Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері



бет16/60
Дата25.04.2016
өлшемі8.21 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60

ІІ.Өткенді сұрау: Мәтін кім жайлы? Шоқан кім? Ол қандай адам деп ойлайсың?

ІІІ. Өткенді қорыту: Көкшіл түспен жазылған кісілер ( Достоевский, Дуров, Потанин) кімдер?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. 2. Суреттер топтамасына сүйеніп, Мағжан Жұмабаев туралы әңгімеле. Оқыған орнын, қандай кітап жазғанын ата, қандай өсиет қалдырды? Оқы.

« Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!

Жасынан оқу оқып, өнер қуған

Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге.» жаттап ал.



Ү. Жаңа сабақ: 1. Мәтінді түсініп , теріп оқу. 2. Жасыл түспен ерекшеленген сөздерді дауыстап оқы. 3. Сызбаны толтыр.

Мәтіндегі кісі аттары

Олар Мағжанға кім болады?

Бекен

. . .

әкесі

. . .


ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Қызыл түспен ерекшеленген сөздерді пайдаланып бала Мағжан туралы әңгімеле. 2. Суретпен жұмыс:

  • Қазақ жеріндегі алғашқы оқу туралы әңгімеле.

  • Қазіргі мектептердегі оқу қалай жүреді?

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Бала Мағжан неше жасынан мектепке барды? Қандай өсиет қалдырды.

Үйге тапсырма: 1. оқу, түсінігін айту, сурет салу.2.Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Күмән. Машқар Гумеров,

Мұғалима Қадыр Мырза Әли

Мақсаты: Түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, «Мұғалима» өлеңін мәнерлеп оқуға,ойын толық жеткізе білуге үйрету;

-сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;

-адалдыққа, шыншылдыққа, мамандық таңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ауылға кім келді? Бала Мағжан неше жасынан мектепке барды? Қандай өсиет қалдырды.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әр оқушы өзінің суреті жайлы әңгімелеуі.

ІҮ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. 2. Жұмбақ шешу арқылы, сөзжұмбақты толтыру.(Білім, мектеп, карта, кітап, газет, компас)

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Әңгіме қалай аталған? « Күмән » сөзінің мағынасы ашылатындай жолдарды тауып оқы. Басқаша қалай атар едің? Сынып жиналысында не туралы айтылды? «Мұғалима» атты Қадыр Мырза Әлидің өлеңін мәнерлеп оқу, қызыл түспен ерекшеленген сөзді тауып оқып, неліктен олай жазылды деп ойлайсың? ә/ сөздік жұмыс: Бір тал шашы ағарғанбұл жерде: ренжіп, уайымдаған.б/ сұрақтарға жауап алу

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Дәуіт пен Рақиланың қылықтарына өз көзқарасыңды білдір. 2. Суретпен жұмыс: суретті қалай атар едің? Көбелекті терезені сындырмай ұстауға болама? Өткен сабақтағы суретпен салыстыр. Ұқсастығын, айырмашылығын айт.

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесің? Суретпен жұмыс: Суреттен кімдерді көріп тұрсың? Қызыл түспен ерекшеленген сөздердің қатысы бар ма? Суреттегі ұстазды сипатта. Өзіңнің ұстазың жайлы өлең құрастырып көр

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1мәтінді оқу,әңгімелеу, өлеңді жаттау.2.Бағалау
Тақырыбы: Дос сөзі Нығмет Ғабдуллин

Мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету;

-тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту;

-достықты құрметтеуге, ынтымақшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі : аралас

Көрнекілігі: Оқулық, сурет, сызба.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өлеңді жатқа айту. Өзіңнің ұстазың жайлы құрастырған өлеңіңді айтып көр. ІІІ. Өткенді пысықтау. Өзіңнің салған кірпіңде неше алма бос қалды? Қалай ойлайсың сенің жағымсыз мінезің көп пе екен?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. «Дос, достық» дегенді қалай түсінесің? Өзіңнің досың жайлы айт.

Ү. Жаңа сабақ. Мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап алу, сөздік жұмыс жүргізу

ҮІ. Білімдерін тексеру. 1. Әңгімені өзіңше жалғастырып әңгімеле. 2. Мәтін кейіпкерлерін сипатта. 3. Дәптермен жұмыс: Әсет бейнесіндегі күнді қандай түспен бояр едің? Неліктен? Нұрланның бейнесіндегі күнді қандай түспен бояр едің? Неліктен?

ҮІІ. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Кімдер жайлы? Әсет пен Нұрланды салыстыра сипатта. Балалардың бойынан қандай жағымсыз қылықтар байқадың? Суреттегі кірпінің инелеріндегі алмалардың орнына жаз.

ҮІІІ. Үйден: 1.мысалды мәнерлеп оқу. 2.бағалау.

11. Тақырыбы: Кім жүйрік? Бүркіт Ысқақов



Мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету;

- дұрыс ойлау, сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту;

-тапқырлыққа баулу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ. Көрнекілігі: Оқулық, суреттер топтамасы, сызба.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойланып табу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Мәтін кімдер жайлы? Әсет пен Нұрланды салыстыра сипатта. Балалардың бойынан қандай жағымсыз қылықтар байқадың?

ІІІ. Өткенді қорыту: Қалай ойлайсың сенің жағымсыз мінезің көп пе?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Сурет топтамасымен жұмыс істеу. Ұқсастығы, айырмашылығы неде? Жұмбақ құрастырып немесе білгеніңді айт.

Ү. Жаңа сабақ:Өлеңді оқу. Сызбадағы сөздерді әр бөлімге тақырып етіп қой. Өлеңдегі ақын сөзін қайталап оқы.

Мен инженер.мен дәрігер,мен ақын,мен жер маманы, осы аталған мамандаққа сипаттама беру



ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Сен осы пікірмен келісесің бе? Өз ойың?

ҮІІ .Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Өлеңдегі көліктердің қайсысының жолақысы қымбатырақ? Неліктен? ҮІІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Бағалау.

Тақырыбы: Мамандық таңдау Т. Молдағалиев

Мақсаты: Оқушыларға мамандықтар жайлы түсінік бере отырып, мәнерлеп түсініп оқуға үйрету; тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеу тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, сызба

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Кіріспе әңгіме жүргізу.Мамандық жайлы суреттер топтамасымен жұмыс ІІІ.Жаңа сабақ: 1 . « Кім жылдам?» ойынын сызықтармен жүргізу. (өз бетінше орындау) Өзің кім болғың келетіні жайында әңгімеле. 2. Өлеңді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. Сызбаны толтыру.

Өлеңде аталған мамандықтың аты

Сол мамандықтарды сипаттап жаз

Инженер

. . .

Жерден алтын табады

. . .



ІҮ. Білімді тексеру. 1.Суретпен жұмыс: Кім бейнеленген? Ұшқышты сипатта. 2. Екі өлеңді салыстыр.


Т.Молдағалиев.

Мамандық таңдау



Екі өлеңнің ұқсастығы

Қ. Аманжолов.

Ұшқыш болғым келеді.













Ү. Қорыту. Қандай тарауды аяқтадық?

ҮІ. Үйге тапсырма:1. Мәнерлеп оқу, ұшақтың түрлері жайлы біліп кел.2.бағалау

Тақырыбы: Жақсылардың жақсысы Р. Босилек (болгар жазушысы)

Мақсаты: Оқушыларға мамандықтар жайлы түсінік бере отырып, түсініп оқуға үйрету;

-тілін , сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту;

- еңбекке баулу

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сызба, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Жатқа айту. 2. Саған қандай мамандық ұнады? Неге? Суретте қандай мамандық иесінің суреті салынған? Өз сөзіңмен сипаттап бер.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен үлкейгенде кім болғың келеді?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Жұмбақ шешу. Ерекшеленген сөздерді дауыстап оқу, түсіндіру.

Ү. Жаңа сабақ: Өрмек, ұршық және кітап жайлы ертегіні оқу.Оқулықпен жұмыс.Іштей оқу.Тізбектей оқу. Сөздік жұмыс. Дәптермен жұмыс. Сызбаларды толтыру.

44 беттегі суретте ненің белгісі ретінде алынған өз ойлары,


Еңбек---------------------------------------------------

Білім ------------------------------------------------------ сөздерді оқушылар толықтырады.

Ұршықпен өрмек болса,еңбегің жанады.

Ал кітап оқысаң ,білімің артады.



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Жақсылардың жақсысы деп неге айтты? Қыз неге қуанды? Бөлмеден ол не көрді? Ол неге ренжіді? Әкесі қалай түсіндірді?

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не өттік? Құрылысшы маманы не істейді?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, құмырсқа сызбасын толтыр.2.Бағалау.

15. Тақырыбы: Мазмұндама «Жалқау мысық»



Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау. Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қайда жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Жалқау мысық

Менің бір әдемі мысығым бар. Өзі өте сүйкімді. Оның бізбен тұрғанына алты жылдай болып қалды. Бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ол сондай тынымсыз еді. Кішкене доп, оралған жіп көрсе, сонымен ойнайтын. Ал қәзір оны орнынан тұрғыза алмайсың. Күндіз де, түнде де пештің түбінде жатып алып ұйқыдан бас көтермейді. Сөйтіп, менің мысығым жалқау болып кетті. Маған мысығымның осы мінезі ұнамай жүр.

(«Балдырған» журналынан)



Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: сүйкімді, сондай тынымсыз, бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ұйқыдан бас көтермейді, оралған жіп көрсе, жалқау.

Жоспар:

  1. Сүйкімді мысық. 2.Ойынға құмарлық. 3.Ұнамсыз қылІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Мысық неге жалқау болды деп ойлайсың? Бұл мәтінен өзіңе қандай әсер алдың?

Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.
Сабақтың тақырыбы: Адамдық-борышың

Шәкәрім Құдайбердіұлы .

Мақсаты: 1. Оқушының білімін тиянақтап, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету; оқушылардың ой -қиялын дамыту; адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі : қорыту, білімін тиянақтау.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй жұмысын сұрау: Жақсылардың жақсысы деп неге айтты? Қыз неге қуанды? Бөлмеден ол не көрді? Ол неге ренжіді? Әкесі қалай түсіндірді?

ІІІ. Үй жұмысын пысықтау: Сен қалай ойлайсың, жақсылардың жақсысы деген не ? Саған не ұнайды? Сенің анаң, әкең саған қандай ақыл айтады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суреттер топтамасымен жұмыс: Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы әңгімелеу.

Ү.Жаңа сабақ. 1.Өлеңді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. 2.Сөздік жұмыс. 3. Теріп оқу: а) қызыл түспен ерекшеленген сөзді тауып оқы, ақын нені өсиет ететінін айт. ә) көкшіл түспен ерекшеленген сөзді тауып оқы, қарама-қарсы мағыналы сөздерді ата.

ҮІ. Сергіту сәті. ҮІІ. Түсінгендерін тексеру. Бөлім қалай аталады? Бөлімдегі тақырыптарды топқа бөл. Негізгі ой деген не? Бөлімдегі тақырыптарды топтастыр.

  1. Негізгі ойы білім, ғылымды үйренуге арналған шығармалар.

  2. Өнер үйренуге шақыратын мәтіндер.

ҮІІІ. Қорыту: Өз біліміңді тексер. Тест.

ІХ.Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, жасыл түспен ерекшеленген сөзді тауып оқы, мағынасы жуық сөз тіркесін тауып кел.
Сабақтың тақырыбы: Ауыл күзі Тайыр Жароков

Мақсаты: 1.Жыл мезгілдері жайлы түсінік бере отырып, оқушыны өлеңді мәнерлеп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

- сөйлемді дұрыс құруға,ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру;

-табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Көрнекілік: суреттер, кестелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Жаңа сабақ: 1.Суретпен жұмыс: Неше жыл мезгілін білесің? Суретте қай мезгіл бейнеленген? Қандай бояуды көбірек қолданған? Саған күз несімен ұнайды? 2.Өлеңді мәнерлеп оқу. Теріп оқу. Неге сары бояумен ерекшеленген ? 3. Жазбаша жұмыс:Өлеңге сүйеніп, осы сөз тіркестерімен сөйлем құр. Үлгі:


Берілген сөз

немесе сөз тіркесі



Сөйлем

Сұрша бұлт

Мектеп


. . .

Күзгі аспанда сұрша бұлт жиі пайда болады

Күзде балалар мектепке оқуға барады.

. . .




ІІІ. Пысықтау: Өлеңде тағы қандай сөздерді сарғыш түспен бояр едің? Күз несімен қызық? Табиғатта қандай өзгерістер болады? Оқу қайсы айда басталады, ол қалай аталады?
ІҮ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы білдік? Сенің ауылыңдағы күз кереметі жайлы әңгімелеп бер.

Ү. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.

Бағалау
Тақырыбы: Жеміс бағында И. Бази (татар жазушысы)



Мақсаты: Күз мезгілінің кереметін қайталай отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

-сөйлемді дұрыс құруға, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру;

-табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі : аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді жатқа айту, суретте қай мезгіл бейнеленген? Қандай бояуды көбірек қолданған? Саған күз несімен ұнайды ?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Күзде қысқа қалай дайындық жасайды сенің ата-анаң?

Сен оларға көмектесесің бе? Қалай?



ІҮ.Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 2. Жұмбақ шешу (апорт алма). Сөздік жұмыс. 3. Осы алма жайлы Т. Жароковтың өлеңінде не делінгенін айт.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. 2. Мәтінге сүйеніп берілген сөздерге қатыстырып тіркестер тап.

Сөз

Сөз тіркесі

алманың
моншақтай

хош

қып- қызыл



. . .

. . .

. . .

. . .

. . .

. . .

Осы сөздерді қандай түске бояр едің?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Суретпен жұмыс: мәтінге сүйеніп әңгіме құр.

ҮІІ. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы білдік?

ҮІІІ Үйге тапсырма:1. Оқу, салыстырып сипатта 2.бағалау.


Сабақтың тақырыбы: Күздің кереметі. Әдібай Табылдиев

Сабақтың мақсаты: Күз мезгілінің кереметі жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

- сөйлемді дұрыс құруға,ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру;

-табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілік: суреттер, сөзжұмбақ, плакат

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап , іздену.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. « Жеміс бағында» тақырыбында не жайлы айтады? Т. Жароковтың « Ауыл күзі» өлеңімен салыстыр, сипаттап айт.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Саған күз мезгілі ұнай ма? Несімен?

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Дауыстап,жалғастырып,түсініп оқу. Теріп оқу.Сары түспен ерекшеленген сөзді табу, осы сөздердің күз мезгіліне қатысты екенін дәлелде. Сөздік жұмыс. Дәптермен жұмыс. №3 тапсырмадағы жемістердің атын жаз. –

-Күз –мол өнім алатын кез.Себебі----------- оқушылар толықтырады

Сұрақ қой.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Суретпен жұмыс: Омар ата көрсеткен жемістердің пішіні неге ұқсайды? Тауып оқы. Суретін салып көр.
ҮІ.Сабақты қорыту. Суретке қарап әңгіме құр.
Үйге тапсырма беру: мәтінді оқы, сөзжұмбақ неліктен осылай аталған, ойлан.(7,8)


Сабақтың тақырыбы:Күзгі орманның көріністері. Елемес Салықов

Мақсаты: Күз орман көріністері жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

-сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

-табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.Алақан» жаттығуы.


  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Сөзжұмбақ неліктен « Күз кереметі» деп аталған?

ІІІ. Өткенді қорыту. Жемістер мен көкөністер жайлы жұмбақ білесің бе?
ІҮ.Мақсат қою :1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суреттер топтамасымен жұмыс
Ү. Жаңа сабақ. Мәтінді түсініп рөлге бөліп оқу, суреттерді сөзбен алмастыру. Суреттерге мұқият зер салу. Мәтінді әрі қарай жалғастырып әңгімелеу.

Мәтінге сүйеніп,тиінді,қоянды,борсықты сипаттап жазу.

Мысалы; қоян далада,үйде де өмір сүре алады,қоянның баласы көжек деп аталады.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру. 1.Мәтінге сүйеніп тиінді, қоянды, борсықты сипатта. 2. Сөзжұмбақ шеш, жұмбақ тауып жаз. ҮІІ. Бекіту. Бүгін қандай тақырыпты өттік? «Орман – біздің байлығымыз» деп неліктен айтады? ҮІІІ. Үйге тапсырма.1. оқу. 2.бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа. Абай

Мақсаты: Оқушыларды мысалды түсініп оқып, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету, тілін, сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамыту; адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру.

Көрнекілік: суреттер, сызба.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.


Каталог: upload -> maps
upload -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
upload -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
upload -> Приложение к части а1
maps -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты
maps -> 1. Общие сведения Тип – дошкольное
maps -> Информация об обеспеченности обучающихся
maps -> Сведения о педагогических кадрах мадоу детский сад №7 на 2013-2014 учебный год


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет