Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


Ү. Жаңа материалмен жұмыс



бет10/60
Дата25.04.2016
өлшемі8.21 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 45-жаттығу мәтінді оқу, көшіріп жазу, тәуелдеулі сөздерді табу, олардың байланысып тұрған сөзін айту. 46-жаттығу көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын қойып жазу: Жайлауымыз, қыстауымыз.47-жаттығуда берілген жұмбақты шешу (әтеш), тәуелдеулі сөздерді тауып, үш жақта, жекеше және көпше түрде айту:

Жекеше

Көпше

Менің тарағым, орағым, сақалым.

Сенің тарағың, орағың, сақалың

Оның тарағы, орағы, сақалы


Біздің тарағымыз, орағымыз,сақалымыз

Сендердің тарақтарың, орақтарың, сақалдарың.

Олардың тарақтары, орақтары, сақалдары.


ҮІ. Бекіту: 48-жаттығу мәтінді түсініп оқу, тәуелденген сөздерді табу, жазу, тәуелдік жалғаулардың астын сызу: бойы, қол-аяғы, әжесі, шешесі. Абай Құнанбаев кім болған? Оның қандай еңбектерін білесің? «Абай жолы» романын жазған кім? М.Әуезов туралы не білесіңдер?

ҮІІ.Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Тәуелдік зат есім дегеніміз не? Мысал келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 49,50-жаттығу 161-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
89. Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың мақсаты: оқушыларға зат есімдердің тәуелденуі туралы алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 49,50-жаттығу161-бет.Тоқымыда жасырылған сөздер: шырша, қайың, терек. 50-жаттығу берілген сөздер қатарынан артық сөзді табу: күлем, үскі.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс ұйымдастыру:

1

Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз

І Менің құлын... І Біздің құлын...

ІІ Сенің құлын... ІІ Сендердің құлын...

Сіздің құлын... Сіздердің құлын...

ІІІ Оның құлын... ІІІ Олардың құлын...

3

Қай жақта тұрғандығын анықта:

.... кітабым .... кітабың

... кітаптарың .... кітабыңыз

... кітаптарыңыз ... кітабымыз

.... кітабы ... кітаптары

№5

Қай жақта тұрғандығын анықта:

... атам ... атамыз

... атасы ... аталары

... атаң ... аталарың

... атаңыз ... аталарыңыз



2

Қай жақта тұрғандығын анықта:

.... үйім ... үйіміз

.... үйіңіз .... үйі

.... үйің ... үйлерің

... үйлеріңіз ... үйлері

№4
Қай жақта тұрғандығын анықта:

... добың ... доптарың

... добым ... добымыз

... добыңыз ... доптарыңыз

... добы ... доптары





Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 51-жаттығу түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстыру: халық-халқым, білек-білегің т.б. Түбір сөздер тәуелденгенде қандай өзгерістерге ұшырағанын ату, байқату.52-жаттығу жұмбақты оқу, шешуін табу. Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: ауыз-аузы. 53-жаттығу Жақшадағы сөздерге тисті тәуелдік жалғауды жалғап жазу: Біздің халқымыз бақытты. Сенің дауысың естілмейді. Менің уақытым болмады. Мемлекеттің мүлкін шашпа. Ораз ернін жыбырлатты. 54-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу. 1. Біздің туған жеріміз, Отанымыз қай мемлекет? 2.Тәуелдеулі сөздерді табу (балаларың, халқың, келбетіңе)

ҮІ. Бекіту: 55-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау. ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Тәуелдік зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 56-жаттығу жұмбақты оқу, ребусты шешімі арқылы жауабын табу: шағала. ІХ. Оқушыларды бағалау
90. Тақырыбы: Мазмұндама

Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге, өз ойларын толық жеткізе білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, байланыстырып сөйлеу тілдерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ.Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі сабақта біз мазмұндама жазамыз.Мазмұндама жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Мазмұндаманы қалай жазу керек? Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгілерді қоюды ұмытпаңдар. Әр сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Кісі аттары, жер-су аттары, үй жануарлардың аттары қалай жазылады?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Мазмұндама мәтінін мұғалім 3 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Сұрақтар қояды, 3-4 баладан мазмұнын сұрап, жоспарды түсіндіреді, барлық балалардың жазғандарын қадағалайды. Мазмұндаманы жазып болған оқушылар іштерінен оқып, тексереді.

Жоспар: 1. Сүйкімді мысық. 2. Ойынға құмарлық. 3. Ұнамсыз қылық.



Жалқау мысық

Менің бір әдемі мысығым бар. Өзі өте сүйкімді. Оның бізбен тұратынына алты жылдай болып қалды. Бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ол сондай тынымсыз еді. Кішкене доп, оралған жіп көрсе, сонымен ойнайтын. Ал, қазір оны орнынан тұрғыза алмайсың. Күндіз де, түнде де пешті түбінде жатып алып ұйқыдан бас көтермейді. Сөйтіп, менің мысығым жалқау болып кетті. Маған мысығымның осы мінезі ұнамай жүр.



Тірек сөздер мен тіркестер: сүйкімді, сондай тынымсыз, бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ұйқыдан бас көтермейді, оралған жіп көрсе, жалқау.

ІҮ. Үйге тапсырма: пысықтау. Ү.Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
91 Тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: оқушыларға етістік туралы білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.56-жаттығу жұмбақты оқу, ребусты шешімі арқылы жауабын табу: шағала

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 1-жаттығу суретке қара, сурет мазмұны бойынша әңгіме құра, әңгімеге ат қой. Не істеді? сұрағына жауап беретін сөзді тап? Бұл сөз етістік болып табылады ма? Неліктен?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 2-жаттығу жұмбақты оқу, шешімін табу: аққу. Етістіктерді теріп жазу: қалқиды, тарайды, қарайды. Етістіктің сөйлемде алатын орны ерекше, неліктен?

3-жаттығу сөздерді оқу, екі бағанға бөліп жазу:



Зат есім

Етістік

Ата, іні, балық, түйе, шортан.

Ойнады, жинады, қуды, жарысты, айтты.

4-жаттығу беріген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру. Сөйлемдегі етістіктердің астын сызу, сұрақ қою.

ҮІ.Бекіту: 6-жаттығу Ескен Елубаевтың «Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?» өлеңі арқылы етістіктерді табу, жануарлардың дыбыстауы туралы білу.

ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік?Етістік дегеніміз не?Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Мысалдар келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 165-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау
92. Тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістіктің сөйлем ішінде қай сөзбен байланысты болып келетіні туралы білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.5-жаттығу.Бие құлындайды, сиыр бұзаулайды, қой қоздайды, түйе боталайды, ешкі лақтайды. Не істейді? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ата.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 7-жаттығу. Жұмбақпен жұмыс: жұмбақтың шешуін табу, етістіктерді табу, олардың байланысып тұрған сөзін табу. 8-жаттығу. Етістіктерді қойылған сұрақтарына қарай екі топқа бөліп жазу.

Ұшады, жазады, сауады, байқайды, тарқатады

Келді, оқыды, көрді, жинады, сүртті.

9-жаттығу. өлеңді жатқа жазу. 10-жаттығу. Ұйқасын табу:

Тастан тасқа секіріп, Жем тереді кекілік.

Айбат шегер алыстан, Аң патшасы арыстан.

ҮІ. Бекіту: Толықтыру тестін ұйымдастыру:


Лақ





Сәуле


Берілген сызбаны етістіктермен толықтыр.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін не үйрендік? Етістік қандай сөздермен байланысып тұрады? Етістік дегеніміз не? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 11-жаттығу, 167-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау
93. Тақырыбы: Етістіктің дара және күрделі түрі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістіктің дара және күрделі түрлерін туралы білімдерін кеңейте түсуге, оларды ажырата білуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау,жинақтау.Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 11-жаттығу, 167-бет. ІҮ.Жан-жақты білімдерін тексеру.12-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып көшіріп жазу: Жыршы жыр айтты. Ақын өлең жазды. Дәрігер ауруларды емдеді. Мұғалім балаларды оқытты. Сауыншы сиыр сауды.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Дара етістік – бір ғана сөзден болатын етістік.(кірді, жуды) Күрделі етістік – екі не одан да көп сөзден болатын етістіктер. (жазып отыр, келе жатыр). Оқушылардың әрқайсысына дара және күрделі етістіктерден мысал келтір. 13-жаттығу көп нүктенің орнына дара етістікті тауып жазу. 14-жаттығу. Суретте не бейнеленген? Қарлығаш не істеп жүр? Балапандар не істеп отыр? т.б. сұрақтар қойып, оқушыларға әңгіме құрастырытқызу. Әңгімедегі етістіктердің дара немесе күрделі екендігін айту. 15-жаттығу ертегіні оқу, ары қарай жалғастыру, кестені толтыру:

Дара етістік

Күрделі етістік

кездестіреді, тұр

Ұстап алады, жүгіре жөнеледі, зымырап жетеді.

ҮІ. Бекіту: Терме диктанты. Өлеңде кездесетін етістіктерді теріп жаз:

Құстар қалай дыбыстайды?

Бұлбұл сайрайды, Торғай шырылдайды, Шағала шаңқылдайды, Қарға қарқылдайды, Сауысқан шықылықтайды, Әтеш шақырады,Тауық қыт-қыттайды,Қаз қаңқылдайды, Тырна тыраулайды, Аққу сұңқылдайды, Сұңқар саңқылдайды.



ҮІІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?Етістік дегеніміз не? Етістіктің қандай түрлері болады екен?Дара етістік дегеніміз не?Мысал келтір Күрделі етістік дегеніміз не? Мысал келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 16-жаттығу 169 бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
94. Тақырыбы: Негізгі және туынды етістік.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі және туынды етістік туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, оларды ажырата білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: Мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 16-жаттығу, 169-бет. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Бір ғана сөзден болатын етістікті не деп айтамыз? Екі не одан да көп сөзден болатын етістіктерді қалай айтамыз? Оқушылардың әрқайсысына дара және күрделі етістіктерден мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 17-жаттығу суретте берілген зат тұсындағы сөзбен салыстыру. Көз-көзде, үтік – үтікте, өрнек-өрнекте, сабын-сабында, тырма-тырмала. Бірінші сөздер, суреттергі сөздер нені білдіреді? (Заттың атын) Ал екінші сөздер ше? (заттың қимылын) Туынды етістіктер зат есімдерден жасалады. 18-жаттығу, екі бағандағы етістіктерді оқып салыстыр. Бірінші бағандағы сөздердің түбірі қай сөз табына жатады? Ал екінші бағандағы сөздер ше? (Екінші бағандағы сөздер зат есімнен жасалған етістіктер болып табылады, демек, олар туынды етістіктер)

Ережені оқу, талдау, есте сақтау.



Сергіту жаттығу ретінде өлең оқу:



Ұйқасын табыңдар

Бата алмас түлкі, Үсті тікен ....

Үні ғажап, Дүлдүл, Бақта сайрар ...

Тор тоқып бермекші, Өзі ескен жібімен, Әлде кімге ...



ҮІ. Бекіту: 19-жаттығу мақалды оқу, түсіну жатқа жазу. Етістіктің астын сыз.

Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.



ҮІІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Етістік дегеніміз не? Етістіктің қандай түрлері болады екен? Туынды етістік дегеніміз не? Мысал келтір. Негізгі етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 20-жаттығу. 171 бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
95. Тақырыбы: Негізгі және туынды етістік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі және туынды етістік туралыалған білімдерін тиянақтауға, оларды ажырата білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 20-жаттығу, 171 бет.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Етістік дегеніміз не? Етістіктің қандай түрлері болады екен? Туынды етістік дегеніміз не? Мысал келтір. Негізгі етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 21-жаттығу. Әрбір түс тобынан тек туынды етістіктерді теріп жазу, неліктен туынды етістік екендігін дәлелдеу. Жырла, ақылдас, биле, ойла, тұзда.

22-жаттығу, сөздерді оқу, зат есімдерге қажетті жұрнақтарды жалғай отырып, туынды етістіктер жазу. Төрле, арқанда, емде, арала, сабында, була, тісте.23-жаттығу сын есімдерге тиісті жұрнақтарды жалғай отырыптуынды етістіктер жасау жазу: ақта, ұсақта, көркемде, жақсыла, оңла, жаңала, іріле. 3-4 сөйлем құрастыру. 24-жаттығу туынды етістіктерді көшіріп жазу, қай сөз табы екендігін анықтау. (Зат есімдерге жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды етістіктер)

25-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу мағынасын ашу, 1. Ф. Оңғарсынова кім? Өлеңде кімдер туралы айтылған? Өлеңге қандай ат қоюға болады? Туынды етістіктерді тап, талда.

ҮІ. Бекіту. 27-жаттығу сәйкестендіру тесті ретінде ұйымдастыру:

Оқысаң сусын ішесіз

Аяғың ауырса бәрін білесің

Көп ұйықтасаң қолыңмен сүртпе

Шөлдесеңіз басың ауырады

Көзің ауырса көп жүрме

Жаз шықса күн ысиды

ҮІІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 26-жаттығу 173 бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
96. Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға болымды және болымсыз етістік туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, оларды ажырата білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: Мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 26-жаттығу, 173- бет. Қандай етістіктерді жаздыңдар? ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Етістік дегеніміз не? Етістіктің қандай түрлері болады екен? Туынды етістік дегеніміз не? Мысал келтір. Негізгі етістік дегеніміз не? Мысал келтір.



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу .28-жаттығу етістіктерді салыстырып оқып, олардың мағыналарын ашу, екі сөздегі айырмашылықты байқату. Қосымшалы етістіктерді көшіру, талдау: жүзбе, жазба, күлме, барма, төқпе, тақпа. Ережемен жұмыс: түсініп оқу, талдау, есте сақтау.

29-жаттығу сөйлемдерді көшіріп жазу, болымсыз етістіктерді табу, болымсыз етістік екенін дәлелдеу. Білмегеніңді сұрауға арланба. Ешқашан өтірік айтпа. Бір істі бастасаң, аяқсыз тастама. Кісіге қарап күлме. Бізді қандай болуға шықырып тұр? 31-жаттығуда берілген мақалды түсініп оқу, мағынасын ашу, жатқа жазу. Болымсыз етістіктердің сыз. Мақалда қандай болу керек дейді? 32-жаттығуда берілген тыйым сөздерді оқу, мағынасын ашу, есте сақтау, етістіктердің болымды немесе болымсыз екендігін айту:

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Құрметте, бол,бер, болсын

Кетпе, теппе, ойнама, тұрма, жұлма, төкпе, керілме, емінбе, күлме, жеме, кеспе, кірлетпе

ҮІ.Бекіту. 33-жаттығу көп нүктенің орнына болымсыз етістіктің өзгеруін тәуелдеу:

Мен асықпадым, жонбадым, тимедім.

Сен асықпа, жонба, тиме.

Сіз асықпаңыз, жонбаңыз, тимеңіз.

Ол асықпады, жонбады, тимеді.

ҮІІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 34-жаттығу 175 бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
97. Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты: оқушыларға болымды және болымсыз етістік туралы алған білімдерін тиянақтауға, оларды ажырата білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 34-жаттығу 175 бет Ребусты шешу. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.35-жаттығу берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрастыру, оқу, етістіктің қан түріне жататындығын айту.

Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 36-жаттығу. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою:1.Өлеңде не туралы айтылған? 2.Өлеңді кім жазған? Өлеңді көшіріп жазу. Тапсырмаларын орындау: етістіктердің астын сыз.37-жаттығу: жіберме, шақырма, төзбе, теппе, қазба. Бұлар қандай етістіктер? (болымсыз етістіктер)38-жаттығу. Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: етістіктерді тауып, болымды болымсыз екенін айту. 39-жаттығу. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Жаттау, жазу.Тапсырмаларын орындау:болымсыз етістіктердің астын сыз (қылтима, бұртима, берме, білдірме) Тыйым сөздерді түсініп, есте сақтау.

ҮІ. Бекіту. 40-жаттығу. Суретке мұқият қарау. Сұрақтармен жұмыс: 1. Суретте кімдер бейнеленген? Олар не істеп тұр? 2. Қай мезгілде мұндай жұмыс түрлері жасалады? Тапсырмаларды орындау: етістіктерді табу, қай түріне жататындығын анықтау.

ҮІІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Болымды етістік дегеніміз не? Болымсыз етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 41-жаттығу, 177 –бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
98. Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға болымды және болымсыз етістік туралы алған білімдерін тиянақтауға, оларды ажырата білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Каталог: upload -> maps
upload -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
upload -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
upload -> Приложение к части а1
maps -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты
maps -> 1. Общие сведения Тип – дошкольное
maps -> Информация об обеспеченности обучающихся
maps -> Сведения о педагогических кадрах мадоу детский сад №7 на 2013-2014 учебный год


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет