғашқы тұрмыстық қоғамда дуальдық ұйымның пайда болуымен қатар, неке мен семья, яғни жыныстар арасындағы қатынастарды және олардың ұрпаққа қатысып реттейтін ерекше қоғамдық институттар туды. Топтық некеде зайыптық қарым-қатынастар, табиғи түрде кездейсоқ, оқтын-оқтын қысқа уақыттық болуға тиіс еді. Малакки чемангтарында ХІХ ғасырда тұрмыстаболған осындай тәртіптердің айқын сарқыншақтарын миклухо – Маклай сипаттап жазды. “Бой жеткен қыз бір – бірімен бірнеше күн немесе бірнеше апталап тұрып, өз еркімен және ерінің келісімімен басқаға кете барады, тағы да мұнымен тек алады. Бір рудың әйелі тапқан бала бүкіл рудың баласына айналады. Мәселен, австриялық аборигенка “ана” деп тек өзінің туған анасын ғана емес, оның некелік табының барлық әйелдерін күйеуім” деп тек өзінің шын мәніндегі күйеудің ғана емес, оның некелік табының барлық ерлерін “ұлым” деп тек өзінің ұлын ғана емес өзінің некелес табы. Әйелдердің барлық ұлдарын атаған. Туысқандықтың қандай жүйесі мүшелері өз баласы мен қандайда болсын өз туыстарының баласы арасында айырмашылық жасалмайтын топтық семьяда ғана туа алатын еді.

Алғашқы тұрмыс адамының блім көзі оның еңбек қызметі болды, мұның барасында тәжірибе жинақталды, құбылыстың себептерімен салдары салыстырылды, байқаулар жинақталып жүйеге келтірілді. Тіршілік жағдайлары ең алдымен айналадағы табиғат туралы білім қорын жинауды талап еткені табиғи дүние еді. Австралия аборигендерінің, бушмендердің отты жерліктердің т.б. мысалында ертедегі рулық қауым мүшелері өз отарынының ерекшелігімен байлығы туралы мәліметтерді, прикладтық, география, ботаинка, зоология, минералогия, метеорология және басқа да табиғат тану білімдері салаларындағы нақтылы мәліметтерді аумақты етіп жинады. өзінің тіршілік етуін қолдау үшін, олар өзінің азық – түлік территориясын, шөптердің зиянды да пайдалы қасиеттерін, жануарлардың түріп тұру жолдардың ерекшеліктерін ағаштар мен басқа да материалдардың түрлерін жете білуге, іщ кесуге ауарайын болжауға және жер-жерді бағдарлай білуге тиіс болды. Жер – жерді бағдарлауға аспан жұлдыздарын білу байланысты әдіс: осы заманғы зерттеулердің бірі жердің жасанды серігін ұшыру туралы алғашқы хабарды жаңа жұздыздардың пайда болғанына көңіл аударған бушмендерден алғанын баяндайды.

Этнография ертедегі аналық-рулық қауымды зерттеумен тұңғыш шұғылданғанда, бұл осы уақытқа қарай географиялық және әсіресе тарихи ортаның өзгеруімен, көршілес қоғамдардың европалық отарлаудың т. б. ықпалымен барлық жерде түп-негізінен өзгеріске ұшырады. Әуел басты ру формасын және түрін өзгертті. Бірақ, ғылым ең бастысын қалпына келтіре алды; бұл туыстардың арасындағы қатынастарға тән тапжылмайтын коллективизм еді. Қамажаулап немесе айдап тығып аң аулау, бөгеттеп немесе аулармен балық ұстау, ұйымдасқан жинап-терушілік, үй-жай салып қайықтар жасау — міне, осының бәрі рудың біріккен күш жігерін талап етті, ал еңбек өндірістің құрал-жабдықтары мен өнімдеріне қауымдық меншікті тудырды.

Рудың коллективтік меншігінде, ең алдымен, өндірістің басты құралы—жер бұл жағдайда оның шегіндегі барлық қолда бар аң аулау объектілері, балық шаруашылығы мен жинап-терушілік құралдар, үй мүліктерін жасау үшін шикі заттары т. б. бар территория болды. Жоғарыда сипатталған аңшылар мен балықшылар қоғамдарының бірде-бірі туған-туысқандардың барлық топтарының ортақ меншіктілігінен бөтен жерге меншіктіктің басқа формасын білмеді. Сондай-ақ аңшы адамдары мен балықшы бөгеттерін қайықтар мен ауларды, тұрғын үйлер мен оттарды рулық иемдену де кеңінен дәлелденіп отыр. Жеке адамдарға тек дара өздері ғана жасап шығарған еңбектің қол қарулары — найза, садақ, балта, тағы басқалар, сондай-ақ түрлі тұрмыстық заттар тиісті болды. Бірақ өндірістің бұл қарулары да, әдетте коллективте және дайын оның қажетін өтеу үшін пайдаланылды, сондықтан да бұларға жеке адамның меншіктігі рудың коллективтік меншігі ішінде сіңіп кеткендей болатын еді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Матронимия терминінің мағынасы?

  2. Әкесімен шешесі жағынан туыстық қалай аталады?

  3. Ерте рулық қауымда рухани мәдениеттің сипатты белгісі?

  4. Некесіз тұру дегеніміз не?

  5. Левирит дегеніміз не?

  6. Гетеризм дегеніміз не?

  7. Гонекократия терминінің мәні?


8-апта 5,0 балл

№16 Сабақ тақырыбы. Өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы.



Тест

1.Экзогомия терминінің мағынасы

А. Ру ішіндегі некеге тиым салу

Б. Тең құқықты қоғам

В. Ру ішінде некелесу

Г. Өлген туыстарын жеу

Д. Халықтың атауы.



2. Эндогамия терминінің мағынасы

А. Ру ішінде некелесу

Б. Ру ішіндегі некеге тиым салу

В. Тең құқықты қоғам

Г. Өлген туыстарын жеу

Д. Халықтың атауы.

3.Салютри дәуірінде қандай құралдың тәсілі туды

А. қыспа ретуш

В.найзалар

С. қырғыштар

Д. Шапқы

4. Жер өңдеумен мал шаруашылығы қай кезеңде пайда болды

А. неолит

В. мезолит

С. палеолит

Д. метал кезеңі

Е. қола дәуірі

5. Инфантицид терминінің мағынасы

А. Жас балаларды өлтіру

В. кәрілерді өлтіру

С. жас балаларды ересек қатарына қосу

Д. жұбайлардың нағашыларында тұруы

Е. Өндіргіш шаруашылыққа көшу

6.Экзогомия терминінің мағынасы

А. Ру ішіндегі некеге тиым салу

Б. Тең құқықты қоғам

В. Ру ішінде некелесу

Г. Өлген туыстарын жеу

Д. Халықтың атауы.



7. Эндогамия терминінің мағынасы

А. Ру ішінде некелесу

Б. Ру ішіндегі некеге тиым салу

В. Тең құқықты қоғам

Г. Өлген туыстарын жеу

Д. Халықтың атауы.

8.Жерорта теңіздік расогенез нәтижесінде құрылды

А. Оңтүстік Еуропада

В. Азияда

С. Африкада

Д. Океанда

Е. Еуропада



9.Алдыңғы Азияда неолит кезеңіндегі мал бағу түріндегі мал бағу түрі

А. үйде ұстау

В. көшпелі

С. Жайылымдық

Д. жартылый көшпелі

Е. Жайлаулық



10.Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қай жерде пайда болды.

А. солтүстік Африкада

В. кавказда

С. орталық азияда

Д. Алдыңғы азия

Е. Еуропада

11. Неолитте не пайда болды.

А. Жер өңдеу мен мал шаруашылығы

В. Қол өнер

С. Мемлекет

Д. Нәсіл

Е. терімшілік шаруашылығы



12.Неолитте алғаш рет не жасалды.

А. керамика

В. соқа

С. арба


Д. нуклеус

Е. садақ пен жебе



13.Ирригациялық жер өңдеу қай Азия да пайда болды.

А. Алдыңғы Азия

В. Кіші Азия

С. Батыс Азия

Д. Шығыс Азия

14.Орталық Азия дағы неолитке тән шаруашылық

А. мал шаруашылығы

В. жер өңдеу

С. иригациялық жер өңдеу

Д. аңшылықпен терімшілік

Е. кетпенмен жер өңдеу

15.Жайлаулық мал бағу түрі қай жерде дамыды.

А. Европа

В. Алдыңғы Азия.

С. Орта Азия.

Д. Африка.

Е. Азия.

16. Жер өңдеумен мал шаруашылығы қай кезеңде пайда болды.

А. неолит

В. палеолит.

С. мезолит.

Д. энеолит.

Е. қола.


17.Ромопитектер қай жерден табылды.

А. Кения

В. Италия

С. Германия.

Д. Франция.

Е. Греция.



18.Еңбектің бірінші бөлінуін көрсет

А. Жер өңдеумен мал шаруашылығы


В. қол өнер

С. сауда


Д. Дене және ақыл еңбегі

Е. жасанды интеллект



9-апта

,17. Сабақтың тақырыбы : Өндіруші шарашылықтың қалыптасуы


Жоспары :

  1. Неолит пен энеолит дәуіріндегі технишкалық жетістіктер.

  2. егіешілікпен балықшылықтың пайда болуы

  3. кетпенді шаруашылықтың қажеттілігі



теориялық мәліметтер.

Неолит көп мыңдаған жылдық тас ғасырының жоғарғы да ақырғы сатысы болды. Неолиттік уақыт, ең алдымен, еңбектің тас қаруларының жасалу техникасын едәуір жақсартумен сипатталады. Бұл жаңа техниканың ең айқын сипаты тегістеу немесе жалтырату тәсілімен, сондай-ақ тасты егеп тесу арқылы тас құралдарды түпкілікті өңдеу болып табылады, бұл неолиттік уақыт адамына бұрынғыға қарағанда зор табыспен тасқа ойдағыдай форма беруге мүмкіндік туғызды. Құрал тастардың сан алуан түрінен, соның ішінде шақпақтан қат-қабаттыларын және үсак түйірлерінен гөрі жұмсағынан құралдар жасалды. Бірақ шақпақ тас та, сондай-ақ нефрит немесе жадейт сияқты қатты жыныстар да жаңа әдістермен өңделетін болды;

Тастың жоғары сапалы сорттарын алу үшін адамдар оны жер астынан қазып алуға көшті.

Жаңа құралдарды ағаш өңдеу үшін де пайдалана бастады. Неолитке әсіресе, балталар тән болып келеді. Ағаштарды шабу үшін неғұрлым бейімделген неолиттік балта ору егіншілігінде орман учаскелерін шауып тастауды, ағаш қайықтарды ойып жасау және басқа жұмыстарды жеңілдетті. Тастан динап теруші, ал кейініректе егіншілікпен байланысты көптеген құралдар жасалды. Бұлар қазғыш – таяқша үшін ортасында тесігі бар аумақты диск түріндегі салмақтартықтар, келсаптар келілер, дән ұнтақтағыштар, кетпендер орақтар, еді. Сондай –ақ кетпендер де сүйек пен мүйіз жасалды. Шоқпақ ұштықтары лист тәрізді ал кейінірек үш бұрышты формалы болып келетін садақ пен жебелер де едәуір жетілдіре түсті. Алайда, тасты тегістеп жалтырату процесі еңбекті өте көп керек етті және құралдардың өндірістік сапасын біршама аз жақсартты. Сондықтан да көпшілік жағдайларда қару жалтыратып тегістелмеді, әрі шақпақ тас бурынғысынша индустрияда басым болды. Опыру, сындыру және сығу арқылы тасты өңдеудің ескі әдістері кеңінен қолданылды, мұнда қыспа ретушы техникасы гулдену шегіне жетті.

Неолит дәуірінің ең маңызды жаңадан енгізілген дүниелерінің бірі қыштарды ойлап табу болды. Мұның неолитке тән сипат болып келетіндігі соншама, тіпті оны басқаша алып қыш ғасыры деп те атайды. Қалыпқа құюмен саз ыдыстарды күйдіруді ойлап табу адамға ас даярлаудың тәсілдерін жақсартып тамақ өнімдерінің түр-түрін көбейтуге мүмкіндік берді.

Иіру мен тоқымашылықты ойлап табу кейінгі неолиттің ең ірі табыстары болып саналды. Жіп иіру үшін талшықты әуелі жабайы өсетін өсімдіктерден конополиядан сондай –ақ лықтан жасап шығарды. Содан кейін қойдың жүнімен жабайы өсетін кендрден жіп иіре бастады.

Алғашқы тұрмыстың эконикалық екі орасан зор жетістіктерінің егіншілік пен мал шаруашылығының тууына жағдай жасады.

Егіншілік жоғары ұйымдастырылған жинап терушіліктен туды. Осының даму процесінде өнім жабайы өсімдіктер және олардан жаңа өнім алу жөнінде қамқорлық жасауға үйренді. Австралиялықтар кейде дән өсінділерінің орам шөбін жабайы өсетін жемістерді жинау оларды мәдениеттендірудің бастамаларымен ағаштардың жоғары жағын қырқумен шауып тастаумен қосарланды. Осыдан бастап егіншілікке көшу тамақ қорларының пайда болуымен де сондай –ақ осыған байланысты отырықшылық тұрмыстың бірте-бірте дамуымен де жеңілдей түсті. Егіншілік ойлап табушы сөзсіз әйелдер болған: әйел еңбегінің осы арнайы сферасы жинап – терушіліктен тауып, егіншілік ұзақ уақыт бойы шаруашылықтың көбіне әйелге тән саласы болып қала берді.

Астың дәндері өсіп шығуы үшін қолайлы жағдайлары бар аудандар

Палестина, Ирак және Орта Азияның оңтүстік аудандары болды. Сірә адамдар егін үйренген алғашқы жабайы өсетін дәнді астық арпа болса керек.

Мал шаруашылығы көбіне шаруашылықтың еркектік саласы болды.

Оңтүстік Қос өзенде мәдениеті тау етегіндегіге ұқсас келетін бірақ кейінірек неолиттен энеолитке өтетін кезге жататын мекен табылды.

Мыстан жасалған бұйымдар жаңадан пайда бола бастаған. Халқы ең қарапайым егіншілік пен мал шаруашылығы білген, алайда аң аулау мен балық шаруашылығы әлі де болса маңызды роль атқарған. Тұрағы ретінде қамыс күркелері болған IV мың жылдықтың аяғына ІІІ мың жылдықтың басына қарай Қос өзен тұрғындары, енді шикі кірпіштен үй салуды ғана емес, сондай –ақ үлкен қоғамдық ғимараттар храмдарды да салуды қолға алады.

Б.э.-ға дейінгі V-VI мың жылдық торда дамыған неолиттің егінші тайпалар Египетке де ірге жаяды. Шаруашылығы негізгі тұрпайы егіншілікпен және мал шарушылығымен ұштастырылған аңшылық. Қызыл және қара түсті сан алуан саздан жасалған ыдыстар кейде оюланып өркен салынып әшекейленген ыдыстардың бір бөлігі тастардан жасалған піл сүйенгінен ұсақ ыдыстар, қасықтар әшекейлер жасалды.

Қытайдың ертедегі неолит микролиттердің салмағы сүйек және ағаш қаруларын қолдануы мен көзге түсті. Кейініректе шеттелдері мұқият жұмырланып тегістелген ірі тас қарулар пайда болды. аң аулап балық ұстаумен қатар, тары егіп, иттер мен шошқаларды өсірді.

Жапониядағы ерте неолит осы заманның әшекейленген саз ыдыстары бар. Бұл кезде мекендеушілер аң аулаумен балық ұстаумен, өсімдік тамақтарымен теңіз малмоскаларын жинап терумен шұғылданды, үлкен қауымдық трапеция тәрізді және жер кепелерде тұрды. Ең негізгі үй жануарлары ит болды. Теңіздегі және өзен сағаларындағы дамыған балық аулау негізгі кәсібі болған. Аулаудың түрлі жағдайлары мен балықтың түрлерін арналған ерекше шанышқылар, ілмектер, аулар, тоспалар болды. қайықтардың бірнеше типтері қолданылды. Теңіздік және құрылыстың аң аулау сондай-ақ жидек жеміс тамырлар малюскларды жинау қосалқы роль атқарды. Үй жануарларынан ау аулауға пайдаланылған ит белгілі болды, иттің жүні де асты еркектер мен әйелдердің арасында еңбектің айқын бөлісі болды.

Аң, балық аулау, үй тұрғызу қару жасау еркек ісі еді. Жинап теру, дайындау, өру, тоқу киімдерді тігу әйел ісі еді.

Рулық қауымның егіншілік-малшылық шаруашылығы дамыған неолит пен энеолиттің археологиялық ескерткіштерімен қатар көрсетіледі.

Сонау полеолитте-ақ тіліне бастаған әр түрлі мәдениет дамуынын әр келкілігімен түрлі территориядағы олардың локальды ерекшелігі неолитте күшейе түсті. Неолит дәуірінің археологиялық мәдениеті ондап саналады.

Неолит мәдениеті Таяу Шығыс елдерін-де неғұрлым тез қарқынмен дамыды, мұнда егіншілік пен үй малын өсіру бәрінен бұрын туды. Жоғарыда натур мәдениеті кейін мезолитке жататындығы туралы айтылды оның иесі дәнді өсімдіктерді өсіруге әрекет жасап та бақпан еді деп жобалауға болады. Бұдан біраз неғұрлым кейінгі уақытта (б. э.-ға дейінгі VI мың жылдыққа) Солтүстік Ирактағы тұрпайы егіншілік пен мал аруашылығының туу белгілері жатады. Сол жерде Оңтүстік Курдистанның тау етектерінде түрған үй қойлары мен ешкілері болған Карим-Шахир неолиттік мекен-жайы табылып отыр. Дән үккіштердің, ораққа арналған шақпақ тас жүздерінің т. б. табылған сынықтары, натуфтіктердікі сияқты мұнда да, егіншіліктің тікелей алдындағы жинап-терушілік өте - күшті дамыған деуге мүмкіндік—береді. Карим-Шахирмен жақын көршілес жатқан, бірақ неғұрлым кейінгі уақытқа жататын (б. э.-ға дейінгі 4750 жылдар шамасы) Калаат-Ярмо (Джермо) мекенінде егіншілік мүлде айқын керіне деп, атап айтқанда үйдің қабырғалары мен ошақ негіздері жасалған саз балшықтарда дән іздері табылған, тағы хайуанаттардың сүйегі небары 5% қүрайды, қалғандады 95% үй ешкісіне шошқаға, қойға тиісті.

Бақылау сұрақтары:


  1. Неолит дәуірі және хронологиясы?

  2. Жаңа құралдарды жасау?

  3. Энеолит дәуірі?

  4. Егіншілік пен мал шаруалықтың пайда болуы?

  5. Микролит пен макролит құралдарының пайда болуы?


9-апта 4,0 балл
18. Сабақтың тақырыбы: Рулық тайпалық ұйым өкімет ұйымы.

Бақылау сұрақтары:

1.Неолит дәуірі және хронологиясы?

2.Жаңа құралдарды жасау?

3.Энеолит дәуірі?

4.Егіншілік пен мал шаруалықтың пайда болуы?

5.Микролит пен макролит құралдарының пайда болуы

6.Рулық құрылыстың дамуы рулық – тайпалық ұймдардың одан әрі жетіле түсуімен қосарланды, мұның үлгісін кім жасады?

7.Эгзогамия қай дәуірде болды?

8.Қосақ неке қай рудың арасында болды?

9.Иероглифтер дегеніміз не?

10.Фратрия дегеніміз не?
Тест

1.Тас өңдеу әдістері қай дәуірде жоғары нәтижеге жетті?

А. Неолит

Б. Палеолит

В. Энолит

Г. Қола

2.Еңбек құралдарын жасаудың нуклеустік әдісі қай дәуірде кең тарады?

А. Мустьер дәуірі

Б. Қола дәуірі

В. Неолит дәуірі

Г. Мезолит дәуірі

Д. Темір дәуірі

10-апта

,19. Сабақ тақырыбы : Рулық тайпалық ұйым өкімет ұйымы



Жоспары:

    1. Фратрия топтары

    2. Аналық рудың дамуы.

Атап айтқанда иемденуші шаруашылықтан өндірілетін шаруашылыққа көшуден көрінетін өндіргіш күштердің өсуі, рулық құрылыстың одан әрі дамуына жол ашты. Қоғамның экономикалық негізін бұрыңғысынша жерге рулық меншік құрады. Өндірістің басқа құрал – жабдықтары коллективтің де, жеке меншіктің де иемдеген де болды. Алайда соңғы жағдайда оның иесі өлгеннен кейін иелік рудың ішінде қалуға тиіс болды. Меншіктік қатынастар мен бұларға негізделген қоғамдық қатынастар, негізінен алғанда өндірістік коллективті нығайта түскен табиғи қандас – туыстық байланыстармен сай келе берді. Тіршілік ету құрал жабдықтармен біршама қамтамасыз етіліп, тұрған халықтың өсуі салдарынан рулық қауымдар немесе аналық семья дейтін ең жақын туыстардың ірі коллективтеріне жиі бөленді. Меланезия мен ирокездердің кейбір тайпаларында орманды шауып күйдіру, әдетте туған туыстардың егіншілік операциялары ғана жекелеген үй ішілік қауымдар күшімен атқарылды. Ұқсас тәртіптердің қалдықтары Меланезияның кейбір облыстарында мәселен әйелдер меншік иелері және бүкіл рулық жердің әміршісі болып саналды.

Рулық құрылыстың дамуы рулық тайпалық ұйымдардың одан әрі жетіле түсуімен қосарланды. Мұның кәдімгі үлгісін Моргон зерттеген. Ру Фратрия және тайпа төмендегідей негізгі белгілермен сипатталады. Ру ең алдымен ортақ меншіктік қатынастармен , өзара көмекпен біріккен әйел бағытындағы қандас туыстардың коллективі болды. Ру мүшелері біріне- бірі қандай да болсын көмек көрсетуге бірін-бірі қорғауға, атап айтқанда, қандық кек қайтаруға немесе төгілген қан үшін материалдық құн төлеуге қатысуға тиіс болды. Ру өмірінің ең елеулі шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық мәселелерін совет шешті. Бұған оның барлық ересек мүшелері енетін еді. Рудың өзінің ақсақалы “сахемы” және соғыс кезінде көсемдік ететін, бастайтын бір немесе бірнеше көсемдері болды. әрбір руда басқа рулардан жеке өз зиратыңызды белгісі туыстық экзогамия салты болыпқала берді. Рулар және оларды біріктірген тайпалар алғашқы тұрмыстық адамзатқа табиғатпен қатал күресте өзінің тіршілік етуін сақтауға мүмкіндік берген тығыз топтасқан демократиялық жолмен өзін- өзі білмейтін коллективтер болды.

Жоғарыда айтылғандай эйкумендердің кейбір облыстарының табиғат жағдайлары мұнда егіншілік пен мал шаруашылығының тууына бөгет жасады. Атап айтқанда, Евразияның солтүстігі мен Америкада істің жайы осылай болды, мұнда неолиттік экономиканың дамуы аңшылық пен балық шаруашы-лығын одан әрі жетілдіру жолымен алға басты.

Шығыс Европаның солтүстігі мен Солтүстік Азияда б. э. ға дейінгі IV дың жылдықтың өзінде-ақ, кейінде ұзақ мың жылдықтар бойына Қиыр Солтүстіктің, Сибирь мен Қиыр Шығыстың бірқатар халықтары үшін кәдуілгі болып қала берген аңшылық, балықшылық мәдениеті қалыптасты.

Атап айтқанда, иемденуші шаруашылықтан өндірілетін шаруашылыққа көшуден көрінетін өндіргіш күштердің өсуі рулық құрылыстың одан әрі дамуына жол ашты. Аңшылар мен балықшылардың ертедегі аналы-рулық қауымы келді.

Қоғамның экономикалық негізін бүрын-ғысынша жерге рулық меншік қүрады. Егістік жер мен бау-бақша, аңшылық, балық-шылық және жинаптеретін жерлер, бір жағдайларда тура руға тиісті болды, екінші-сінде, тайпаға тиісті деп саналды, бірақ бүған кіретін жеке руларға бекітіліп берілді. Оңдірістің басқа құрал-жабдықтары коллективтің де, жеке меншіктің де иелігінде болды, алайда соңғы жағдайда оның иесі өлгеннен кейін, иелік рудың ішінде қалуға тиіс болды. Меншіктік қатынастар мен руларға негізделген қоғамдық қатынастар, негізінен алғанда өндірістік коллективті нығайта түскен табиғи қандас-туыстық байланыстармен сайкеле берді.

Тіршілік ету қүреі-жабдықтарымен біршама қамтамасыз етіліп тұрған халықтың өсуі салдарынан рулық қауымдар ана тарапынан аналық үйлік қауым, немесе аналық семья дейтін ең жақын туыстардың ірі коллективтеріне жиі бөлінді.

Аналық рудың дамуы, сірә, семья мен мекенің сипатында принципті өзгерістерді тудырмаса керек. Рас аналық-локальды мекен-жай жағдайларында қосақ семья бір үй шаруашылығына бірікті, бірақ бұл өндірістік ұя бола алмады. Экономикалық және қоғамдық мәнде бүкіл аналық үйлік қауым семья болып табылды. Қосақ семья өз шаруашылығын жүргізбеді және рулықтан бөлек, екі, зайыпқа ортақ меншігі болмады. Егер күйеуі әйелінің мүлкіне нүқсан келтіретін болса, ол оның туған-туыстарымен есеп айырысуға тиіс болды. Ерлер көбіне жеке өзінің қауымымен шаруашылық байланысын үзбеді және «екі үйге» жұмыс істеді. Егер, балалар тіпті өз әкесін біле түрса да іс жүзінде, оған бөгде адам болып қала берді. Аналық үйлік қауым болып тұрған кейбір тайпаларда, мәселен, Добу аралындағы меланезийлінтерде жалпы қос семья үшін ерекше термин болған жоқ: «семья» ұғымына тек ана тарапынан ғана келетін туыстар кіретін. Қоғамдық өмірдегі сияқты дамыған рулық қауымның семьялық тұрмысына ерлерден әйелдердің белгілі артықшылық сипаты тән болған. Ұл туыдан қыз туу артық саналған. Аналық рулық қоғамдар да белгілі болған.

Қосақ неке, бұрынғы кездегідей екі жақтың кезкелгенінің қалауы бойынша оңай ажыраса алатын және топтың некелік қатынастардың қалдықтарымен толықтырылатын Ирокездер мен гурондарда XVIII ғасырдые өзінде де әйелдердің «қосымша» күйеуі ерлердің «қосымша» әйелі бола алатын бұдан басқа гурондарда әйел ретінде аңшылық қыздар болған

Бақылау сұрақтары:



    1. Рулық құрылыстың дамуы рулық – тайпалық ұймдардың одан әрі жетіле түсуімен қосарланды, мұның үлгісін кім жасады?

    2. Эгзогамия қай дәуірде болды?

    3. Қосақ неке қай рудың арасында болды?

    4. Иероглифтер дегеніміз не?

    5. Фратрия дегеніміз не?

10-апта 4,0 балл
№20.Сабақтың тақырыбы: Алғашқы қоғамның ыдырауы.

Реферат тақырыптары:

  1. Өндіруші шаруашылық

  2. Мыс пен қоланың пайда болуы

  3. Металлургияның ашылуы

  4. Ертедегі қалайы рудалары

  5. Темір ғасыры

  6. Рудадан темірді алғаш алу

  7. Өндірістің дамуы

  8. Қоғамның артық өнімінің өсуі

Тест

1. Ірі үлкен ер адамдар бастаған 10-20 кісі тұратын семья

А.горемдік

В.стинул


С. гипотиза

Д.ру


Е. Тайпа.

2. Жер өңдеушілерде негізгі неке түрі қандай болды

А. жұп


В. Промискуйтет

С. Полигения

Д. Пошкундрия

Е. Экзогамия



3.Политогенез кезеңінде қандай неке түрі болды.

А. Экзогамия

В. Промискуйтет

С. Полугения

Д. Поликундрия

Е. жұп


4.Некесіз тұру дегеніміз не

А. Конкубинат

В. Ленидж

С. Левират

Д. Кувада

Е. Итеризм

5. Кейінгі ру қауымында негізгі неке түрі

А. полигения

В. промискуйтет

С. жұп


Д. поликундрия

Е. Экзогалия



6.Поликундрия қай қауымдағы негізгі неке түрі

А. Ерте рулық қауымда

В. кейінгі ру қауымда

С. ерте топта

Д. жер өңдеушілерде

Е. Политогенез кезеңінде



7.Некеге дейінгі қатынастар бостандығының термині

А. итеризм

В. ливират

С. Линидж

Д. конкубинат

Е. Кувада



8.Генекократия терминінің мәні.

А. семьяда шеше басшылығы

В. ата-бабасынан басталатын туыстық.

С. семьияда әке басшылығы.

Д. жас балаларды өлтіру.

Е. кәрілерді өлтіру.

9.Кувада терминінің мәні.

А. туылған баланы әкесіне көрсетуі.

В. апалы-сіңліге үйлену.

С. шешесінің ағасыны қызына үйлену.

Д. семьияда шеше билігі.

Е. әке билігі.

10.Екі апалы-сіңлімен некелесу қалай деп аталады.

А. Сорорат.

В. Геронкратия

С. Левират.

Д. Эголиторизм.

Е. Хроскузендік.

11. Некеге дейінгі қатынастар бостандығының термині.

А. итеризм

В. Сорорат.

С. левитар.

Д. эголитаризм.

Е. геронкратия.

12.Шешесінің ағасының қызына үйлену.

А. Кросокүзендік

В. Геронтицид.

С. Эндоканибализм.

Д. Левират.

Е. Поликундрия.



13. Неолитте алғаш рет не жасалды.

А. керамика

В. қолөнер.

С. тоқыма.

Д. қола.

Е. ыдыс-аяқ.



14.Кейінгі ру қауымында неке түрі.

А. жұп.


В. хросокузендік.

С. левират.

Д. полигения

Е. герантицид.

15. Ерте рулық қауымда рухани мәдениеттің сипатты белгісі.

А. рухқа сену

В. затқа сиыну.

С. отқа табыну.

Д. тәңірге сену.

Е. аспанға сену

16 . Некесіз тұру дегеніміз не?

А. Конкувинат

В. Итеризм.

С. Сарарат.

Д. Геронкратия.

Е. .Левират.



17.Авункуолды

А. жұбайлардың нағашыларында тұруы

В. кәрілерді өлтіру

С. жас балаларды ересек қатарынақосу

Д. Жас балаларды өлтіру

Е. өндіргіш шаруашылыққа көшу

18. Жер өңдеушілерде негізгі неке түрі қандай болды

А. жұп


В. Промискуйтет

С. Полигения

Д. Пошкундрия

Е. экзогамия

19.Политогенез кезеңінде қандай неке түрі болды.

А. Экзогамия

В. Промискуйтет

С. Полугения

Д. Поликундрия

Е. Жұп


20.Сиблинги терминінің мағынасын атаңыз

А. туыс,аға ,қарындас.

В.дара неке

С.жануарларды үйрету



Каталог: CDO -> OBSOJ -> Tar
Tar -> Сабақ №1Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ басында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. Алаш қозғалысының басталуы
Tar -> М. Х. Асылбеков “ ” 2009 ж
Tar -> Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау
Tar -> Цин династиясының билігіндегі Қытай
Tar -> Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Tar -> Лекция: 15 сағ Практикалық(Семинар)сабақтары сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Тест саны: 200 Кредит саны 1
Tar -> Реферат Ауызша талдау
Tar -> Факультет: "Тарих және құқықтану" Кафедра: "Отан және шетел тарихы"
Tar -> Этнология” пәні бойынша “050114” – “Тарих” мамандығының 2- курс студенттерінің білімін бақылауға арналған тапсырмалар мәтіні
Tar -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет