Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Әрқашан дос, біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ту ғып ұстап бірлікті



Дата22.02.2020
өлшемі55.09 Kb.
түріСабақ
Мақсаты:

  1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

  2. Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

  3. Адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
    Әдіс-тәсілдері:

Түсіндіру, «Сөйлемді аяқта» тренингі, пікіралмасу, жүректен-жүрекке, «Ренжістік-татуластық» ойыны.

Көрнекі құралдар:

Слайд, плакат, кеспе қағаздар, жүрекшелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ту ғып ұстап бірлікті,



Тату-тәтті жүреміз
ІІ. Тақырыпты ашу сұрақтары.
Тақырыпты жағдаятпен ашып алу (слайд)
1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?
2. Досың бар ма? Ол кім?
3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
4. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
5. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
6. Дос қандай болу керек?
ІІІ. «Нағыз дос» күншуағын, досқа тән қасиеттерді күннің шуағы түрінде теріп ілу (Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік, қайырымды, ақкөңіл, шыншыл, жомарт, кешірімшіл, жайдарлы, сенімді, кішіпейілдік, байсалды, ізеттілік, өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау).

ІҮ. Ұлы адамдардың достығынан үзінді

Достық... Әлемдегі ең ыстық сезімдердің бірі десек, қателеспейміз.Доссыз өмірді елестету мүмкін емес. Доссыз өмірің жұпыны болады емес пе? Қай-қайсысымыздың болмасын достарымыз бар. Ал мына тұлғалардың өзара достығы - мүлде бөлек. Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Шаханов өз елімізден ғана дос таппай,өзге ел өкілдерімен де достаса білді.

Абай мен Евгений Михаэлистің достығы

Абай Евгений Михаэлиспен 70-жылдардың басында Семейдің қоғамдық кітапханасында танысады. Михаэлис ақынды Ресейдің ішкі өміріндегі жаңалықтармен,орыс әдебиетінің озат ойлы өкілдерінің шығармаларымен таныстырды.Абай Михаэлистің ұсынысы бойынша Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. «Абай жолы» эпопеясында Абай тағдырына саяси жер аударылған Михаэлистің үлкен әсер еткені көрсетілген,оның образы арқылы Михаэлистің өмірбаяны берілген екен. Бұл ұлылардың достығынан мынаны ұғынуға болады.Мейлі сенің досың қара болсын, ақ болсын, ұзын бол, мейлі кішкентай, ең бастысы, оның ішкі жан-дүниесі таза болуы керек. Адал достарымызды бағалай білейік!

Ү. «Сөйлемді аяқта» тренингі
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...
Ә) Сыйластық бар жерде ...
Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...
ҮІ. Жағдаяттан шығу. (Слайд арқылы)
1. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты...
- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?
2. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген-ді.
Жанар кетті алға тез,
Алды-артына қарамай,
«Рахмет» - деп, жалғыз сөз
Айтуға да жарамай!
Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?
3. Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді.
- Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма?
Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар?
Балалар, бір-бірімізге ренжіген сәттерде, кейде біз өте асығып жүріп бір-бірімізді түсінбей қаламыз, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. Уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататын кездеріміз де болады. Одан досымызды ренжітіп аламыз. Жанар «рахмет» деген сөзді, Сырым «кешір» деген сөзді айта алмады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады.
Біз бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым-қатынаста болуға тиіспіз, қане ойын ойнап көрейік.
ҮІІ. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/
Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.

• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды көрсетесіңдер.
• «ДОСТАСТЫҚ» деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.
Пікір алмасу.
- Сендерге ойын ұнады ма?
- Татуласу ше?
- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?
- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/
Өмірімізде қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.

Сиқырлы орындық
ҮIІІ. «Жүректен жүрекке» әдісі

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады.
Оқушылар алда көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз «Алғыс айту» күні келе жатыр. Бір-бірімізге кезекпен шын жүректен деп бастап достық тілектерімізді білдірейік.

- Досыңа адал бол!
- Татулық тілеймін!
- Досыңа кек сақтама!
- Кешірімді бол!
- Достық тілеймін!
ІХ. Үйге тапсырма: «Досым саған арнаймын» (ақындар өлеңдерінен көркемсөз оқу)
Х. Қорытынды:
Д – дүниедегі

О - озық ойлы

С – сабырлы

Т – тұрақты

Ы – ыстық

Қ – қарым – қатынас.



Достығымыз әрқашан берік болсын! Келгендеріңізге көп – көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет