Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау



бет22/60
Дата25.04.2016
өлшемі8.21 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әннің құдіреті деген не? Қалай түсінесің? Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ.Мақсат қою: Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сен қандай өлеңдерді айтқанды жақсы көресің?

Ү. Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс. 1.Оқу, іштей оқу,тізбектей оқу. Мазмұнын талдап түсіну. Әңгіменің авторы кім? (Жәнібек Кәрменов). Ол жайында не білесің? Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетектеген кім? (әкесі Бекмұхамед). Қалайша? Сұрақтармен тапсырмалармен жұмыс. 1. Ермектің әкесінің ән туралы айтқан пікірлерін тауып оқы, көңіліңе тоқы. 2. «Әннің жақсысы да, жаманы да тыңдаушысынан» деген пікірмен келісесің бе? Өзіңнің көзқарасыңды дәлелде. Осы мәтінді Оразбек Бодықовтың «Ақ құс туралы аңыз» әңгімесімен салыстырып көр.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Дәптермен жұмыс. Мәтіннен сызбада берілген сөздерге қатысты сөздерді тауып жаз.

шалғын

. . .(көгілдір)

ну

балғын


. . .(жайқалған)

таулар


. . .(орман)

. . .(шөпке)



. . .(қалың)

сыңсыған


. . . (тұнық)

қалықтаған



қарағай

. . .(ақ қайыңды аралайды)

аспан

. . .(құс суреті)



Сөз тіркестерін пайдаланып әңгіме құр. Мәтінге ат қой.

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың балалық шағы жайлы не білесің? Ол қандай әнді айтты. Оның көзіне не елестеді?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, бір әнді тыңдап, жазған кім екенін біліп, көз алдыңа не елестегенін айт. Бағалау
78 . Тақырыбы: Құстар айтысы. (Үнді ертегісі)

Мақсаты: Оқушыларға достық, ынтымақ, бірлік жайында айта отырып, ертегіні түсініп оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; Жақсыдан үйрен» тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау,сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту; үлкенді сыйлау, құрметтеу, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу

Түрі: қайталау сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, өздік жұмыс

Көрнекілігі: суреттер, кестелер, тест материалы.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»

ІІ. Үй жұмысын сұрау: Әңгіменің авторы кім? (Жәнібек Кәрменов). Ол жайында не білесің? Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетектеген кім? Қалайша? Ермектің әкесі ән туралы не айтты.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Әннің жақсысы да, жаманы да тыңдаушысынан» деген пікірмен келісесің бе? Өзіңнің көзқарасыңды дәлелде. Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ.Мақсат қою: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Сен қандай ертегілерді оқығанды жақсы көресің?

Ү. Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс. 1.Оқу, тізбектей оқу. Мазмұнын талдап түсіну. Ертегіде не жайлы екен? Торға нелер түсті? Олар не істеді? Неге олар ұшып кетті. Аңшының есіне не түсті? Неге олар жанжалдасты? Ертегі немен аяқталды? Өзіңнің көзқарасың.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Ертегіні бөліктерге бөліп, әр бөліктің жігін ажырат. («Ынтымақ» басынан немесе «Біз жемге қызығамыз ...»; «Ала ауыздық» Аспанда тор ішінде ...). Оқы. Ертегіден өзіңе қандай сабақ алдың? 2. Бөлімнің аты қалай аталады? Бұл бөлімнен не білдік? Бөлімнің басында берілген түйін сөздерді есіңе түсір.

Осы бөлімнен оқыған мәтіндерді осы тақырыптар төңірегіне топтастыр.

2.Негізгі ойы түйін сөздерге құрылған мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді жатқа айт.

ҮІІ. Білімді қорыту: Тест. І.)

1. (Б – Ы.Алтынсарин. Баланың айласы.), 2. (В-Азықсыз аш), 3.(Ә- бұл нағыз адамның өзі), 4. (А-К. Оразалин. Абай шаңырағы), 5. (Ә-Қойды күзде бағатын қоныс), 6. (А- Мәуленге), 7.(Б-Ы.Алтынсарин. Баланың айласы), 8. (В-Құстар айтысы), 9. (Б-Сахараның ақ күмбезіне), 10. (Б - Құрманғазы).

ІІ.) Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Ертегідегі оқиғаға байланысты қандай мақал-мәтел білесің? (Ынтымақ болмай, іс оңбас.Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.Ат жаманы жолда қалдырар, жолдас жаманы қолда қалдырар. т.б. ) ҮІІІ. Қорытындылау: Балалар бүгінгі сабақта біз сендермен не істедік? Саған бүгінгі сабақ ұнады ма? Сонымен, осы бөлімнен неге үйрендік екен?

ІХ. Үйге тапсырма: ертегіні түсініп оқу, мазмұнын айту. Бағалау
79. Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама « Мейірім»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлету, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау .Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Мейірім

Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақты күндерінің бірі еді. Мектепке жайбарақат келе жатқанмын. Бір үйдің бұрышынан өте бергенде, жылаған баланың дауысын естідім. Құлағы салпиған күшік төрт жасар шамасындағы қыздың жолын бөгеп жүргізер емес. Күшікті қуып жібердім. Қыз бала қатты қорыққан екен. Өксігін баса алмай, солқ-солқ етеді. Қолынан ұстап, жетелеп келемін. Ол үйінің маңына жақындаған кезде қуанып кетті. Рахмет айтып, жүгіре жөнелді. (А. Хамзин)



Мазмұндау жоспары:

Уақиға қай мезгілде болған еді? Бала нені естіді? Қыз бала неге жылап тұр екен? Бала күшікті не істеді? Қыздың қорқынышы. Бала қандай жақсылық істеді?



ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Мәтін неге «Мейірім» деп аталыпты? Қалай ойлайсың баланың орнында сен болсаң не істер едің?

Ү. Үйге тапсырма: қайталау.
ҮІІ бөлім. Масатыдай құлпырар жердің жүзі

80.



Тақырыбы: Жазғытұры. Абай

Жазғытұрым Ілияс Жансүгіров

Мақсаты: «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» атты бөліммен таныстырып, Абайдың «Жазғытұры» өлеңін және Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңін оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, оның құдіреттілігі, әсемдігі жайлы түсінік беру; мәнерлеп оқуға баулу, еркін әсерлей сөйлеуге, салыстырып ойын жеткізе білуге баулу, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғай, зерттей білуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Көрнекілігі: табиғат жайлы суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Мақсат қою кезеңі: «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауы жайлы түсінік беру. Жыл мезгілдері жайлы түсінігін нығайту мақсатында суретпен жұмыс. Суретте қандай жыл мезгілдері бейнеленген? Оны неден байқадың? Әңгіме құр.

ІІІ. Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс. 1.Өлеңді түсініп оқу. Іштей оқу, тізбектей оқу,жеке-жеке оқу. Өлеңге сүйеніп, ақын тілімен сипаттап айт:

а) Көктемгі табиғат. б) Жан-жануарлардың көктемгі тіршілігі.

Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңін мәнерлеп оқу. Іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. Өлеңді мына тақырып бойынша екіге бөл:

1. Көктем шықты. (Ой, балалар,...) 2. Ауыл жайлауға көшті. (Ауыл көшті қыстаудан, ...)

Абайдың «Жазғытұры» өлеңі мен Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңінің ұқсастығы мен айырмашылығы бар ма? Болса қандай?

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: «Масатыдай» сөзінің мағыналас қатарын тап. «Ата анаңдай елжірер күннің көзі» дегенді түсіндіріп көр. Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңде көктемнің қандай белгілері айтылған? (Жылы –жылы жел соқты, Жылғалардан су ақты, Қаңқыл –қаңқыл қаз кепті, жер қарайды- жаз кепті. ...)

Ү. Бекіту: Бүгінгі сабақта қандай бөлімді бастадық, не өттік? Бұл өлеңдерді кімдер жазған? Өлеңдерде не жайында айтылған? Түсініп оқы.

Сәуір болса, күн күркірер,

Күн күркіресе, көк дүркірер.

ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, көктем мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын біліп кел. Бағалау.
81. Тақырыбы: Көктем сәні. (Ертегі), Көктем Қабыкен Мұқышев

Мақсаты: Ертегіні түсініп оқып, өлеңді мәнерлеп оқып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінік беру; еркін сөйлей білуге үйрету , сөздік қорын дамыту; қоршаған орта табиғатын қорғай, зерттей білуге баулу сөздік қорларын дамыту; әсемдікті қадірлеуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Көрнекілігі: аңдар суреттері, сызба.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ілияс Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңін жатқа айту. Өлеңде көктемнің қандай белгілері жайлы айтылған?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Саған көктем мезгілі ұнай ма? Несімен?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Сен қандай ертегіні жақсы көресің?

Ү. Жаңа сабақ: Ертегіні түсініп, рөлге бөліп оқу. Ертегіде қандай аңдар жайлы айтылған? Бұлғын не деді? Қалай ойлайсың басқа аңдар бұлғынмен келісті ме? Сенің пікірің? Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп, іштей, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. Өлеңде не жайлы айтылған екен? «Жуып жердің омырауын» тіркесінің мағынасын түсіндір. «Дегдіді» сөзіне мағыналас сөздерді тап. (кепті). Гүлдің түсін білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы.

Ертегідегі оқиға мен өлеңінің ұқсастығы мен айырмашылығы бар ма? Болса қандай?



ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1.Аңның әрқайсысының жауабын талдап көр. Өзіңе жауабы ұнаған аңның суретін сал. 2. Ертегіге сүйеніп, сызбаны толтыр.

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырыптар өттік? 1.Ертегі саған ұнады ма? Өзің осы гүлді тағы қандай гүлшоғымен толтырар едің? 2.Көктемде қандай өзгерістер болады екен? Балалар не істеді? Осы өлең бойынша сурет салып көр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Ертегіні оқу, әңгімелеу, жаттау. Бағалау.
82. Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз! Міржақып Дулатов

Мақсаты: Наурыз мерекесі жайлы айта келе, табиғаттың сұлулығы, оның құдіреттілігі, әсемдігі жайлы түсінік беру; түсініп оқуға, еркін әсерлей сөйлеуге баулу, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғай, зерттей білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, әшекейлер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді жатқа айту. Көктемде қандай өзгерістер болады екен? Балалар не істеді? Саған көктем мезгілі ұнай ма?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Оқушының үйден салған суреттеріне талдау жасау. Көктемде қандай жұмыстар істелінеді? Сенің жанұяң қандай көктемгі істер істеді? Көктем мезгіліне деген сенің көңіл күйің? Сергіту сәті.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Наурыз мерекесі қашан болады? Ол қандай мереке? Сенің тұратын жеріңде Наурыз мерекесі қалай тойланады?

Ү. Жаңа сабақ: кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. мәтінді қайталап оқу. Сөздік жұмыс. (байлаулы, деуге сыяды, тіршіліктің негізі, мал тойынады.) Мәтінге сүйеніп «Наурыз- ұлттық мейрам» деген тақырыпта топ алдында сөйлеуге дайындал. Ол үшін: жоспар бойынша тапсырманы орында.

1. Жоспар құр. 2.Іштей не сөйлейтініңді сол жоспарға сәйкес ретте. 3. Сөйлейтін сөзіңді есіңе сақта. 4. Түсінікті тілмен, әдемі қимылмен ойыңды толық әңгімелеп бер.



ҮІ. Түсінгендерін сұрау: Ұлттық қандай мейрамдар болады? Наурыз мейрамы ше? Оны бізден басқа қандай елдер тойлайды? Қашан? Қашан құт, қашан жұт болдатынын халық қалай болжаған? Қазақ малы үшін не істеген ? Қандай әрекеттерге барған? Халық тіршілігін қалай түрлендіре білген? Бүгінгі күні Наурыз мерекесін қалай мерекелейді? Наурыз мерекесінің ең негізгі тағамы не? Ол қалай жасалады? Әңгімелеп көр.

ҮІІ. Бекіту. «Тіршіліктің арқауы алдыменен-тамақ. Дүние жаратылғаннан бері, жанды-жансыздың бәрінің талас-тартысы, шынын айтқанда, тамақ үшін» деген жолдардағы ойды әр қарай жалғастырып көр. Сенің пікірің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу,түсінгенін әңгімелеу. Бағалау
83. Сабақтың тақырыбы: Ер еңбекте сыналады. Жекен Жұмаханов

Мақсаты: Мәтінді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру; сөйлеу дағдысын, тіл байлықтарын дамыту; еңбек сүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке, ойын өрбіте білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.Көрнекілік: оқулық, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ұлттық қандай мейрамдар болады? Наурыз мейрамы ше? Оны бізден басқа қандай елдер тойлайды? Қашан? Қашан құт, қашан жұт болдатынын халық қалай болжаған? Қазақ өзінің малы үшін не істеген ? Қандай әрекеттерге барған? Халық тіршілігін қалай түрлендіре білген?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Бүгінгі күні Наурыз мерекесін қалай мерекелейміз? Наурыз мерекесінің ең негізгі тағамы не? Ол қалай жасалады? Өзің қалай Наурыз мерекесін тойлайсың? Несімен есте қалады? Сергіту сәті.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Саған құрылысшы мамандығы ұнай ма? Олар не істейді? Жұмбақты шешіп көр «Топырақты асаймын, тауда, сайда жасаймын» бұл не? (экскаватор). Экскаватормен не істейді? Өзің көрдің бе?

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу.Әр азат жолды түсініп оқып, мәніне көңіл бөлу. Рөлге бөліп оқу. Құрылыста адам көппе? Адамға не көмекке келеді? Ол машиналардың атын білесің бе? Мәтіндегі машиналардың айтысы немен бітті? Келекетіп күлген машинаның күні не болды? Енді машина кранға күлетін болды ма? Осы жерде қандай мақал бар еді? (Күлме досқа, келер басқа. т.б...). Кран машинаға қандай ескерту айтты? Мәтін қандай мақалмен аяқталған екен? («Ер еңбекте сыналады.») Сенің пікірің?

ҮІ. Түсінгендерін сұрау: Берілген суреттер топтамасын пайдаланып, мәтін бойынша мультфильм жаса. Тағы қандай кадр қосар едің? Қатысушы кейіпкерлердің сөздерін дайында.

ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Мәтін не жайлы екен? «Ер еңбекте сыналады» дегенді қалай түсінесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу, мазмұндау. Бағалау
84. Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын. (Грузин ертегісі)

Жаңбыр. Бейімбет Майлин

Мақсаты: Ертегіні мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру, Бейімбет Майлиннің «Жаңбыр» атты өлеңін түсініп оқуға, сөйлеу дағдысын, тіл байлықтарын дамыту; еңбек сүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке, ойын өрбіте білуге, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Типі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, рөлге бөліп, сахналау.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Құрылыста адам көппе? Адамға не көмекке келеді? Ол машиналардың атын білесің бе? Мәтіндегі машиналардың айтысы немен бітті? Келекетіп күлген машинаның күні не болды? Енді машина кранға күлетін болды ма? Кран машинаға қандай ескерту айтты?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтін не жайлы екен? «Еңбексіз өмір – сөнген көмір» дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Еңбек жайлы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? («Еңбек етсең ерінбей,Тояды қарның тіленбей», «Еңбек деген байлық бар, Ерінбеген жететін», «Еңбек түбі - қуаныш» талдау). Қазір қандай жыл мезгілі? Жұмбақты шешіп көр.

«Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең?» (көктем). Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр.

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. 1.Ертегіні түсініп оқу. Рөлге бөліп оқу. Шығармашылық жұмыс. Ертегіні әрі қарай жалғастырып әңгімелеу.

Ертегі кім туралы екен? Ерке бала қандай бала болыпты? Әкесі қандай шешімге келіпті? Онда анасы мен баласы не істеді? Олардың қулығы іске асты ма? Балаңың бірінші рет әкесі ақшаны отқа салғандағы кейпі қандай, екінші рет ше? Әкесінің шешімі қандай болды деп ойлайсың?

2.Бейімбет Майлин «Жаңбыр» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу,іштей ,тізбектей, жеке-жеке оқу. Өлеңнің авторы жайлы не білесің? (Бейімбет Майлин (1894-1938) әңгіме жанырының шебері, әрі ақын. Кедейлер өмірін жырлаған ақын.)

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау:1.

2. Дүниетану сабағынан есіңе түсір. Жаңбыр неге жауады, қалай, қашан көп жауады? Жаңбырдың пайдасы бар ма? (Өзара әңгімелесу).



ҮІІ. Қорыту: 1.Ертегіні сахналау. Еңбек жайлы қандай мақал-мәтел білесің? 2.Бейімбет Майлин кім екен? Жаңбыр жауғанда табиғат қандай өзгеріске ұшырайды екен?

ҮІІІ .Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын әңгімелеу, мақал – мәтелдер жаттау, Өлеңді жаттау. Бағалау
85. Сабақтың тақырыбы: Бұлбұлдың әні. Мәдіхат Төрежанов

Сабақтың мақсаты: Мәдіхат Төрежановтың « Бұлбұлдың әні» әңгімесін түсініп оқу, бөліктерге бөле отырып ойын жеткізіп әңгімелеуге үйрету; сөздік қорын дамыту; адамгершілікке, бақылағыштыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құрал-жабдықтар: оқылық, құстар суреті, үлестірме қима қағаздар (сыртында құстар суреті).

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»

ІІ.Үй жұмысын тексеру: Өлеңді жатқа айту. Жаңбыр неге жауады, қалай, қашан көп жауады? Жаңбырдың пайдасы бар ма?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Табиғатта қандай жыл мезгілдері болады? Онда қандай өзгерістерді байқадың? Саған қай жыл мезгілі ұнайды? Әңгімелеп бер.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: : 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қазір қандай жыл мезгілі? Мына жаңылтпашты жаңылмай айтып көр.

«Көктем жауын-шашынсыз болмас,

Жауын-шашынсыз болмаса,

Жасылсыз болмас.» Сергіту сәті.



Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Рөлге бөліп оқу. Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою.(Тоғай ішінде. Бұлбұлдың ұясын қоруы. Бұлбұлдың сайрауы.)

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Медіхат пен Әбдеш қайда келе жатты? Олар неге көп сөз таластырады екен, мақсаты неде? Қалай ойлайсың автор дұрыс істеді ме? Неге бұлбұл сұңқылдапты, себебі неде екен? Көңілденген бұлбұл не істеді?

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Бұлбұл қандай «ана» деп ойлайсың? Сенің пікірің.

ҮІІІ. Үйге: оқу,әңгімелеу, құстар жайлы жұмбақ тауып жаттау. Бағалау.
86. Сабақтың тақырыбы: Шығарма « Қызғаныш»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау. Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Қызғаныш


Аузына тістеген сүйегі бар Мойнақ көпірден өтіп келе жатты. Ол суға еңкейіп қарап еді, судағы өз көлеңкесін көрді.

Мойнақ су бетіндегі өзінің көлеңкесі екенін білмеді. Сүйек тістеген басқа күшік екен деп қалды. Ол енді сол сүйекке қызықты. Аузындағысын тастап жіберді. Сүйек суға түсіп кетті. Мойнақ оны ала алмады. Өйткені, сүйек су түбіне кетті



Каталог: upload -> maps
upload -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
upload -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
upload -> Приложение к части а1
maps -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты
maps -> 1. Общие сведения Тип – дошкольное
maps -> Информация об обеспеченности обучающихся
maps -> Сведения о педагогических кадрах мадоу детский сад №7 на 2013-2014 учебный год


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет