Сабақтың нөмірі: 54 Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар, олардың құрамы, жіктелуі, аталуы



Дата14.08.2020
өлшемі281.22 Kb.
түріСабақ
Химия пәні бойынша 8 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 54
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар, олардың құрамы, жіктелуі, аталуы.

Мақсаты: 8.3.4.8-қышқылдардың жіктелуін, аталуын білу және түсіну


  1. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).


Күнделікті өмірде қолданылып жүрген азық түліктердің көбінің қышқыл дәмі болады. Оларға қышқыл дәм беретін заттар қышқылдар деп аталады. Қышқылдармен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Мысалы, жаңбырдың суы ол таза көрінгенімен, оның құрамында еріген көптеген заттар бар. Жаңағы айтқан ауадағы кездейсоқ газдар суда еріп қышқылдар түзеді де, қышқылдық жаңбыр ретінде жерге түседі, ал ол табиғатқа және адамдарға өте зиян. Біздің ағзамызда да қышқылдар бар (асқазанда – тұз қышқылы, аминқышқылдары ақуызды түзеді, ал олар біздің бұлшық еттерімізді түзеді).  Егер орманда құмырсқаның илеуінің жанында көп отырып қалсаңдар, құмырсқаның шаққан жерлері көпке дейін ашиды. Себебі, құмырсқа тек шағып қана қоймай, жараға құмырсқа қышқылын жібереді. Үйде салат жасағанда, консервілегенде сірке қышқылы, лимон қышқылы қолданылады. Сонымен, қышқылдар біздің айналамызда жиі кездеседі. Екі қасиетіне сүйеніп, қышқылдарды  екі топқа бөлеміз. Бірінші, сапалық  жағы, құрамында  оттегінің болу болмауы, екінші, сандық құрамы, қышқылдағы  сутегінің саны.

Қышқылдар – құрамында металл атомдарымен алмаса алатын бір немесе бірнеше сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.



Қышқылдардың жіктелуі.

Қышқылдардың жіктелуі

1. ОТТЕГІ АТОМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ:

ОТТЕКТІ


ОТТЕКСІЗ

HNO3 ,H2SO4

H2CO3,H3PO4

HF, HCl,

HBr, HI, H2S

Сутегі атомына байланысты.

Бір негізді


Екі негізді


Үш негізді


HCl

HNO3


H2S

H2SO4


H3PO4


Қышқылдардың және қышқыл қалдықтарының аталуы.

Қышқылдың формуласы

Қазақша атауы

Қышқыл қалдығының атауы

HCl

Тұз қышқылы

Cl- хлорид

HNO3

Азот қышқылы

NO-3 нитрат

H2SO4

Күкірт қышқылы

SO2-4 сульфат

H2CO3

Көмір қышқылы

CO2-3 карбонат

H3PO4

Орта фосфор қышқылы

PO3-4Орто фосфат

CH3COOH

Сірке қышқылы

CH3COO- ацетат

Қышқылдардың құрылымдық формуласын құрастыру.


2.Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).
Оқулық: 8 сынып  § 44. 156-160 беттер

https://www.twig-bilim.kz/film/acids-and-alkalis-part-1-5730/

https://twig-bilim.kz/kz/film/acids-and-alkalis-part-1

http://www.curriki.org/xwiki/bin/view/Coll_rmlucas/AcidsBasesSalts_0

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/273e6145-6cc8-fe8a-376e-9765c4e8a054/index.htm

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/273e6145-6cc8-fe8a-376e-9765c4e8a054/index.htm
3.Оқушыларға арналған тапсырмалар

Тапсырмалар: /Барлық тапсырмаларды жұмыс дәптерлеріңізге орындаңыздар/

1-тапсырма.

?+Н2О→HNO2 ? +Н2О→H3PO3 ?+Br2→HBr

2-тапсырма.

Мына оксидтерге сәйкес қышқылдардың формулаларын жазыңдар:

N2O5, N2O3, CI2O7.

3-тапсырма.



Массасы 48 г магниймен қанша күкірт қышқылы әрекеттеседі?

Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет