Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр мен Алдар көсе. Үш сом. Кімнің баласы. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата17.05.2020
өлшемі35.23 Kb.
түріСабақ
Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр мен Алдар көсе. Үш сом. Кімнің баласы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балаларға аңыз-әңгіме туралы, оқушылардың түсініктерін кеңейту

Дамытушылық: Балалардың өз ойын еркін айтуға айқын да дәлелді тілмен сөйлеуге дағдыландыру. Мәтіндегі негізгі мән – мағынасын ашу.

Тәрбиелік: Балаларды үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу. Тапқырлыққа шешендікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Қожанасыр мен Алдар көсенің суреті т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

2. Өзімді таныстыру.

3. Оқушыларды түгендеу

4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2. Үй жұмысын тексеру

а)Балалар сендер өткен сабақта не өттіңдер? (Төрт-түлік малдың ішіндегі түйе мен сиырды)

ә)Кәне, балалар кім айтамын дейді?

б)Түйенің сыртқы келбеті қандай? (Екі өркешті үлкен)

в)Түйенің пайдасы қандай (Терісінен киімдер, етінен тағамдар жасайды.)

г)Түйе қай жақта мекендейді? (Құмды жерлерде)

Түйе туралы сұрағаннан кейін оқушылардан сиыр туралы сұрау.



а)Сиырдың сыртқы келбеті қандай? (Мүйізі бар, үлкен)

ә)Сиырдың пайдасы бар ма? (Бар)

б)Сүтінен нелер жасалынады? (Құрт, май, ірімшік т.б.)

в)Етінен нелер жасалынады? (Тағамдар)

г)Терісінен ше? (Киімдер, алаша, кілем)

Жақсы балалар түйе туралы, сиыр туралы жақсы біледі екнсіңдер.



3.Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдынан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Біп-биік болып өседі.

4. Жаңа сабақ.

Ал енді балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз аңыз - әңгімелер.



Аңыз – белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Аңыздағы әңгіме тарихта болған адам төңірегінде құрылады.

Сол сияқты балалар аңыз-әңгімелерге жататын кейіпкерлер олар Асан Қайғы, Қорқыт ата, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр т.б. Сонымен балалар, біздің бүгінгі өтейін деп отырған тақырыбымыз Қожанасыр мен Алдар көсе.



Алдар көсе ол – халық арасында таралған топтама күлкілі аңыз-әңгімелердің қаһарманы, тапқыр ұнамды бейне қара халық өкілі.

Сол сияқты осы Алдар көсенің аңыз - әңгімелері көп және де Қожанасырдың да көптеген аңыз - әңгімелері бар.

Ал енді кітаптарыңның 33 бетін ашыңдар мен сендерге Қожанасыр мен Алдар көсе туралы әңгімені оқып берейін. Сендер мұқият тыңдаңдар. Мұғалім оқып береді. Кәне балалар не түсіндіңдер? Кім айтамын дейді?

1.Алдар көсе Қожанасырға қандай сұрақ қойды? (Көлден неше шелек су шығады екен)

2.Қожанасыр қалай жауап берді? (Осы көлдей шелек тапсаң, бір ақ шелек шығады - депті)

3.Неге Қожанасыр олай жауап берді? (Өйткені бұл жерде Қожанасырдың тілге шешен екенін көре аламыз)

Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Ал енді балалар Қожанасыр мен Алдар көсенің Үш сом әңгімесін оқиық, мен оқимын сендер мұқият тыңдаңдар. Мұғалім оқып шығады. Кәне балалар кім айтамын дейді? Не түсіндіңдер?



1.Қожанасыр Алдар көсеге қандай тапсырма берді? (Үш сомға бір қой сатып әкел деп)

2.Алдар көсе тапсырманы қалай орындады? (Аңқау, момын шалды алдап)

3.Олжалы болған кім? (Қожанасыр)

Ал енді балалар мәтінді рөлге бөліп оқиық. Оқушыларға мәтінді рөлге бөліп оқытқызу. Балалар енді кітаптарыңның 34 бетін ашыңдар, онда Кімнің баласы? әңгімесін мен оқимын, сендер тыңдаңдар. Ал балалар кім түсінгенін айтамын дейді? Не түсіндіңдер?



1.Бала не тауып алды? (Бақыр теңге)

2.Қожа баладан не талап етті? (Кімнің теңгесі екенін, халықтан сұра – деп талап етті)

3.Бала не деп айқай салды? (кімнің ақшасы)

4.Қожа балаға не үшін риза болды? (тауып алған ақшасын, кімдікі деп сұрағаны үшін, риза болды)

5.Баланың орнында сен болсаң не істер едің?

Сөйлемнің соңындағы сөйлемнің мағынасын ашатын мақал – мәтелді табайық? (Кімнің баласы болсаң да, әкең сияқты адал екенсің?)

Әке, бала туралы қандай мақал – мәтелді білесіңдер?

1.Шешеге қарап қыз өсер,

Әкеге қарап ұл өсер.

2.Әкеге бағыну – Аллаға бағыну,

Әкеге қарсылық – Аллаға қарсылық.

3.Әкесін сыйламаған кісіні, баласы сыйламайды.

Кімнің баласы әңгімесінсахналап, рөлге бөліп ойнату.



5. Қорытынды: Бүгінгі өткен тақырыпты қорытындылау.

6.Үй жұмысы: Осы тақырыптарды мазмұндап келу.

7.Бағалау:
Каталог: uploads -> doc -> 057e
doc -> Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!
doc -> Знаменитые трезвые люди планеты
doc -> Апарат верховної ради україни інформаційне управління відділ інформаційно-бібліотечного забезпечення
doc -> Технические характеристики горелок газовых серии гкс
doc -> Региональная энергетическая комиссия свердловской области
doc -> М. Ушачи Белоусов Степан Гаврилович
doc -> Городской поселок россоны захоронение в мемориальном сквере
doc -> Райффайзен Банк Аваль модернизировал контактный центр


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет