Сабақтың тақырыбы: Қорғаныстағы жауынгер. Шабуылдағы жауынгер



Дата15.09.2020
өлшемі39.6 Kb.
түріСабақ

Топ

Күн









  1. Сабақтың тақырыбы: Қорғаныстағы жауынгер.Шабуылдағы жауынгер

  2. Сабақтың мақсаты: Қорғаныстағы шабуылдағы жауынгердің міндеттері шабуыл кезіндегі іс-әрекеттері,атыс қаруын және басқада құралдарды пайдалану реттерін меңгерту.

  3. Уақыты: 80 мин.

  4. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар:АӘД кітабы

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –20 мин.

  • ұрыстағы жеңіс кімге байланысты? 
  • жауынгердің ұрыстағы міндеттері. 


  • жауынгерге өз міндетін орындау үшін не қажет? 


  • жауынгер жаяу ретпен қимылдау кезінде қандай қозғалыс тәсілдерін қолданады?



б) Негізгі бөлім – 35 мин.

Сарбаз қорғаныста өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайды. Оның негізгі міндеттері- өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, шабуылдарына тойтарыс беріп, өз бекіністерін қорғап қалуы. Сарбаз қорғаныстағы өзінің орнын тек командир бұйрығымен ғана тастап кете алады. Қорғаныста әрбір сарбаз қарсыластың қайда тұрғанын және олардың атысты қай бағытты жүргізіп жатқанын білу керек. Қай кезде командир пәрменімен бойынша атысты бастау керек.Бөлімше командирінің орнын білу қажет.Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер мүмкіндігі болса, тізерлей және тұрып ату үшін оқпананы тереңдетеді.Тізеден ату үшін 60 см-ге дейін қазады, ал тұрып ату үшін 110 см-ге дейін тереңдету керек.

Тәуліктік күндізгі уақытында сарбаз өз қаруын және түнгі көру аспаптарын түнгі атысқа дайындайды.Түнде атысқа топпырақтан шымнан қалқа жасайды.Оқпана қазу үшін ұрыс барысында,сарбаз үздіксіз қарсыласқа бақылау жасайды және өз байқағандары бойынша командирге баяндап отырады.Бұл кезде оқпанадан шығуға болмайды.

Шабуылға өтер алдында қарсылас әдетте атыстық дайындық жүргізеді, кейде ядролық соққы жасауы да мүмкін.Ядролық жарылыс жарығын байқаған сәтте оқпананың түбіне бетті жерге

қаратып дереу жата қалу керек.Ядролық соққы толқыны өткеннен кейін қарсылас шабуылын тойтаруға дайындалу керек.Егер оқпанаға танкілер жақындаса, сарбаз оны 15-20 метр қашықтыққа келгенше күте тұру керек, ыңғайлы сәтті тауып, танкінің шынжыр табаны астына танкіге қарсы гранатты лақтыру керек.Егер танкіге оқ тимей оқпанаға тақап келсе,сарбаз оқпанадан атып шығып оның неқұрлым осал жеріне қайтадан гранатаны лақтыру керек.Танкіні жойғаннан кейін, оның артында келе жатқан жаяу әскерді жояды.Жақын қашықтықтан танкі, пулеметпен көздеу атысын жүргізе алмайды. Оқпана қабырғалары танк өткеннен кейін құламайды.Қарсылас жаяу әскері оқпанаға 30-40метр жақындаған кезде, сарбаз оларға қарсы гранаттар лақтырып, оларды өз қаруынан атып жояды.Егер қарсыластың жекелеген сарбаздарына қорғаныстың алдыңғы шебіне шығуға мүмкіндік туса, сарбаз оларды атыспен, гранатпен,сондай-ақ сүңгі және дүмбімен жояды.Айналып өтіп келе жатқан не тылдан шабуыл жасаушы қарсыласқа қарсы атыс жүргізуге ыңғайлы болу үшін сарбаз қосалқы оқпана немесе байланыс жолдарындағы ұяға орналасу керек.

Шабуылды ұрыс кезіеде сарбаз бөлімше құрамында әрекет етеді.Сарбаз іс-әрекетінің, қимылының табысты болуы оның шабуылға дайындығына байланысты.Бөлімше командирінен тапсырма алып, сарбаз бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс.Түнде шабуылға дайындалған кезде сарбаз бұдан басқа қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді.Түнде көздейтін автоматтары мен пулеметтері бар сарбаздар өз қаруларын тексереді.

Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты сарбаз қарсыласқа атыс жүргізеді,«Шыбуылға дайындал!» пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды. «Шабуылға,алға!» пәрмені бойынша сарбаз оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жеделдетілген адыммен алға қозғала бастайды, бұл кезде ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітілген арлықты сақтауы тиіс. Қарсыласқа ұрыс алаңында бақылау жасауға және көздеу атыс жүргізуге мүмкіндік бермеу үшін сарбаз өз қозғалысын қарсыласқа оқ атумен үйлестіреді.

Ядролық жарылыс ұшқынын байқаған сәтте, жергілікті жер бедерлері мен жергілікті заттарды пайдалана отырып, жарылысқа қарама-қарсы жаққа басын қойып, бетті жерге қаратып, тез жата қалу керек.Соққы толқынынан осылайша қорғануға болады. Соққы толқыны өткеннен кейін дереу тұрып, жауынгерлік міндетті орындауды жалғастыру керек.

Қарсылас иеленген орға 25-30 м-ге дейін жақын келгенде саррбаз өз қаруын сол қолға ұстап, қозғалысын тоқтатпай, орға қол гранатын лақтыру керек.Алғы шептегі аман қалған қарсыласты сарбаз орға түспей оқпен немесе сүңгі пышақпен жояды. Шабуыл барысында сарбаз ұрыс алаңын үнемі бақылап, өз байқағандары туралы командирге баяндап тұрады.Нысананы көрген сәтте сарбаз оны атыспен, ең алдымен, пулемет пен гранатамен зеңбірек есептобын жояды.Жер үсті қарсыласымен ұрыс жүргізе отырып, сарбаз қарсыластың төмен ұшқан ұшақтарына қарсы атыс жүгізуге дайын болу керек. Ашық жерде оларға қарсы атыс жатып, тізерлей немесе тұрған күйде жүргізіледі. Тірек ретінде жақын жердегі жер заттары қолданылады.Бөгеттерден сарбаз арнайы өтпелер арқылы өтеді. Сымды бөгеттерден, қол астындағы заттарды пайдалану арқылы өтеді.



в) Қорытынды бөлім – 15 мин. 
Сұрақтар : 

-Қорғаныстағы сарбаз

-Шабуылдағы сарбаз

Үй тапсырмасы: 5 минут 121-123бет оқу конспект Аманжолов.К.Тасболатов.Д "АӘД"

Бастапқы әскери даярлық пәнінің



ұйымдастырушы оқытушысы:

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет