Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


ҮІ Түсінгендерін тексеру: 1. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада»



бет21/60
Дата25.04.2016
өлшемі8.21 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60

ҮІ Түсінгендерін тексеру: 1. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қатысты екенін әңгімелеп көр. 2. Екі шығарманы салыстыр. Қалай ойлайсың өлең мәтіндегі әңгімеге жауап болады ма?

ҮІІ Бекіту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Мәтін кім туралы екен? Неге анасының шашы ағарды деп ойлайсың? Сен анаңды осылай уайымдатасың ба?

ҮІІІ.Үйге тапсырма: Оқу мазмұны, осы оқиғаға ұқсас әңгімелерді балалар журналынан жинап кел, Өлеңді жаттап ал. Бағалау
68. Тақырыбы: Шал мен бала. Бердібек Соқпақбаев

Мақсаты: Оқушыларға Б.Соқпақбаев туралы айта келе, мәтінді түсініп оқуға, әңгімелеуге үйрету; сөздік қорын дамыту; үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. « Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ана» өлеңін жатқа сұрау. В.Сухомлинскийдің « Ақ шаш» әңгімесі кім туралы екен? Неге анасының шашы ағарды деп ойлайсың? Сен анаңды осылай уайымдатасың ба? Мәтіннің негізгі ойы неде деп ойлайсың?

ІІІ Өткенді пысықтау: «Бала тілі - бал» тақырыбына қандай мақал-мәтелдер білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Сендердің аталарың бар ма? Ол қандай адам?

Ү. Жаңа сабақ: 1.Кіріспе. Бердібек Соқпақбаев (1924-1992) - белгілі балалар жазушысы. «Менің атым Қожа,Әжесінің баласы» т.с.с. кітаптар жазған.2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу.Трамваймен кімдер келе жатты? Шал не істемек болды? Оған кім көмекке келді? Мәуленнің іс-әрекеті атаға ұнады ма? Ата кім жайлы әңгімеледі? Ол не істеді? Сол тақыр бас бала кім еді? Ата тақыр басты баланы таныды ма? Шал балаға не деді? Шал қандай мақал айтты? ( « Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.» )

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: І.Шығармадағы оқиғаларды ретімен орналастыр: 3.атаның әңгімесі; 1.трамвайдан түскенде; атаның немересі; 2.бейтаныс баланың көмегі; 4.ата мен немересінің әңгімесі. ІІ. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі ақыл, нақыл сөздерді жазып ал.

(«Ұрлық істеу – ол жақсы адамның кәсібі емес» Жасың ұзақ болсын, шырағым! «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.»)



ҮІІ. Қорыту. 1.Суретпен жұмыс: Суреттен не көріп тұрсың? Суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? Өзің қандай сурет салар едің? 2. Мән беріп оқы. Нақты мысал келтір.

«Мәтінде бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін. Мәтіндегі оқиғалар бір-бірімен байланысты болады.»

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұны, Бағалау.
69. Тақырыбы: Абай шаңырағы. Кәмен Оразалин

Мақсаты: Оқушыларға Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» әңгімесін оқыту арқылы Абай өмірі жайында мәліметті толықтыра отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыта келе; үлкенді сыйлауға, іззетті болуға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілік: оқулық, кітапшалар, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Трамваймен кімдер келе жатты? Шал не істемек болды? Оған кім көмекке келді? Мәуленнің іс-әрекеті атаға ұнады ма? Ата кім жайлы әңгімеледі? Тақыр бас бала не істеп еді? Сол тақыр бас бала кім еді? Ата тақыр басты баланы таныды ма? Шал балаға не деді? Шал қандай мақал айтты?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтінде қандай ақыл,нақыл сөздер айтылады? Өзіңнің қосарың бар ма? «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.» дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау. «Үлкенді сыйлау» дегенді қалай түсінесің?

Ү .Жаңа сабақ: Кіріспе. Абай кім? Ол туралы не білеміз? (Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. 1845-1904. Семей өңірінде туған) Қандай өлеңдерін білесің? Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Сөздік жұмыс. (Шымши, ызу, алаша, сүйек төсек). Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың? Абай қайтқаннан кейін оның орнын өзгерпей ұстауды кім міндетіне алды? (Күнжан) Ол қыс бойы қандай жұмыстар істеді? Кімдер келді? Кәкітай не деді? Күнжанға олар не айтты? Әуез қария кімді есіне алды? (Абайды) Неге Әуез қария толқып кетті?

ҮІ . Жаңа сабақты пысықтау: 1. Суретпен жұмыс. Мәтіндегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді тауып оқы. (уық,керегесінің; қызыл күрең сырмен; ақ жүннен киіз; алаша,сырмақ;сүйек төсек; кітап шкабы; үш ішектідомбыра; қызыл күрең кілемнің; қонақ көрпелер;дөңгелек үстел.) Осы сөздерді пайдаланып, суреттегі Абай үйін сипаттап айт.2. Абайдың үйін кім әдемі етіп ұстады? Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

ҮІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Мәтндегі әр бөлікке ат қой. (Абайдың үйін Күнжанның жабдықтауы. Қонақтардың бағасы. Әуез қарияның толқуы. т.б. өз еркімен) ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұны, Бағалау.
70 . Сабақтың тақырыбы: Сәкен аға. Мәжит Сейфуллин

Мақсаты: Оқушыларға Сәкен аға жайында мәлімет бере отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту, мейрімділікке тәрбиелеу.

Түрі: біріккен сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, түсінідіру, әңгімелеу.

Көрнекілік: Сәкен суреті, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» атты әңгімесінде Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім? Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Киіз үйді көрген Әуез қарт қандай күйде болды?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің? Абай жайлы тағы қандай тақырыптар өттік? (Бала Абай. Бала Абай мен Барлас. Бала Мұхтар мен Абай.Абай шаңырағы) Бұл тақырыптардан біз не білдік?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. С.Сейфуллин өмірі, шығармалары жайлы әңгімелеу. ( Сәкен Сейфуллин (1894-1938) көрнекті ақын, Қарағанды облысында туған, «Көкшетау» поэмасын, «Тар жол тарғақ кешу,Қызыл сұңқарлар т.с.с.» жазған. Астана қаласында мұражайы бар). 2.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен жыл мезгілдері туралы жазылған жолдарды тауып оқы. (Күзгі қара суық). Іңкәрбектің тұрмысына қатысты мәтелді тап. ( «Кісідегінің кілті - аспанда») мән бер, түсіндір. Сәкеннің үй шаруасына көмегі жайлы, ұқыптылығы жайлы әңгімеле.( Үстін таза ұстайды. Бұлаққа Рахима, Халима, Салима деген қарындастарын жуындырып, шашын өретін)

Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтіннен Сәкеннің анасының сөзін тауып оқы. Бала Сәкенге мінездеме бер.

ҮІ. Қорыту: 1.Суретпен жұмыс. Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаға сәйкес келеді? Әңгімеле. 2. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қой. 3. Қосымша тапсырмалар беру.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәтінді оқы, мазмұнын айту. 2.Күйшілер, өнер адамдары жайлы біліп кел. Бағалау.
71. Сабақтың тақырыбы: Шығарма « Өз тілімді мақтан етемін»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша өздік жұмыс . Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.



- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің тақырып бойынша оқушы ойын қорытуға көмектесуі. Оның басы, негізгі бөлімі, соңын анықтау. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Шығарма жазуда мына жоспарға назар аудар.

Мазмұндау жоспары:

  1. Тіл, сөйлеу, дегенді қалай түсінесің, тіл не үшін қажет. (айту, пікірлесу, сөйлесу, дәлелдеу, ойын жеткізу, сәлемдесу т.т.)

  2. Адамдар сөйлемесе қалай болар еді деп ойлайсың?

  3. Ана тіліңді неліктен жақсы көресің?

  4. Ана тілің туралы көптеген мақал- мәтелдер, өлеңдер бар. Білсең жазып, мәнін түсіндір.

  5. Ойыңды қорытындыла.

Оқушының жазба жұмысты өздігінен орындауы.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Ана тіліңе сенің құрметің?

Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

Сабақтың тақырыбы: Халыққа жеткіз күйімді. Әбу Сәрсенбаев

Мақсаты: Күй атасы Құрманғазы мен Дина Нұрпейісова өмірімен,өнерімен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; оқу дағдыларын жетілдіру; әсемдікке, зеректікке, өнерге деген құштарлығына баулу.

Көрнекілік: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мәжит Сейфуллиннің «Сәкен аға» әңгімесі кім жайлы? Сәкен қандай жағдайға араласты? Неге? Сәкен үй шаруасында қандай көмек көрсететін? Сәкеннің ұқыптылығын қайдан білуге болады? Анасы Сәкенге не деді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сәкенге мінездеме беріп көр. Сен қандай әсер алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қандай музыкалық аспаптарды білесің? Өзің қандай аспаптарда ойнай аласың?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Қандай өнер түрлерін білесің? Қандай күйшілерді, күйлерді білесің? Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті? Құрманғазы неге налыды, неге қуанды? ( Өнерін жалғастыратын ұл болмады деп налыды. Өз мұрасын жалғастыратын адамның табылғанына қуанды.) Динаның ойнаған күйі қалай аталатын? («Көбік шашқан») Құрманғазы Динаға қандай бата берді? ( Көп жаса,қызым, көп жаса! ) Дина атасына қандай ант берді? Оны қалай орындады?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Құрманғазы мен Динаның қандай күйлерін сүйіп тыңдайсың? 2. Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Мәтінге сүйеніп, Құрманғазы мен Динаның кездесуі туралы әңгімеле.

ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік? Бұл қай жылы болған? Құрманғазы кім болған? Дина ше? Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын айту, өнер туралы мақал-мәтелдер жинастыр. Бағалау.

Тақырыбы: Әнші Әміре Мұзафар Әлімбаев

Мақсаты: Әміре Қашаубаев өнерімен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; әсемдікке, зеректікке, өнерге деген құштарлығын арттыру.

Түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Көрнекілік: арнайы суреттер, сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті? Құрманғазы неге налыды,неге қуанды? Динаның ойнаған күйі қалай аталатын? («Көбік шашқан») Құрманғазы Динаға қандай бата берді? Дина атасына қандай ант берді? Оны қалай орындады?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Бұл қай жылы болған? Құрманғазы кім ? Дина ше? Өзің қандай аспапта ойнағың келеді? Әсемдік дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қандай музыкалық аспаптарды білесің? «Кім жылдам?» Топқа бөлініп өнер туралы мақал –мәтелдерді айтудан жарысу.

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Мәтінде Лениногорск қаласы жайлы не айтылған ? Бұл қай жылы еді? Әртістер келгенде қандай жағдайға кезікті? Не болды? Қиындықтан қалай және кім шығарды?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Мәтіндегі аты аталған өнер адамдары жайлы не білесің? Лениногорск қаласымен өнер адамдарын байланыстырған қандай оқиға? 2. Сызбамен жұмыс. Берілген сөздердің арасындағы мағыналық байланысты анықта.


Аспанды қақ жарғандай

Тасыған қар суындай

Сеңдей соғылысады


бір сәтте қаптап, ағылып

топырлайды, бір-біріне жол бермейді



күшті, қатты

Мәтінге сүйені, сызбаның сол жақ бөлігіндегі тіркестерге қатысты сөздерді ата. (әлуетті үн саңқ етті. Әр тараптан халық клубқа қарай ағылды-ай келіп. Келген жұрт клубқа сыймай.) Әміре кім? Қай жылы бүкілдүниежүзілік жарысқа қатысты?

ҮІІ. Қорыту: Суретпен жұмыс. Зер салып қара. Мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? Жоғарыдағы сызбаның сол бөлігіндегі сөздерді пайдаланып әңгімеле.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, көкшіл түспен берілген сөздердің мағынасын сөздіктерге қарап біліп кел.Бағалау.

Тақырыбы: Рәсім. Медеу Сәрсеке

Мақсаты: Әнші, сазгер Жаяу Мұса мен Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың жастық шағы жайлы әңгімелей отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; өнерге деген құштарлығын арттыры отырып, ұлттық рәсімді сыйлауға, сақтауға баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: : Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Мәтінде Лениногорск қаласы жайлы не айтылған ? Бұл қай жылы еді? Әртістер келгенде қандай жағдайға кезікті? Не болды? Қиындықтан қалай және кім шығарды? Әміре кім? Қай жылы бүкілдүниежүзілік жарысқа қатысты?

ІІІ Білімдерін тексеру: Көкшіл түспен берілген «Құлақтанбаған, құлақтының» деген сөздердің мағынасы қандай екен? Мәтінді тағы қалай атауға болады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Жаяу Мұса және Қаныш Имантайұлы Сәтпаев туралы естігенің бар ма?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді бөлімдерге бөліп түсініп оқу. Сөздік жұмыс. Рәсім – әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің көрінісі. Сызбамен жұмыс. Берілген тақырыптармен қай бөлімді атар едің? Неге осылай аталғанын дәлелде.Әр бөлімге өзің қандай ат қояр едің? Сызбаны толтыр.



Бөлімдердің атауы

Бөлімдер

Өзің қандай ат қояр едің?

1

Ашулы көк қаршыға

І

. . .

2

Қарт әншінің батасы

ІІ

. . .

3

Күндей жомарт, шөлдей сараң қарт

ІІІ

. . .

4

Сәлемдесу- адамгершілік белгісі

ІҮ

. . .


ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Мәтін неге «Рәсім» деп аталды деп ойлайсың? 2. Суретпен жұмыс. Сурет мәтіннің қай бөліміне сәйкес келеді? Тақырып ойлап тауып, әңгімеле.

ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Қандай рәсімдерді білесің? Ойланып жауап бер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны, Жаяу Мұса туралы деректер жина. Бағалау.


Тақырыбы: Әбілхан Қастеев

Мақсаты: Ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салған Әбілхан Қастеев өмірімен таныстыру. ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; өнерге деген құштарлығын арттыра отырып, әдемілікті бағалай білуге баулу.

Түрі: аралас сабак.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілік: суреттер, ұлттық энциклопедия кітабы.

Сабақтың барасы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Медеу Сәрсекенің « Рәсім» атты әңгімесі кімдер жайлы? Қаныш қайда барды? Жаяу Мұсаға не болған екен? Ол неге қуанды? Имантай қария Қаныштың құсты алмағанын неге жөн көрді? Біләл болыстың тілегін Жаяу Мұса неге қабыл алмады деп ойлайсың? Бұдан Имантай қария қандай түйін жасады.

ІІІ. Білімдерін тексеру: Үйден қандай деректер таптыңдар Жаяу Мұса туралы? Өзің білетін ырым, рәсімдер жайлы айт.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: .Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Бейнелеу өнері сабағынан қандай суретшілер жайлы білдік? (Леонардо да Винчи, В.Васнецов, О. Таңсықбаев,Ү. Әжиев,Ә. Қастеев. т.б.)

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Ұлттық энциклопедия кітабы жайлы не білесің? Әбілхан Қастеев қашан, қай жерде туылған? Ол туралы не білдік? Оның қандай еңбектері бар екен? ( « Түркісіб, мектепте, Амангелді, Жамбылдың портреті, Жас Абай» т.б.)

ҮІІ Бекіту: Әңгіме кім туралы екен? Ол кім? ( Ол- ұлттық бейнелеу өнерінің негізін саған, аса талантты суретшілерінің бірі.)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұны, Ә. Қастеев туралы деректер жина. Бағалау

76. Сабақтың тақырыбы: Ақ құс туралы аңыз. Оразбек Бодықов



Мақсаты: Әннің, вальстің серісі Шәмші Қалдаяқов жайлы айта келе, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; өнерге деген құштарлығын арттыра отырып, әсемдікті бағалай білуге баулу.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Шәмші Қалдаяқов суреті, ән кітабы.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Әбілхан Қастеев қашан, қай жерде туылған? Ол туралы не білдік? Оның қандай еңбектері бар екен?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен оның қандай суреттерін білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сен қандай өлеңдерді айтқанды жақсы көресің? Сөзжұмбақ шешу «Шәмші».(шебердің, шәкірт, сүйкімді,пішер, жетпіс). Берілген мақал-мәтелдерге ортақ тақырып ойлап тап. (өнер білім)

Ү. Жаңа сабақ: 1.Мәтінді түсініп оқу.2.Сөздік жұмыс. (Тау мүлгіп, көл тынып, аспан егіледі) 3. Шәмші Қалдаяқов кім? Ол кімдер жайлы айтты?Анасынан естіген аңыз әңгімесі не жайлы еді? Мәтіннен табиғаттың аққұс әніне табынған жерін суреттейтін тұстарын тауып оқы. Осы көріністі елестетіп көр. Қандай сурет салар едің?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Мәтінді басқаша қалай атауға болады? Әннің құдіреті деген не? Қалай түсінесің?

ҮІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Сурет жайлы не айтар едің? Суретке қарап «Шәмші әнінің құдіреті» деген әңгіме құрастыр. Ойлан: «Аққұстың қуанышты әні» «Аққұстың мұңды әні» деген тақырыптарға қандай сурет салар едің?

ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, сурет салу. Бағалау
77. Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі. Жәнібек Кәрменов

Мақсаты: Әнде өнердің бір түрі екендігі жайлы айта келіп, бала Ермектің өмірімен таныстыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; өнерге, әнге деген құштарлығын арттыра отырып, әсемдікті бағалай білуге баулу.

Түрі: біріккен сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй жұмысын сұрау: Оразбек Бодықовтың « Ақ құс туралы аңыз» әңгімесінде кім жайлы әңгімелейді? Шәмші Қалдаяқов кім? Ол кімдер жайлы айтты?Анасынан естіген аңыз әңгімесі не жайлы еді?


Каталог: upload -> maps
upload -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
upload -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
upload -> Приложение к части а1
maps -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты
maps -> 1. Общие сведения Тип – дошкольное
maps -> Информация об обеспеченности обучающихся
maps -> Сведения о педагогических кадрах мадоу детский сад №7 на 2013-2014 учебный год


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет