Сабақтың әдістемелік талдауы Пән «Фармакология негіздері» Мамандық: 0302000 «Мейіргерлік іс»



бет1/26
Дата14.08.2020
өлшемі4.99 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Топ

Күні







Практикалық сабақтың әдістемелік талдауы
Пән «Фармакология негіздері»

Мамандық: 0302000 - «Мейіргерлік іс»

Біліктілік: 0302033 «Жалпы тәжірибелік мейіргер»
Сабақтың тақырыбы: «Туберкулезге қарсы дәрілер. Вирустарға қарсы дәрілер. Протозойға қарсы дәрілер. Ішекқұрттарына қарсы дәрілер. Спирохетаға қарсы дәрілер. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер».

2.Осы практикалық сабақтың тақырыбы бойынша материалды тексеруге арналған сұрақтардың тізімі.

1.Туберкулезге қарсы дәрілік заттар. 2.Туберкулезге қарсы терапияның қағидалары. 3.Жiктемесi. 4.Туберкулезге қарсы препараттар, фармакокинетикасы, фармакодинамикасы, жанама әсерлері және оларды жою. 5.Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар.Жіктелуі. 6.Жасанды заттар. Ортомиксовирустары. 7.Респираторлық вирустар. Герпесвирустар. Поксвирустар. 8.Биологиялық заттар 9.Вирусқа қарсы препараттардың медицинада қолдануы.

10.Протозойга(Қарапайымдыларға) қарсы дәрілер.

11.Ішек құрттарына қарсы дәрілер.

12.Антисептиктер мен дезинфекциялық дәрілер.

13.Химиотерапевтикалық дәрілер

14.Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер

15.Лямблиозды емдеуге арналған дәрілер

16.Амебиазаны емдеуге арналған дәрілер

17.Безгекке(Малярия) қарсы дәрілер (гематошизотропты,гистошизотропты,гаметотропты)

18.Токсоплазмозды емдеуге арналған дәрілер

19.Балантидиазды емдеуге арналған дәрілер

20.Лейшманиозды емдеуге арналған дәрілер

21Мерез ауруының өзектілігі;


22.Мерез ауруына сипаттама;
23.Этиология
24.Патогенез
25.Диагностикалау әдістері
26.Мерезді емдеуге қолданылатын препараттар. 27. Саңырауқұлақтарға қарсы заттардың з негізгі әсер ету механизмдері.
28. Саңырауқұлақтарға қарсы заттардың анықтамасы. Қолданылуы. Кері әсерлері.
29. Патогенді саңырауқұлақтармен шақырылатын ауруларды емдеуде қолданылатын заттар
30. Полиендер. Анықтамасы. Қолданылуы. Кері әсерлері.
31. Амфотерицин В. Анықтамасы. Қолданылуы. Кері әсерлері.
32. Азолдар. Анықтамасы. Қолданылуы. Кері әсерлері.
33. Аллиламиндер. Анықтамасы. Қолданылуы. Кері әсерлері.
34. Әр түрлі топтағы препараттар. Анықтамасы. Қолданылуы. Кері әсерлері.

Бұл ауру кезінде жасанды заттар және кең спектрлі антибиотиктер қолданылады. Осы дәрілер негізінен туберкулезді тежейді– Кох микобактериясының өсуін тоқтатады (бактериостатыкалық әсер), кейбіреулері бактерияны мүлде жояды. Қазіргі кезде туберкулезге қарсы қолданылатын заттар белсенділігіне қарай үш топқа бөлінеді:

1. белсенділігі ең жоғары дәрілер: изониазид (Isoniazidum), рифампицин (Rifampicinum).

2. белсенділігі орташа келген дәрілер: этамбутол (Ethambutol), этионамид (Ethionamide), стрептомицин сульфаты (Streptomycini sulfas), канамицин (Kanamycinum), циклосерин (Cycloserinum).

3. белсенділігі орташадан төмен дәрілер: пара-аминосалицилат қышқылының (ПАСК) натрий тұзы (Natrii para-aminosalicylas).

1.Белсенділігі өте жоғары дәрілерге: изоникотин гидрозиді қышқылының туындылары: изониазид, фтивазид, метазид, салюзид және т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең күштісі – изониазид.



Изониазид (тубазид, изотамин және т.б.) – туберкулез микобактериясының, әсіресе жас торша ішіндегі туберкулез бактериясына әсері күшті келеді. Бүкіл туберкулез ауруының барлық түріне қолданады. Ересектерге және балаларға ішуге тәулігіне 5-15 мл/кг күн сайын тағайындалады. Алдын ала қолдану үшін тәулігіне 5-10 мл/кг, 2 ай ішу керек. Тағайындалу жолдары: бұлшық етке, көктамырға, ингаляция ретінде, кейде тікелей кавернаға, басқа туберкулез дәрілерімен қосылып беріледі.

Изониазид 0,1; 0,15; 0,2 және 0,3 г түймедағы 1% - 500 мл сироп түрінде және 100 мл флаконда жуу үшін; 10% - 5 мл ампуласы егуге арналған.

Жанама әсерлері: бас ауыру, бас айналу, құсу, лоқсу, жүрек тұсының ауырсынуы, терідегі аллергиялық өзгерістер, ұйқы қашу, шеткі жүйкелердің полиневриттері, көз жүйке невриті, дәрілік гепатит және т.б. әсерлер. Осындай қатерлі әсерлердің алдын алу үшін пиридоксин, тиаминмен қосып беріледі. Соның өзінде де қатерлік әсерлері: неврит, қалтырау, ауыз кеуіп кету, тепе-теңдік жоғалып кетуі мімкін.

Кері көрсеткіштері: қояншық және осыған ұқсас тырысулар, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, асқынған атеросклероз, жүкті әйелдерге, өкпе-жүрек жетіспеушілігінде ІІІ сатысы, артериялық қысымның ІІ-ІІІ сатысында, жүрек тамырының қысылуы, псориаз, экзема, микседема, демікпе және т.б.

Rp.: Sol. Isoniazidi 1% - 100 ml

Sterilisetur !

D.S. Жыланкөзді жуу үшін. 

Рифампицин (рифамор, рифадин, римактан және т.б.) – спектрі кең жартылай жасанды антибиотик, туберкулез микобактерияларына, лепра (алапес), грам оң және грам теріс (стафилококк, менингококк, гонококк) бактерияларға, сонымен қатар, бруцеллез, бөртпелі сүзек және трахома қоздырғыштарына әсерін тигізеді. Оны өкпе және тыныс жолдарының созылмалы аурулары, зәр және өт жолының ауруларының алдын алу үшін қолданады. Менингит, перитонит, эндокардит, остеомиелит және т.б ауруларды емдеуде қолданады.

Рифампициннің қолданылатын мөлшерлері - 0,05; 0,15; 0,3 және 0,45 г қапталған түймедағы № 30 және 100; 0,15 және 0,6 г флаконы егуге арналған. Туберкулезді емдеу кезінде ересектерге мөлшері 0,45 г күніне 1 реттен, 3 жастан асқан балаларға 10 мг/кг тағайындалады. Оны қолданғанда көптеген жанама әсерлері болады: асқазан, бауыр, ұйқы безі, көз қызметтері бұзылады және лейкопения, тромбоцитопения пайда болуы мүмкін. Кері көрсеткіштері: сарғаю, гепатит, сонымен қатар, жүкті және бала емізетін әйелдерге қолданбайды.

Rp.: Rifampicini 0,15
D. t. d; N. 30 in caps.
S. По 1 капсуле З раза в сутки за 30-60 мин до еды 

Этамбутол (диамбутол, миамбутол және т.б.) жасанды дәрі, тек туберкулезді емдеу үшін басқа дәрілермен бірге қолданылады. Мөлшері 0,1; 0,2; 0,4; 0,6; 0,8 және 1 г № 50 және 100, содан соң 0,25 № 250 қапталған түрінде пайданылады. Ішу ретінде мөлшері ересектерге 15-30 мг/кг, балаларға 15-25 мг/кг тәулігіне беріледі. Бұның жалпы жанама әсерлері байқалады, бірақ көбінесе көздің қызметін бұзады. Көздің жүйке және қабыну аурулары, катаракта, ретинопатия кезінде, жүкті әйелдерге қолданылмайды.

Rp.: Tab. Ethambutoli 0,4 № 100


D.S. По 3 таблетки на день, после приема еды. 

Этионамид (тионид, трекатор және т.б.) туберкулез бен лепраны емдеу үшін басқа дәрілермен бірге қолданылады. Бұның түймедағы мен дражесі 0,2 және 0,25 г-нан № 10 және 50 шығарылады. Ішуге арналған мөлшері 0,25 г күніне 3 реттен, балаларға тәулігіне 0,01-0,02 г/кг беріледі. Жанама әсерлері көбінесе асқазаннан байқалады: ішінің ауыруы және кебу, іш өту, лоқсу, құсу және т.б. Асқазан, бауыр ауруларында және жүкті әйелдерге беруге болмайды.

Rp.: Tab. Ethionamidi 0,25 N. 50.


D. S. По 1 таблетке 3-4 раза в день после еды. 

Канамицин аминогликозидтік антибиотиктерге жатады (Антибиотиктер бөлімін қараңыз). Бұл да басқа туберкулездік дәрілермен бірге пайданылады.

Канамицин сульфаты

Саудалық атауы

Канамицин сульфаты



Халықаралық патенттелмеген атауы

Канамицин



Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 1.0 г ұнтақ



Құрамы

белсенді зат - канамицин сульфаты (негізгі канамицинге шаққанда) 1.0 г

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік ұнтақ. Гигроскопиялы.  



Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар.  

Бактерияларға қарсы аминогликозидтік препараттар. Басқа да аминогликозидтер. Канамицин.

АТХ коды JO1GBO4

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұлшық ет ішіне енгізген кезде канамицин сульфаты қан плазмасында ең жоғары концентрацияға 0,5-1,5 сағаттан соң жетеді және препараттың 7,5 мг/кг дозасында 22 мкг/мл құрайды.

Плевралық қуысқа, лимфатикалық, синовиальді және перитонеальді сұйықтықтарға, қан сарысуына, бронх секретіне және өтке өтеді. Өтте ең жоғары концентрацияға 6 сағат ішінде жетеді. Жоғары концентрациялар несепте; төмен концентрациялар өтте, емшек сүтінде, сулы ылғалда, бронх секретінде, қақырықта және жұлын сұйықтығында байқалады. Канамицин сульфатының жоғары концентрациялары қанмен жақсы жабдықталған мына ағзаларда білінеді: өкпелерде, бауырда, миокардта, көкбауырда, және әсіресе бүйректерде, онда канамицин қыртысты затқа жиналады, өте төмен концентрациялар – бұлшықеттерде, май тіндерінде және сүйектерде.

Нормада канамицин сульфаты гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді, алайда ми қабықтары қабынған кезде жұлындағы концентрация плазмадағы концентрацияның 30-60%-на жетеді. Жаңа туған нәрестелердің жұлын сұйықтығында, ересектерге қарағанда, өте жоғары концентрацияда болады; плацента арқылы өтеді (ұрықтың қанынан және амниотикалық сұйықтықтан табылады).

Метаболизденбейді. Жартылай шығарылу кезеңі ересектерде 2-4 сағатты, жаңа туған нәрестелерде 12-18 сағатқа дейінді, жасы үлкендеу балаларда 2,5-4 сағатты құрайды. Көбіне өзгермеген күйінде шумақтық сүзілу жолымен бүйректер арқылы шығарылады (24 сағаттан кейін несепте 70-95%-ы байқалады), бүйрек қызметі бұзылған кезде ересектерде жартылай шығарылу кезеңі, бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесіне қарай, 100 сағатқа дейін өзгеріп отырады, муковисцидозға шалдыққан науқастарда – 1-2 сағат, күйікке шалынған және гипертермияға ұшыраған науқастарда жартылай шығарылу кезеңі, клиренсінің жоғарылауы салдарынан, орташа көрсеткіштермен салыстырғанда қысқа болуы мүмкін.  

Несептегі концентрация плазмадағы концентрациядан 10-20 есе асып кетуі мүмкін, әрі канамициннің белсенділігі несептің сілтілік реакциясында, қышқыл кездегіге қарағанда, едәуір жоғары болады. Өтпен бірге аздаған мөлшерде бөлініп шығады. Гемодиализде (4-6 сағат ішінде 50%-ы) шығарылады, перитонеальді диализде – тиімділігі аз (48-72 сағат ішінде 25%-ы шығарылады).



Фармакодинамикасы

Аминогликозидтер тобына жататын, әсер ету ауқымы кең антибиотик. Төмен концентрацияларда бактериостатикалық әсер береді (микроб жасушаларында ақуыз синтезінің бұзылуы есебінен), жоғары концентрацияда – бактерицидтік (микроб жасушаларының цитоплазмалық жарғақшаларын зақымдайды). Микроб жасушасына өтеді, рибосоманың 30S суббірлігінде ерекше ақуыз-рецепторлармен байланысады. Тасымалдайтын және матрицалық РНҚ (рибосоманың 30S суббірлігі) кешенінің түзілуін және протеин синтезін бұзады.

Көптеген грамоң және грамтеріс мына микроорганизмдерге, сондай-ақ қышқылға төзімді бактерияларға қатысты тиімді: Mycobacterium tuberculosis (оның ішінде стрептомицинге, ПАСҚ, изониазидке және туберкулезге қарсы, виомицинді қоспағанда, басқа да препараттарға төзімді), Escherichia coli, Shigella spp., Salmonella spp., Proteus spp., Enterobaсter spp., Klebsiella pneumoniae, Neisseria gonorrhoeae et meningitides, Staphylococcus spp. Тетрациклинге, эритромицинге, хлорамфениколға, бензилпенициллинге, стрептомицинге және басқаларға төзімді осы микроорганизмдердің штаммдары көп жағдайларда канамицинге сезімталдығын сақтайды.

Pseudomonas aeroginosa-ға, Streptococcus spp.-ға, Bacteroides-ге және басқа да анаэробтық бактерияларға, ашытқы зеңдерге және қарапайымдыларға әсер етпейді.



Қолданылуы

- өкпе және басқа да ағзалардың туберкулезінде (туберкулезге қарсы І және ІІ қатардағы препараттарға төзімді болғанда)



Қолдану тәсілі және дозалары

Емделушіге препаратты тағайындар алдында микрофлораның оған сезімталдығын анықтап алған дұрыс. Канамицин сульфатын бұлшықет ішіне (б/і) немесе көктамыр ішіне (к/і) тамшылатып (бұлшықет ішіне енгізу мүмкін болмаған кезде) және қуыстарға енгізеді.

Б/і бір реттік (0,5 немесе 1 г) дозаны инъекцияға арналған 2 немесе 4 мл суда немесе 0,25–0,5% новокаин ерітіндісінде ерітеді.

К/і бір реттік (0,5 г) дозаны 200 мл 5% глюкоза ерітіндісінде немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде ерітеді және минутына 60–80 тамшы жылдамдықпен енгізеді.

Туберкулезде — б/і, ересектерге — тәулігіне 1 рет 1 г-нан, балаларға — дене салмағының әр кг-на шаққанда 15 мг-нан.

Әрбір 7-ші күні — үзіліс, циклдер саны және жалпы емдеу ұзақтығы аурудың сатысымен және ауру барысының ерекшеліктерімен анықталады.

Шаю үшін қуыстарға (плевралық, буындық) 10–50 мл 0,25% сулы ерітіндісін енгізеді (тәуліктік дозасы парентеральді түрде енгізілетін дозадан аспауы тиіс).

Қуысішілік қолданылу ұзақтығы ауру барысының ерекшеліктерімен анықталады.

Өкпе туберкулезін емдеген кезде инъекцияға арналған ерітіндіні жылы ылғал (температура 35–40 °C) ингаляция түрінде пайдалануға болады. 0,25–0,5 г-ын 3–5 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде немесе дистилденген суда ерітеді, ересектер үшін бір реттік дозасы  — 0,25–0,5 г, балалар үшін — 5 мг/кг; туберкулезде емдеу ұзақтығы — 1 ай және одан астам.

Жағымсыз әсерлері

- жүректің айнуы, құсу, диарея, дисбактериоз, бауыр қызметінің бұзылуы ("бауыр" трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, гипербилирубинемия)

- анемия, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения                                                                                                                                          

- бас ауыру, ұйқышылдық, әлсіздік, нейроуыттық әсерлер (бұлшықеттердің жыбырлауы, құрысулар, ұйып қалу сезімі, шаншулар, парестезиялар, эпилепсиялық талмалар)

- отоуыттылық (құлақтың шуылдауы немесе тығындалу сезімі, естудің нашарлауы қайтымсыз кереңдікке дейін), вестибулярлы аппаратқа уытты әсер ету (қимыл үйлесімінің бұзылуы, бас айналу, жүректің айнуы, құсу), есту жүйкесінің невриті

- нефроуыттылық (протеинурия, цилиндрурия, микрогематурия, альбуминурия), несептің бөлініп шығу жиілігінің артуы/азаюы

- тері бөртпесі, қышу, қызба, демікпелік көріністер, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок

Сирек 

- жүйке-бұлшықет блокадасы (негізінен, к/і және қуыс ішіне енгізген кезде)  



Қолдануға болмайтын жағдайлар

- канамицинге немесе басқа да аминогликозидтерге асқын сезімталдық

- бүйрек қызметінің ауыр бұзылулары

- есту жүйкесінің этиологиясы алуан түрлі невриті  



Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ото- және/немесе нефроуытты әсері бар басқа да антибиотиктермен (стрептомицин, гентамицин, мономицин, полимиксин, виомицин), диуретиктермен (фуросемид) үйлеспейді.

Rp.: Kanamycini 1.0
D.t.d. № 10.
S. По 0.5 два раза в день.

Канамицинді бір еккіште немесе бір инфузиялық жүйеде бета-лактамдық антибиотиктермен (пенициллиндер, цефалоспориндер), сондай-ақ гепаринмен, физикалық-химиялық тұрғыдан үйлеспейтін болғандықтан, араластыруға болмайды. Индометацин, фенилбутазон және бүйректегі қан ағысын бұзатын басқа да ҚҚСД канамициннің организмнен шығарылуын баяулатуы мүмкін. Екі және одан да көп аминогликозидтерді (неомицин, стрептомицин, гентамицин, мономицин, тобрамицин, нетилмицин, амикацин) бір мезгілде және/немесе кейін қолданған кезде олардың бактерияларға қарсы әсерлері бәсеңдейді (микроб жасушасын «қармап қалудың» бір механизмімен бәсекелесуі), ал уытты әсерлері күшейеді. Канамицинді осы антибиотиктермен емдеуді аяқтағаннан кейін кем дегенде 10-12 күннен соң қолдануға болады.

Ингаляциялық наркозға арналған дәрілермен, соның ішінде метоксифлуранмен; кураре тәрізді препараттармен, апиындық анальгетиктермен, магний сульфатымен парентеральді түрде енгізілетін полимиксиндермен бір мезгілде қолданған кезде, сондай-ақ цитраттық консерванттармен бірге қанның көп мөлшерін құйған кезде жүйке-бұлшықет блокадасы күшейеді. Антимиастениялық препараттардың тиімділігін төмендетеді (канамицинмен емдеу кезінде және емдегеннен кейін антимиастениялық дәрілердің дозалары түзетуді қажет етеді).

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде канамицин сульфатын енгізу сызбасы дозаларды азайту арқылы немесе енгізу арасындағы аралықтарды арттыру арқылы түзетіледі.

Канамицин сульфатымен емдеуді бүйрек қызметін және аудиометрияны бақылай отырып жүргізеді — туберкулезді емдеген кезде айына 1 реттен сирек қылмай.

Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде канамицин сульфатымен емдеуді тоқтатады. Тыныстың тарылу белгілері пайда болған кезде препаратты енгізуді тоқтату қажет, қажет болған жағдайда науқастың өкпесін жасанды түрде желдетуге (ӨЖЖ) көшіру керек. Артық дозалануға жол бермеу үшін қандағы антибиотик концентрациясын мезгіл-мезгіл бақылап отыру керек. Ото- және/немесе нефроуыттық әсері бар басқа да антибиотиктермен, диуретиктермен және миорелаксанттармен бірге немесе әрі қарай қолдануға болмайды.

Туберкулезде канамицин сульфатын туберкулезге қарсы негізгі және резервтік препараттармен (стрептомициннен, капреомициннен басқа) біріктіруге болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде тек тіршілік көрсетілімдері бойынша ғана қолдану керек (талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер адамға жүргізілген жоқ). Канамицин сульфаты плаценталық бөгет арқылы өтеді, ұрықтың қан сарысуында ананың қан сарысуы концентрациясының 16-50%-ын құрайтын концентрацияларда байқалады, амниотикалық сұйықтықтардан да табылады. Егеуқұйрықтарға және үй қояндарына жасалған эксперименттерде тератогендік әсер байқалған жоқ. Егеуқұйрықтар мен теңіз шошқаларына жасалған тәжірибелерде тәулігіне әр кг-ға шаққанда 200 мг доза канамицин ұрықтың естуінің нашарлауына әкелгені байқалды. Ұрыққа әсер ету категориясы FDA бойынша – D.

Емделу кезінде емшек емізуді тоқтатқан жөн. Емшек сүтінде концентрация 18 мкг/мл құрайды. Нәрестенің ішек микрофлорасына ықпалын тигізуі мүмкін, алайда АІЖ-дан нашар сіңуі салдарынан болатын басқа асқынулар емшектегі нәрестелерде тіркелген жоқ.  

Педиатрияда қолданылуы

Шала туған нәрестелерге және жаңа туған кезеңде (1 айлыққа дейін) канамицин сульфатын тек өмірлік көрсетілімдері бойынша ғана тағайындайды, өйткені оларда бүйрек қызметі толық жетілмеген, ол Т1/2 артуына және уытты әсерінің көрініс беруіне әкеп соқтыруы мүмкін.   Емдеуді мұқият дәрігерлік бақылау арқылы жүргізген жөн. Уытты әсерлердің пайда болу қаупінің факторлары бар болғанда канамицинның қан сарысуындағы ең жоғары шектегі (Сmax) және қалдық (Сmin) концентрацияларын жүйелі анықтап отырған жөн (фармакокинетикалық мониторинг жүргізу керек). Емдеуді бастағанға дейін және емдеу үдерісінде есту жүйкесінің қызметін (аудиометрия) және бүйрек қызметін (оның ішінде қандағы креатинин мен мочевина деңгейін) апта сайын тексеріп отыру керек. Ото- немесе нефроуыттық әсерінің алғашқы белгілері білінген кезде канамицинді қабылдауды тоқтатады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, автокөлікті немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқарға кезде сақ болған жөн.



Артық дозалануы

Симптомдары: уытты реакциялар (естудің жоғалуы, құлақтың шуылдауы немесе тығындалу сезімі, тыныстың бұзылуы, атаксия, бас айналу, несептің бөлініп шығуының бұзылуы, шөлдеу, тәбеттің нашарлауы, жүректің айнуы, құсу).

Емі: жүйке-бұлшықет берілімі бөгетін және оның салдарын қайтару үшін – гемодиализ немесе перитонеальді диализ, антихолинэстеразалық дәрілер, кальций тұздары, өкпелерді жасанды түрде желдету, басқа да симптоматикалық және демеуші ем.  

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығынмен нығыздап бекітілген, алюминий немесе біріктірілген «FLIPP OFF» қалпақшаларымен қаусырылған, шыны түтіктен жасалған құтыларда белсенді зат 1.0 г-нан.

Әрбір құтыға заттаңбалық немесе жазуға арналған қағаздан жасалған заттаңба, немесе өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылған.

100 құтыдан картон астауы, сол картоннан перделері бар, жылумен беткітілетін полиэтилен үлбірге қапталған. Қаптамаға медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулық салынған. Нұсқаулықтар саны топтық қаптамадағы құтылар саны бойынша салынған.



Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл


Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы. 



Стрептомицин сульфаты – медицинадағы негізгі туберкулез дәрісі болып табылады. Ол туберкулез, туляремия, оба қоздырғыштарына әсер етеді. Бұны қолданғанда бас айналу, жүрек айну, альбуминурия, іш өту, саңырау болып қалу мүмкін. Есту жүйесі зақымданғанда, бүйрек және гипертония ауруларында қолдануға болмайды. Бұның ұнтақтары 0,25, 0,5 және 1 г флаконда егуге арналған. Бір реттік мөлшері 0,5-1 г. Балаларға тәулігіне 15-20 мл/кг беріледі. Бұл дәрі бүйрек пен құлаққа зақым келтіреді, сондықтан қолданғанда сақ болу керек.

Rp.: Streptomycini sulfatis 0,5

D.t.d. № 10.

S. бұлшық етке 2 мл новокаин ерітіндісімен егуге.

 Циклосерин (циклокарин және т.б.) спектрі кең антибиотик, тек бұны басқа туберкулездік дәрілердің күші кеткенде қолданады. Қапталған және түймедақ түрінде мөлшері 0,25 г № 100, күніне 2 реттен аспен бірге беріледі. Балалар үшін тәуліктік мөлшері 0,01-0,02 г/кг. Оның жанама әсерлері орталық жүйке жүйесінен байқалады, сонымен бірге психоз, депрессия, қояншық, маскүнемдік, бүйректің жетіспеушілігі кезінде және жүкті әйелдерге қолданбайды.

 Натрий пара-аминосалицил қышқылы (Немазол натрий, ПАСК-натрий және т.б.) тек туберкулез микобактерияларына әсер етеді. Басқа туберкулездік дәрілермен салыстырғанда тиімділігі төмендеу болғанымен, басқа дәрілермен бірге біраз уақытқа қолдануға болады. 0,5 г ішек-ерігіш түймедағы, 100 г пакетте грануласы және 3% - 250 мл және 500 мл егуге пайданылады. Аптасына 5-6 рет және алмастырып асқазан арқылы беріп отыру керек. 3-4 г-нан күніне 3 реттен, балаларға 0,2 г/кг сүтпен немесе 0,5-2% гидрокарбонатының ерітіндісімен қосып ішкен жөн. Жанама әсерлеріне көбінесе асқазан қызметінің бұзылуы және аллергиялық өзгерістер байқалады. Нефрит, гепатит, цирроз, асақазанның және он екі елі ішектің жарасында және т.б. жағдайларда беруге болмайды.

Rp.: Sol. Natrii para-aminosalicylatis 3% pro injectibus – 250 ml

D.S. Тамырға егу ретінде минутына 30 тамшы, 40-60 тамшыдан асырмайды.



Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар. Оларға биологиялық препарат тар — гамма-глобулин, интерферон, сондай- ақ кейбір химиялық заттар жатады. Гамма — глобулинқан сарысуының белоктық фракцияларының бірі болып табылады; бұл препараттың құрамында микроорганизмдерді — ауру қоздырғыштарды өлтіруге көмектесетін қорғаушы антителолар бар. Оларды қан берушілердің, олардың ішінде белгілі бір жұқпалы ауруға қарсы вакцина егілген қан берушілердің қанынан, вакцина егілген малдың, т. б. қанынан алады. Гамма-глобулин препараттарын тұмау, Боткин ауруы, қызылша, энцефалит, құтыру, және басқа вирустық аурулардың, сондай-ақ бактериялар тудыратын кейбір аурулардың (стафилококк жұқпалы ауруы, көкжөтел, т. б.) алдын алу және оларды емдеу үшін қолданады. Гамма-глобулин организмнің түрлі ауруларға жалпы қарсылық көрсет у д де күшейте алады. Оның аллергиялық әрекеттер және басқа құбылыстар туғызуы мүмкін, сондықтан ол тек дәрігердің ұйғаруымен ғана енгізілуге тиіс.

Лейкоцитті интерферон — организм клеткаларында вирустың енуіне қарсы жетілетін қорғаушы белоктар. Кейбір вирустық аурулардың алдын алу және оларды емдеу үшін пайдаланылады. Тұмаудың алдын алу үшін — ауру етек ала бастаған кезде оны мұрынға күніне 2 рет (ең алдымен 3 айға дейінгі нәрестеге) тамызу керек. Химиялық препараттар да: ремантадин мен оксолинде вирусқа қарсы әрекет етеді. Ремантадинді ересек адамдардың тұмауын бастапқы кезінде емдеу және оның алдын алу үшін қолданады; 0,25 проценттік сүртпе май түріндегі оксолинді (мұрынға жататын) тұмаудың алдын алу үшін пайдаланады.[1]



Вирусқа қарсы қолданылатын дәрілер.

 Вирустар негізінен торшаның ішінде орналасады, құрамында РНҚ немесе ДНҚ болады. Кейінгі кезде осы торшаның ішіндегі вирустарға тікелей әсер ететін заттар табыла бастады.

Вирусқа әсер ететін дәрілер, торшаның ішіне кіріп, ондағы вирус ферментіне әсер етуіне негізделген. Сонымен бірге бұл заттар вирус пен торшаның әрекеттесуінің әрбір сатысына әсер етеді.

Вирусқа қарсы қолданылатын дәрілер мынандай топтарға бөлінеді:

І. Жасанды заттар.

А/ құрамында РНҚ бар вирустарға әсер тигізетін дәрілер.

1/ ретровирустар (АИВ, ЖИТС) – зидовудин (Zidovudine), ставудин (Stavudine), саквинавир (Saquinavirum).

2/ грипп вирустары (ортомиксовирустары) – ремантадин (Remantadinum), оксолин (Oxolinum).

3/ респираторлық вирустар (парамиксовирустар) – рибавирин (Ribavirin).

Б/ құрамында ДНҚ-сы бар вирустарға әсерін тигізетін дәрілер:

4/ герпесвирустар:

а) қарапайым герпес вирустары – ацикловир (Acyclovir) және т.б.

б) цитомегаловирустар – ганцикловир (Ganciclovir).

в) вирус varictlla zoster – ацикловир, фоскарнет (Foscarnet).

5/ поксвирустар (табиғи шешек вирусы) – метисазон (Methisazonum).

ІІ. Биологиялық заттар

6/ гепаднавирустар (гепатиттерге) – интерферондар.

 

1. Ретровирустарға (ЖИТС– жүре пайда болған иммунитет тапшылықты синдром және АИВ – адамның иммунитет тапшылықты вирусы) әсерін тигізетін дәрілер.



Зидовудин (азидотимидин, ретровир және т.б.). Бұл дәріні вирустық ауруларға ЖИТС және адамның иммунитет тапшылығы вирусының (АИВ) алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Бұдан жазылып кетпейді, бірақ адамның науқастығын жеңілдетіп, өмірін созады.

Зидовудин қапталған түрінде 0,1, 0,2 және 0,25 г № 100; 1% - 200 мл сироп түрінде ішуге; ерітіндісі 1% және 2% - 20 мл ампулада егуге арналған.

Зидовудинді қан тамыр арқылы 1-2 мг/кг мөлшерде ақырындап 1 сағатқа созып егеді, күніне 6 реттен 2 апта бойы қолдану керек. Бұл кезде лейкопения, гранулоцитопения, анемия, іш өтуі, бауырдың қызметінің бұзылуы, ұйқысыздық және т.б. жанама әсерлері болады. Көптеген ауыр жағдайларда: гипогемоглобинемия, лейкопения, тромбоцитопения, бауыр циррозы және созылмалы гепатит, бүйрек жетіспеушілігі, жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.

Ставудин (зерит және т.б.) - қапталған түрінде 0,015; 0,02; 0,03 және 0,04 г № 14, 60; ұнтақ түрінде 0,1% суспензиялық ерітіндісін дайындау үшін арналған. Тек бұны адам иммунитет тапшылығы вирусында қолданылады, 1сағат бұрын ас алдында ішеді, мөлшері - 0,03 г (60 кг-ға дейінгі салмақта), ал салмағы 60 кг және одан да жоғары болса мөлшері - 0,04 г болуы керек. Балаларға арналған мөлшері 1 мг/кг 30 кг-ға дейінгі балаларға, ал салмағы 30 кг-нан және одан да асса 0,03 г күніне 2 реттен (12 сағаттан) беріледі.

Ставудинді қолданғанда жанама әсерлері болып тұрады: шеткі жүйкелердің нейропатиясы, асқазан қызметінің бұзылуы, тәбеттің қашуы, ұйқы безінің және бауыр қызметінің бұзылуы, бұлшық ет пен жұлындардың ауырсынуы, лимфоаденопатия, нейтропения, тромбоцитопения, аллергиялық және т.б. өзгерістер. Бауыр мен бүйрек жетіспеушілігінде, бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.



Саквинавир (инвираза және т.б.) - қапталған түрінде 0,2 г № 180 және 270. Бұл дәріні зидовудинмен бірге қосып адам иммунитет тапшылығы вирусына қарсы қолданады, мөлшері 0,6 г әр 8 сағат сайын беріп отыру керек. Жанама әсерлері: асқазан, бүйрек және бауыр қызметтерінің бұзылыстары, панкреотит, шеткі жүйке нейропатиясы, кейбір аймақтың жансыздануы, тырысуы, бұлшық еттің және буындардың ауырсынуы, жергілікті терінің аллергиялық өзгерістері байқалуы мүмкін. Бауыр қызметінің өте ауыр жетіспеушілігінде, бала емізетін әйелдерге, 13 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

2. Ортомиксовирустарға - грипп вирустарына (грипп вирусының А түріне және грипп вирусының А мен Б түріне) әсер ететін дәрілер.



Ремантадин (флумадин, полирем, альгирем және т.б.) – ремантадиннің немесе мидантанның туындысы Паркинсондық ауруға қарсы қолданытын дәрі. Мидантан алғашқы кезде тұмауға қарсы (грипп вирусының А2 түріне) қолданылады, ал қазіргі кезде грипп вирустарының басқа өзгерген штамдары болғасын әсер ете алмайды. Ал ремантадин дәрілері болса алдын ала және жаңа басталып келе жатқан грипп эпидемиясына қарсы жақсы әсер бере алады.

Ремантадин - 0,05; 0,1 г (Флумадин) және 0,139 г (Полирем) түймедақтары; 0,2% - 100 мл (Альгирем) және 1% - 57, 227 және 454 мл (Флумадин) флакондағы сиропы балаларға арналған. Грипп ауруларына қарсы алдын ала және ем ретінде қолданылады. Мөлшері 0,1 г (10 жастан жоғары және ересектерге) күніне 2 рет, 5 күн қатарынан ем ретінде, ал алдын алу үшін 2 апта бойы қолданылады. Балаларға 1 –ден 10 жасқа дейінгі балаларға 5 мг/кг тәулігіне, 2 рет беріледі. Жанама әсерлері шамалы: кейде бас айналып ауырады, асқазанның ауырсынуы, аллергиялық өзгерістердің болуы мүмкін. Бауырдың және бүйректің жедел аурулары болғанда, жүктілік кезінде және тиреотоксикозда қолдануға болмайды.



Оксолин - сыртқы вирустық ауруларға қолданылатын белсенділігі күшті дәрі. Бұны терінің қарапайым және белдеулеу герпесіне, сүйелге, көздің вирустық ауруларына – кератитке және кератоконъюнктивитке, вирустық ринитке, гриппке алдын алу үшін қолданылады.

Оксолин майы түріндегі мөлшерлері 0,25%-дан 0,5%; 1%; 2%; 3%-ға дейін, салмағы 10 және 25 г-нан жағуға пайданылады. Грипптің эпидемиясы басталар кезінде күніне 2 рет (таңертең және кешке) мөлшері 0,25% майын жағып отыру керек, біраздан кейін мөлшерін 0,5% және 1% жеткізіп күніне 3-4 реттен пайдаланған жөн. Емнің ұзақтығы 2-4 аптаға дейін созылады. Сүйелді жою үшін 2% әлде 3% майын күніне 2-3 реттен 1-2 айға дейін қолданады. Бұл майдың зияны жоқ, кейде жаққан жерді дызылдатуы мүмкін.

3.Парамиксовирустарға - респираторлық вирустарға (пневмонияға және бронхитке) әсерін тигізетін дәрілер.

Рибавирин (рибамидил және т.б.) – вирустардың ДНҚ мен РНҚ-ның құрылыстарын тежеп отырады, ал адамның торшаларына әсер етпейді. А және В грипп вирустары түрлеріне; герпестік вирус инфекцияларға (генитальдық герпес, белдемшелік герпес және т.б.); А, В және С гепатиттерге; желді шешекке және қызылшаға әсер етеді.

Рибавирин - түймедақтары мен қаптамалары мөлшері 0,2 г №10 және №12; флакондағы ұнтақтары 6 г, ерітіндісі ингаляция (бүрку) үшін; 7,5% крем 5 г, 15 г және 30 г сықпа ыдыстарында қолданылады. Ересек адамдарға ішетін мөлшері 0,2 г, күніне 3-4 рет. Балаларға беретін мөлшері тәулігіне 10 мг/кг. Грипп ауруы кезінде 3-5 күндей, басқа вирустық ауруларда 7-12 күндей беріледі.

Рибавиринді қолданған кезде қан тамыр қысымы төмендеуі, қалқанша без қызметінің бұзылуы, қан түзілуінің тежелуі мүмкін. Бүйрек және бауырдың жедел ауруларында, тиреотоксикозда, қалқанша безінің және күрделі жүрек ауруларында, гемоглобинопатия, айқын депрессия кезінде, 18 жасқа дейін, жүкті және бала емізетін әйелдерге және т.б. күрделі жағдайларда беруге болмайды.

 

4. Герпесвирустарға - а) қарапайым герпес вирусына (тері және шырышты қабық вирусына, жыныс мүшелері вирустарына, герпестік энцефалит және кератит) әсер ететін дәрілер.



Ацикловир (ацивир, зовиракс, медовир, цитивир және т.б.) - ДНҚ ішіндегі пуриндік нуклеозидке ұқсас келеді. Бұның ең жақсы әсер ететін вирусы қарапайым герпестің 1-ші және 2-ші түрі, содан соң белдемшелік герпеске немесе теміреткіге де тиімді. Ацикловирді басқа да вирустық инфекцияларға қарсы беруге болады, оның ішінде иммунитеті төмен науқастарға және желді шешек кезінде қолданған жөн.

Ацикловирдің түймедақтары - 0,2, 0,4 және 0,8 г-нан №25, 30, 35, 100; қаптамасы 0,2 г; суспензиясы 4% флаконда 60, 80, 100 және 125 мл-ден ішуге; егетін ұнтақтары 0,125, 0,25 және 0,5 г; 5% майы және кремі 2, 3, 5, 10, 15, 20 және 30 г сықпа ыдыста; 3% көз майы 4,5 г сықпа ыдыста шығарылады.

Қарапайым герпеске 0,2 г күніне 5 рет. Белдемшелік герпеске 0,8 г күніне 5 рет. Ем ұзақтығы 5-10 күнге созылады. Қан тамыр арқылы бергенде, жасы 12-ден асқандарға және ересектерге 5 мг/кг, күніне 3 рет. Иммунитеті төмендеген науқастарға 10 мг/кг, тәулігіне (8 сағаттан) 3 рет.

Ацикловирді қолданғанда бас айналу, лоқсу, құсу, іш өту, терінің аллергиялық өзгерістері, лейкопения, тромбоцитопения т.б. өзгерістер болуы мүмкін. Өте қажетті болғанға жүкті әйелдерге және бала емізіп жүрген кезде амалсыз қолдануға болады.

 

4. - б) цитомегаловирустарға (ретинин, колит, пневмония және т.б. ішкі ауруларға) әсер ететін дәрілер.



Ганцикловир (цимевен және т.б.) – қарапайым герпес вирустарына, ал цитомегаловирустарға (ЦМВ) белсенділігі жоғары – олардың ДНҚ құрылысын тежеп отырады. ЦМВ-тар көптеген ауруларда иммунитет тапшылығында, операциядан және химия терапиядан кейін асқыну өзгерістері көбейеді. Сондықтан ганцикловир ЦМВ-тың асқыну әсерінде көп қолданылады.

Ганцикловирдің флакондағы ұнтағы 0,5 г, ерітіндісін егуге және қаптамасы 0,5 г №84 ішуге арналған. Егетін мөлшері 5 мг/кг дене салмағына, изотоникалық натрий хлориді ерітіндісі 100 мл немесе 5% глюкозаның ерітіндісімен бірге беріледі. Ем ұзақтығы 14 -21 күнге дейін. Ішу ретінде 1 г-нан күніне 3 рет немесе 0,5 г-нан тәулігіне 6 рет. Бұны қолданғанда жанама әсерлер болуы мүмкін: асқазан, бауыр, бүйрек, және аллергиялық бұзылыстар кездеседі, сонымен қатар қан қысымының көтерілуі, тромбофлебит, бас сақинасы, психоз, миастения, миалгия және т.б. өзгерістер байқалады. Нейтро- және тромбоцитопенияда, жүкті және бала емізетін әйелдерге қолданылмайды.

 

4. - в) вирус Varicella zoster (белдемшелік теміреткіге, желді шешекке) әсер ететін дәрілер.



Фоскарнет (триаптен, фоскавир және т.б.) – ДНҚ- полимеразды және кері транскриптаза АИВ бөгейді. Қарапайым вирусты герпеске, желді шешекке, белдемшелік герпеске (теміреткіге) және цитомегаловирустарға және т.б. ацикловирге үйреншікті болып кеткен вирусты инфекцияларға және иммунитет бұзылған кезде қолданылады.

Фоскарнет – 2,4% ерітіндісі 250 және 500 мл флаконда егуге арналған. Қан тамыр арқылы тамшылатып, алдымен 5% глюкоза ерітіндісінде немесе натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде 1:1 араластырып беріледі. ЖИТС, вирустік инфекция ауруларында 60 мг/кг мөлшерде 8 сағаттан немесе 90-120 мг/кг 12 сағаттан сайын 18 – 21 күнге дейін беріледі. Қарапайым және белдемшелік герпесте – 40 мг/кг, 8 сағаттан сайын 14-21 күнге дейін қолданылады.

Фоскарнеттің ең улы әсері нефротоксикалығы (бүйректі уландыру), содан кейінгі қатерлері: анемия, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, аритмия, ми қан айналымының бұзылуы, іштің өтуі, минеральдық және электролиттік зат айналымның бұзылуы, тыныс алу және аллергиялық өзгерістер пайда болады. Бұдан басқа нейротоксикалық әсері де байқалады: депрессия, психоз, ұйқы қашу, есінен айырылу, энцефалопатия, неврит, тілі күрмеліп, құлағы шуылдап, көзі қараяды және т.б. бұзылыстар болуы мүмкін.

 

5. Поксвирустарға – табиғи шешек вирустарына (шешек ауруларына) әсер ететін дәрілер.



Метисазон (марборан және т.б.)– шешек вирусының репродукциясын тежейді. Табиғи шешек вирусының алдын алу әсері үлкен. Вакцинация жасағаннан кейін, асқынулардың алдын алу үшін қолданылады. Қайталанатын гениталдық герпеске және вирус Varicella zoster кезінде де қолдануға болады.

Метисазон – түймедағы 0,2 г, ересектер үшін ішетін мөлшері 0,6 г, ал 14 жасқа дейінгі балаларға мөлшері 0,01 г/кг, күніне 2 рет, 4-6 күн қатарынан беріледі. Бас айналу, лоқсу, құсу болуы мүмкін, ондай кезде мөлшерін төмендетсе жанама әсерлері өз-өзінен кетеді. Бауыр мен бүйректің қызметі бұзылғанда, асқазанның аурулары (жарасы, гастрит және т.б.) кезінде қолдануға болмайды. Метисазонды қолданғанда спирттік ішімдіктерді қолдануға болмайды.

 

6. Гепаднавирустары – В және С гепатит вирустары (созылмалы белсенділігі бар гепатитке) әсер ететін дәрілер.



Интерферондар – молекулалық салмағы аздау (15000-25000) келетін белоктар вирусқа және қатерлік ісікке қарсы әсерлігі, иммуномодуляторлық әсері өте жақсы. Қазіргі кезде көбінесе жасанды генді инженерлік тәсіл мен алынған рекомбинанттық α-интерферондар – альфаферон, виферон, локферон, реальдирон, реаферон, интрон А, роферон А; β-интерферондар – бетаферон, рефиб, ферон т.б. және γ-интерферондар – имукан т.б. Бұлардың бәрі вирустық ауруларға, қатерлі ісікке және т.б.ауруларға қолданылады.

Рецепт жазып үйрену.



1.10,0 май 0,25 оксолині (Oxolinum) бар. Күніне 2рет мұрынның шырын қабығына жағу үшін.

Rp.: Ung Oxolini 0,25- 10,0

D. S. Күніне 2рет мұрынның шырын қабығына жағу үшін.

2.Ремантадиннің 0,05 таблеткасынан күніне 1 реттен 10 күн қабылдау үшін

Rp. Tab.Remontadini 0,05

D.t.d №10

S. күніне 1 реттен 10 күн қабылдау үшін



3.Рибамидил 0,2 таблеткасын күніне 3-4 рет тамактан кейiн қабылдауға

Rp.Tab.Ribamidili 0,2

S.тамақтан кейін 3-4 рет қабылдауға

4.Ганцикловир 0,5 күніне 2 реттен күре тамырға 100 мл 0,9% натрий хлорда ерітіп 14күн .

Rp.Gancycloviri 0,5

Natrii cloridi 0,9%-100ml

S. күніне 2 реттен күре тамырға 14 күн.



5.Зидовудин 0,1 –күніне 2 капсуладан 4 рет қабылдауға 5 күн

Rp.Capsulas Zidovudinum 0,1

S.күніне 2 капсуладан 4 рет қабылдауға 5 күн

6.Реаферон 1мл ампуладағы ерітіндісін күніне 1 реттен 10 күнге қабылауға

Rp.Reaveroni 1ml

D.t.d in amp

S. күніне 1 реттен 10 күнге қабылауға

7.Арбидол 0,2 г таблеткасын күніне 4 реттен 20 кун қабылауға

Rp.Tabulettam Arbidoli 0,2

Signa. күніне 4 реттен 20 кун қабылауға

8.3%-5,0 г Ацикловир жақпасын зақымданған жерге жағуға

Rp.Ung.Acycloviri 3%-5,0

D.S. зақымданған жерге жағуға

9.Интерферон альфа 10 000 000 ӘБ күніне 2 рет судағы ерітіндісін мұрынға тамызуға

Rp.Interferon alpha 10 000 000 ӘБ

S. күніне 2 рет судағы ерітіндісін мұрынға тамызуға

10.Виферонның 10 суппозиторийне рецепт жазыңыз. Күніне 2рет белгілеңіз

Rp.Suppositoria Biferonum №10

D.S. Күніне 2рет белгілеңіз

Жеке фармакология тарауының бір бөлімі ; Микробтарға,вирустарға,паразиттерге қарсы дәрілер.Микробтарға қарсы бөлім екіге бөлінеді.



Антисептиктер мен дезинфекциялық дәрілер

Құрамында галогені бар антисептиктер

Тотықтырғыштар

Ауыр металл тұздары

Альдегидтер мен спирттер

Фенол және оның туындылары

Нитрофуран туындылары

Бояғыштар

Қышқылдар мен сілтілер

Детергенттер



Химиотерапевтикалық дәрілер

Антибиотиктар

Синтетикалык микробқа қарсы дәрілер

Туберкулезге қарсы

Мерезге(сифилиске) қарсы

Саңырауқұлақтарға қарсы

Вирусқа қарсы

Қарапайымдыларға(протозойға) қарсы

Құрттарға қарсы дәрілер .

Қарапайымдыларға(протозойға) қарсы дәрілер бірнеше топқа бөлінеді;

А)Трихомонадозды емдеуге арналған

Б)Лямблиозды

В)Амебиазаны

Г)Безгекке(Малярия) қарсы (гематошизотропты,гистошизотропты,гаметотропты)

Д)Токсоплазмозды емдеуге

Е)Балантидиазды емдеуге

Ж)Лейшманиозды емдеуге



Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер.

Трихомониаз (лат. Trichomoniasis) — жұқпалы жыныс ауруларының бірі. Бұл кеселге ерлерге қарағанда әйелдер көбірек шалдығады. Жыныс мүшелері қабынған әйелдерде трихомониаз ауруы жиі кездеседі. Оны қоздыратын трихомонада (Trichomonas vaginalis) микробы тек жыныс мүшелерінде ғана өмір сүре алады, басқа ортада ол тез өледі.

Бұл ауруды негізінен сырқат адам таратады. Ол басқаларға өзінің пайдаланған заттары арқылы да трихомониаз ауруын жұқтыруы мүмкін.

Бұл аурудың белгілері соз белгілеріне өте ұқсас, сол себепті науқасқа диагноз ауру қоздырғыш микроптарды табу арқылы ғана қойылады.

Трихомониазбен ауырған әйелдің жыныс мүшесінен ақшыл жалқаяқ ағады. Күнделікті күймең тіршіліктің ыңғайына қарай жалқаяқ бірде азайып, бірде көбейіп отырады. Ол жыныс мүшесінің айналасын, шап жағындағы теріні түршіктіреді. Терінің түсі қызарып, іседі, қышиды. Емделмеген жағдайда ол жазылмайтын жараға айналады.

Дер кезінде емделсе, трихомониаз ауруынан құлантаза айығуға болады. Сондықтан, секем алған жағдайда, дереу шипагерге көрінген жөн.

Препараттары;Метронидазол(трихопол,флагил,метрогил,клион), тинидазол(фасижин),оринидазол(тиберал)

Лямблиозды емдеуге арналған дәрілер

Лямблиоз — Lamblіa іntestіnalіs қоздыратын, фекальды – оральды механизм арқылы берілетін, латенттік және жедел түрлерінде өтетін, көбінесе ащы ішектің зақымдануымен сипатталатын антропонозды ауру. Сонымен қатар өт жолдарын,бауырды,энтерит,энтероколит,холецистит,дуоденит шақырады.

Ең бірінші аурудың қоздырғышын іші өтіп жүрген балалардың ішегінен бөліп алған орыс ғалымы Д.Ф.Лямбль (1859 ж.) болады. 1888 ж. француз ғалымы Бланхард қоздырғышты лямблия деп атауды ұсынған.

Лямблиозға қарсы препараттар: Метронидазол 0,25 г. х 3 рет,

Rp.:

Metronidazoli

0,25




D. t. d. N 20 in tabul.




S.

5-10 күн. Тинидазол 2 г.(Tinidazoli) ауыз арқылы бір рет, балаларға 50-75 мг/кг Макмирор 400 мг х 2-3 рет, 7 күн, балаларға 15 мг/кг х 2 рет, 7 күн. Альбендазол (немазол) балаларға 10 мг/кг, 7 күн, ересектерге 400 мг х 2 рет, 7 күн. Тиберал 1,5 мг 2 күн. Нимморазол, орнидазол, секнидазол,аминохинол,акрихин, хлорхинальдон.

Амебиазаны емдейтін дәрілер.Амебалар тоқ ішекті одан кейін қан арқылы өкпеге ,миға,бүйрекке өтіп кетеді бұл жағдайды амебалық дизентерия дейді.Симптомдары; қан аралас іш өту, қатты қызу көтерілу,дискомфорт асқазанда,бауырдың ісініп ауыруы .

Препараттары хинифон,энтересептол,мексаформ,интестопан,эметин гидрохлориды(ипекакуана тамыры алкалоиды),хингамин.

Безгекке(Малярия) қарсы препараттар.1880 француз врачы Лаверон ашты. 1640 жылы Хуан дель Вего «хин» ағашының тұндырмасын осы ауруды емдеу үшін қолдануынан басталды

Гематошизотропты-хингамин6хинин6мефлохин,бигумаль,хлоридин ,

Гистошизотропты примахин6хиноцид,

Гаметотропты-примахин,хиноцид,хлоридин,бигумаль

Комбинирленген-фансимер(хлоридин+мефлохин+сульфадоксин),



Фанзидар(хлоридин+сульфадоксин)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет