Сабақтың тақырыбы: Ауа массалары. Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы



Дата25.04.2016
өлшемі63.54 Kb.
түріСабақ



География сабағы, 8 - сынып


Ақжар ауданы

Бестерек орта мектебі

Абдыкеева К.А.


Сабақтың тақырыбы: Ауа массалары.

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы

туралы білім қалыптастыру. Арктикалық, қоңыржай және

тропиктік ауа массалары ерекшеліктері туралы

қалыптасқан білімдерін тереңдету.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін, салыстыра отырып

қорытындылау, электрондық оқулықпен жұмыс істеу

дағдыларын қалыптастыру.

3. Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше ізденуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдіс-тәсілдер: электрондық оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, географиялық

диктант, кестемен жұмыс.



Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық және климаттық карталары,

электрондық оқулық, компьютер, проектор, слайдтар, атлас.



Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақ мақсатын, міндетін айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


  1. а) Климат қалыптастырушы факторлар

б) Күн радиациясы.

2. Бекіту. Тест орындау.




  1. Белгіленген жердегі ауаның көпжылдық қайталануы:

А) ауа райы

Ә) климат

Б) атмосфера

В) атмосфералық қысым.

2. Қазақстан климаты қандай факторлармен анықталады?

А) күн радиациясы

Ә) атмосфера циркуляциясы

Б) жердің төсеніш беті

В) барлығы.

3. Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиациясының қосындысы:

А) жиынтық

Ә) жұтылған

Б) шағылысқан

В) шашыранды.

4. Қазақстан аумағы қандай климаттық белдеуге жатады?

А) экваторлық

Ә) арктикалық

Б) тропиктік

В) қоңыржай.

5. Қазақстанның климаты қоңыржай белдеудің қандай типіне жатады?

А) теңіздік қоңыржай

Ә) континентті

Б) шұғыл континентті

В) муссондық.

6. Қазақстанның солтүстігінде жылдық жиынтық радиация мөлшері :

А) 100 ккал.

Ә) 155 ккал.

Б) 18 ккал.

В) 15 ккал.

7. Күн радиациясының Жер бетіне түсуі байланысты

А) географиялық ендікке

Ә) атмосфераның мөлдірлігіне

Б) күн сәулесінің түсу ұзақтығына

В) барлығына.


ІІІ. Қызығушылықты ояту.


«Ой қозғау» негізінде жаңа сабақтың тақырыбын ашу:

  1. Ауа массасы деген не?

  2. Ауа массаларының қандай түрлері бар?

  3. Еуразия аумағының үстінде ауа массаларының қандай түрлері қалыптасқан? Олардың қайсысы Қазақстан климатына өз әсерін тигізеді?

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Жоспар:

а) Атмосфераның циркуляциясы.

б) Ауа массалары (арктикалық, қоңыржай, тропиктік).


  1. Электрондық оқулықты пайдаланып, «Ауа массалары» тақырыбының мәтінін тыңдау.

  2. Тақтада № 1,2,3,4,5 слайдтары көрсетіледі.

Слайд №1
Ауа циркуляциясы

Атмосфера әрқашан қозғалыста болады. Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары пайда болады.Олардың өзіне тән температурасы ,ылғалдылығы, мөлдірлігі болады. Ауа ағындарын құрайтын ауа массалары қозғалысқа түскенімен, ұзақ уақыт бойы өз қасиеттерін сақтай отырып, сол келіп жеткен өңірлердің ауа райын қалыптастырады.

Слайд №2


Арктикалық ауа массасы
Солтүстік Мұзды мұхит үстінде және оның жағалық құрлықтар мен аралдарында қалыптасады. Арктикалық континентті ауаның температурасы қыста да жазда төмен, сондықтан ылғалды көп ұстап тұра алмайды. Ауа өте мөлдір құрғақ ақ болады. Бұл ауа солтүстіктен, көбінесе қыста енген кезде Қазақстанда антициклонды ауа райы орнайды.
Слайд №3
Қоңыржай ауа массасы
Материктің орта ендіктерінде қалыптасады, өйткені Қазақстан түгелімен қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Батыстағы Атлант мұхитынан келетін ауа теңіздік қоңыржай ауасы деп аталады. Бұл ауа Қазақстанға жеткенше өте ұзақ жолдан өтіп, ылғалының көп мөлшерінен айырылып жетеді.
Слайд №4

Тропиктік ауа массасы


Қазақстанға Орта Азия мен Иран аймағынан келеді. Континенттік тропиктік ауаны Иран ауасы деп те атайды. Бұл ауаның келуі жазда байқалады. Қазақстанның қиыр оңтүстік аудандарын қамтиды. Арал теңізінің солтүстік жағалауы мен Балқаш көлінің арасын қосатын сызыққа дейін жетеді.Дәлірек айтқанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарын қамтиді.



  1. Электрондық оқулық және слайдтар бойынша бағыттау сұрақтар қою:

а) Атмосфера циркуляциясының Қазақстан климатын құруда маңызы

қандай?


ә) Қазақстан климатына ауа массаларының қандай түрлері әсер етеді?

б) Ауа массаларының түрлері қандай ауа райын қалыптастырады?

в) Ауа массаларының қасиеттері неге байланысты болады?

4. Өз беттерінше жұмыс: ЭО пайдаланып, ауа массаларының түрлеріне

(арктикалық, қоңыржай, тропиктік) сипаттама беру. Жұмыстың

қорытындысын кестеге толтыру.




Қазақстанға әсер ететін ауа массалары

Қалыптасатын аймағы

Ауаның қасиеті

Қыста және жазда ауа райының өзгеруі

Континенттік ауа массасы

Теңіздік ауа массасы

Арктикалық ауа массасы













Қоңыржай ауа массасы













Тропиктік

ауа массасы
















Сергіту сәті. «Мен саған, сен маған» ойыны.

V. Жаңа тақырыпты бекіту.


Географиялық диктант.

1. Біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығы.

2. Ауа массаларының түрлері.

3. Республика аумағындағы ауа массаларының типтері.

4. Бұл ауа массасы Қазақстанға Орта Азия және Иран аймағынан келеді.

5. Бұл ауа Қазақстанға жеткенше өте ұзақ жолдан өтіп, ылғалының көп

мөлшерінен айырылып жетеді.

6. Бұл ауа солтүстіктен, көбінесе қыста енген кезде Қазақстанда антициклонды

ауа орнайды.

7. Бұл ауа массасы Қазақстан аумағында ұзақ уақыт тұрақты қоңыр салқын

континенттік ауа қасиетіне ие болады.

8. Батыстағы Атлант мұхитынан келіп, материктің орта ендіктерінде қалып-

тасады.

9. Бұл ауа массасы Солтүстік Мұзды мұхит үстінде және оның жағалық



құрлықтар мен аралдарында қалыптасады.

10. Бұл ауаның келуі жазда байқалады, Қазақстанның қиыр оңтүстігін қамтиды.


VІ. Тақырыптың қорытындысы.


Республика климатына арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары әсер етеді. Қыс айларында Сібір антициклонның тармағы ықпалынан қарсыз суық күндер болады. Арктикалық ауа массалары көктемгі үсіктердің күшейуіне әкеліп соғады. Қоңыржай ауа массалары жауын-шашын әкелсе, тропиктік ауа массалары көбінесе оңтүстікте құрғақшылықтың болуына себепкер.

VІІ. Үй тапсырмасы.


  1. 21 параграф.

  2. Өздерің тұратын жерде қандай ауа массалары басым? Олар жергілікті климатқа қандай әсерін тигізеді?



VІІІ. Бағалау.


Каталог: sites -> default -> files -> posled -> sko
sko -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
sko -> Сабақтың тақырыбы: § 11. Табиғат кешені Сабақтың мақсаты
sko -> Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамымен таныстыру
sko -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ерте кездегі көшпелілер мәдениетінен түсінік беру
sko -> Сабақтың тақырыбы: Көне қалалар.Қазақстанның қалалары
sko -> Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры. Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларды 9 саны және цифрымен таныстыру
sko -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрікті орындары Сабақтың максаты
sko -> Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі»,
sko -> Сабақтың тақырыбы: Оттектің химиялық қасиеттері. Жану
sko -> Математика 2- сынып


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет