Сабақтың тақырыбы : Жгут салу үшін қолданылатын материалдар, жгут салу кезінде жіберуге болмайтын қателіктер



Дата27.04.2020
өлшемі1.27 Mb.
түріСабақ

11 - сынып

Сабақтың тақырыбы :

Жгут салу үшін қолданылатын материалдар, жгут салу кезінде жіберуге болмайтын қателіктер







АӘжТД пәні мұғалімі:



Мақсаты :

Оқушыларға жгут салу , жгут салу кезінде жіберуге болмайтын қателіктер туралы түсінік беру .



Оқу сұрақтары

1. Жгут салу үшін қолданылатын материалдар

2. Жгут салу кезінде жіберуге болмайтын қателіктер .

3. Көктамырлардан және ұсақ тамырлардан аққанқанды

тоқтату әдістері .

4. Бинтпен таңудың негізгі түрлері , ұстап тұрушы байламдар.

5. Қысып тұратын байламды таңу тәртібі.

Қан кету

Қолқа тамырдан қан кету , көк тамырдан қан кету,қыл тамырдан қан кету, паренхиматоздық болып бөлінеді.

Қан кетуді тоқтату тәсілдері:

-қысып тұрып байлам салу

-жгут салу

-қолқа тамырды бармақпен сүйекке қысып ұстау

-қол-аяқты буыннан барынша бүгу (егер жара буынның жанында болса)

-жараланған жерді көтерінкі орналастыру.

Қан кету кезінде ең алдымен, қандай қан тамырлары – күретамыр, артерия, капиллярлар зақымданғанын біліп алу қажет. Осыған байланысты алғашқы жәрдем көрсетіледі. Артерия зақымданған кезде қан ақшыл қызғылт түсті болады және жарадан атқылайды. Артерия қаны жүректен периферияға түсетіндіктен, қан ағуын зақымданған жерден жоғары жердегі тамырды басу қажет. Артерияны сүйекке қатты қысу арқылы қысуға болады. Егер қан кету иықтың, иық маңының және қолдың орташа және төменгі үштен бір бөлігіндегі жарадан болса, иық артериясын басу қажет, егер қан кету иық буындары, қолтық асты, бұғана аймағындағы жарадан кетсе, онда бұғана немесе ұйқы артериясын басу қажет. Егер аяқ жақтан қан кетсе, онда жамбас артериясын басады.

Ширатпаны салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ қолға салады, бұл жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктігін бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуды күшейтуі мүмкін ал, қатты тартылған ширатпа жүйкені зақымдауы мүмкін.

Таяқшаны бұрау арқылы, жгутты қысып қан тоқтағанша тартады.

Артериядан қатты қан кетуді уақытша тоқтатудың ең сенімді төсілі — зақымданған аяқ-қолға қан тоқтатуда қысатын жгут салу, яғни айнала қысу болып табылады. Көп жағдайда Эсмархтың резина жгуті пайдаланылады. Ол жоқ болса, онда қолда бар: резина түтік, сүлгі, белбеу, арқан, орамал және т.б. материалды пайдалануға болады. Балалар үшін арнайы қан тоқтататын жгуттер болады, жгутті иыққа, білекке, сан мен балтырға жарадан жоғары, бірак мүмкіндігінше оған жақын салады



Артериядан қан кету

Жгутті төмендегіше тәсілмен салады. Аяқ-қолдың белігін сүлгімен немесе бинттің бірнеше қабатымен орайды. Содан кейін зақымданған аяқ-қолды көтереді, жгутті тартып, жұмсақ тіндерді қысу үшін аяқ-қолды 2-3 рет айналдырып орайды және жгуттің ұшын ілмек пен тізбек көмегімен бекітеді, ал олар жоқ болса, түйіндеп байлайды. Жгуттің дұрыс салынғандыгы жарадан қан кетудің тоқтатылуынан, аяқ-қол үшын-дағы тамыр соғысының жоғалуынан және терінің жамылғыш қабатының бозаруынан керінеді. Жгут салу кезіндегі ерекшеліктер:

1)жгут салу артериядан катты кан кету кезінде қолданылуы тиіс;

2)жалаң теріге жгут салу оның қыеылуына, кейде тіпті өліп кетуіне әкеп соғуы мүмкін;

3)жгутті жарадан жоғары жерге салу қажет;

4)жгутті дүрыс тарту (әлсіз қан кетуді күшейтеді, тым қатты болса, нерв діңін басып тастайды).



Қысқыш таңғыштар қою ережесі.

Қысқыш таңғыштар көбіне аяқ-қолдан қан кеткенде қолданылады. Венадан және капиллярдан қан кеткенде, кысқыш таңғышты қою жеткілікті. Бұл үшін жеке таңғыш пакеттері мен асептикалық таңғыштарды пайдалануға болады.



Басқа: "чепец" таңғышы ыңғайлы және берік болып саналады, ол бинт жолағы арқылы төменгі жақ астына бекітіледі. Бинтті әрбір ораған сайын тік ленталардан асыра тастау арқылы оны біртіндеп барған сайын тік ете отырып, басты толық жапқанша орайды. Осыдан кейін бинтті тік лентаға бекітеді. Лента ұштарын иек астына бант түрінде байлайды, бұл бүкіл таңғыштың беріктігін қамтамасыз етеді.

Қолға: саусаққа спиральді таңғыш салу білезік аумағында біркелкі айнала жүрістен басталады, содан кейін бинтті қолдың сырты арқылы қиғаштап бас бармаққа әкеледі. Осы жерде спиральді айналыммен саусақ түбіне дейін бинттеледі. Қолдың сырты арқылы бинт білезікке апарылып, осы жерде бекітіледі. Осындай таңғыш барлық саусаққа

Кеудеге: спиральді (150-сурет) таңғыш салады. Бинттен 1,5 м бөлік кесіп алып, бір үшы арқада, ал бір үшы кеудеге салбырап түратындай етіп сау білекке қояды, семсер түріндегі ұшынан әжептөуір төмен айнала жүріспен бинтті бекітеді, осыдан кейін төменнен жоғарыға спираль секілді айналдыра барлық кеуде клеткасын қолтық астына дейін орайды және осы жерде айнала жүріспен бекітеді. Бинттің бос салбырап түрған бөлігін (1) оң иықтан әрі тастап, арқада салбырап тұрған шымен байлайды.

Ішке: іштің жоғарғы бөлігі үшін жоғарғы жақтан бинттің кәдімгі спи-раль таңғышы қолданылады. Іштің төменгі бөлігіндегі таңғыш іштің спиральді таңғышының жамбас таңғышымен біріктірілуінен тұрады (151-сурет).

Аяққа: сан аумағында иілмелері бар спиральді таңғыш қолданылады, айқыш түріндегі таңғыш жүрістері арқылы санның жоғарғы үштен бір бөлігіне бекітіледі; тізе буыны аумағында — аяқты бүгіп

Сұрақтар мен тапсырмалар .

Жгут салудың ерекшеліктерін айтыңдар;

Таңудың түрлері қандай ?

Қысқыш таңғыштарды қоюдың ережесі;



Үйге тапсырма

мәтінді оқу , тапсырмаға жауап беру

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет