Сабақ тақырыбы: Қазақстан спортшылары Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата25.04.2016
өлшемі68.44 Kb.
түріСабақ
Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Приречный ОМ

қазақ тілі мұғалімі

Рамазанова Ацгуль Серикбаевна
Сабақ тақырыбы: Қазақстан спортшылары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Сан есім мен ортақ етісті пысықтау. Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну, арқылы коммуникативтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық – тақырып бойынша достарымен спорттың түрлері мен сүйікті спортшылары туралы пікір алысу білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік – оқушыларды спортқа баулу, салауатты өмір салтың, жүргізуге үгіттеу. Қазақстанның белгілі спортшыларының данқын көтеру,үлгі алуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, жеке дара жұмыс, сұрақ-жауап, ой қозғау.

Пәнаралық байланысы: дене шынықтыру сабағы

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта қосымша оқулық, сурет, кесте, дидактикалық материал

І. Ұйымдастыру кезені

а. Амандасу, сабаққа ұйымдастыру



Шырылдауық қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен –

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.
ә. «Жылулық шеңбері»

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, жер ана!

Амансың ба, достарым!

Сіздерді көрсем қуанам! (оқушылар бір-біріне тілек айтады).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қазақстан спортшылары туралы мәлімет Артем презентация тыңдау.

Диолог «Футбол» Рахат, Кирилл;

«Ұлттық спорт түрлері» Марина, Вика

Әңгімелеу «Спорт түрлері» Настя,

«Спорт денсаулық кепілі» Назия.



ІmusicІІ. Жаңа сабақ

Тыңдалым. «Чемпиондар әні» (бейнебаян)

-Балалар,немен таныс болдыңдар?

-Бұл- әнді естідіңдер ме?

Бүгінгі сабағымыз Қазақстандық спортшылар туралы болмақ.

ә.Сабақтың тақырыбың, мақсатын айту.



а. Ой қозғау.Сұрақ-жауап 5 слайд.

1) Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы? (футбол)
2) Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады? (Олимпиада)
3) 1980 жылы олимпиада қай қалада өтті? (Мәскеу)
4) 2011 жылы Қазақстанда қандай халықаралық жарыс өтті? (Азияда)
5) Алматыда 1697 метр биіктікке салынған мұз айдыны қалай аталады? (Медеу)
6) 2012 жылы Олимпиада қайда болған? (Англияда)
7) Бұл олимпиадада қандай спортшылар алтын медалін жеңіп алған? (Илья Ильин, Серік Сапиев, Мая Манеза, Александр Винокуров, Татьяна Подопедова, Ольга Рыпакова, Зульфия Шиншалло).
8) Қандай Қазақстанның әйгілі спортшыларды білесіңдер? (Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Василий Жиров, Ислам Байрамуков).
Спортшыларды білу керек: (7-18 слайд )

Спортшылардың суреті бойынша әңгімелесу.


-Бұл кім? -Спорттың қай түрімен шұғылданады?

-Қандай олимпиада чемпионы?

-Олимпиада қай жылы болды?
Светлана Подобедова (ауыр атлетика Лондон-2012) Жақсылық Үшкемпіров (еркін күрес Мәскеу 1980) Ермахан Ибраимов (бокс Сидней 2000) Бекзат Саттарханов (бокс Сидней 2000) 
Серік Сапиев ( бокс Лондон-2012) Серік Қонақбаев ( бокс Мәскеу 1980) Ермахан Ибраимов (бокс Сидней 2000) Ольга Шишигина (жеңіл атлетика Сидней 2000) 

б. Топпен жұмыс: 20-21 слайд

5 минут уақытта қысқы, жазғы спорт ойындарын жазып айтып беру – кімдердікі көп болса, сол топ жеңген.

Қысқы спорт ойындары:

Шаңғы тебу

Коньки тебу

Хокей


Биатлон

Шорт-трек

Мәнерлеп сырғанау

Тау шаңғысы

фристайл

Жазғы спорт ойындары:

Жүзу


Жеңіл атлетика

Күрес


Бокс

Ауыр атлетика

Велоспорт

Волейбол


баскетбол

Сергіту сәті: «Қамажай» биі. 22 слайд


« Сиқырлы сандар сөйлейді» 23 слайд.
- Балалар, бұл – сиқырлы сандар. Әр санның өз құпиясы бар.Сандардың құпиясына тоқталайық.Сандарды рет – ретімен ашамыз
7 – Қазақстанда 7-ші қысқы Азиада ойындары өтті;

2011- 2011 жылы Қазақстанда 7-ші қысқыАзиада ойындары өтті;

11 – Қысқы олимпиада ойындарында спорттың 11 түрі болды;

69- Олимпиада ойындарында 69 медаль сарапқа салынды;

30 – Қысқы Азиада ойындары 30 қаңтар 2011 жылы басталды.

32 – Қазақстан құрамасы қоржынына 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль салып, бүкіл әлемге Отанымызды танытты.






























7

Сан есім дегеніміз не?

2011

Есептік сан есімнен реттік сан есім жасаңдар.

Тоқсан бір, он алты, жиырма, жүз, мың, сексен алты.

11

Сан есімнің түрлерін ата.

69

Мақал- мәтелдерді аяқта.

  • ... саусақ бірдей болмас.

  • Білекті ... жығады, білімді ... жығады.

  • .... кісінің түсін білгенше, ... кісінің атын біл.

  • ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

  • ... ала болса,ауыздағы кетеді, ... түгел болса, төбедегі келеді.

30

Сандарды оқы.

25, 201, 894, 1045, 506, 1023, 5,6

32

Сөз тіркестерін қазақ тіліне аудар.

21 дом, 6 улица, 1991 год, 8 стол, 16 лет




І топ «Балуан» - Дәулет Тұрлыханов

Сөздік:

Күрес – борьба

Зор табыстар – большие успехи

Жету – достичь

Бапкер – тренер

Ықпалы зор –большое влияние

Ғумыр – жизнь

Жеңімпаз – победитель

Сайыс – соревнования

Шәкірт – ученик

Демеу бере білу – уметь поддержать
Дәулет Турлыханов Қазақстанның еңбегі сіңірген спорт шебері. Ол 1987 жылы Европа қубоктарының жеңімпазы. 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері. 1992 жылғы XXV Олимпиаданың қола жүлдегері.

Дәулет Тұрлыхановтың грек-римдік күресіне ыңтасын оятқан әрі бапкер, әрі тәрбиешісі әкесі Болат Тұрлыханов болған. Өзінің спортпен айналысқан ғұмырында, Дәулет әлем жеңімпаздарымен сайысқа түсіп, көптеген жеңістерге ие болған. Үш Олимпиадаға қатысты. Атлантадағы Олимпиадада Дәулет Тұрлыханов жарысқа да қатысты, бапкер де болды. Оның шәкірті Юрий Мельниченко Олимпиаданың жүлдегері болды.

Тапсырмалары:


  1. Мәтінді оқу, түсіну.Мәтін бойынша жоба қорғау;

  2. Берілген сөйлемдерден ортақ етістің мәнің білдіріп тұрған етістіктерге талдау жасандар.

Спортшылар жарысты. Жанкүйерлер айтысты. Балуандар күресті. Футболшылар сөйлесті. Топ басшылары ақылдасты.

  1. Берілген сан есімдерді жинақтық сан есімге айналдыру.1,2,3,4,5,6,7


ІІ топ «Тұлпар» - Жақсылық Үшкемпіров

Сөздік

Күрес –борьба

Күміс женімпаз – серебрянный призер

Женімпаз – победитель

Дүниежүзі чемпионы – чемпион мира

Жалауын көтерген – поднял флаг

Еңбек сінірген жаттықтырушы – заслуженный тренер
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы туған. Бірінші қазақ спортшысы, Олимпиада чемпионы. 1980 ж. XXII Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бір неше рет греко – рим күресінің жеңімпазы,1981 Дүниежүзі чемпионы, 1982 ж Дүниежүзі кубығының күміс жеңімпазы.

Ол Қазақ мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушcы. 1984 жылы Красноярск қаласында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан рәсми түрінде шығарып салды.

1984 жылдан бастап республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры. 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.

Спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдар, «Қазақ еңбек сіңірген жаттықтырушысы » атағы берілді.


Тапсырмалары:

  1. Мәтінді оқу, түсіну.Мазмұны бойынша диалог құру.

  2. Мәтіннен сан есімдерді теріп, мағынасын ажырат.

  3. Берілген сөйлемдегі сан есімге морфологиялық талдау жаса.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы туған.

V. Қорытынды: Тест

1. Сан есімнің сұрақтары?

А) қанша? нешінші? нешеу?

Ә) кім? не?

Б) қандай?

В) неге?


2. Реттік сан есімің жұрнақтары?

А) -ға -ге

Ә) -да -да

Б) -ншы -нші

В) -мен –бен

3. Бекзат Саттарханов қайда туған?

А) Түркістан

Ә) Тараз


Б) Алматы

В) Астана

4. Дәулет Турлыхановтың шәкірті кім?

А) Илья Ильин

Ә) Ольга Рыпакова

Б) Юрий Мельниченко

В) Александр Винокуров

5. Күрделі сан есімді табыңдар?

А) сөз таптары

Ә) ала жаздай

Б) келе жатыр

В) жиырма бес

6. Ермахан Ибраимовтың орташа салмағы ?

А) 85 кг.

Ә) 71 кг.

Б) 56 кг.

В) 91 кг.

7. Қазақтың ұлттық ойындары

А) шаңғы

Ә) хоккей

Б) тоғызқұмалақ

В) жүзу


8. Жақсылық Үшкемпіров кім?

А) биші


Ә) батыр

Б) қазақ спортшысы, күресші

В) ақын

9. Қысқы спорт түрі



А) күрес

Ә) футбол

Б) хоккей

В) велоспорт

10. Жинақтық сан есімнің жұрақтары?

А) -ау -еу

Ә) -дан -ден

Б) -на -не



В) -ншы –нші
VI. Үй жұмысы: Белгілі спортшылар туралы қысқаша шығарма жазу

VII. Қорытынды.Бағалау
Каталог: uploaded files
uploaded files -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
uploaded files -> Сабақ №55 Сыныбы 11 «А» Күні 23. 01. 15ж Сабақтың тақырыбы «Жарық кванттары» тарауы бойынша есептер шығару
uploaded files -> 0000Бекітемін: Пән мұғалімі: Уақыты: Сынып 6
uploaded files -> Перечень объектов недвижимости, принадлежащих на праве собственности
uploaded files -> История Вторжения кочевых племен Дашт-и Кипчака в Среднюю Азию (XVI в.)
uploaded files -> Исаевна внутриличностная конфликтность школьников и ее коррекция в педагогическом процессе. 19. 00. 07 педагогическая психология
uploaded files -> Медико-психологическая реабилитация инвалидов по зрению 19. 00. 10 коррекционная психология 19. 00. 04 медицинская психология
uploaded files -> Таджикско армянские литературные связи в новое время 10. 01. 03 Литература народов стран зарубежья
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет