Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


Жоспар: Мойнақтың көлеңкесі. Мойнақтың іс- әрекеті. ІҮ. Сабақты қорыту



бет23/60
Дата25.04.2016
өлшемі8.21 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60

Жоспар:

  1. Мойнақтың көлеңкесі.

  2. Мойнақтың іс- әрекеті.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Мәтін неге «Қызғаныш» деп аталыпты? Қалай ойлайсың, қызғаныштан пайда бар ма?

Ү. Үйге тапсырма: қайталау.
87. Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов.

Сабақтың мақсаты: Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін түсініп оқуға, ойын толық жеткізе білуге үйрету; мәнерлеп оқу, сөздерді дұрыс айту дағдысын қалыптастыру; елін, жерін сүйетін,елжанды азаматтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсініп оқу,сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойланып жауап беру.

Құрал-жабдықтар: О.Сүлейменовтың, ғарышкерлердің, ғарыштың суреттері.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ.Үй жұмысын тексеру: Мәдіхат Төрежановтың «Бұлбұлдың әні» әңгімесіндегі Медіхат пен Әбдеш қайда келе жатты? Олар неге көп сөз таластырады екен, мақсаты неде? Қалай ойлайсың Медіхат дұрыс істеді ме? Неге бұлбұл сұңқылдапты, себебі неде екен? Көңілденген бұлбұл не істеді?

ІІІ. Үй жұмысын пысықтау: Бұлбұл өз балапандарын қалай қорғады? Оның мейрімділігін неден көруге болады? Сенің анаң саған қандай қамқорлық жасайды? Мейрімділік дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкер кім? Ол қашан ұшты? (Юрий Гагарин,12 сәуір 1961жылы)

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Өлеңді түсініп оқу. Іштен, жалғастырып тізбектей оқу. Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді? Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді? Гагариннің Жерге қайтып келе жатқан кезін ақын қалай суреттеген? Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтінін қалай бейнелеген? Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім, ол жайында не білесің? (1991 жылы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 7 тәулік 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болды. Гиннес кітабына енген.)

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Гагарин ғарышқа қашан ұшты? Тоқтар Әубәкіров ше? Өлеңде қайталанған сөзді тауып, оның әрбір жолындағы мәнісін түсіндір? (ана).

ҮІІ. Қорытынды: Бүгін сабақта не істедік, кімдер жайлы білдік? Бір сәт қиялдап көр. Осы сезіммен өлеңді мәнерлеп оқып көр. Ғарышкер туралы өлең неліктен осы бөлімде берілген деп ойлайсың? (жерді, елді сүйетіндігі, қадірлейтіндігі, табиғаты).

ҮІІІ. Үйге: оқу, әңгімелеу. Бағалау.
88. Тақырыбы: Көктем. Қасым Аманжолов

Өз біліміңді тексер. (бөлімді қайталау,тест.)

Мақсаты: Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңін оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінік беру; «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау, сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту; еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа және табиғатты қорғау, бақылау, зерттей білуге тәрбиелеу.

Түрі: қайталау Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену, өзіндік жүмыс.

Көрнекілігі: арнайы көктем жайлы суреттер, тест материалы

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың зейінін,назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: О.Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңінде ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді? Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді? Гагариннің Жерге қайтып келе жатқан кезін ақын қалай суреттеген? Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтінін қалай бейнелеген? Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім, ол жайында не білесің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Гагарин ғарышқа қашан ұшты? Тоқтар Әубәкіров ше? Болашақта сен кім болғың келеді? Сенің пікірің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Ерте көктемде жаппай көктеп, гүлдейтін шөптерді білесің бе? (жауқазын, бәйшешек, қазжуа, өгейшөп, ...)

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу, іштей, тізбектей оқу. Көктем келбеті ақын тілімен қалай суреттелгеніне мән бер:

а) Бұлақ туралы не делінген?

ә) Өзен туралы ше?

б) Көктемгі жаңбырды сипатта.

в) Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады? Ол туралы ақын не дейді?

г) Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?



ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. « Көктем күйін бастады

Өз өнерін асыра:

Қысты қуып тастады

Асқар таудың басына.» деген өлең шумақтарын қалай түсінесің? Өз ойыңды айт. Өлең бойынша сурет салып көр.



2.Өздігінен тапсырмаларды орындау:

1.С.Сейфуллиннің «Орман» өлеңіндегі ақынның қайыңға, терекке, желге қатысты қолданған көркемсөздерді тауып дәптеріңе жаз.

2. Абай ата «Жазғытұры» өлеңінде жердің жүзіне, күннің көзіне байланысты қандай көркемсөз қолданған?(Масатыдай құлпырар жердің жүзі.Ата–анадай елжірер күннің көзі.)

3. «Көктем сәні» ертегісі бойынша мына жазуларды дәптеріңе жазып ал, жалғастыр, түсіндір. Көктем сәні-жасыл желек; көктем сәні- хош иіс, ...(көктем сәні-мөлдір су, жылылық,нөсер, ашық аспан,салқын самал,еңбек,шалқыған көңіл,шаттық, күлкі,жігер)

4. Қ Аманжоловтың «Көктем» өлеңін оқып шық. Ақынның табиғат құбылысына «жан бітіріп», адамға тән қимыл бере суреттеген жолдарындағы көркемсөздерді тап. (нәзік үн, мейірленіп, алақанын тұр жайып, жас дауыспен жамырап, еңбек ата).

ҮІІ. Білімін тексеру: «Көктем» тақырыбына әңгіме құрастыр:

а) Көктемгі табиғат: жылғалардан су ақты, мейірленіп жерге күн, көк майса, жасыл барқыт жамылып.

ә) Көктемгі тіршілік: қой қоздап, түйе боздап, ұйқыдан оянып, жыл басы. Наурыз, егінжайда ту ұстап, т.б.

б) Көктем көрінісінің суретін сал.



ҮІІІ. Сабақты қорыту: Тест. (жауабы: 1. Б-жазғытұры; 2. Ә-Түйе боздап,қой қоздап; 3. Ә-көктем; 4. Б-қаз кепті-жаз кепті; 5.А-Наурыз; 6.Б-желкілдейді; 7. Ә-ит; 8. В-бұйра; 9. А-Еңбек; 10. В-Қ.Аманжолов. Көктем.

Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы? Не сұңқылдады, арқыраған не, күркіреген ше? Еңбек ата не істеп жүр? Трактормен не істеді? Көктем өз өнерін қалай көрсете бастады?



ІХ. Үйге тапсырма: өлеңді жаттау. Бағалау.
ҮІІІ тарау. Табиғат-менің өз үйім.

89. Сабақтың тақырыбы: Өзен. Ыбырай Алтынсарин



Мақсаты: «Табиғат-менің өз үйім» атты бөлімімен таныстырып, Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, оның әсемдігі, өзеннің маңызы жайлы түсінік беру; мәнерлеп оқуға баулу, ойын еркін жеткізуге баулу, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғай, зерттей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, бәйтерек бұтақтары.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Сабақтың мақсатын хабарлау, жаттығулар арқылы оқушы зейінін сабаққа аудару. Қалай ойлайсың табиғат деген не? Сені қоршаған дүние –табиғат- оны неге өз үйім деп айтады? Сенің пікірің?

ІІІ. Жаңа сабақ: Сурет бойынша жұмыс: Суретте не бейнеленген? Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады? Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар? Суретке қарап «Табиғат және адам» тақырыбына әңгіме құр. Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Іштей, тізбектей жалғастырып оқу. Сөздік жұмыс: Қынарда- жағасында. Жанабында- маңайында. Сұрақ- жауап. Ақын өзенді қалай суреттеген? Ақынның «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» деген сөздері неге қатысты?(өзенге). Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Адамдар неге суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған? Өзеннің қандай пайдасы бар?(өлеңге сүйеніп айтып көр.) Сергіту сәті.

ІҮ. Сабақты пысықтау: «Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында» деген жолдардан не түсінесің? Қазақстандағы өзің білетін өзендердің аттарын ата.(Сырдария, Жайық, Іле, Шелек, Ертіс, Шу, Есіл, Бартоғай,Асы,...)

Ү.Қорыту: Бүгінгі сабақтан не туралы білдік? Ы.Алтынсарин өзен жайлы қалай суреттеген? Өзеннің суретін сал.

ҮІ. Үйге тапсырма: жаттау, Ы.Алтынсариннің 3 класта қандай шығармаларын оқыдың? Оларды бәйтеректің бұтақтарына жаз. (Өнер, білім бар жұрттар.Баланың айласы. Таза бұлақ.)

ҮІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: 1. оқу, түсінігін айту, сурет салу.2.Бағалау
90. Сабақтың тақырыбы: Торғай. Жүсіпбек Аймауытов

Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытов жайлы хабар бере отырып, түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; мейрімділікке, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, теріп оқу, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өлеңді жатқа айту. Ақын өзенді қалай суреттеген? Ақынның «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» деген сөздері неге қатысты?(өзенге). Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Адамдар неге суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған? Өзеннің қандай пайдасы бар?(өлеңге сүйеніп айтып көр.)

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ы.Алтынсариннің 3 класта қандай шығармаларын оқыдың? Өзеннің қандай пайдасы бар? Сусыз тіршілік бар ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. 2.Суреттер топтамасын пайдаланып әңгіме құр.

Ү. Жаңа сабақ: Жүсіпбек Аймауытов- қазақтың аса көрнекті жазушысы. (1889-1931) «Шернияз, Ақбілек, Жаман тымақ, психология және шығармалар жиынтығы кітаптарын жазған. Оқулықпен жұмыс.Мәтінді түсініп оқу.Әңгіме қалай аталған? («Торғай»). Торғайдың жан ұшырып шырылдап жүргенін көрсететін жерді тауып оқы. Өз сөзіңмен мәтінге сүйеніп суретте.Жерге түскен торғайдың халі қандай?Сұр жыланның күш көрсеткен жерін,торғайдың аспанға қалай ұшып шыққанын сипаттаған жерін тауып оқы.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Мәтінді бөліктерге бөл. (Торғайдың шырылы.Сұр жыланның арбауы. Ақбілектің көмегі. ...) Мәтіндегі өзіңе ұнаған сөз тіркестерін дәптеріңе жазып, жаттап ал.

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Онда не жайлы екен? Суретпен жұмыс. Суреттен не көріп тұрсың? Суретке сүйеніп, жыланнан қорыққан торғайды сипатта.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.мәтінді оқу, әңгімелеу, суретін салу.2.Бағалау
91. Тақырыбы: Қайрымдылық. Мағзұм Сүндетов

Мақсаты: Оқушыларға қайрымдылық,мейрімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету; тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, сөздік жазылған плакат,суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әңгіме қалай аталған? («Торғай»). Неге торғайдың жан ұшырып шырылдап жүрді. Неге торғай жерге құлап түсті? Оған кім көмекке келді? Есін жиған торғай не істеді? Ақбілектің есіне қандай ойлар келді. Ақбілек неге қуанды?

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен Ақбілектің орнында болсаң не істер едің? Жылан жайында өзің естіген қандай оқиғалар білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың тазалық керек пе? Ол не үшін керек?

Ү. Жаңа сабақ: 1.2.Оқулықпен жұмыс. Мағзұм Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесін түсініп оқу. Жалғастырып тізбектей оқу. Сөздік жұмыс. Бәкене- аласа. Қақ- іркіліп қалған жауын суы. 3. Бала Мұхтар киімін қалай ұстайтын? Анасы қандай ескерту айтатын? Мұғалім класс алдында Мұхтар жайлы не деді? Үйіне қайтқанда ол қандай оқиға куәсі болды. Ол не істеді? Неге Мұхтар қуанды? Балалардың әрекеті дұрыс па? Мұхтар неге ұялды? Апасы не деді? Мұхтарға апасының несі ұнады?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Мұхтардың іс-әрекетіне баға бер. Егер сен Мұхтардың орнында болсаң не істер едің?

ҮІІ .Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Қайырымдылық деген не? Қайырымдылыққа тағы не жатады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқу, мазмұнын айту. Бағалау.

92. Тақырыбы: Киіктің айласы. Әуелбек Қоңыратбаев



Мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; ақылдылыққа, ойланып іс-әрекет істеуге тәрбиелеу; адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі : аралас. Көрнекілігі: оқулық, сурет.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Бала Мұхтар киімін қалай ұстайтын? Анасы қандай ескерту айтатын? Мұғалім класс алдында Мұхтар жайлы не деді? Үйіне қайтқанда ол қандай оқиға куәсі болды. Ол не істеді? Неге Мұхтар қуанды? Балалардың әрекеті дұрыс па? Мұхтар неге ұялды? Апасы не деді? Мұхтарға апасының несі ұнады?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Мұхтардың іс-әрекетіне баға бер. Қайырымдылық деген не? Қайырымдылыққа тағы не жатады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар кім біледі киіктің баласын қалай атайды? Киікті қай жерден көрдің?

Ү. Жаңа сабақ. Кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу.Әр жабайы аң мен жануарлар жауларынан қалай сақтанады екен? Киіктер лақтарымен суатқа келгенде, оларды нелер күтіп тұрған? Сонда ақсақ теке қандай айла ойлап тапты? Шынында да теке ақсақ па екен? Неге олай істеді деп ойлайсың? (Үйірін, қатаймаған лақтарын аман сақтау үшін өтірік ақсап, айла етті. Қасқырларды басқа жаққа адастырып әкетті.) Ақбөкен қандай жануар екен? Ол туралы не білесің?

ҮІ. Білімдерін тексеру: Аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару-құралын, айла- тәсілін ата. (қасқырдың қаруы- тіс, қабанның қаруы-азу, Ақбөкен-аяғымен.) «Таяқ сілтем жер» тіркесіндегі «таяқ сілтем» сөзін басқаша айтып көр. (жақын, алыс емес,...) «Діңкесі құрыған» тіркесінің мағыналас қатарын тап. (шаршаған, әлсіреген,талған, ...)

ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Әңгіме нелер жайлы екен? Ақсақ киіктің ақылдылығын көрсететін тұсты тағы бір оқып шық. Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құр.

ҮІІІ Үйден: 1. Оқу, әңгімелеу; Табиғаттағы аң-құстардың тіршілігі туралы әңгімеле.

2. Бағалау.

93. Тақырыбы: Көкшенің көрінісі. Сәбит Мұқанов

Мақсаты: Сәбит Мұқанов- өмірбаянымен таныстырып, мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету; дұрыс ойлау, сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; әсемдікке, сұлулыққа баулу.

Сабақтың түрі : аралас. Көрнекілігі: оқулық, суреттер топтамасы.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойланып табу.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушы зейінін сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әр жабайы аң мен жануарлар жауларынан қалай сақтанады екен? Киіктер лақтарымен суатқа келгенде, оларды нелер күтіп тұрған? Сонда ақсақ теке қандай айла тапты? Шынында да теке ақсақ па екен? Неге олай істеді деп ойлайсың?

ІІІ. Өткенді қорыту: Аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару-құралын, айла- тәсілін ата. Ақсақ киіктің ақылдылығы, айлакерлігі неде?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Сурет топтамасымен жұмыс істеу. Сәбит Мұқанов кім?

Ү. Жаңа сабақ: 1. Сәбит Мұқанов –аса көрнекті жазушы.» 1900-1973). Сұлушаш, Ботагөз, Адасқандар, т.б. ... еңбектері бар. 2.Оқулықпен жұмыс.Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Жазушының Көкшемен тілдескен жерін тауып оқы. 3. Жазушы Көкшенің көркін қалай суреттеген? Неліктен Көкшені гауһар тастан жасалған күмбезге, аспанға теңейді? Көкшенің көркін өте көркем көрсетіп тұрған не?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Жазушының тіліне зер сал. Осы мәтіндегі қандай сөздерді бояп көрсетер едің? Қандай түске бояр едің?

ҮІІ .Қорыту: 1.Бүгін қандай тақырып өттік? Кім жайлы білдік? Сәбит ата жайлы не білетін болдық? 2. «Көкшенің» деген сөзден басталатын азат жолдан бастап, аяғына дейінгі тұсты есіңе сақтап ал.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу, суретін салу. Бағалау.
94. Тақырыбы: Мазмұндама «Ұшқыш кілем»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау. Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. « Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Ұшқыш кілем

Адамдар ертеде әуеде ұшып жүруді көп аңсаған. Сондықтан олар ұшқыш кілем туралы ертегіні ойлап шығарады. Алыс сапарларға жылдам барсақ деп ойлады.

Қазіргі кезде адамдардың ойлары, армандары орындалды. Ұшқыш кілем болмағанмен, ұшақтар бар. Оған ұшқан құста жете алмайды. Сол ұшақтармен кез келген жерге жылдам жетуге болады. Тіпті, айға да ұшып барып келуге болады.

Жоспар:


  1. Адамдардың арманы. 2.Орындалған арман.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Ал, сен қалай ойлайсың, адамдардың арманы орындалды ма? Ү. Үйге тапсырма: қайталау.
95. Тақырыбы: Ақсақ киік. Сәкен Сейфуллин

Мақсаты: Оқушыларға мамандықтар жайлы түсінік бере отырып, мәнерлеп түсініп оқуға үйрету; тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеу тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, сызба

Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.



- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сәбит Мұқанов Көкшемен қалай тілдесті. Жазушы Көкшенің көркін қалай суреттеді? Неліктен Көкшені гауһар тастан жасалған күмбезге, аспанға теңеді? Көкшенің көркін өте көркем көрсетіп тұрған не?

ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту: Осы әңгімені оқыған кезіңде қандай әсер алдың? Осы суреттеуден кейін қандай сурет салар едің? Қандай бояуды сен көп пайдаланар едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. «Табиғат- менің өз үйім» тарауында қандай жануарлармен жақын таныстық? (торғай, күшік, киік пен құралайы). Бүгінгі сабақта Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз. Осы өлеңнен қандай әсер алатыныңды айт.

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Өлеңнен киіктің сұлулығын бейнелейтін жолдарды тауып оқы. Оқ тиген киік халін суреттеген тұстарды тауып оқы. Сұрақ - жауап: Киік қай жерді мекендейді екен? Ақын киікті атқан адамдарға қандай назасын білдіреді? Неге деп ойлайсың? Қазақ киікті басқаша қалай атайды екен? (бөкен). Бөкеннің сұлулығын ақын қалай суреттейді? Бөкенді ақын кімге теңейді? Сөзінің соңын ақын қалай аяқтап отыр?

ҮІ. Білімді тексеру: Киікті атқан адамға деген өз көз қарасыңды білдір. Осының алдында оқыған «Киіктің айласы» деген әңгімені пайдаланып, ол туралы әңгімеле.

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Суретпен жұмыс. Суретте не бейнеленген? Суреттегі киіктің халі туралы не айтасың? Өлең, сурет саған қандай көңіл күй туғызды? Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. мәнерлеп оқу, табиғатта қорғау туралы тиым сөздер жинастыр. 2.Бағалау.
96. Тақырыбы: Бүркіт. Б.Емельянов (орыс жазушысы)

Мақсаты: Оқушыларға Б.Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесін оқыта отырып, түсініп оқуға үйрету; тілін , сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; қайрымдылыққа, мейрімділікке баулу

Каталог: upload -> maps
upload -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
upload -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
upload -> Приложение к части а1
maps -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты
maps -> 1. Общие сведения Тип – дошкольное
maps -> Информация об обеспеченности обучающихся
maps -> Сведения о педагогических кадрах мадоу детский сад №7 на 2013-2014 учебный год


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет