Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері



бет25/60
Дата25.04.2016
өлшемі8.21 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Абайдың «Жаз» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Жаздыгүні табиғат қандай болады? Жан- жануарлардың жазғы тіршілігі туралы не білесің? Жазда жайлауда болдың ба? Болсаң не айтар едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суретке қарап жаз жайлы білетініңді айт.

Ү.Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Мәтінді түсініп,іштен, дауыстап, жалғастырып оқы. Мәтінді бөліктерге бөл:

1. Басы: Жаз келіп,шілде жетті. Шілдеде күн ұзын, түн қысқа болады. ...2. Ортасы: Үлкендер сол күндерін ...3. Соңы: Қазақ шөпті бел орақпен шабады. ...

Әр бөлікке ат қой. 1. Жазда. 2. Жайлаудың қызығы. 3. Оқуға бару. Сергіту сәті

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Жоспар бойынша шілде айы туралы әңгімеле.

ҮІ. Қорыту: Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Міржақып Дулатов шілде айы жайлы не дейді? ҮІІ.Үйге тапсырма. Оқу, әңгімелеу. Бағалау
2.04.2013

Сабақтың тақырыбы: Шыбынсыз жаз. Сәбит Мұқанов

Мақсаты: Шілдедегі өзгерістер жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғатты бақылай білуге баулу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер. Түрі: аралас

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Жазда қандай өзгерістер болады? Ел жайлауда қандай қызықтар болады? Балалар жайлауды неге қия алмай жүр? Олар қайда барады?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Саған жаз айлары несімен ұнайды? Өзің жазғы демалысты қалай өткіздің сол жайлы айтып бер.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың шыбынсыз жаз болады ма?

Ү. Жаңа сабақ. 1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, жалғастырып оқу. Салыстыру: М. Дулатов пен С. Мұқановтың шығармаларын салыстыру:

1. Екі шығармада да жылдың қай мезгілі суреттелген? Оны неден аңғардың? (жаздың шілде айы.) 2. Шілдедегі ауа райы туралы қай шығармада сөз болады? С. Мұқанов жаз табиғатының суретін неге теңейді? ( Шыбынсыз жаз) 3. Қазақ халқында қандай салт-дәстүр бар? Ол жөнінде қай шығармада айтылған? (Шілде) 4. Екі шығарманың қайсысы бұрынырақ жазылған деп ойлайсың? Оны неден аңғардың?



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: «Шыбынсыз жаз» дегенді қалай түсінесің? С.Мұқанов «Шыбынсыз жаз» тіркесіне байланысты кімді есіне алады? Қалайша? (Абай «Сөзімде жаз бар шыбынсыз»)

ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Масасыз, шыбынсыз салқын жайлаудың малға қандай пайдасы бар? ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2.Бағалау.

3.04.2013

Тақырыбы:Таңның атуы. Мұқан Иманжанов

Мақсаты: Таңның ату әдемілігі жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету; оқушылардың ой-өрісін дамыту; табиғат әсемдігін бақылай отырып, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» шығармасында не жайлы әңгімеленеді? Шынында да шыбынсыз жаз болады ма екен? Салқын жаздың қандай пайдасы бар?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Шілдеде ауа райы қандай болады екен? Тағы кімнің шілде айы жайлы шығармасы бар?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. .Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Арайлап таңның атып келе жатқанын көрдің бе? Көрсең саған қандай әсер қалдырды? Әңгімелеп көр.

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен? Таң атарда жұлдыздар қайтеді? Шолпан жұлдызы қай уақытта туады? Таң атып келе жатқанда тағы нені байқауға болады?

ҮІ. Сабақты пысықтау: Мәтіннен самал, ауа, Шолпан жұлдызы сөздеріне қатысты теңеулерді тап. (салқын самал, таза ауа; электр шамындай жарқырап)
ҮІІ.Қорыту: Бүгін Мұқан Иманжановтың «Таңның атуы» әңгімесінен не білдік? Саған ұнай ма таңның атуы? Суретпен жұмыс. Суретте не бейнеленген? Мәтінге сүйеніп атып келе жатқан таңды суреттеп, ойыңды қорытып, «Таңның атуы» атты сипаттау мәтінін құр.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу.

2. Бағалау



4.04.2013

Сабақтың тақырыбы: Дала. Сәкен Сейфуллин

Сабақтың мақсаты: С. Сейфуллиннің «Дала» өлеңімен таныстыра отырып, оқушыны түсініп, мәнерлеп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғат әсемдігін бағалай білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй жұмысын сұрау: Мұқан Иманжановтың «Таңның атуы» өлеңінде таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен? Таң атарда жұлдыздар қайтеді? Шолпан жұлдызы қай уақытта туады? Таң атып келе жатқанда тағы нені байқауға болады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Арайлап атып келе жатқан таң саған қандай әсер береді? Таңғы ауа қандай? Бақылап көр.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Суретпен жұмыс. Суретте не бейнеленген? Атып келе жатқан таң жайлы әңгімеле.

Ү. Жаңа сабақ: 1.Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Іштен, жалғастырып оқу. Өлеңде не туралы айтылған? Өлеңнің бірінші шумағында ақын жазғы даланы кімдерге теңейді? Неліктен? (анаға, балаға) Жазғы дала неліктен «кестелі жібек көрпедей». (көкпеңбек жасыл шөппен жайқалған көктемгі гүлдер басқан). Ақын нені көк ала кілемге теңейді? (көк шөп). Ақынның көк шалғынға, гүлдерге «жан бітіріп» суреттеген жолдары қай шумақта және қалай берілген? (соңғы шумақта)

Сергіту сәті. ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: «Дала» суреті бойынша өз ойын әңгімелеу. Сен тұрған жергілікті жерде қандай далалы жер бар? Ақынның өлеңімен салыстырып айтып көр.

Ү. Бекіту кезеңі: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Жазғы дала несімен әдемі екен?

ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. 2.Бағалау

5.04.2103

Тақырыбы: Көлде. Ғабит Мүсірепов

Мақсаты: Ғабит Мүсіреповтың өмірбаянымен таныстырып, көлдегі құстар өмірі жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғат әлемінің әсемдігіне зер сала отырып, бағалай білуге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: суреттер топтамасы,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: С.Сейфуллиннің «Дала» өлеңін жатқа айту. Ақын жазғы даланы кімдерге теңейді? Жазғы дала неліктен «кестелі жібек көрпедей» деп суреттеп отыр? Ақын нені көк ала кілемге теңейді? Ақынның көк шалғынға, гүлдерге «жан бітіріп» суреттеген жолдары қай шумақта және қалай берілген?

ІІІ.Білімдерін тексеру:Жазғы дала несімен әдемі екен?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Суреттер топтамасымен жұмыс істеу.Ғабит Мүсірепов кім?

Ү.Жаңа сабақ: оқулықпен жұмыс:

Ғабит Мүсірепов – қазақтың аса көрнекті жазушысы. (1902-1985). Тұтқын қыз, Қазақ солдаты, т.б. шығармалар жиынтығын жазған. «Көлде» әңгімесін түсініп оқу. Жаңа көтеріліп келе жатқан күн, құстар әлемі үшін немен басталады екен? Аққу, қаздар бір-бірімен не істейді? Қарғалар ше? Сөздік жұмыс. Доңыз - мұнда: арам ниетті, қаскүнем. Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Суретте нелер бейнеленген? Оқыған мәтін мен осы суреттің арасында қандай байланыс бар?

Сергіту сәті.

ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау: Мәтінге сүйеніп сурет бойынша әңгіме құрастыр. Әңгімеде сыланып отырған аққу, мыңдаған үйрек, сырласып отырғандай, суылдап келіп көлге қонады деген сөздерді пайдалан.

ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Онда не жайлы әңгімеледік?

ҮІІІ . Үйге тапсырма: 1.түсініп оқу, әңгімелеу. 2.бағалау
10.04.2013

Тақырыбы: Малсақ бала. Өтебай Тұрманжанов

Мақсаты: Оқушыларды қойшы өмірімен таныстыра отырып, кешке қойшы баласының еңбегі жайлы айта келе, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; еңбек сүйгіштікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа әзірленуі. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Көлде» әңгімесінде не жайлы айтылады? Жаңа көтеріліп келе жатқан күн құстар әлемі үшін немен басталады екен? Аққу, қаздар бір-бірімен не істейді? Қарғалар ше?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Көлдегі құстар өмірі саған ұнады ма? Сенің пікірің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақты мақсатымен таныстыру.

-Балалар, сендер үй тіршілігіне көмектесесіңдер ме? Араларыңда қойшының баласы бар ма? Сендер кешкісін қандай жұмыстар істейсіңдер?



Ү. Жаңа сабақ: оқулықпен жұмыс: Өтебай Тұрманжановтың «Малсақ бала» атты өлеңін түсініп оқу. Атасы немересіне не тапсырды? Ол туралы өлеңнің қай шумақтарында айтылған? Өлеңде иттің пайдасы туралы не делінген?

ҮІ. Сабақты пысықтау: Мал шаруашылығына байланысты өзің қандай еңбектер атқарасың? Кітаптағы № 5 тапсырмаға ойланып жауап бер. Баланың атасына берген жауабына қарап мінездеме бер.

ҮІІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Онда не жайлы әңгімеледік? Кітаптағы түсініктемені пайдаланып бақташының еңбегі туралы әңгімеле.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Түсініп, мәнерлеп оқу.

ҮІІ. Бағалау


Ана тілі

11.04.2013

Тақырыбы: Кешкі дөң басында. Мұхтар Әуезов

Кеш. Әбдіжәміл Нұрпейісов

Мақсаты: М. Әуезовтың, Ә. Нұрпейісовтың шығармаларын түсініп оқи отырып, уақыт мезгілі және ауылдағы кеш уақыттың өзіндік ерекшелігімен таныстыру; салыстыра білуге үйрету; есте сақтау,ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру; әсемдікке, табиғатты тыңдай, сезе білуге баулу.

Түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: ауыл кеші суреттері

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.



- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өтебай Тұрманжановтың «Малсақ бала» атты өлеңінде не жайлы айтылады. Атасы немересіне не тапсырды? Өлеңде иттің пайдасы туралы не делінген?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мал шаруашылығына байланысты өзің қандай еңбектер атқарасың? Бақташының еңбегі туралы не білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Кеш мезгілі саған ұнай ма? Кешке сенің жанұяң қандай жұмыстар істейді?

Ү.Жаңа сабақ: М. Әуезовтың «Кешкі дөң басында», Ә. Нұрпейісовтың «Кеш» шығармаларын түсініп оқу. Екі шығармадан кешкі батып бара жатқан күнді суреттейтін тұсты тауып оқы. Бұл шығармаларда не суреттелген? Екі шығарманың айырмашылығы неде? Жазушылар жазғы кешті суреттегенде күннің түсі қандай болады дейді? Кешкі ауыл көрінісі қай шығармада берілген? (Кеш). М.Әуезовтың «Кешке жақын шу көбейіп, азан-қазан болған ауылдан шығамыз» дейді. Ә.Нұрпейісовтың «Кеш» шығармасын пайдаланып, неге кешкі ауыл у-шуға толы, азан-қазан болатынын айт.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Ә. Нұрпейісовтың шығармасындағы малдардың атын ата. Мыс: мөңіреген сиыр, маңыраған қой, кісінеген жылқы, шұрқыраған қозы, лақтар. Екі шығармадан күнге, аспанға қатысты теңеулерді тауып көр. Мысалы: Қызулы өрттің жалынындай аспан... ; Зәрі қайтқан қызыл күн әлсізденіп таудан асып, ұясына кіріп барады... ; Қара көк тұңғиық аспан ...; Дамылсыз күйдірген күн көзінің... ;

ҮІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта қандай тақырыптарды өттік? Онда не жайлы әңгемеледік? Жаздың кешкі мезгілінің суретін салсаң, қандай бояу түстерін пайдаланар едің? Суретпен жұмыс. Осы сурет қай шығарманың мазмұнын ашады деп ойлайсың? Қандай бояу көбірек қолданылған? Әңгімеге ат қой.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Әңгімелеу, кешкі ауыл суретін сал. ҮІІІ. Бағалау

Ана тілі

12.04.2013

Сабақтың тақырыбы: Жаңбыр. Қабдыкәрім Ыдырысов

Мақсаты: Қабдыкәрім Ыдырысовтың «Жаңбыр» өлеңін мәнерлеп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғаттың құбылыстарын бақылай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілік: мазмұнды суреттер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезең:1. Сабаққа дайындақтарын тексеру. Алақан» жаттығуы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: М. Әуезовтың «Кешкі дөң басында», Ә. Нұрпейісовтың «Кеш» шығармаларында не жайлы әңгімеленеді?. Екі шығармада кеш батып бара жатқан мезгілді қалай суреттейді? Екі шығарманың айырмашылығы неде? Жазушылар жазғы кешті суреттегенде күннің түсі қандай болады дейді? Кешкі ауылдың неге у-шуға толы, азан-қазан болатынын айт.

ІІІ. Үй жұмысын пысықтау: Кешкі ауыл мезгілі саған ұнай ма? Саған қандай әсер қалдырды?

ІҮ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңбыр қай кезде жауады? Саған жаңбыр жауғаны ұнай ма?

Ү. Жаңа сабақ: Өлеңді мәнерлеп оқу. Ақын нөсер алдындағы аспанды қандай адамға ұқсатады? Неліктен? (долы, ашулы адамға) Табиғаттағы өзгеріс жөнінде қай шумақта айтылған? ( екінші шумақта). Нөсердің алдында қандай қарбалас болды? Өлеңді ақын қандай көңіл күймен жазды деп ойлайсың? Жаңбырдан кейін балалар қуанышы жөнінде не айтылған?

ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау: Суретпен жұмыс: Зер сал. Табиғат адамға не береді?

ҮІІ. Бекіту кезеңі. «Табиғат-ана» деген сөз тіркесімен суреттің арасында байланыс бар ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Өлеңді мәнерлеп оқу, « Нөсерде», «Жаңбырлы күн» тақырыбына шығарма жаз.

2.Бағалау

Тақырыбы: Мазмұндама «Еліктің лағы»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау . Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Еліктің лағы

Бір топ елік жайылып жүрді. Араларында кішкентай лағы бар.Кенеттен бір көкжал қасқыр шыға келді. Ол еліктерге тап берді. Еліктер лақты ортаға алып, қаша жөнелді.Қасқыр лақты жегісі келді. Еліктер қасқырды лаққа жолатпады. Мүйіздерімен жасқап, қорғап келеді.

Жүгіре-жүгіре қасқыр шаршады. Аузына ешнәрсе ілікпестен жөніне кетті.

Аман қалып, есін жиған еліктің лағы, өзінің апа-ағаларына риза болды.



Жоспар:

  1. Жайылып жүрген еліктер.2.Көкжал қасқыр мен еліктер.

  2. Еліктердің кішкентай лақты қорғауы.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Ал, сен қалай ойлайсың, адамдарда осындай баласына қамқорлық жасай алады ма?

Ү. Үйге тапсырма: қайталау.
114. Тақырыбы: Қайталау. Өз білімінді тексер.

Мақсаты: «Жаздыгүн шілде болғанда» тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау, сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрену қабілетін дамыту; әдептілікке, инабаттылыққа және табиғатты қорғау, бақылау, зерттей білуге тәрбиелеу.

Түрі: қайталау. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, өзіндік

Көрнекілігі: арнайы суреттер, тест материалы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын хабарлау, оқушы зейінін сабаққа аудару. Біз қандай тарауды аяқтадық? «Жаздыгүн шілде болғанда» тарауынан неге үйрендік, не білдік? Қандай ақын, жазушылардың еңбегімен таныстық?

ІІІ. Өткенді қайталау:

1.«Сипаттау» деген ұғыммен таныстыру. Сипаттап айтуға үйрен.



Заттың белгілерін белгілі бір мақсатқа қарай ашып көрсетуді сипаттау дейді. Жазушы кейде табиғат құбылыстарын, мезгілді, өзіне әсер еткен басқа да көріністерді сипаттап жазуы мүмкін. Осы бөлімде мұндай сипаттауға мысал бола алатындай шығармалар көптеп берілді.

2.Өздігінен тапсырмаларды орындау:

  1. Жаздың әдемі көрінісін сипаттауға арналған шығармаларды ата. 2.Абайдың «Жаз» өлеңіндегі жаз көрінісін өз сөзіңмен әңгімеле. 3.Мезгілді сипаттауға арналған шығармаларды ата. (Жаз. Шілде. Шыбынсыз жаз. ...) 4.Осы сипаттауға сүйеніп сурет салып көр.

ІҮ. Білімін тексеру: С. Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» әңгімесіндегі жаз келбетін суреттеген жолдарын тауып оқы. «Жаз» тақырыбына әңгіме құр.

Ү. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта біз не істедік? Сонымен, «Жаздыгүн шілде болғанда» тарауынан не білдік, неге үйрендік? Тест: 1.В- Сипаттау; 2. Ә -Әңгімелеу; 3. А - Сипаттау; 4. В – Ұшып тұрса сымпылдап ; 5, А - Шілде; 6. В - Жаз; 7. Ә - Таңғы; 8. Б – Екеуінде де жазғы кеш суреттеледі; 9.Ә – Жаңбыр жауғанда; 10.А - Автордың;

ҮІ.Үйге тапсырма: «Жаз» тақырыбына сурет салу

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Тақырыбы: Бесік жыры. («Бесік жыры» кітабынан)

Мақсаты: Оқушыларға қазақ салт-дәстүрі және атадан келе жатқан ауыз әдебиетінің бір түрі бесік жыры жайлы түсінік беру, мәнерлеп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; ананы қадірлеу, сыйлауға, салт-дәстүрді жалғастыра білуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу,әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Қазақ ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жатады? 1,2 кластарда осы жайлы қандай тақырыптар өтіп едік? («Атадан қалған асыл мұра» атты бөлімнен: ертегілер,жырлар, аңыздар, мысалдар, жұмбақ, мақал-мәтелдер, шешен сөздер, асыл көркем сөздер, ...)

ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша жас туылған баласын бесікке салған. Таза, әрі жайлы болады деп есептеген. Ұрпағын дәріптеген қазақ, жас баласын бес жасқа дейін атасындай (құдайындай) сыйлап, тек демей өсірген. Сонда , балапанын мәпелеген ана, баласын бесік жырын айту арқылы жұбатқан. 2. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Әр шумағын талдау. Не жайлы айтылған? деген сұраққа жауап беру.

Сергіту сәті:

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Анасы баласын қалай жұбатқан? Жақсы көру сезімін қалай жеткізген? Анасы баласына деген тілегін қай жолдарда айтады? Баласының үлкейіп, адам болуын армандаған шумақтардан не байқадың? Анасы баласының кім болғанын қалайды? Сенің кім болғың келеді? Санамалап дәптеріңе жазып ал. (жылқышы, батыр, ұста, шешен, балуан, ғалым)

ҮІІ. Бекіту. Бүгінгі сабақта не жайлы білдік? Өлең неге «Бесік жыры» деп аталған? «Көп қиыннан өтерсің» дегенді қалай түсінесің? Қазақ баланың тұсауын кескен. Ол жайлы не білесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәнерлеп оқу, өзіңе ұнаған шумағын жаттап ал, мазмұнын әңгімеле. 2.бағалау.

Тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар.

Каталог: upload -> maps
upload -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
upload -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
upload -> Приложение к части а1
maps -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты
maps -> 1. Общие сведения Тип – дошкольное
maps -> Информация об обеспеченности обучающихся
maps -> Сведения о педагогических кадрах мадоу детский сад №7 на 2013-2014 учебный год


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет