Сабақ тақырыбы: Астана таза қала



Дата17.05.2020
өлшемі51 Kb.
түріСабақ
Зеренді ауданның білім бөлімі

Зерендинский районный отдел образования

Красный Кордон орта мектебі

с.Красный Кордон

Тақырыбы: «Астана- таза қала»


2 сынып

мұғалім: Кабдина А.Е.




Сабақ тақырыбы:

Астана - таза қала.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.

2.1.3.1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/ суреттер/ сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру.

2.3.5.1 мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу.


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Көбі: иллюстрация/ суреттер/ сызбалар таңдайды және қарапайым сұрақтарға жауап береді.

Кейбірі: сөздік, анықтамалықтардан Астана жайлы қажетті ақпаратты табады.


Күтілетін нәтиже

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қазақша Елорда туралы ақпарат бере алады, Астананың көрікті жерлерін таныстыра алады.

Жаңа сөздер

Тазала, тазаламау, тазалық сақта, күнде.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, «Астана» туралы деректі фильм, Астананың суреттері, плакат, маркерлер, буклеттер мен альбомдар, желімқағаздар (стикерлер).

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, талдау, «Ыстың алақан» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, «Тірек сөздер» стратегиясы, «Сен жалғастыр» ойыны, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстың алақан» тренингін өткізеді.

Оқушылар «Ыстың алақан» тренингінің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

1. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақтаға «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «Елорда» сөзіне ассоциаграмма құрғызады.

Ассоциаграмма құрады.

II. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.




Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.




2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалым мен оқылымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, жаңа сөздерді қайталайды.




3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1,3-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Артың сөзді табады, әңгіме құрастырады.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2- тапсырманы орындатады.

Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып жазады.




4. Сергіту сәті. «Сен жалғастыр» (5-тапсырма) ойынын ұйымдастырады.

Ойынның шарттарын орындайды.

III. Ойтолғаныс

«Тірек сөздер» стратегиясын пайдаланып, («Атамекен» саябағы, «Астана-Бәйтерек» ескерткіштері, Бейбітшілік сарайы, т.б.) «Астана» тақырыбында мәтін құрастыруды тапсырады.

Тірек сөздердің негізінде сипаттау мәтінін құрастырады.

IV. Бекіту

Оқушыларға түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады, постер дайындатады.

Астана қаласы бойынша постер дайындайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі желімқағаздар (стикерлер) таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға (стикерлерге) жазып, тақтаға іледі.

Каталог: arc -> attach
attach -> История древнего Казахстана. 6 класс. Эпоха камня
attach -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
attach -> Ауэзов мухтар омарханович
attach -> Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2018-2019 учебном году
attach -> Методическое письмо ǀ 2017-2018 учебный год
attach -> «Ардақтайық ананы!» ( ертеңгілік ) Тәрбиешілер: Жармуханбетова А. М
attach -> Тілім- тірегім, соғып тұрған жүрегім
attach -> Қатысты: 25 адам Кездесу жұмысына қатысты: Ә. Кауметов – Шортанды ауданының «Білім беру бөлімі»
attach -> 22 наурыз мерекесіне арналған «Ана мен бала» сайысы
attach -> «Сыр- сұхбат» Өтілу барысы: 1-жүргізуші


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет