Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру



бет17/60
Дата25.04.2016
өлшемі8.21 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1.Мәтінді түсініп рөлге бөліп оқу, суреттерді сөзбен алмастыру. Сөз жұмбақтағы жануарларды топқа болу.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Орман – біздің байлығымыз» деп неліктен айтады?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ: 1.Суретпен жұмыс: Суреттен нелерді көріп тұрсың? Қай жыл мезгілі? Құмырсқаның киімі қандай? Шегірткенің ше? Шегіртке неге жылап тұр? Түсіндір.

2. Мысалды рөлге бөліп оқы. Мысалдағы жасыл бояумен ерекшеленген сөзді дауыстап оқы. Неге олай боялды деп ойлайсың?. 3.Дәптермен жұмыс жүргізу. Жасылмен бояумен ерекшеленген сөздерді екі топқа бөліп жаз.

а) жаз мезгіліндегі шегіртке:

б) қыс мезгіліндегі шегіртке:



ҮІ.Түсінгендерін тексеру. 1. Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстырып сипатта. Бұл күндерді қандай түске бояр едің?
ҮІІ. Қорыту. Құмырсқаның орнында сен болсаң не істер едің?
ҮІІІ Үйге тапсырма. 1.мысалды оқу, ,мазмұны 2.бағалау

Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр (Латвия ертегісі)

Мақсаты:1.Ертегіні рөлге бөліп түсініп оқу, оқушылардың танымдық білім,білік дағдысын дамыту; достыққа ,еңбекке тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызба.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстырып сипатта. Шегіртке жаздай не істеді? Құмырсқа ше? Саған қайсысы ұнайды? Неге?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бола ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суретпен жұмыс.

Ү.Жаңа сабақ: 1.Ертегіні рөлге бөліп түсініп оқу. Адам не жеп отыр еді? Қасына не келді? Ол не жайлы сұрады? Нан дастарханға келгенше аз еңбек кетеді ме? Ретімен айтып көрші. Бұл айтылған жұмыстар қасқырға ұнады ма? 2. Сурет пен ертегідегі оқиғаның арасында байланыс бар ма? Қандай? 3. Сызбадағы сөздерді ретімен ата.

Сергіту сәті :

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Сү құйғанда өседі
ҮІ. Қорыту: Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Пікіріңді дәлелде

ҮІІ.Үйге тапсырма. Оқу, әңгімелеу, №7 тапсырма. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Комбайыншы. Қатқан нан

Мақсаты: Комбайыншы жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

-сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

-Нанды қадірлеуге, кісі еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ертегіні әңгімелеу. Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Адам не жеп отыр еді? Қасына не келді? Ол не жайлы сұрады? Нан дастарханға келгенше аз еңбек кетеді ме? Ретімен айтып көрші. Бұл айтылған жұмыстар қасқырға ұнады ма?
ІІІ. Білімдерін тексеру. Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Ү. Жаңа сабақ. 1.Оқулықпен жұмыс,іштей оқу,тізбектей оқу. Комбайншы еңбегі жайлы әңгімелеу. 2. Мәтіннің соңғы азат жолын қайталап оқы. Балалар неге қатты нан жеді? Балалардың іс-әрекетіне баға бер.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Нан туралы тақырып осы бөлімде неге берілген деп ойлайсың? Нан қалай біздің дастарханға келеді, ретімен айтып көр.
ҮІІ. Бекіту. «Нансыз өмір жоқ» дегенді қалай түсінесің? Шығарма жаз.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. жаттау, түсініп оқы. 2.бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Нансыз өмір жоқ»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша өздік жұмыс . Әдісі: қорыту Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің тақырып бойынша оқушы ойын қорытуға көмектесуі. Оның басы, негізгі бөлімі, соңын анықтау. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Мазмұндау жоспары:

  1. Нан не үшін керек?

  2. Нансыз өмір сүруге болады ма?

  3. Нан қандай еңбекпен келеді?

  4. Нанды қадірлеу.

Оқушының жазба жұмысты өздігінен орындауы.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік?

Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.
25. Тақырыбы: Малта Ілияс Жансүгіров

Мақсаты: 1. Ілияс Жансүгіров өмірімен таныстыру, сүттен жасалған тағамдар жайлы айта келіп, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету, білімін тиянақтау;

- оқушылардың ой-өрісін дамыту;

- еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: суреттер топтамасы, суреттер.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Комбайншы еңбегі жайлы әңгімелеу. Балалар неге қатты нан жеді? Балалардың іс-әрекетіне баға бер.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Нансыз өмір жоқ» дегенді қалай түсінесің? Таңдаулы шығармаларды оқу.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ.1. Суреттер топтамасын пайдаланып, Ілияс Жансүгіров туралы әңгіме құру. 2. Өлеңді рөлмен мәнерлеп оқу.Сөздік жұмыс: (Жұмыршақ, сөре, өре, шым-шым су, сыбану) 3. Бала неге қуанды? Нені білгісі келді? Малта қалай жасалады екен?

ҮІ. Сабақты пысықтау: 1. Малтаның қалай жасалатынын пісті, қайнатты, сүзіп қойды, кептірді, құрттың жібіп бөккені сөздерін қатыстырып айтып бер. Тағы қандай сүттен жасалатын тағамдарды білесің? 2.Суретпен жұмыс. «Қыс азығын жаз жина» мақалы мәтінге қатысы бар ма?

ҮІІ.Қорыту: Тест

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.Өлеңді оқу.2. Бағалау


ІІІ бөлім. «Туған елім, туған жерім»
Сабақтың тақырыбы: Астана- бас қала

Сабақтың мақсаты: 1.Қазақстан астанасы Астана қаласы жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

-сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

-елін сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ. Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу,ойын

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.Алақан» жаттығуы.


  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Тақырыбын, мақсатын хабарлау. 1. Суретпен жұмыс. Өлеңді жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1.Мәтінді түсініп оқу. Ат қою, бөліктерге бөліп оқу. 2. Сөздік жұмыс. 3. Мәтінде не туралы айтылған? Жер-су, кісі аттары қалай жазылған? 3. Дәптермен жұмыс. Топтап жаз. Таулары:

Көлдері:


Ағаштары:

Кен байлықтары:

Атақты адамдары:

Сергіту сәті

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Қазақстанның тағы қандай байлықтары мен құрылыстарын білесің? Астана қаласында қандай көрнекі жерлер бар? Суреттер топтамасы бойынша әңгімелеп айт.
Ү. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. Қ.Р. орталығы қай қала? Сен Астана қаласына бардың ба? Барсаң онда не көрдің? Әңгімелеп көр.
ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Мәтінді оқу, мағынасы жақын сөздерді тауып көр. 2.Бағалау

Тақырыбы: Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Ту.Елтаңба.Әнұран

Мақсаты: 1.Қазақстан елінің рәміздері жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

-сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

-елін сүюге, байлығын қорғауға еліміздің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, Ту.Елтаңба.Әнұран

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Астана қаласында қандай көрнекі жерлер бар? Сен Астана қаласына бардың ба? Барсаң онда не көрдің? Әңгімелеп көр. Таулары, көлдері, ағаштары, кен байлықтары, атақты адамдары жайлы не айтар едің?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Қазақстанның тағы қандай байлықтары мен құрылыстарын білесің? Астана қандай қала? Картадан көрсете аласың ба? Картаға неге түрлі суреттер салынған?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: 1.Қазақстан елінің рәміздері жайлы балалардың білетінін пысықтау. 2.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп, үш топқа бөлініп оқу 1. Ту. 2. Елтаңба.3. Әнұран. Рөлге бөліп оқу. 3. Қ.Р. мемлекетік тудың белгілерін ата, сипаттап бер.Елтаңбада нелердің бейнелері бейнеленген? 4. Дәптермен жұмыс. Сызбаны толтыр.

Тудың белгілері

Елтаңбаның белгілері

Ою-өрнек

Қыран құс

Күн

Қанатты ат

Шаңырақ

Күн. Жұлдыз

Басқа да белгілер






















Сергіту сәті.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Әнұранды жатқа айту. ҮІІ. Бекіту: Мемілекетіміздің рәміздерін ата, ерекшелігін айт. ҮІІІ . Үйге тапсырма: 1. жаттау. 2.бағалау
Тақырыбы: Бостандық таңы атты Ш. Құдайбердіұлы

Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздік, бостандық жайлы айта келе, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; елін сүюге, тәуелсіздікті дәріптеуге, жақсы әдептерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, Ту.Елтаңба.Әнұран. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабаққа әзірленуі

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1.Қ.Р. мемлекетік тудың белгілерін ата, сипаттап бер. Елтаңбада нелердің бейнелері бейнеленген? Жатқа әнұранды айту.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақты мақсатымен таныстыру
ІҮ. Жаңа сабақ. Өлеңді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. 2.Сөздік жұмыс. 3. Ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек дейді? Нелерден аулақ бол дейді?
Ү. Сабақты қорыту. 1.Жақсы-жаман әдеттерді екі бағанға бөліп жаз, үш сөйлем құр. 2.Түсініп оқы: «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» Шоқан Уәлиханов мәтінге қатысы бар ма? Бостандық деген не екен? Қалай ойлайсың?

ҮІ. Үйге тапсырма. Түсініп оқу. ҮІІ. Бағалау

29. Тақырыбы: Үш бақытым Мұқағали Мақатаев



Мақсаты: Мұқағали Мақатаев жайлы айта келіп, өлеңді мәнерлеп оқуға, салыстыра білуге үйрету; есте сақтау,ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру; өзінің ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі: суреттер топтамасы.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық. Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, бір-бірлеріңе сәттілік білдіріңдер.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек дейді? Нелерден аулақ бол дейді?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақты мақсатымен таныстыру. М.Мақатаевтың қандай өлеңін білесіңдер? Жатқа айту.
ІҮ.Жаңа сабақ: 1.Суретке зер сала отырып, М.Мақатаевтың өмірімен танысу. 2. Өлеңдерді тыныс белгілеріне мән беріп, дұрыс, түсініп оқы түсініп оқу. 3. Неліктен өлең «Үш бақытым» деп аталады? Д. Әбілевтің өлеңі не туралы? Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Ең бірінші бақытым-халқым менің

Екінші бақытым-тілім

Үшінші бақытым-отан



Ү. Сабақты қорыту. «Оты сөнген, от ал менен, жүрегімді суырып алыңдар» деген тіркестерді қалай түсінесің?
ҮІ. Үйге тапсырма: жаттау
ҮІІ. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Туған ел. Сәкен Сейфуллин

Мақсаты: Сәкен Сейфуллин жайлы айта келіп, өлеңді мәнерлеп оқуға; салыстыра білуге үйрету; есте сақтау,ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру; туған жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекілік: суреттер топтамасы, мазмұнды суреттер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезең:1. Сабаққа дайындақтарын тексеру. «Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.»



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: М.Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталады? Д. Әбілевтің өлеңі не туралы? Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі. М.Мақатаевтың қандай өлеңдерін білесің?

ІҮ. Мақсатын қою кезеңі. Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ: 1. Суреттер топтамасын пайдаланып, С. Сейфуллин туралы әңгімелеу. 2. Өлеңді дұрыс, түсініп оқу. 3.Ақын туған даласын кімге теңейді? ( анаға) Суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көр.

ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау: Суретпен жұмыс: Зер сал. Табиғат адамға не береді?

ҮІІ.Бекіту кезеңі.«Табиғат-ана» деген сөз тіркесімен суреттің арасында байланыс бар ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Өлеңді жаттау.2.Бағалау

31. Тақырыбы: Сен ұйықтап жатқанда Бердібек Соқпақбаев



Мақсаты: Оқушыларға Бердібек Соқпақбаев жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; дамылсыз жұмыс істейтін мамандықтармен таныстыра отырып еңбекке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау. Көрнекілігі: суреттер топтамасы, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өлеңді жатқа айту. Ақын туған даласын кімге теңейді?

( анаға) Суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көр.



ІІІ. Өткенді қорыту. Неге Табиғат ана деп айтамыз?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбымен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Суреттер топтамасын пайдаланып, Бердібек Соқпақбаев туралы әңгімелеу. Балалар жазушысы әйгілі «Менің атым Қожа» әңгімесінің авторы.«Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын.Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес,өзіме ұқсайды»2. Мәтінді түсініп оқу.Әр бөлімде не жайлы айтылғанын анықтау. 3. Суретпен жұмыс: суретте қандай жұмыс түрлері көрсетілген? Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құр.

Сергіту сәті:

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Мәтіннің мазмұнын мына жоспар бойынша әңгімеле.

а) Арнаулы тұрақ; б) Баспахана;

ә) «Жедел жәрдем»; в) Байланыс бөлімдері.

ҮІІ. Бекіту. Бердібек Соқпақбаевтың қандай кітабын білесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын әңгімеле. 2.бағалау.

32. Тақырыбы: Мазмұндама «Есті күшік»



Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару «Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Есті күшік

Кішкене күшігімді ертіп автобус аялдамасына келдім де, өзім қатарлы балалардың қатарына қосылдым. Осы кезде ауа райы бұзылып, қатты жел тұрды. Автобус келді. Автобустың алдыңғы есігінен бір қария жерге түсті. Гуілдеген жел қарияның қалпағын ұшырып әкетті. Қария не істерін білмей тұрып қалды. Міне , қызық. Менің кішкентай күшігім жүгіріп барып, қалпақты тістеп әкеп, иесіне ұсынды. Қария бұған риза болды. Ал аялдамада тұрған балалар болса бір түрлі ыңғайсызданып қалды.

( «Балдырған» журналынан)



Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: автобус аялдамасына, гуілдеген жел, бір түрлі ыңғайсызданып калды.

Жоспар:

  1. Автобус аялдамасында. 2.Қарияның қалпағы. 3.Ақылды күшік.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Балалар неге ыңғайсызданды? Бұл мәтіннен өзіңе қандай әсер алдың?

Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.


Тақырыбы: Мен елімді сүйемін. Сырбай Мәуленов.

Мақсаты: Оқушыларға Сырбай Мәуленов жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, алған білімін тиянақтау; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; туған еліне,жеріне деген сүйіспешілігін арттыру, мейрімділікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі: суреттер, сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Бердібек Соқпақбаев кім? Қандай кітабын, әңгімелерін білесің? Қандай жұмыс түрлерімен таныстық? Сен ұйықтап жатқанда қандай жұмыс мамандары жұмыс істейді? Керек пе?

ІІІ. Өткенді қорыту: Сен үлкейгенде кім болғың келеді?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Суреттерге қарап Сырбай Мәуленов туралы әңгімеле.2.Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы жазушының көңіл күйін түсіну. Жазушы туған ел неден құралады дейді? Оның мағынасы неге тереңде жатыр дейді? Туған жерсіз адамның күні жоқ деп неге айтты? Туған елдің тілі баршаға жанға түсінікті дегенді қалай түсінесің?

г/ Сергіту сәті: ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Шығармадағы негізгі ойды анықта:


  • туған тіл;

  • туған ел;

  • туған жер;

ҮІІ. Бекіту: Сызбадағы сөздерді пайдаланып, мәтінді әңгімеле. Салыстырып сипатта дегенді қалай түсінесің? Астананың әсемдігі жайлы не айтар едің? Алматы қаласымен салыстырып көр? Тест. ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу, сурет салу. 2.бағалау


ІҮ бөлім. Ата - бабам тарихы - менің тарихым

Тақырыбы: Халық қорғаны (ел аузынан)

Мақсаты: Оқушыларға ата-бабамыздың өмір тарихы жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, алған білімін тиянақтау;

-сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

-туған еліне, жеріне, салт-дәстүр, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, Отаншылдыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: суреттер,сызба

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену,әңгімелеу.

Түрі: жаңа сабақ.


Каталог: upload -> maps
upload -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
upload -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
upload -> Приложение к части а1
maps -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты
maps -> 1. Общие сведения Тип – дошкольное
maps -> Информация об обеспеченности обучающихся
maps -> Сведения о педагогических кадрах мадоу детский сад №7 на 2013-2014 учебный год


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет