Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Сабақтың типі: білімді меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап



бет11/20
Дата25.04.2016
өлшемі2.96 Mb.
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Қалау рай

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, қалау райдың жасалу жолын түсіндіру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1 . Рай категориясы дегеніміз не? 2. Райдың неше түрі бар?

3.Ашық рай қалай жасалады? 4. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылдың, іс-әрекетті қалауын ,соған ынтасын, ниетінбілдіреді де белгілі бір жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Жетсе игі еді, айтқайсың.



Жаттығумен жұмыс: 177-жаттығу . Көшіріп жазып қалау райлы етістіктердің астын сызыңдар.

Ашық рай шартты рай


Қалау рай бұйрық рай


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?

6. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 180-жаттығу. бұйрық райлы етістіктерді тауып,қалай жасалғанын көрсетіңдер.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Есімшенің түрленуі

Сабақтың мақсаты :

а) Есімшенің түрлену жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?

6. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Есімше-сөйлемде екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп келіп етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп есім қызметін атқарады.



Есімшенің тәуелдену үлгісі Есімшенің септелу үлгісі

І айтқаным А. Айтқан Ж. айтқанда

ІІ айтқаның І айтқанның Ш. айтқаннан

Айтқаныңыз Б. Айтқанға К. айтқанмен

ІІІ айтқаны Т. айтқанды

Жаттығумен жұмыс: 184-жаттығу. Берілген есімшелерді оңаша және ортақ түрде тәуелдеңдер.

Айтар, баратын, білген, оқитын



Жеке оқушылармен жұмыс: тапқан, барған,білетін, тозбас деген есімшелерді ауызша септеңдер.

Тақтамен жұмыс: Тәуелденген есімшелерді қатыстырып,сөйлем құрастырып, морфологиялық талдау жүргізеді.

Көргенім,келетіні,жазатының, көмектескеніңіз,бармайтыны, тыңдағанымыз.



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Есімшенің түрлену жолын түсіндір.

  2. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады.

  3. Етістіктің неше шағы бар?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Есімшенің жұрнағы арқылы жасалған мақал- мәтелдер жазып, олардың түбірі мен қосымшаларын ажыратыңдар.
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Есімшенің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты :

а) Есімшенің сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру, сөйлемдерді синтаксистік талдауға машықтыру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Есімше әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан,ыңғайына қарай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады.



Бастауыш

баяндауыш

толықтауыш

анықтауыш

пысықтауыш

Есімше атау септікте тұрып заттанып,бастауыш қызметін атқарады.

Есімше жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады.

Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.

Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады.

Есімше барыс және жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін атқарады.

Үнсіз күліп тұрған-бағанағы шәкірт бала.

Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін.

Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім

Көшкен ауылды іздеп табалық

Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап.

Жаттығумен жұмыс: 192-жаттығу. Есімшелерге тұлғалық талдау жасап,олар сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңдар.

Жеке оқушылармен жұмыс: Мақал-мәтелдердегі есімшелердің есімдерше түрленген тұлғаларына талдау жасаңдар.

1.Тойдың болғанынан боладысы қызық

2. Қолы қимылдағанның аузы қимылдар.

Тақтамен жұмыс: Тәуелденген есімшелерді қатыстырып,сөйлем құрастырып, морфологиялық талдау жүргізеді.

Көргенім,келетіні,жазатының, көмектескеніңіз,бармайтыны, тыңдағанымыз.



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Төмендегі етістіктерден әр түрлі есімшелер жасаңдар да, түрлендіріп қолданыңдар.

Жаз,көмектес, кел, айт, сөйле, ізде, көр, түсін



Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Көсемшенің түрленуі

Сабақтың мақсаты :

а) Көсемшенің түрленуін, жасалатын жұрнақтарын меңгерту;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. Есімшенің түрлену жолын түсіндір.

  2. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады.

  3. Етістіктің неше шағы бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Көсемше де есімше сияқты екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте жұмсалады. Көсемше де жіктеліп немес күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары болып,нақты қимылды білдіріп, етістік қызметінде қолданылса,енді бірде қимылдың амалын білдіріп, үстеу қызметінде қолданылады.

Көсемше мына жұрнақтар арқылы жасалады.

1) -а,-е,-й: айта, бере, ойлай;

2) -ып,-іп,-п; айтып, беріп, ойлап;

3) -ғалы,-гелі,-қалы,-келі түрі жіктелмейді.



Жаттығумен жұмыс: 201-жаттығу . Көшіріп жазып көсемшенің жасалу жолын және қай жақта жіктелгенін ажыратып айтыңдар.

Жеке оқушылармен жұмыс: Берілген көсемшелерді жекеше, көпше түрде жіктеңдер.

Көріп, оқып, біле, сұрай, айта



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Көсемшенің қандай ерекшелігі бар?

  2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  3. Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 180-жаттығу. бұйрық райлы етістіктерді тауып,қалай жасалғанын көрсетіңдер.
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты :

а) Көсемшенің сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру, сөйлемдерді синтаксистік талдауға машықтыру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. Көсемшенің қандай ерекшелігі бар?

  2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  3. Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Көсемше жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында негізгі етістік көсемше тұлғалы болып,ал көмекші етістік жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады.

Көсемше қимылдың, іс-әрекеттің амалын, жай-күйін, мақсатын, себебін, мезгілін білдіріп,пысықтауыш қызметін атқарады. Т.б

Жаттығумен жұмыс: 206-жаттығу . Көшіріп жазып көсемшелерді тауып,сұрақ қою арқылы олар сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңдар.

Топпен жұмыс: Мөлшерлі уақыттың ішінде көсемшенің үш түрін келтіріп,сөйлемдер жазады. Мысалды көп және дұрыс жазған топ ұтып шығады.

Тақтамен жұмыс: Мақал-мәтелдерден көсемшелерді тауып, олардың қай жақта жіктеліп тұрғанын айтыңдар және тұлғалық талдау жасап,сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңдар.


  1. Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады.

2. Досы көпті жау алмайды,



Ақылы көпті дау алмайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Көсемшенің қандай ерекшелігі бар?

  2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  3. Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 208-жаттығу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.
Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру;
Жапонияда жаңа жылды қарсы алу дәстүрі
Жапондар жаңа жылды түнде қарсы алмайды. Олардың Жаңа жылы біздің түнгі сағат он екіде емес,ертеңіне бірінші қаңтар күні, таңмен бірге басталады. Таң алдында жапондар үйлерінен шығып,көтеріліп келе жатқан жаңа жылдың алғашқы күнін салтанатпен қарсы алады. Сауық-сайран содан кейін басталады.

Кісіге сыйлық тарту-жапон ұғымында үлкен құрмет. Сондықтан Жаңа жыл күні әдемі кимоно киген әйелдер мен барын үстіне киіп, сәнденіп шыққан еркектер біріне-бірі шама-шарқынша сыйлық тартады. Жапондар Жаңа жыл дәстүрі бойынша, көшеге қолдарына қарағайдың ,тал, қарақаттың бұтақтарымен безелген бамбук шыбық ұстап шығады. Жапон халқының ырымы бойынша,қолына бұл күні әлгіндей әшекейлі бамбук ұстап шыққан адамға Жаңа жыл қарағай жасының ұзақтығы ,бамбуктың беріктігі,тал, қарақаттың тез өсетін қасиеттері дариды-мыс. («Ғалым ғажаптары» кітабынан.) (107 сөз)
Тапсырма: Мәтіннің ішінен етістікті тауып қай шақта тұрғанын анықтаңдар.

Үйге тапсырма : көсемшенің түрленуін қайталау


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Қатемен жұмыс
Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын тексеру:

Жіберілген қателер бойынша тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді жазып буынға бөліп, фонетикалық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің түрленуі

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына,ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу;.

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.түсіндіру, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі : плакат,үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. семшенің қандай ерекшелігі бар?

  2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  3. Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі.Мағынасы жағынан ол қимылдың,іс-әрекеттің атын білдіреді де,шақпен де,жақпен де,байланысты болмайды Сөйтіп,тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да,жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у.

Тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың,көбіне қимылдың атын білдіріп,зат есім болып кеткен. Тілімізде көскеу,( отты, шоқты көсейтін темір),сабау(жүнді сабайтын шыбық),егеу(темірді егейтін құрал)сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған.

Тұйық етістік тікелей септеле де,тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді.

Кітаппен жұмыс: 210-жаттығу Көшіріп жазып, тұйық етістіктердің астын сызыңдар.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Оқушыларға мақал-мәтелдер айтқызып,тұйық етістікті тапқызамын.

1.Отанды сүю от басынан басталады.

2. Аяққа кісен салуға болар,

Тілге кісен салынбас.

3. Жақсының қасиеті-жарастыру,

Жаманның қасиеті- таластыру



Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Тұйық етістік дегеніміз не? 2.Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?



Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Жалғау,Көсеу,Құрсау,Оқу,Басу,Жабу етістіктеріне сөйлем құрап келуге беремін.
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Тұйық етістіктің емлесі

Сабақтың мақсаты: . а) Тұйық етістіктің –у жұрнағының жалғану ерекшеліктері: бірде дауысты,бірде дауыссыз болуы –у жұрнағының түбірдегі дыбыстарды өзгертуін түсіндіру.

ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауаттылыққа баулу.
Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Орынсыз ашу – от шашу

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

а) Тұйық етістіктің –д жұрнағының жалғану ерекшеліктері : бірде дауысты,бірде дауыссыз болуы –у жұрнағы

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

1.Сабақты етістік пен салт етістіктің мағыналық ерекшеліктері неде?

2.Етіс нені білдіреді? 3. Етістің қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?

5. Көсемшенің қай түрі жіктелмейді ? 4.Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады ?

6. Не себепті көсемше етістіктің еоекше түрі деп аталады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

1. Дауыссыз дыбыстарға біткенетістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы дауысты болып жалғанады : бар-у, қайт-у, көр-у,кел-у.Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады : ойна-у, сөйле-у, барма-у, келме-у.

2. Дауысты ы,і, дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда,түбірдің соңындағы ы,і, дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп кетеді де,ол,(у) дауысты дыбыс болып есептеледі.

Мысалы : оқы+у=оқу, тасы+у=тасу, ері+у= еру.

3. Қатаң п,к,қ дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға қ,к дыбыстары ғ,г дыбыстарына айналады.



Мысалы : тап+у=табу, үк+у=үгу, ақ+у=ағу.

Тақтамен жұмыс : 213-жаттығу. Тұйық етістіктерді тауып,олардың қандай септіктерде тұрғанын ажыратыңдар.

Үлгі : ұнауымен – ұнау –тұйық етістік, -ы- тәуелдік жалғауы, -мен- көмектес септігінің жалғауы.



  1. Сөз-ұлы құдірет,ұлылығы - сөзбен адамдарды табыстыруға болады ?

  2. Тіл мен ойлау еңбектің жемісі

  3. Ана тілін құрметтемеу – анаңды да сыйламау деген сөз.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 264-жаттығу.
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Етістікке байланысты жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты :

а) Етістікті қайталай отырып,сатылый кешенді талдау арқылы етістіктің мағыналық түрлерімен жұмыс істеу.

ә) Сатылай кешенді талдаудың сызбасын негізге ала отырып,етістіктің құрамын,тұлғасын,құрылысын талдауға баулу ;шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолдныс аясын кеңейту.

б) Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі өйлеуге баулу,адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.



Каталог: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет