Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау



бет6/7
Дата28.04.2016
өлшемі1.63 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Д. көп неке


Е. еңбек құралдарын жасау

21. Эндогамия терминінің мағынасы

А. Ру ішінде некелесу

Б. Ру ішіндегі некеге тиым салу

В. Тең құқықты қоғам

Г. Өлген туыстарын жеу

Д. Халықтың атауы.

11-апта 4,0

,21 Сабақтың тақырыбы : Алғашқы тұрмыстық қоғам ыдырауының алғы шарттары



Жоспары :

    1. Метал өндірісінің өмірге келуі.

    2. Қола мен ерте ортағасырдағы археологиялық ескерткіштер.

Өндіргіш күштерін дамытуда қоғамдық еңбек бөлінісіне орай қуатты секіріс бола отырып, өз кезегінде еңбек қызметінің өнімділігін одан әрі арттырудың шешуші факторы болды. егіншілікте, мал шаруашылығында кәсіпшілікке мамандану қаруалармен дағдыларды жетілдіре түсуге жол ашты, өндірілген өнімдердің мөлшерін арттырып сапаларын жақсартты. Адам еңбегі тіршілік теуге қажеттіден гөрі көп өнім бере бастады, яғни өнім тұңғыш рет қажетті немесе қосымша өнімге бөлінді. Сонымен бірге адам басқа адамның өндірген артық өнімін иемдену үшін, яғни қанаушылық қатынас үшін экономикалық жағдайлар туды. Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісін екі тапқа – мирзалармен құлдарға, қанаушылар мен қаналушыларға қоғамдық алғашқы ірі бөлінуі пайда болды. Сонымен бірге байлықпен құлдар үшін тонаушылық соғыстарды дамытуға жағдай туды. Сонымен қатар еңбек өнімділігінің өсуі өндіріс процесін жеке даралауға әкеп соқты. Жеке дара еңбек мүмкіндігін жасады.

Алғашқы тұрмыстық қоғам ыдырауының ең маңызды өндірістік алғы шарты металдарды кеңінен пайдалануға көшу болды. Адамзат тарихы мүлде жаңа формаларға ие боларлықтай, металл қарулардың енгізілуінің соншама тамаша мәдени және әлеуметтік алға басушы өз салдары болды.

Металдар ғасыры екі дәуірге: қола ғасырына және темір ғасырына бөлінеді. Мыс пен қалайы рудаларына бай аудандарды мекендеген тайпалар металл шығаруға маманданып, жабдықтап қамтамасыз етіп, отырды. Мыс Иранда, Кіші Азияда, Аравия мен Арменияда, Европада ертедегі мыс пен орындары Испанияда, Францияда, Австралияда, Венгрия мен Англияда ертедегі қалайы кен рудалары Испания мен Англияда ашылды. Қытайдың оңтүстігі мен солтүстік Въетнамда ашылғаны белгілі. Біздің елімізде қола ғасырының ірі металлурниялық орталықтары Кавказда, Уралда, Қазақстанда Ертіс және Енисей маңы өлкелерінде мәлім еді. Қола ғасыры дегеніміз адамзат тарихында қоладан жасалған еңбек қарулары кеңінен таралған және осы қаруды тастармен қатар немесе солардың орнына қолданған дәуір еді. Қола дегеніміз – мыс пен қалайының, алмастың, қорғасынның немесе миргиттың әр түрлі үлесте балқытылған қоспасы.

Темір ғасыры дегеніміз темір металлургиясы мен темір қарулардың таралуымен сипатталатын уақыт болатын. Еңбектің темір ең жасалған қарулары аса (маңызды материал болып отырғандықтан, қазірде де осы заманғы дауір де темірғасырына енеді. Алғашқы тұрмыстық тарихтың археологиялық дәуірленуінде ертедегі темір ғасыры термин жиі қолданылады. Ерте Темір ғасыры өзінің алдындағы археологиялық дәуірлермен салыстырғанда шежірелік жағынан өте қысқа. Темір дүние жүзінде ең көп таралған металл болғанына қарамастан, оны адам кейінірек игерді, өйткені таза күйінде табиғатта мүлде кездеспейді және қиын өңделеді. Тіпті сонау көне заманда – ақ адамзатқа мезеолиттік темірлер белгілі болған. Бұлардан жасалған б.э.-ға дейінгі IV м.ж. басында Египеттегі молалардан некелеген сәндік бұйымдар табылған. Жер текті темірден жасалған ұсақ заттар б.ғ.д. ІІІ м.ж. 1-ші жартысындағы Египетте месопатамиямен Кіші Азияда кездеседі. Рудадан темір алудың ең көне тәсілі шикізат соғу процесі тек б.э.д. ІІ м.ж. ғана ашылды.

Ең жақсы ара қатынас — 90% мыс пен 10% қалайы. Қола қарулар мыс қаруынан тек қатты ғана емес, өткірде келеді, бірақта оларды күю оңайырақ, өйткені мысқа қарағанда (1083°) қола анағүрлым төменгі температурада (700—900°) балқиды. Алайда, мыс сияқты қола қарулар да тас қаруларды түгелдей ығыстыра алмады. Бұған себеп, біріншіден, біркатар жағдайларда, қоладан тастың жүмыстық сапалары жоғары болды, екіншіден, қару жасалатын тастар барлык; жерде дерлік барды, ал қоланың, әсіресе, қалайы үшін шикізат көзі өте сирек еді.

Ең ертедегі металл қарулар өзінің формасы жағынан тас қаруларды бүтіндей қай талады. Тек адамзат бірте-бірте жаңа материалдың ең тиімді қасиеттерін пайдаланатын қару формаларын балталарды, қашауларды, балғаларды, қайлаларды, кетпендерді, орақтарды, пышақтарды, қанжарларды, сапыларды, шапқыларды, найза ұштықтарын, жебелерді, тағы басқаларды жасап шығарды.

Қола ғасырының дәл шежірелік ақберін көрсете қою қиын. Қола дәуірінде б. э.-ға дейінгі III мың жылдықтың орта шенінде Оңтүстік Иран мен Месопотамияда белгілі болды. Египет пен Үндістанда көне қола қарулары б. э.-ға дейінгі I мың жылдықтың басына жатады. Қытайда қола біздің эрамызға дейінгі XVIII ғасырда кеңінен қолданылды.



Бақылау сұрақтары:

  1. Өндіруші шаруашылық?

  2. Мыс пен қоланың пайда болуы?

  3. Металлургияның ашылуы?

  4. Ертедегі қалайы рудалары?

  5. Темір ғасыры?

  6. Рудадан темірді алғаш алу қайсы елдерде кездеседі?


Тест

1. Матронимия терминінің мағынасы?

А. Шешесі жағынан туыстық

Б. Әкесі жағынан туыстық

В. Әкесі мен шешесі жағынан туыстық

Г. Сот сынағы.

2. Шешесі жағынан туыстық?

А. Матронимия

Б. Патронимия

В. Когноттық туыстық

Г. Ордамия

Д. Матриолокалды

3. Когноттық туыстық дегеніміз?

А. Әкесі мен шешесі жағынан туыстық

Б. Әкесі жағынан туыстық

В. Шешесі жағынан туыстық

Г. Сот сынағы

Д. Өлгендердің әйелінің үйінде тұруы.

4.Потронимия терминінің мағынасы

А. Әкесі жағынан туыстық

Б. Шешесі жағынан туыстық

В. Әкесі мен шешесі жағынан туыстық

Г. Сот сынағы.

5. Еңбек құралдарын жасаудың нуклеустік әдісі қай дәуірде кең тарады?

А. Мустьер дәуірі

Б. Қола дәуірі

В. Неолит дәуірі

Г. Мезолит дәуірі

Д. Темір дәуірі



6.Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі қалай аталды?

А. Жарып түсіру техникасы

Б. Нуклеустік тәсіл

В. Ретушьтік тәсіл

Г. Жылтырата тегістеу

Д. Қаптау тәсілі.



7. Қай кезеңде шаруашылық еңбек қалыптасып өнім өндіру шықты?

А. Неолит

Б. Палеолит

В. Мезолит

Г. Қола

Д. Темір


8.Люш Герчрге Маргон алғашқы тұрмыстық тарихты нешеге бөлді.

А.3

В.2


С. 4

Д.5


Е.6

9.Метал пайда болған кезеңде не пайда болды.

А. Қол өнер

В. Шаруашылық.

С. Өнер.


Д. Геометриялық өнер.

Е. Мемлекет пайда болды.



10.Гарпундар қай мәдениеттің құралы

А. мадлен

В. салютри

С. оринияк

Д. ашель

Е. Андронов



11.Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі қалай аталды?

А. Жарып түсіру техникасы

Б. Нуклеуістік тәсіл

В. Ретушьтік тәсіл

Г. Жылтырата тегістеу

Д. Қаптау тәсілі.

12. Қай кезеңде шаруашылық еңбек қалыптасып өнім өндіру шықты?

А. Неолит

Б. Палеолит

В. Мезолит

Г. Қола

Д. Темір


13.Алғашқы еңбек құралдарының атауы

А. Чоппер

Б. Болас

В. Нуклеус

Г. Гарпун

Д. Ретушь



14.Генекократия терминінің мәні

А. Семьяда әйел басшылығы

В. Жоғары сатыдағы тұлғамен некелесу

С. Төменгі сатыдағы тұл-н некелесу

Д. шешесінің ағасының қызына үйлену

Е. әкесінің ағасының қызына үйлену



15.Тас өңдеу техникасының тарап кету себебі

А. металл құралының пайда болуы.

В. жер өңдеудің п.б.

С. рудың пайда болуы

Д. қосымша өнімнің п.б

Е. Садақ пен жебенің пайда болуы

16.Қыздырып соғу қай кезеңге жатады.

А. қола дәуірінде

В. неолит.

С. энеолит.

Д. мезолит.

Е. палеолит.



17.Темір ғасырында не пайда болды.

А. арба


В. Керамика

С. соқа


Д. нуклеус

Е. Садақ пен жебе



18. Эгалитаризм терминінің мағынасы.

А. Тең құқықты қоғам

Б. Ру ішіндегі некеге тиым салу

В. Ру ішінде некелесу

Г. Өлген туыстарын жеу

Д. Халықтың атауы.



11-апта 4,0 балл

№22. Сабақтың тақырыбы: Рулық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуы.



Реферат тақырыптары

  1. Матриархат

  2. Патриархат

3 Қоғамдық қатынастар

4 Қоғамдық топтардың пайда болуы

5 Тонаушылық соғыстардың дамуы және әскери демократия

6 Рулық қоғамның ыдырау формалары



    1. Артық өнімнің пайда болуы

8 Мемлекеттің қалыптасуы

12-апта


№,23.Сабақтың тақырыбы : Рулық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуы.

Жоспары :



  1. Патриархалды семьяның түрлері,

  2. Үлкен патриархалды сьемья.

Ең көбірек қолайлы экологиялық аймақтарда (Месопотамия, Египет, Инда бассейні) алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау процесі б. э.-ға дейінгі III—II мың жылдықтарға қарай аяқталды, қолайлылығы азырақ аймақтарда (Океанияның, Африка мен Американың кейбір азырақ аудандарында) осы уақытқа дейін түгелдей аяқталып біткен жоқ. Өзінің кең байтақ кеңістіктік жөне уақыттық ұзын-сонарлығында бұл процесс табиғат ортасының ерекшеліктерімен байланысты өзгешеліктерімен, қоғамның шаруашылық қызметінің бағытымен, бұрын тұрмыстық қалыптасқан цивилизацияның айналадағы алғашқы өзінің қарқындарымен ерекше болды табиғи нәрсе еді. Бірақ алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау вариантары тамаша өзгеше болғанымен, сайып келгенде, олар рулық ұйымдардың ыдырау формаларына сүйене отырып, патриархат және кейінгі матриархат деп атауға болатын екі негізгі вариантқа келіп тіреледі.

Жоғарыда сипатталған өндіргіш күштерінің жаңадан өрлеуі жыныстар арасында еңбек бөлісінің тәртібін түбірінен өзгертті. Кетпендік егіншілікке қарама қарсы жыртатын егіншілік көбіне ер адамдар еңбегінің сферасына айналды. Сондай-ақ мал шаруашылығы да ер адамдардың ісі болды: кейбір халықтарда, мәселен, үнділік-тода мен оңтустік африкалық зулустарда тіпті әйел-дерге үй жануарларына жақын келуге тыйым салынды. Орасан зор қоғамдық маңызға ие болғаи металлургиялық өндірісте ер адамдардың әрекеті болды. Бірақ, тіпті шаруашылық қызметінің бұрынғы бағыты сақталған жердің өзінде де олардың дами түсуі, мәселен, орман отағанда, кетпендік - егіншіліктегі мелиорацияда немесе ирригацияда ер адам еңбегінің маңызын үздіксіз арттыра түсті. Әйелдердің еңбегі бірте-бірте үй шаруашылығының шеңберінде шектеле берді; мунда да бұл өзінің ерекшелігінен айырыла бастады, өйткені үй шаруашылығының кейбір салалары, ең алдымен, кыш жасау мен тоқымашылық ісі қол өнер өндырісінің арнаулы салаларына айнала бастады. Еңбек бөлістеріндегі өзгерістерге сәйкес жыныстардың қоғамдық жағдайы да өзгере бастады.

Еңбек бөліністеріндегі өзгерістерге сәйкес жыныстардың қоғамдық жағдайы да өзгере бастады. Өндірісте жетекші роль атқара отырып, ер адам семьямен қоғамда үстемдік орынды алуға, аналық руға тән матриархалдық барлық халықтарының алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау дәуіріне тән болып келетін осы екі негіздің тартысы, қалайда оның ақырғы нәтиже аналық прав о тәртібін әкелік право тәртібі дайын алмастырып отырғанымен, бұл түрліше өтті. Бір қоғамдарда әсіресе, мал шаруалықтың және плуг – егіншіліктік қоғамдарда патриахалдық тенденциялар бір шама тез басымдылыққа ие болды, ал рулық құрылыстың ыдырауы болса, патриахат формасында өтті. Басқа қоғамдарда, әсірсе кетпендік – егіншілік қоғамында патриахаттың болуы матриархалдық дәстүрлермен ұзақ бөгелді де, сонымен рулық құрылыстың ыдырауы, кейінгі матриархат формасында өтті.

Матриархаттың патриархатқа өту процесі рудың шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірінің барлық жағын қамтыды. Бірақ ол, ең алдымен жаңадан туған экономикалық ұяларда - жеке семьялар мен семьялық некелік қатынастардың барлық жағына соқты.

Жеке семьялардың күштерімен шаруашылықты жүргізу, олардың тұрақты тұтасқан коллективтерге айналуын талап етті. Осыған байланысты тұрақсыз қосақ некені ерлі – зайыптылардың мықты бірлестігі – моногамия соғыстыра бастады. Ер адамның шаруашылық ролінің артуымен бірге некелік ірге алмасудың локальдылығын өзгертуді – ер адамның әйелге емес, әйелдің ер адамға келуін талап етті, - бұл матрилокальдық ірге алмасудан патрилокалдық ірге алмасуға көшуді және некелесудің жаңа формаларының дамуын тудырды. Бұрын аналық рулық қауым дәуіріне ер адам қосақ некеге түсе отырып, қалыңдықпен оның туғандарына шамалы сыйлықтар тартумен тынатын. Енді ол әйелді өз қолына алатын болды. Сондықтан да оның бағасын қайтаруға, оның еңбектік күшін сатып алуға тиіс болды. Сатып алу некесі осылай туды. Мұнда күйеудің семьясы қалыңдыққа алым төледі (славяндарда – вено, түркілерде қалың мал т.б. делінді). Қалайда қосалқы болып, кеңінен таралмағанына қарамастан, аналық – рулық құрылыс жағдайларында неке қиысудың неғұрлым кәдуілгі, әрі басқа, өте сирек формасы - әйелдерді зорлап иелену, оны ұрлап әкету (алып қашып әкету) болды. патриоркалдылықтың тууы матркольдық дәстүрлерімен қатты күрес үстінде өтті және өзіне тән ымырашылық формаларының пайда болуымен қосарланды, бұлардың көпшілігі қатып – семген сарқыншақтар түрінден ұзақ сақталды. Мәселен, ұзаққа бармайтын (әдетте, алғашқы бала туғанға дейінгі) дислокольдық, бала туу кезіне әйелдің үйіне қайтып баруы немесе күйеудің семьясында болса да, бірақ ерекше оқшауланған үйге оны көшіріп қою рецедивтері осындай еді. Кеңінен таралған бой тарту салттары комплексінің жеке моменттері, атап айтқанда, әйелдің күйеуінің ағалары мен туыстарынан бой тартуға , күйеуімен бірге қоғамдық орында болмауы т.б. тиісті салттар осындай еді. Сондай – ақ құда түсу салтының көптеген элементтері, атап айтқанда, қалыңдықты тартып, әкету немесе ұрлап әкетуді уағыздаулар осындай еді. Патрилокальдық мекен – жайға көшу статиясындағы ительмендердің салттарын бақылаған С.П.Кращенниников оларды былай етіп сипаттап жазады: “Камчадал өзінің қалыңдығына көз тігіп (міндетті түрде бөгде ортада , өз ортасына емес,) оған үйленуге тілек білдірсе, ол қалыңдығының руы ортасына барып тұрады.

Қалыңдығының ата- анасына келіп, ол өзінің ойы жайында хабарлайды да, осыдан кейін өзінің аршыны мен алғырлығын көрсетіп, барлығына иіліп қызмет етіп, бәрінен көбірек болашақ атасына, енесіне және қалыңдығына қызмет етеді де, содан кейін барып қалыңдықты алып кетуге күнгі түнде оған кедергісіз келедіде, келесі күні ешқандай рәсім жасамай оны өз ортасына алып кетеді.

Бұл өтпелі дәуір салттарының ерекше комплексі матрилокальдық патрилокальдықпен ауысқанда, әдете біраз уақыт әлі де, туыстықпен ана жағынан есептеуді байланыстырды. Бұл кезде әйел ерінің семьясы мен руына қайтып оралатын. Мұнда олардың ең жақын нақтылы туысы анасының бауыры болатын, оның баласы осындай тәртіп бойынша өзінің анасының аға-інісіне барады. Жиені нағашы ағасының үйінде тұрады. Соның шаруашылығында жұмыс істейді. Оның өсиет ұстаздығына құлақ асады. Семья немесе ең жоқ дегенде, оның қабілетті бөлігі соншама туғандары мен олардың балаларынан емес, нағашы ағалары мен жиендерінен тұратын еді. Бүкіл осы тәртіп, сондай –ақ оның осы қалпында ұзаққа сақталып келген сарқыншақтары (көбіне жиендер мен оның нағашы ағасының арасындағы ерекше жақындық туралы ұғым) авункулат деген атқа ие болды. кейбір совет этнографтры балаларды өз семьясында емес бөгде семьяда тәрбиелеуді бұйыратын кафказдық келттердің славяндардың және басқа халықтардың белгілі аталықтың салтын авункулаттың түрі өзгерген реликті, деп санайды. Өз шаруашылығын жүргізетін жеке семьялардың пайда болуы рулық меншіктен жекеленіп бөлінген, оқшауланған семьялық меншіктің пайда болуымен қосарланды. Бұл меншікті ер адам өз балаларына беруге тырысты. Бірақ руды аналық жақтан санау мен мұралану мұндай мүмкіндікті жоққа шығарды, ал аванкулат жағдайларында дамыған ымырашылдық салт – нағашы ағалардан жиендердің мұралануы – авункулатың бүкіл жүйесі сияқты,жеке семьяның тұтас болуына жол ашпады. Қарама – қайшылықты, туыстықты ана жағынан санап, мұраланудан әке жағына, ана бағытынан көшумен аяқталатын ескі тәртіптерді түбірінен өзгерту жолымен ғана шешіле алатын. Патрилокальдыққа қарай көшу сияқты бұл да өзгеше формалар тудырған ұзақ процесс болы. Туыстық пен мұраланудың осындай қосарлық себі, немесе билинейлық адамның аналық руға да, аталық руға да тиісті болып есептеуі, әрі осыған сәйкес 2 руда да мұрагерлікке үміткерлік туғызды. Көптеген тайпаларда (меланезийліктер, Оңтүстік африканың гереро, Сахараның туарегтері және басқаларда) туысқандардан мұраланған меншік, ана жағы бойынша ауыстырылып берілетін болған, өз басының еңбегімен табылғандар әкеден балаға ауыстырылып берілетін салттар кеңінен тараған. Дегенмен бөлісу өлген адамның балалары мен жиендері арасындағы соқтығыстармен қосарланып отырды, әрі әдетте, мүлікті өз балаларына көбірек беріп кетуге әкесі өзінің тірі кезінде –ақ түрлі тәсілдерді қолданып тырысып бақты. Ескі тәртіп жаңаға қатты қарсылық көрсетті, бірақ қоғамның экономикалық ұясы ретінде жеке семьяның нығая түсуіне қарай туыстық пен мұралануды ана жағынан санау бірте- бірте ығыстырды.

Жоғарыда айтылғандай, алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырауы матриархалдық рудың патриархалдыққа айналуы түрінде дайын өте бермеді. Совет этнографтары (А.М. Золотарев, С.П. Толстов) алғашқы тұрмыстық қоғам ыдыраған аналық ру жағдайларында тікелей таптық қоғамға жиі ұласып отырғанын анықтады. Дамудың бұл варианты, кейінгі матриархат патриархатқа қарағанда әзірге нашар зерттеліп, бірақ қазірдің өзінде –ақ бірқатар этнографиялық қоғамдарда даусыз тіркеліп отыр. Мәселен, суматраның микронизейліктері, малайлықтар – минангкабауы, таулық Ассамның гаро мен кхастары , ашантилер, догомейліктер және тропикалық Африканың кейбір басқа халықтары осындай. Бұл халықтардың барлығында азды – көпті әлеуметтік жіктелу жағдайларында жеке меншіктілік, таптар мен мемлекет, мұнда аналық рудың әкелік руға алдын ала айналуынсыз –ақ пісіп жетілгенін көрсететін матриархаттықтың аса күшті қалдықтары сақталған.

Микронезейліктер отарлау кезеңіне қарай және оның бас кезінде бір аралдарда көбіне кетпендік егіншілікпен, егіншілерінде көбіне балық аулаумен шұғылданған; Олардың бірден - бір үй жануары тауық болған. Аралдардың жұрыны табиғаты қолөнерін, негізінен алғанда тас пен қауашықты, ағаш пен өсімдік талшығын өңдеумен шектелді. Мұның есесіне жеткілікті дамыған айырбас болды. бүтіндей алғанда аралды мекендеушілер алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың таптық құрылысқа көшу шегінде тұрды: Олар жеке меншікті, қоғамдық теңсіздікті, мұрагерлік аристократияның өкіметін, кей жерлерде құлдықты білді. Бірақ сонымен бірге бұларда әлі де болса аналық – рулық ұйымда жойылмады. Мәселен, Шығыс микронезия аралдарын мекендеушілер делокализацияланған аналық бағыт рулары мен аналық үй – жайлық қаымдарға бөлінді. Соңғылары матрилокальдық немесе дислокльдық некеге негізделді және аға ер адам бәйбіше әйелдің басшылығымен жалпы шаруашылықты жүргізген 30-40 адамнан тұрды. Мұрагерлік тәртібі қатал аналық жақтан болды. әйелдер некеден тыс байланыс жасау бостандығына дейін тең праволылық пен тәуелсіздігін сақтады: айрылысқан жағдайда балалар әрқашанда анасымен қалды.

Минангкабу, ең алдымен күнде біздің эрамыздың алғашқы ғасырларынан, негізінен алғанда күріш, кокостік пальма және әртүрлі огородтық дақылдар өсіріп ирригациялақ егіншілікпен шұғылданды. Егіншілік кетпендік болатын, бірақ кей жерлерде ағаш плуг қолданды. Шаруашылықта мүйізді ірі қарамен жылқы өсіру, сондай – ақ балық аулау мен аңшылық қосалқы роль атқарды. Қолөнершілік қызмет, атап айтқанда, мыс пен асыл құнды металдарды өңдеу, қош ісі мен тоқымашылық жоғары дамуға жетті, елдің түрлі аудандары арасында, сондай-ақ Индонезияның басқа аралдарымен де қызу айырбас жүргізілді. ХІІ ғасырдың өзінде –ақ минангкабу ерте таптық княздігі қалыптасты, бірақ сонымен бірге мұнда ХХ ғасырдң басына шейінгі матриархалдық құрылыстың негізгі сипаттарын қайта құруға мүмкіндік беретін, толып жатқан рулық құлдықтар сақтала берді. Бүкіл минангкабу екі фратрияға (“ларас”) және төрт руға (“суку”) бөлінді, бұлар ең таяу туыстық бес ұрпаққа дейін саналатын, неғұрлым ұсақ рулық топтарға (“кампуэнг”) және үй –жайлық қауымдарға (“сабуа паруи” – дәл мағынасында – бір жатырдан шыққан) бөлінді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Матриархаттың пайда болуы?

  2. Патриархаттың қалыптасуы?

  3. Қоғамдық қатынастар?


12-апта 4,0 балл

№24.Сабақтың тақырыбы: Жария өкіметінің пайда болуы,мемлекеттің орнығуы.



Бақылау сұрақтары:

1.Өндіруші шаруашылық

2.Мыс пен қоланың пайда болуы

3.Металлургияның ашылуы

4.Ертедегі темір рудалары

5.Темір ғасыры

6.Ғылым мен өнердің дамуы

7.Дін және мифология

8.Жазу –сызудың пайда болуы

9.Ата – баба рухына табыну


Тест

1. Жеке меншік иниститутының пайда болу себептері.

А. Таптық қоғам

Б. Ерте қоғам

В. Рулық қоғам

Г. Мемлекет

2.Рулық қауым кезінде меншіктің қай түрі қалыптасқан?

А. Ортақ меншік

Б. Жеке меншік

В. Мемлекетттік меншік

Г. Ақсүйектер меншігі

Д. меншік болмаған



3. Ертедегі аналық рулық қауымдық шектерде иемденуші іс әрекетті неше дәйекті кезеңге бөлді.

А.2


В.3

С.4


Д.5

Е.6


4.Политагенез терминінің мағынасы.

А. .мемлекеттің шығуы

В. қолөнердің шығуы

С. шаруашылықтың шығуы.

Д. нәсілдердің шығуы.

Е. металлдардың шығуы.



5.Рулық қауым кезінде меншіктің қай түрі қалыптасқан?

А. Ортақ меншік

Б. Жеке меншік

В. Мемлекетттік меншік

Г. Ақсүйектер меншігі

Д. меншік болмаған



6.Кейінгі рулық қауымның тарап кету себептері

А. қосымша өнімнің пайда болуы

В. жер өңдеудің пайда болуы

С. Садақ пен жебенің пайда болуы

Д. рудың пайда болу

Е. метал құралдың пайда болуы

7..б.э.б. V-VI мың жылдықта политогенез нәтижесінде мемлекеттер құрылды.

А. Алдыңғы Азияда

В. Солтүстік Азияда

С. Орталық Азияда

Д. Оңтүстік Азияда

8.Жеке меншік институтының пайда болу себептері.

А. таптық қоғам

В. Рулық қоғам

С. мемлекет

Д. Ерте қоғам

Е. өндіру шаруашылығы

9.. б.з.б. 1 мың жылдық басында политогенез нәтижесінде мемлекеттер құрылды қай Азияда

А. Кіші Азия

В. Оңтүстік Азия

С. Орталық Азия

Д. Алдыңғы Азия

Е. Батыс Азия



10.Ерте рулық қауымда басқарушы билік түрі

А. тең құқықтық

В. бигмендер билігі

С. керонтократия

Д. Әскери демакратия

Е. деспотия

11.. Әскери демократия қай рулық қауымда билік етті.

А. ерте көшпеллі мемлекетте

В. ерте рулық қауымда

С. соңғы рулық қауымда

Д. Ерте қауымда

Е. ертедегі мемлекеттерде

12. Әкесі мен шешесі жағынан туысқан қалай аталады.

А.Скогнаттық туысының

В. ордалия

С. татронимия

Д. матрионимия

Е. Матриолокалды



13.Ертедегі мемлекеттерде басқару билігі.

А. Деспотия

В. тең құқықты.

С. феодалдық.

Д. құлдық.

Е. барлығы дұрыс.



14.Экзогомия терминінің мағынасы

А. Ру ішіндегі некеге тиым салу

Б. Тең құқықты қоғам

В. Ру ішінде некелесу

Г. Өлген туыстарын жеу

Д. Халықтың атауы.

13-апта

№25. Сабақ тақырыбы: Жеке меншіктің, таптардың және мемлекеттердің шығуы. жоспары:



1.Таптық қоғам институттарының пісіп жетілуі қосымша өнімнің пайда болуы.


Каталог: CDO -> OBSOJ -> Tar
Tar -> Сабақ №1Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ басында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. Алаш қозғалысының басталуы
Tar -> М. Х. Асылбеков “ ” 2009 ж
Tar -> Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау
Tar -> Цин династиясының билігіндегі Қытай
Tar -> Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Tar -> Лекция: 15 сағ Практикалық(Семинар)сабақтары сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Тест саны: 200 Кредит саны 1
Tar -> Реферат Ауызша талдау
Tar -> Факультет: "Тарих және құқықтану" Кафедра: "Отан және шетел тарихы"
Tar -> Этнология” пәні бойынша “050114” – “Тарих” мамандығының 2- курс студенттерінің білімін бақылауға арналған тапсырмалар мәтіні
Tar -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет