Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



бет18/60
Дата25.04.2016
өлшемі8.21 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.



- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, ата-бабамыздың өмір тарихы жайлы, қандай ұлы адамдарды білетінін анықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Суретпен жұмыс: Суретте кімдер бейнеленген? Қазақ батырлары екенін неден білдіңдер? Ақ боз атқа мінген адамды кім дер едің? (Қабанбай батыр) Қаракерей Қабанбай шұбырынды болған жұрттың басын қосты. Суретке ат қой, әңгімеле. 2. Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы жазушының ойын түсіну. Жоңғар шапқыншылары қазақ халқына қалай шапқыншылық жасады? Қандай қасіретке ұшырадық? Қаракерей Қабанбай жұрттан не құрды? Бұқар жырау кім? Ол кімдер жайлы жырлады? Өлеңді мәнерлеп оқу.3.Сөздік жұмыс. (шұбырынды, жасақ, ақылгөй, жарақ, жарым, пырақ)

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: 1.Мәтінде қазақ халқының басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Халықты жаудан қорғаған батырдың аты кім? 2. Сызбаны толтыр.Бұқар жырау Қабанбай батырды нелерге теңейді?(құлағым, пырағым, бұлағым) Өз сөзіңмен түсіндір. Ү. Бекіту. Берілген сурет пен мәтіннің арасында байланыс бар ма?

ҮІ Үйге тапсырма: 1. оқу, өлеңін жаттау.2. бағалау.

Тақырыбы: Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан)

Мақсаты: Оқушыларға Бөгенбай батыр жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; туған еліне, жеріне, салт-дәстүр, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: Бөгенбай батыр суреті, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мәтінде қазақ халқының басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Халықты жаудан қорғаған батырдың аты кім? Ақ боз атқа мінген адамды кім дер едің? (Қабанбай батыр) Жоңғар шапқыншылығнан кейін қазақ халқы қандай қасіретке ұшырады? Қаракерей Қабанбай жұрттан не құрды?

ІІІ. Өткенді қорыту: Бұқар жырау кім? Ол кімдер жайлы жырлады? Бұқар жырау Қабанбай батыр жайлы қалай жырлады? Өлеңді жатқа айту.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Өткен сабақта оқылған мәтінді пайдаланып, сызбаны толтыр.

Ү. Жаңа сабақ: Суретпен жұмыс: Суретте кім бейнеленген? Оның батыр екенін қайдан білдіңдер? Атқа мінген адамды кім дер едің? (Бөгенбай батыр) Суретке ат қой, әңгімеле. 2. Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы жазушының ойын түсіну. Бөгенбай батыр неше жасында қолбасшы болды? Халықты неге шақырды? Қалай ойлайсың батырлар буырқанып шықпаса не болар еді? 3.Сөздік жұмыс.(мәміле, тоқырау, уәж, ірігенді ширату, бурқану)

ҮІІІ. Сабақты қорыту: Халықты жауға қарсы үгіттеген, күш жинаған батырдың аты кім? 2. Сызбаны толтыр. Бұқар жырау Бөгенбай батыр туралы не деді ? Өз сөзіңмен түсіндір. (аттың басын тартпаған, жаудан қайтпаған, қорғасындай балқыған еңбек қылған, сарп қылған бар күшін) 3. Мәтінге сүйеніп, суреттегі батырды сипатта. Екі мәтінді салыстыр.

Халық қорғаны.

Екі мәтіннің ұқсастығы

Алмас қылышты ардагер










Бағалау: баға қою


Тақырыбы: Ақжолтай Ағыбай батыр. Марат Әбсемет

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ақжолтай Ағыбай батыр жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; туған еліне, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу;

Сабақтың типі: аралас

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіріп, баяндау.

Көрнекіңігі: суреттер, пікір ағашы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.


- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Үй тапсырмасын пысықтау: Бұқар жырау жырын жатқа айту. Халықты жауға қарсы үгіттеген, күш жинаған батырдың аты кім? Суретте кім бейнеленген? Оның батыр екенін қайдан білдің? Бөгенбай батыр неше жасында қолбасшы болды? Халықты неге шақырды? Қалай ойлайсың, батырлар буырқанып шықпаса не болар еді?

Үй тапсырмасын пысықтау: Бөгенбай батыр жайлы не білдік? Үлкейгенде сен қандай адам болғың келеді?

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . 3.Өткен сабақта оқылған мәтінді пайдаланып, пікір ағашын толтыр.

ІІІ. Жаңа сабақ: «Алмас қылышты ардагер» мәтінін пайдаланып, пікір ағашындағы сызбаны толтыр. 2. Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы негізгі ойды табу. 3 Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Теріп оқу: 1.Патша үкіметінің саясаты қандай еді? Кенесары кім? (Қасым хан ұрпақтар-Кенесары)

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Орыс патшалығының басқыншылығының саясаты қандай еді? Неліктен Ағыбай батырдың есімі Кенесары ханмен қатар айтылады? Қарсы күш жинау неге керек болды? Халық Ағыбай батырды неліктен «Ақжолтай батыр» деп атағанҮ. Қорытындылау: Мәтінді қандай бөліктерге бөлуге болады? Ат қой. Басқаша тағы қалай атауға болады? (1.Орыс патшалығының басқыншылығы немесе саясаты. 2.Қарсы күш жинау.3.Ағыбай батыр.4. Халықтың Ағыбай батырды бағалауы.)

Тақырыбы: Махамбет пен Жақия. Қажым Жұмағалиев

Мақсаты: Оқушыларға Исатай, Махамбет батырлар жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

ә»сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

б» туған еліне, жеріне, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық:Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



І. Үй тапсырмасын сұрау: Орыс патшалығының басқыншылығы немесе саясаты қандай еді? Қарсы күшті кім жинады? Ағыбай батыр кім? Халық Ағыбай батырды қалай бағалады? ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ағыбай батыр туралы не білдік? Ол кісінің қандай ерлігін өзіңе алар едің?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Өткен сабақта оқылған мәтінді пайдаланып сөзжұмбақ шешу. «Ағыбай» (қазақ, Ағыбай, Кенесары, Қоңырбай, Қойсана, Ақжолтай). Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас-талқан етіп жеңді.

ІҮ.Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Мәтінде аттары аталған батырлар кімдер? Жақияның ержүректілігі туралы, Махамбеттің ерлігі жайлы айтылған жолдарды тауып оқы. Жәңгір хан туралы не білесің? Махамбет Жақияны қайтару үшін не деді?

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Махамбет жалғыз жаумен айқасқанда, қандай амал ойлап тапты? Бөлімдерге ат қой. ҮІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, №11,12 тапсырма.

Тақырыбы: Амангелді батырым. Нұрпейіс Байғанин

Мақсаты: 1. Оқушыларға Амангелді Иманов батыр жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

дамытушылық:сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

тәрбиелік:туған еліне, жеріне, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:Сабаққа дайындық. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен:«Мен жақсы адаммын,мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Не үшін қазақ халқы күреске шықты? Жақияның ержүректілігі туралы не айтар едің? Махамбеттің ерлігі жайлы айтылған жолдарды тауып оқы. Жәңгір хан туралы не білесің? Махамбет Жақияны қайтару үшін не деді?

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Махамбет жалғыз жаумен айқасқанда, қандай амал ойлап тапты? Саған әңгіме ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?

ІІІ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық

ІҮ. Жаңа сабақ: Сөзжұмбақ шешу арқылы мәтіннің тақырыбын ашу. «Амангелді» (Қабанбай, Махамбет, Исатай, Ақтабан, Бөгенбай,Кенесары,Абылай,шұбырынды, Жәңгір) 2.Өлеңді түсініп, жалғастырып оқу. Елінің бағы үшін Амангелді не істеді?

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Суретпен жұмыс: Суретті салған кім? Сурет қалай аталады? әңгіме құр.Амангелді кім? Қазақ халқы үшін ол қандай ерлік жасады?

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Жаттау,сурет салу

. ҮІІ. Бағалау




Сабақтың тақырыбы: Азаттық жолында. Зейін Шашкин

Мақсаты: Оқушыларды Тоқаш Бокин өмірімен таныстыру, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

дамытушылық: сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

тәрбиелік:батылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушы зейінін сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Амангелді» өлеңін жатқа айту. Салған суреттері жайлы оқушы ойын ортаға салу. Елінің бағы үшін Амангелді не істеді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Кітаптағы суретті салған кім? Сурет қалай аталады? Амангелді кім? Сен еліңді қорғау үшін не істер едің?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам? Түрмеде оған қандай айып тағылды? Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың? Тоқашқа жолығуға кім келді? Ол анасына не айтты?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Тоқаш пен анасының арасындағы әңгімені тауып, рөлге бөліп оқыңдар. 2. Әңгіменің ІҮ бөлігін қайталап оқу. 3. Әр бөліміне ат қой. (Түрмеде, айыпталу, анасымен кездесуі, жазалау)

ҮІІ. Қорыту: Суретпен жұмыс: Зер салып қару. Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаны бейнелейді? Өз ойыңша әңгімелеп көр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын айту, сахналық көрініске даярлан. Бағалау.


Сабақтың тақырыбы: Күлпаш. Бейімбет Майлин

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Бейімбет Майлин жайлы айта келіп, қазақ халқының аштық, кедейлік өмірімен таныстыру, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

дамытушылық; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

тәрбиелік; елінің тарихын, өткенін сыйлауға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіріп, баяндау.

Көрнекілігі: суреттер топтамасы, суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. Алақан» жаттығуы.


  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

Үй тапсырмасын пысықтау: . Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам? Түрмеде оған қандай айып тағылды? Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың? Тоқашқа жолығуға кім келді? Ол анасына не айтты?

Үй тапсырмасын пысықтау: Тоқаштың қолына кісен салып, көшеге алып шыққанда, халық не деп аяныш білдірді. Топ ішінен кім жылады? Ол кім еді?

ІІ.Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау.2.Жаңа сабаққа даярлық.Суреттер топтамасын пайдаланып Бейімбет Майлин өмірімен танысу.Әңгіме құру.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Түсініп оқы.(балалардың есіне.) 1930-1932 жылдары Қазақстан халқының алты миллионнан асқан болса, соның екі миллионнан астамы аштықтан қырылды. 2. Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы негізгі ойды табу. 3 Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Қай кезде болған? 3. Сөздік жұмыс:( Өрім-өрім, бөкебай, ызғырық, өлмелі кедей) 4. Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге күтті? Мақтым мен Күлпаш неге жылады?

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: «Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» дегенді қалай түсінесің? Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?

Ү. Қорытындылау: Суретпен жұмыс: Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың? Теріп оқу: Қарамен неге жазылды деп ойлайсың?

ҮІ. Үйге тапсырма : мәтінді оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
Тақырыбы: Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров

Мақсаты: Оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

дамытушылық;сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

тәрбиелік;адамгершілікке тәрбиелеу

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

І. Үй тапсырмасын сұрау: Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Қай кезде болған оқиға? «Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» дегенді қалай түсінесің? Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың Қалидің өмірі ары қарай не болды екен? Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?

ІІІ.Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Суреттер топтамасын пайдаланып Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен танысу.

ІҮ.Жаңа сабақ: Өлеңді түсініп оқу. Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған? Кедей деп кімдерді атаған? Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген? Бұл оқиға қай кезде болған? Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Топтық жұмыс: Салыстырып, дәлелде. Суреттегі кедей тұрмысын қазіргі кезбен салыстыр.

І топ

ІІ топ

Қазір кедей адам жоқ.

Қазіргі кезде де кедей адамдар бар.

ҮІ.Қорыту: Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады?

ҮІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу.

ҮІІІ. Бағалау.


Тақырыбы: Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза

Мақсаты: 1. Оқушыларға Тұрар Рысқұлов өмірі жайлы 2 класта оқығанды еске түсіре отырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; дамытушылық:сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

тәрбиелік; шыншылдыққа,батылдыққа тәрбиелеу



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Сабаққа дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған? Кедей деп кімдерді атаған? Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген? Бұл оқиға қай кезде болған?

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады?

ІІІ.Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.«Қызыл жебе» жайлы 2 класта қандай үзінді оқыдық? Есіңе түсір. (« Бала Тұрар» Шерхан Мұртаза)

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам Тұрар Рысқұлов еді. 2.Мәтінді түсініп оқу. Әңгме кім туралы? Тұрар неліктен Серікті сұраққа алды? Серік неліктен шындықты айтты? Тұрар мен Қабылбек қандай шешімге келді? Сен олардың орнында болсаң не істер едің?

Ү.Жаңа сабақты пысықтау:1.Мәтіннің соңғы жолын қайталап оқы. Балаларға сипаттама бер. Іс-әрекетіне баға бер. Әңгімеге басқаша ат қой. Неге олай ат қойдың дәлелде.

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Мәтінді оқы, Тұрар неге Сталинге хат жазды деп ойлайсың? Ойланып кел.. ҮІІ Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Мәңгі жасар өмір. Тұрсынбек Кәкішев

Мақсаты: Оқушыларды Сәкен Сейфуллин өмірімен таныстыру, репрессияға ұшырағандар жайлы айта отырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

дамытушылық: сөйлемді дұрыс құруға, ойлану, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

тәрбиелік;батылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгіме кім туралы? Тұрар неліктен Серікті сұраққа алды? Серік неліктен шындықты айтты? Тұрар мен Қабылбек қандай шешімге келді? Сен олардың орнында болсаң не істер едің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Балаларға сипаттама бер. Іс-әрекетіне баға бер. Тұрар мектепте қалай оқыған? Есіңе түсірші 2 кластан оқығандарыңнан.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.3.Кіріспе: 1937- 1938 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады.105 мың адам қамауға алынып, оның 22 мыңы аталды.

Ү.Жаңа сабақ: 1.Мәтінді түсініп оқу. 2.Сөздік жұмыс. (Ақталу, елгезек, шамалы жер, біртуар) 3.Әңгіме кім жайлы? Ел басынан өткен қандай кезең суреттелген? Ауыл адамдары кімнің үйіне жиналған? Неге? Исламқұл әнін неге жалғастырмай тоқтап қалды? Олар неден қорқады? Өйткені, ол кезде С.Сейфуллиннің әлі ақталмаған, есімін атауға жұрттың қорқатын кезі еді. Сәкенге деген халық сүйіспеншілігі қандай еді?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Мәтін неге «Мәңгі жасар өмір» деп аталған?2. Суретпен жұмыс:Суретті қалай атар едің? Кімнің суреті?Осы сурет пен мәтіннің арасында байланыс бар ма?

ҮІІ. Қорыту: Өз ойыңша әңгімелеп көр. Қазақ зиялыларын неге репрессияға ұшыратты?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Батыр Бауыржан. Несіпбек Айтов

Мақсаты: 1. Оқушыларға Бауыржан Момышұлы туралы айта келіп,Ұлы Отан соғысы жайлы айту, сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Сабаққа дайындық: күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:Әңгіме кім жайлы? Ел басынан өткен қандай кезең суреттелген?Ауыл адамдары кімнің үйіне жиналған?Неге?Исламқұл әнін неге жалғастырмай тоқтап қалды? Олар неден қорқады? Сәкенге деген халық сүйіспеншілігі қандай еді?

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сәкен Сейфуллин кім? Халық жауы деген атпен атылып кеткендерді атқан адамдарға өз көзқарасыңды білдір.

ІІІ.Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Түсініп оқы: 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы болды. Соғыстың алғашқы күнінен бастап қазақ халқы да фашизмге қарсы аттанып, соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш-жігерін жұмсады, асқан ерліктер көрсетті. 4. Сөздік жұмыс: (фашизм-дүние жүзіне үстемдік орнатуды көксейтін басқыншы топ.)

ІҮ. Жаңа сабақ: 1.Өлеңді мәнерлеп оқу. « Аңсап көкті жасынан, Еркін қаққан қанатын» дегенді қалай түсінесің? Ақын халық басындағы ауыр күнді неге теңейді? (қара түн, тажал). Нұркеннің ерлігі жөнінде не делінген? Бауыржан Момышұлы жайлы не білесің? Мәтінді түсініп оқы. 2.Сөздік жұмыс: Деректі әңгіме-нақтылы болған оқиға туралы әңгімеле. 3.1941 жылы қандай оқиға болды? Полк командирі командирлерді не үшін жинады? Бауыржан жігіттерге не айтты? Бұл сөзді кім құптады?

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Дәптермен жұмыс. Мәтін ішіндегі мақалдарды тауып көшір. Өз сөзіңмен әңгімелеп көр. 2. « Қазақ баласы- ар мен намыс иесі» қалай түсінесің? Өзің осы атаққа лайықсың ба? Қалай ойлайсың? Ұлы Отан соғысы жайлы өзің білетініңді айт. Қандай батырларды білесің? Сен тұратын жерде соғыс ардагері бар болса, олар жайлы деректер жина.

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Өлеңді жаттау, сурет бойынша «Батыр Бауыржан» атты әңгіме құр. ҮІІ Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Комбаттың әңгімесі. Нығмет Ғабдуллин

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Бауыржан Момышұлы туралы айта келіп,Ұлы Отан соғысы жайлы айту, сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа , Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:Сабаққа дайындық «Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»
Каталог: upload -> maps
upload -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
upload -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
upload -> Приложение к части а1
maps -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты
maps -> 1. Общие сведения Тип – дошкольное
maps -> Информация об обеспеченности обучающихся
maps -> Сведения о педагогических кадрах мадоу детский сад №7 на 2013-2014 учебный год


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет