Сабақтың тақырыбы: Оттектің химиялық қасиеттері. Жану



Дата28.04.2016
өлшемі52.92 Kb.
түріСабақ
Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Бестерек орта мектебі

Химия пәнінің мұғалімі

Даньяров Қанат Дүйсенбайұлы

8 – сынып



Сабақтың тақырыбы: Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға оттектің көмір, күкірт, фосфор, темір

т.б. заттармен әрекеттесетін химиялық қасиеттерін,

күрделі заттармен әрекеттесуін және тиісті реакция

теңдеулерін жаза білуге үйрету.



2. Қарапайым химиялық тәжірибелер жасап, ойлау

қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін арттыру,

химиялық тілін дамыту, периодтық жүйемен және

электрондық оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын

қалаптастыру.

3. Сабақ барысында оқушыларға экологиялық,

эстетиалық тәрбие бере отырып шапшаңдыққа,

ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Интерактивті оқыту әдісі.

Көрнекіліктер: Периодтық жүйе, электрондық оқулық, интерактивті тақта, үлестірмелі карточка, кестелер, тәжірибе жасауға қажетті заттар.

Қолданылатын әдебиеттер: әдістемелік нұсқау, журнал «Химия мектепте», есептер жинағы.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру.

  2. Сабақтың мақсаты мен міндетін айту.

  3. Екі топқа бөліп, сұрақ-жауап әдісімен үй тапсырмасын тексеру.


  • Оттектің ауа атмосферасындағы көлемдік және массалық үлестері қандай?

  • Жер қыртысында ең көп тараған элементті атаңдар. Солардың ішіндегі оттектің үлесі қандай?

  • Глюкозаның C6H12O6 құрамында қанша процент оттек бар екенін табыңдар.

  • Алюминий оксиді табиғаттағы боксит құрамында 25% мөлшерінде кездеседі. 1 т бокситтегі алюминийдің және оттектің массалық үлесін (%) есептеп шығарыңдар.

  • Оттекті қалай жинайды?




  • Оттектің жалпы сипаттамасын айтыңдар.

  • "Оттек элемент" және "оттек жай зат" деген ұғымдардың арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.

  • Судағы H2O, құмдағы SiO2 оттектің массалық үлесі (%) қанша екенін есептеңдер.

  • "Оттексіз тіршілік жоқ" дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Зертханада оттекті қалай алады?

(электрондық оқулық калий

перманганатынан оттекті алу)



  • Өнеркәсіпте оттекті қалай алады?

  • Оттекті қалай анықтауға болады?


Өткен тақырып пен жаңа тақырыптың байланысы

Электрондық оқулық (есептер бөлімі № 7, 8)



Жаңа тақырыпты түсіндіру

1. Жай заттардың оттекте жануы.

Электрондық оқулық (көрсетілім № 2, 3, 4.)



Көміртектің оттекпен әрекеттесуі: С + О2 = СО2

көміртек


(IV) оксиді
Күірттің оттекпен әрекеттесуі: S + O2 = SO2

күкірт

(IV) оксиді

Фосфордың оттекпен әрекеттесуі: 4P + 5O2 = 2P2O5

фосфор


(V) оксиді
Темірдің оттекпен әрекеттесуі: Fe + O2 = Fe3O4 немесе FeO ∙ Fe2O3

темір қағы


2. Күрделі заттардың оттекте жануы.

Оқулықпен жұмыс 64 беттегі 7 – кестені түсіндіру.

64 беттегі қортынды ережелерді оқушылармен талқылау

Жаңа тақырыпты бекіту


  • Электрондық оқулық (есептер бөлімі № 12)

  • Үлестірмелі қағаз арқылы жеке тапсырма беріліп, магний, кремний, кальций, сутек, алюминий, натрий элементтерінің оттегімен әрекеттесу реакциясы теңдеулерін құрып теңестіру.




  • Химиялық қарапайым тәжірибелер.

Тәжірибе №1 «Алма неге қараяды

Тәжірибе мақсаты: алмаға оттектің әсерін көрсету.

Керекті құрал жабдықтар: алма, С дәруменінің таблеткасы.

Тәжірибенің орындалуы:

  1. Алманы екіге бөлу.

  2. Таблетканы ұнтақтап, алманың бір жартысының кесілген жеріне себу.

  3. Алманың екі бөлігін де ашық күйде біраз уақыт қалдыру.

  4. Екі бөліктің үстерін салыстыру.

Нәтиже: С дәрумені себілген алманың түсі өзгермейді, ал екінші бөлік қоңыр түске енеді.
Тәжірибе №2 «Сутек асқын оксидінің ыдырауы».

Тәжірибе мақсаты: картоп тілігі арқылы сутектің асқын оксидін су мен оттекке айналдыру.

Керекті құрал жабдықтар: сутек асқын оксиді, шикі картоптың тілігі, стақан.

Тәжірибенің орындалуы:

  1. Стақанға жартылай сутегі асқын оксидін (Н2О2) құю.

  2. Оған шикі картоптың тілігін салу.

  3. Не болғанын бақылау.

Нәтиже: газ көпіршіктері бөлінеді.


    • «Кім тапқыр?»

Интерактивтік тақтада тапсырмалар орындау.

Көп нүктенің орнына тиісті элемент таңбасын қойып, теңдеуді теңестіріңдер.

а) Н2О2 → … + … б) … + О2 → P2O5

ә) ... + НСІ → ZnCI2 + H2 в) ... + ... → Li2О


«Танымдық ойындар» (жұмбақтар шешу)

Исі де, дәмі де жоқ ұсталмайды,

Ол болмасы, тіршілік, өмір де жоқ.

Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шық (оттек).

Табылған соң жерден 105 элемент,

Жерді үлкен дене дейміз керемет.

Бірақ бөлсек әрқайсысына еншісін,

Екеуіне төрттен үші келер еді.

Атаңдар сол элементті,

Құрап тұрған кереметті. (оттек және кремний)
Бірі жанып, бірі қолдап жануды,

Екі элемент бізге бұрын танылды.

Өрт болып еді, сөндіруге көп адам,

Қосылысын алып соған ағылды. (оттек, сутек және су)


Тірі ағзалар онысыз тіршілік ете алмайтын газ. (оттек)
Сабақты қортындылау. Оқушылар кесте толтырады.


Не білдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?










Мұғалімнің қортынды сөзі:

  1. «Өзің менің оттегім,

Өмірім сенсіз жоқ менің» демекші, тіршіліктің тынысы болған – оттектің қасиеттерін оқып – үйрену – химия пәнінің жетістігі.

  1. Қоршаған ортамыз, ауамыз таза болу үшін оттектің қажеттілігі. Жасыл желектерді отырғызу, көбейту керек.

Үй тапсырмасы: § 22, (4 – 9) тапсырмалар 65 – бет.

Бағалау.




Каталог: sites -> default -> files -> posled -> sko
sko -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
sko -> Сабақтың тақырыбы: § 11. Табиғат кешені Сабақтың мақсаты
sko -> Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамымен таныстыру
sko -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ерте кездегі көшпелілер мәдениетінен түсінік беру
sko -> Сабақтың тақырыбы: Ауа массалары. Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы
sko -> Сабақтың тақырыбы: Көне қалалар.Қазақстанның қалалары
sko -> Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры. Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларды 9 саны және цифрымен таныстыру
sko -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрікті орындары Сабақтың максаты
sko -> Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі»,
sko -> Математика 2- сынып


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет