СабақТЫҢ тақырыбы: 10-бөлім. Қиял –ғажайыптар әлемі Оқу мақсаты



Дата01.05.2020
өлшемі2.81 Mb.

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: 10-бөлім. Қиял –ғажайыптар әлемі

Оқу мақсаты:

7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.

7.О5. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

7.ӘТН4.4.4. Оқшау сөздер түрлерін ажырата білу, қолдану.


Қызығушылықты ояту


ТЫҢДАЛЫМ МӘТІНІ

Қиял –ғажайыптар әлемі

Қиял - адам іс –әрекетінің қандай түрінде болмасын қажетті үдеріс. Қиял әлеміне баулу – адамзаттың бәріне тән психологиялық үрдіс. Мәселен, жазушы өзінің шығармасына таңдайтын кейіпкерлердің бейнесін өз қиялында жасайды. Суретші салайын деген суретін ойша көз алдына келтіреді, яғни қиялдайды. Ал, оқытушы сабаққа дайындалған кезде, оқушыларды қалай тыңдайтынын, олардан қалай, нені сұрайтынын, олардың қалай жауап беретіндерін елестетеді. Тәрбие жұмысын жүргізе отырып, педагог ойша белгілі бір психикалық қасиеттері бар адам бейнесін жасайды және соны оқушысынан көргісі келеді. Көркем шығарманы оқығанда, не болмаса мазмұнын айтқанда оқушы шығармадағы оқиғаны ойша елестетеді. Кейде оқушының сабақты түсінбеуінің себебі, мұғалімнің айтқаны мен оқулықтағы ақпаратты ойша елестете алмағанынан болады.

Мектеп оқушысының шығарма жазу кезінде қиялдың рөлі зор. Біріншіден, қиял - оқушының дамуына әсер ететін бірден –бір күш. Екіншіден, қиялдың арқасында кейіпкердің тамаша образы жасалады. Адам соған ұқсауға тырысады. Сондықтан да көптеген жастар мен жасөспірімдер сүйікті кітап кейіпкерлеріндей болғылары келеді.

3-тапсырма. Мәтінді тыңдап, түсінгеніңді айт. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер. Мәтіннен термин сөздерді тауып мағынасын түсіндір

Сұрақтарға жауап бер:
  • Қиял деген не?
  • Қиял адамға ғана тән қасиет пе? Неге?
  • Қай өнер адамына қиял ерекше әсер етеді?
  • Оқушыға қиялдың қажеттілігі қанша?

4-тапсырма. Мәтіннен оқшау сөздері бар сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жаса.

Мәселен, жазушы өзінің шығармасына таңдайтын кейіпкерлердің бейнесін өз қиялында жасайды.

Суретші салайын деген суретін ойша көз алдына келтіреді, яғни қиялдайды.

Ал, оқытушы сабаққа дайындалған кезде, оқушыларды қалай тыңдайтынын, олардан қалай, нені сұрайтынын, олардың қалай жауап беретіндерін елестетеді.

Біріншіден, қиял - оқушының дамуына әсер ететін бірден –бір күш.

Екіншіден, қиялдың арқасында кейіпкердің тамаша образы жасалады.

Рефлексия. «Не жақсы?»

  • Рефлексия. «Не жақсы?»
  • 1. «Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба?

    2. «Сіз әрқашан бұдан әрі қарай не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз бе?»

  • Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болады?»
  • Үйге тапсырма: Оқшау сөздерді қатыстырып ғылыми фантастика туралы өз ойын жазып келу



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет