Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата14.09.2020
өлшемі367.2 Kb.
түріСабақ
Тақырып: Көшпелі өркениет құндылықтары
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көшпелі қоғамның өзіне тән белгілерін, шаруашылық, сауда, кәсіптік ерекшеліктерін көрсету, әлеуметтік-саяси дамуын түсіндіру, ежелгі көшпелілерде мемлекеттік қоғамдық құрылым болғандығын, ондағы басқару жүйесі мен әскери істің дамуы жетілдіріп отырылғанын түсіндіру;

Дамытушылық: Проблемалық сұрақтарды талқылау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, өз бетімен іздену дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Өз елінің өткеніне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Қазақстанда көшпелілер өркениетінің пайда болуы және оның дамуы.
Қазақстанда ежелгі дәуірде мал өсірудің пайда болуы. Археологиялық зерттеулер жерімізде алғаш рет мал өсірудің энеолит кезеңінде-ақ пайда болғандығын көрсетеді. Б.з.д. 3-мыңжылдыққа жататын Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауындағы Сексеуілді қонысынан қолға үйретілген малдың сүйегі табылған. Солтүстік Қазақстанда жүргізген зерттеу жұмыстары энеолит кезеңінде Арқайым, Ботай қыстақтарын мекендеген тұрғындардың мал өсіруде жылқы малына ерекше көңіл бөлгендігін дәлелдеп отыр. Бұл кездегі мал өсіру алдымен қолға үйретуден басталған.

Қазақстанда қола дәуірі кезінде отырықшы мал өсіру болған. Мал басының құрамында өнімі жақсы ірі қараның басым болуы тұрғындарды шөп дайындауға мәжбүр еткен. Мұндай жұмыстың тұрмысқа енуіне қола орақтардың табылуы дәлел. Ал шөп орудың, оны жинаудың пайда болуы адам өмірінде егін шаруашылығының да дами бастағандығын көрсетеді. Сөйтіп қола дәуірінің алғашқы кезінің өзінде отырықшы мал өсірумен қатар алғашқы жер өңдеу кәсібі өмірге енді.

Мал өсірудің екінші кезеңінде адамдар үй хайуанаттарының ішінде қой, жылқы және түйе малын көптеп өсіре бастаған. Ол тарихи тұрақжайларды зерттеу кезінде сүйектерінің табылуымен анықталды. Әсіресе қой сүйегі көп кездеседі. Қоныстарда мал бағуға мініс аттарды пайдаланатын жүген, жүгенге қажетті сүйек сағалдырықтар сияқты т.б. құрал-жабдықтар табыла бастады. Тұрғындар мал басының өсуіне байланысты жаңа жайылым жер іздеп, қонысынан басқа жерге көшкен. Мұның өзі енді үй жанындағы бақташылықтан жайлауға шығарып мал өсіру тәсіліне өткендігін керсетеді. Ал бұл тәсіл жазғы және қысқы жайылымдардың тұрақты бөлінуіне әкеліп, қола дәуірінің соңында тұрғындар көшпелі мал шаруашылығына көше бастады. Дегенмен осы кездің өзінде мал өсірумен қатар аздап болса да жер өңдеу кәсібі бірге жүргізілді.

.

Көшпелі өркениеттің Қазақстандағы көріністері. Жерімізде жүргізілген археологиялық зерттеулер қола дәуірінің соңғы кезінде (б.з.д. IX—VIII ғғ.) түрғындардың материалдық мәдениеті жағынан айтарлықтай жаңалықтар болғандығын керсетеді. Ескерткіштердің (зираттар, қоныстар) сыртқы көріністері өзгере бастаған, тұтыну бұйымдарының да сапасы мен түрінде өзгерістер байқалады. Ал жануарлар сүйектерінің арасында қой мен жылқы сүйектері алдыңғы кезеңге қарағанда әлдеқайда басым болған. К.Акышевтің пікірі бойынша, бұл жаңалықтар қоғамның жаңа түрі — көшпелі мал өсірудің пайда болуын көрсетеді. Ғалым маусымдық жайылымдар мен су көздерін белісу осы кезден басталған деп есептейді.



Алғашқы темір дәуірінің археологиялық ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары жерімізде көшпелі өркениеттің болғандығын толығымен дәлелдеп отыр. Жетісу аймағындағы Есік, Бесшатыр обаларының, Шығыс Қазақстандағы Берел, Сырдария бойындағы Түгіскен, Үйғарақ, т.б. обаларының зерттелуі сақ тайпаларының өркениетті мемлекет дәрежесінде өмір сүргендігін көрсетеді. Обалардан алынған материалдар әлеуметтік теңсіздіктің болғандығын аңғартады. Бүдан шығатын корытынды, өркениеттілік тек жер шаруашылығымен айналысып, отырықшылықта материалдық өнім өндірушілермен шектеліп қалмаған.

Қоғамдық құрылыс. Қола дәуірінің соңғы кезеңінің өзінде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуына байланысты әлеуметтік теңсіздіктің керіністері байқалды. Оны Солтүстік Қазақстанда Андронов мәдениетінің, Орталық Қазақстанда Беғазы-Дәндібай мәдениетінің зерттелген ескерткіштерінен көруге болады. Ал темір дәуірі кезінде құрал-жабдықтардың темірден жасалып, өндіргіш күштердің өсуі, басы артық өнімнің көбеюі коғамдағы теңсіздікті бұрынғыдан да тереңдете түсті. Жерге қауымдық меншіктің пайда болуы, малға жеке меншіктің тууы қоғамда қанаудың жаңа түрлерінің қалыптасуына әсер етті.

Сақ жауынгерлері

Алғашқы рулық қатынастардың ыдырауы нәтижесінде тайпа және тайпалық одақтар пайда болды. Ал тайпалық одақтардың бірігуі әскери-демократиялық басқару билігін күшейтті. Демократияның күшеюі б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасында алғашқы мемлекеттік ұйымды өмірге әкелді. Жерімізде мемлекеттік құрылымның қалыптасуы өте баяу жүріп, бірнеше жүздеген жылдарға созылған. Жетісу аймағындағы "Патша обаларына" — құрылыс жүйесі ерекше Бесшатыр немесе Есік секілді обаларға жүргізілген зерттеу жұмыстары адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің, мемлекеттік құрылыстың болғандығын айқын көрсетеді.

Сақтардың кезінде биліктің жоғарғы тұғырында хан, ірі байлар, әскербасылар тұрған. Жоғарғы таптың өкілдерінен салт атты жауынгерлер құрылған. Ал төменгі сатыдағы тәуелді адамдар мен қызметшілерден жаяу әскер жасақталған. Соғыста қолға түскендерден құл, күңдер ұстаған. Үйсіндер патшасын "күнби" десе, ғұндар "тәңірқұты" деп атаған. Ал үйсіндердің бүкіл елді басқаратын қоғамдық ұйымы болды. Олар дулу, яғни басуәзір, қолбасы, оңқа, даргу, абыз, улысбегі, ордабегі сияқты мемлекетті басқарушылардан тұрған. Мұндай басқару жүйесі барлық көшпелі мемлекеттерде ұқсас болған.

Көшпелі қоғамдағы әскери іс. Көшпелілер өздерін сыртқы жаудан қорғауға да, жаңа қоныстар иелену үшін де әскери дайындығы жоғары болуын талап еткен. Грек тарихшысы Геродот: "Скифтерді ешбір жау әскерлері қуып жете алмаған", — десе, екінші бір деректерде: "Сақтардың барлығы бірдей әскер қатарында қызмет еткен" дейді. Ежелгі дәуір деректерінде "сақтардың жорыққа шығар алдында өздері құрбандыққа шалған мал терісінің үстіне отыруы салт" екендігі айтылған. Мұндай салтқа қатынасқандар соғыс кезінде ұйымшыл болып, жауға күйрете соққы берген. Сақтарда жаудың негізгі күшін жою үшін құрылған ерекше "атты әскер топтары" болған, олар аяқ астынан шабуылға шығып, жаудың орталық күштеріне соққы берген. Олардың аттарында да, өздерінің үстінде де темірден, мыстан жасалған сауыттары болған. Сырдарияның орта ағысына жүргізілген археологиялық зерттеулерде сондай сауыт қабыршықтары табылған. Мұның өзі темір дәуірінің тайпалары сақ, сарматтардың соғыс кезінде сауыт кигендерін дәлелдейді. Олар жорыққа атқа мінгесіп бірге шықса, шабуыл кезінде мінгескендер аттан түсе салып, қоян-қолтық шайқасатын болған. Алдымен олар жауға у жағылған жебелерін жаудырса, одан кейін айбалта, найза, семсер, селебе сияқты қарулармен кескілескен ұрыс жүргізген. Сарбаздың найза, айбалта, садақ, семсер (қылыш), күрзі сияқты бес қаруы болған. Ер адамдар осы бес қарудың бірін асынып жүрмесе, ешкім оған орын бермеген.

Осындай жақсы қаруланған сақ сарбаздарын атақты парсы патшасы Кирдің, гректің даңқты қолбасшысы А.Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайын) де әскерлері жеңе алмаған.

V. Жаңа сабақты пысықтау үшін сұрақтар: (10-минут)

  • Көшпелі өркениет қай кезден басталды?

  • Көшпелі өркениеттің болғандығын кандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?

  • Ежелгі Қазакстанда мемлекеттік коғамдық құрылым болғандығын неден көреміз?

  • Көшпелі қоғамда әскери іс қалай жүргізілді?

  • Көшпелілердің әскери кару-жарақтарының түрлерін атап айтыңдар.

  • "Ер қаруына", яғни бес каруға қандай қару-жарактар жатады?


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет