Сабақтың тақырыбы Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». «Ұшқан ұя повесінің жанрлық ерекшелігі»



Дата26.01.2020
өлшемі24.96 Kb.
түріСабақ
«Бекітемін»______________________Марданова М.С

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

« »________________2020ж

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Ю.Гагарин атындағы орта мектебі

ІІІ Махаббат және абырой

Уақыты:

27.01

мұғалімнің аты-жөні:Салауатова Н

Сыныбы: 8 а,ә

қатысқаны: 13

қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». «Ұшқан ұя повесінің жанрлық ерекшелігі »

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау;

Сабақ мақсаты

Романның сюжеттік желісімен, ондағы танымдық, тағылымдық ой-пікірлерімен танысу.

Бағалау критерийлері

әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін таниды, сюжеттік желісімен танысады.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: ұя, ұлттық-рухани тамыр, мемуарлық роман, сюжет, жанр т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, шығарма желісіне сай ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы жеке/топта жұмыс жасау, жауапкершілік және ұлттық, отбасылық құндылықтар оқушы бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың маңызы.

Этнографиямен байланыс. Қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері.



Алдыңғы білім

Төменгі сыныптарда Б.Момышұлының әңгімелерін оқиды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4
5-6



1. Ми шабуылы.

Дана халқымыздың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қанатты сөзінің астарында не жатыр? (өмір шындығы, қазақы философия)



2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

МД слайд
1-таратпа


Сабақтың ортасы

7-8


9-10

11-20


21-27

28-30


3. Жаңа сабақты меңгерту.

а)Автор туралы қысқаша мәлімет беру.

Бауыржан Момышұлының жауынгерлік, қолбасылық, шығармашылық ғұмырының мағыналы болуының сырын ұшқан ұя, өскен ортасымен байланыстыруға болады. Әжесінің бесік жыры мен әлдиін тыңдап өскен, үлгі-өнеге, ақыл-кеңестерінен нәр алған батыр Бауыржан қазақтың мақтанышына айналды.

ә) https://bilimland.kz/kk/courses/

audiochrestomathy/11-synyp/proza/lesson/18-bauyrzhan-momyshuly-ushqan-uya-romany-5

сілтемесі бойынша «Ұшқан ұя» мемуарлық романы туралы аудиомәтінді тыңдатуға болады.



Ж/Т. Оқушыларға шығарманың алғашқы тарауы бөлініп беріледі. Үзіндіні белгіленген уақытта оқып болғаннан кейін «INSERT» (түртіп алу) кестесімен жұмыс жасайды. Әуелі бірінші бағанын, қалғанын рет-ретімен толтыруы сұралады.


Мен мұны білемін

Мен үшін жаңа

Мен басқаша ойладым

Қызықты

































Кестемен жұмыс аяқталғаннан кейін жазғандарын топ ішінде дауыстап оқып талқылайды.


Қабілеті жоғары оқушылар ойлана отырып оқиды әрі кесте бөліктерін толтырады, ал қабілеті төмендеу оқушылар жалпы мазмұнын білуге тырысады.
Дескриптор

- шығарма мәтінін оқиды;

- INSERT кестесімен жұмыс жасайды;

- жазғандарын топта талқылайды.


4. Топ мүшелерінің жауабы критерийге сай бағаланады, мұғалім сындарлы кері байланыс береді.
3-тапсырма. Сұрақты жұпта талда. Валелогия пәнінің тақырыбымен байланыстырып айт.

        • Автордың отбасына қандай баға берер едің?

        • Кейіпкердің әпкесін ұзату кезіндегі дайындықтан қазақ халқының ұлттық ерекшелігін, қыз балаға деген көзқарасын байқауға бола ма? Үш мысал келтір

        • Бұл шығарма гендерлік теңдік туралы ма, теңсіздік туралы ма?

        • Қазақ отбасы қандай болу керек?

2-таратпа




Сабақтың аяғы

31-36


37-40

5. Үш минуттық эссе (бір абзац) жазу

Тақырыбы: «Ел болам десең, «Ұшқан ұяны» оқы!»

Оқушылар жазғандарын шеңбер бойымен оқып, өзара бағалайды.

6. Рефлексия «Сұрағы не?»

Оқушыларға өткен оқу материалынан бір мысал айтылады да, «сұрағы не?» деп сұралады, ал оқушылар берілген жауапқа дұрыс сұрақ қоя білуі керек. Екі топтан екі оқушы тақтаға шақырылады. Бірінші жауап берген ойыншы жеңеді де, оның тобы бір ұпай алады. Жаңа жарысушылар келесі раундқа тақтаға келеді.



7. Үйге: Роман мәтінін оқу.

3-таратпа


Достарыңызбен бөлісу:



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет