Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі



бет54/60
Дата25.04.2016
өлшемі8.21 Mb.
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 131-136 бет оқу, мазмұнын айту. 2. Бағалау

Тақырыбы: Балықтар. Қосмекенділер.

Мақсаты: Оқушыларды балықтар және қосмекенділемен таныстыру; тілін, сөздік қорын дамыту; эстетикалық тәрбие беру

Сабақ типі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Жануарлардың көптүрлігі туралы айтқызу.

2. Мазмұнын айтқызу



ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: Жұмбақтарды шешіңдер:

1. Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

2. Аяғы түйеге ұқсайды,

Құс болса да ұшпайды.

2. Қорытындылау



ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Балықтар. Қосмекенділер.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Балық - адам мен жануарлардың ең негізгі азығының бірі.Балықтардың денесі ұзын, сүйір болып келеді және сусымалы қабыршықтан тұрады. Балықтар құйрығы арқылы алға қозғалады. Жүзбе қанаттарымен тепе-теңдікті сақтап бағытын анықтай алады.

Бір жыл ішінде тұқымнан өсіп, жаңа тұқым берген соң өз тіршілігін тоқтататын өсімдіктерді бір жылдық өсімдіктер дейді. Бидай, күнбағыс, қызанақ т.б.

Көпжылдық өсімдіктер ұзақ тіршілік етеді. Емен, қайың, сарықарағай, сасыр

1. Сурет бойынша жұмыс 2. Сергіту сәті



VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқулықпен жұмыс. Жаңа тақырыпты оқушыларға оқыту. 2. Жаңа материал бойынша сұрақтарға жауап беру: - Өз отбасында балықтың қандай түрлерін пайдаланады? - Егер жер бетінен қосмекенділер түгелімен жойылып кетсе, қандай жағдайлар қалыптасар еді?



тыңайтқыш

Дәптермен жұмыс: консервілер Балық дәрілер

балық майы жануарлардың қорегVІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 137-140 бет оқу, мазмұнын айту. 2. Бағалау
Тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылар.

Мақсаты: Оқушыларға бауырымен жорғалаушылар туралы түсінік беру; өз ойларын еркін айта білуге үйрету; ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бауырымен жорғалаушылар.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы – рептилия. Ең ірі тобы – кесірткелер.

Жыландардар кесіртке сияқты аяғы жоқ, түсі өте суық, көзімен тура қарайды.

2. Мәтінді оқыту 140 – 141 бет. 3. Сергіту сәті



ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап беру:

2. Дәптермен жұмыс. VІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау



VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 140-141 бет оқу, мазмұнын айту. 2. Бағалау
49. Тақырыбы: Сүтқоректілер

Мақсаты: Оқушыларға сүтқоректілер туралы түсінік беру; оқушының ой-өрісін, сөздік қорын дамыту; салауатты өмір сүруге тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Бауырымен жорғалаушылар. 2. Мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: 2. Қорытындылау



ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сүтқоректілер

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Сүтқоректілердің барлығы болсын тірідей туыпемшек сүтімен қоректендіріледі. Сүтқоректілердің бас қуысындағы миы үлкен және сезім ағзалары жақсы жетілген.

1. Сүтке қарап жануарлар тобын жікте:

Тұяқты кеміруші

су жанураы жыртқыш

2. Сергіту сәті



VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Мәтінді оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:

- Бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықта. - Адам тіршілік ету барысында жануарлардың қандай топтарын көп пайдаланады?

Дәптермен жұмыс: өсімдіктердің топтарын жазу

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 142-143 бет оқу, мазмұнын айту.2. Бағалау
50. Тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы

Мекен ортасына бейімділігі. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі Мекен ортасына бейімділігі.



Мақсаты : Жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы туралы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер. Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Сүтқоректілер. – оқыту. 2. Мазмұнын айтқызу

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Мекен ортасына бейімділігі.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:1. Жануарлар тіршілік ортасы және мекен ортасы.

Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі ортада-суда, құрлықта,топырақ арасында тіршілік етеді. Әр ортаның жағдайлары әр түрлі. Бейімдікті жануарлардың сыртқы түрінен, түсінен, сыртқы дене құрылысынан тағы басқа белгілерінен байқауға болады.

Балықтың тіршілік ортасы -су, тиіндікі – құрлық. Осындай, жануарлар түрлерінің өз тіршілігіне қажетті жағдайлар тауып үнемі жүретін, тіршілік ететін нақтылы ортаны жануардың мекен ортасы дейді. 2. «Мекен ортасына бейімділігі» - оқып, түсіндіру

3. Суреттер бойынша жұмыс . Сергіту сәті



VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту. 2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. - Жануарлар қандай жерде тіршілік етеді? - Мекен ортасы деген не? 3. Дәптермен жұмыс: мекен ортасы

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 143-145 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау
51. Тақырыбы: Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.

Мақсаты: Жануарлар әлемі адамдардың қорғауында мұқтаж екендігін түсіндіру, қорықтар туралы түсіндіру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер. Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Мекен ортасына бейімделгі. – оқыту, мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру: - Жануралардың мекен ортасы туралы айтып бер. - Олар тіршілік ортасына қалай бейімделген? - Мысал келтір. 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.

Жануарлар әлемі өсімдіктердің көбейіп, таралуына, өсіп-дамуына, жеміс беруіне әсер етеді, көмектеседі. (шұбалшын, көртышқан) Құстар зиянды бунақденелілермен қоректеніп, санын азайтады. Өсімдіктердің тұқымын алыс жерге тартады. (тиін, жабайы шошқалар) Суда тіршілік ететін жануарлардың да суды тазартуда рөлі бар.

2. Жануарлардың адам өміріндегі маңызына мысал келтіріңдер.

3. Оқулықпен жұмыс – 145-146 бет . 4. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. - Ара шаруашылығында адам не алады? - Жануарлардың табиғаттағы рөлі қандай?

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 145-146 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау
52. Тақырыбы: Жануарлар дүниесін қорғау.

Мақсаты: Жануарлар әлемі адамдардың қорғауында мұқтаж екендігін түсіндіру, қорықтар туралы түсіндіру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі. – оқыту, мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру: 2. Дәптермен жұмыс 3. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жануарлар дүниесін қорғау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Жануарлар дүниесін қорғау. Қорықтар – оқып, түсіндіру 2. «Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен» кітабы бойынша жұмыс. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, айрықша қорғау шараларын қолдануды қажет ететін хайуанаттар мен өсімдіктер түрлері тіркелген арнайы кітап «ҚЫЗЫЛ КІТАП» деп аталған. 3. Сергіту сәті

VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1. Оқушыларға оқыту.2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. - Өсімдіктер мен жануарлардың азайып бара жатқаны неліктен? - Мемлекеттік қорықтарын ата. - Қазақстанда қай жылы «Қызыл кітап» шықты?

3. Дәптермен жұмыс. (жаздыру). 1996 жылы Қазақстанда «Қызыл кітап» шықты. Осы кітапта жойылып кету қауіпіндегі жануарлар тіркелген.

Тест

1. Жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, ұстар. Сүтқоректілер деп -



а) жануарлар дүниесін;

ә) жануарлардың аттарын;

б) жануарлардың көп түрлігін;

в) жануарлар класын айтады.

2. Жәндіктердің 3 белгісі:

а) қанаты, 6 аяғы, мұртшасы

ә) аяғы, тырнағы, қанаты;

б) 3 бөлікті денесі, тырнағы қанаты;

в) тырнағы, 6 бөлікті денесі; 6 аяғы.

3. Қызыл кітапқа:

а) құстың 29 түрі; б) 56 құс;

ә) құстың 56 түрі; в) барлық құстар енгізілген.

4. Балықтар ... тыныстайды.

а) өкпесімен;

ә) қанатымен;

б) желбезегімен;

в) торсылдағымен.

5. Тіршілік ортасы деп –

а) тіршілікке қолайлы ортаны;

ә) тұрғызылған қоныс мекенді;

б) бейімделіп мекен етуді;

в) орналасу ерекшелігін айтады.



VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 147-150 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау
53. Тақырыбы: Отбасының берекесі.

Мақсаты: Қоғам мүшелері, отбасы берекесі туралы тақырыпты меңгерту; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Жануарлар дүниесін қорғау. – оқыту, мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру: 2. Дәптермен жұмыс 3. Қорытындылау



ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Отбасының берекесі. Мақал-мәтелдер. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Әңгімелеу. Сендер қай мемлекетте тұрасыңдар? Отан деген не? Қоғам деген не? Отбасы деген не? 2. «Отбасының берекесі»-оқып түсіндіру. 3. Мақал-мәтелдер оқып, талдау. 4. Сергіту сәті

VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1. Оқушыларға оқыту. 2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. Отбасына кімдер енеді? Неке деген не? Конституцияда отбасы туралы не айтылған? 3. Дәптермен жұмыс. Отбасы туралы мақалдар жазу.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 153-155 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау
54. Тақырыбы: Қонақжай.

Мақсаты: Қонақ күту – адамдар арасындағы қатынастың көрінісі екенін, қонақ күту ерекшелігін, оған балалардың және отбасының әр мүшесінің қатынасын түсіндіру; тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілікке, әдептілікке, қонақжайлыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: «Балаң жақсы болса». – оқыту. Мазмұнын сұрау

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Тест арқылы тексеру:

1. Көбелектің дірнәсілі-жұлдызқұрт, өсімдіктерге не келтіреді?

а) пайда ә) зиян

2. Ал көбелектердің өздері ше?

а) пайда ә) зиян

3. Буанқденелілерді белгіле:

а) шұбалшын ә) қоңыз б) ұлу

4. Аралар салқын түссе ұядағы барлық саңылауларды немен бітейді?

а) балауызбен ә) балшықпен б) балмен

5. Адамға пайда келтіретін жәндікті белгіле:

а) өрмекші ә) шыбын б) шегіртке

6. Тиіннің мекен ортасын белгіле:

а) су ә) дала б) орман

7. Қазақстанда «Қызыл кітап» қай жылы шықты?

а) 1986 ж. ә) 1996 ж. б) 2006 ж.

8. Қарағай өсімдіктерді қай тобына жатады?

а) шөптесін ә) бұта б) ағаш

9. «Асар» деген не?

а) үй салысуға көмектесу ә) ата-анаға көмектесу

10. Мәдени өсімдікті белгіле:

а) картоп ә) қазтабан б) жолжелкен

2. Қорытындылау



ІV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Сөзжұмбақ шешу.

1. «Тату болса – ағайын жақын»

Ақылды болса – апайың жақын» деген сөзді кім айтты?

2. Қазақстан Республикасының Ата заңында кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына не жасауға міндет? 3. Отбасынан не басталады? 4. Жас отбасына үй салғанда туыс-туғандарды шақырып не салады? 5. Отбасы ненің бөлшегі деп саналады? 6. Отбасының мүшесі. 7. Тіршілік иелерінің қайсысына саналылық қасиеті тән

8. Мақалды толықтыр: «Сыйласаң ... боларсың»

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Сұрақ-жауап - Қонақ деген кім? Сендердің үйлеріңе қонақ келе ма? - Қонақты қалай күтесіңдер?

2. Мұғалімнің түсіндірмесі «Қонақжай» «Қазақ қонақсыз болмайды» деген сөз бекер айтылмаған. Қонақты жылы жүзбен қарсы алған үйді «Қонақжай үй екен» дейді.Қонақ деген кім? Бұл – арнаулы шақырылатын жора-жолдас, туыс-туған.

Шақырылмай келетінде қонақ бар. Қазақ халқы қонаққа бар дәмдісі мен ниетін ұсынады. Оны тік тұрып қарсы алады. Қонақ күту білігі арқылы үй ішінің тәлім-тәрбиесін, кісілігін анықтау қиын емес. 3. Қонақтың түрлері.

«Арнайы қонақ» - әдейі шақырылып, мал сойып күтілетін сыйлы қонақ. «Құдайы қонақ» - бейтаныс, жолда қалған бір түнеп кететін қонақ. «Қыдырма қонақ» - алыстан келіп, туған-туысқандарын аралап, жатып кететін қонақ. 4. Сергіту сәті



VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушылықпен жұмыс 155-156 бет

Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 2. Көрініс көрсетіледі. (алдын ала тапсырма). Екі көріністі талдау. - Қай бала қонақты дұрыс қарсы алды деп ойлайсыңдар? Неліктен? - Айнұр қандай қыз? Орынбасар ше? 3. «Дастархан жаю» ойыны 4. Мақал мәтелдер талдау



VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 155-156 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау
55. Тақырыбы: Сыйластыққа себеп көп.

Мақсаты: Қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық әдет-ғұрып жайлы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілікке, әдептілікке, қонақжайлыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Қонақжай. – оқыту, мазмұнын айтқызу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: - Қонақ деген кім? Сендердің үйлеріңе қонақ келе ма? - Қонақты қалай күтесіңдер?- «Қонақ келсе құт» деген мақалды қалай түсінесіңдер?- Қонақтың қандай түрлері болады?- Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сыйластыққа себеп көп.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі «Сыйластыққа себеп көп» «Қазақ қонақсыз болмайды» деген сөз бекер айтылмаған. Қонақ деген кім? Бұл – арнаулы шақырылатын жора-жолдас, туыс-туған. Қонаққа шақырудың да себебі көп. «Соғым басы»-бұл қыстық соғымнан дәм татқызу. Шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, тілашар- балаға деген сүйіспеншілік. Осы себептермен шақырылатын қонақтардың бар ниеті балаға – болашаққа деген ықылас. Құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру - мұның бәрі де өскелең жастардың жаңа отбасын құруына тілектес. 2. Сергіту сәті



VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқулықпен жұмыс 157-159 бет Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Мақал-мәтелдер талдау

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 157-159 бет оқу, мазмұндау.2. Бағалау
56. Тақырыбы: Мектеп.

Мақсаты: Мектеп – білім ордасы, мектеп өмірі туралы білімдерін тереңдете түсу; тілін, сөздік қорын дамыту; білімділікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. «Сыйластыққа себеп көп» – оқыту, мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: - Қонақ деген кім? - «Өле жегенше – бөле же» дегенді қалай түсінесің? - Қандай жағдайда арнаулы қонақ шақырылады? - Қонақты қарсы алу дегенді қалай түсінесіңдер? - Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Алғашқы қоңырау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:1. «Бірінші қыркүйек» А.Меңжанова.

2. «Алғашқы қоңырау» - түсіндіру 3. Сурет бойынша жұмыс 4. Сергіту сәті



VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқулықпен жұмыс 159-161 бет

Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу: - Мектеп туралы әңгімеле. - Мектепті неге «білім кемесі» дейді? - Алғаш мектепке келгенде көңіл күйіңді есіңе түсіріп, айтып бер. 3. Мақал-мәтелдерді талдау



VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 159-161 бет оқу. 2. Бағалау
57. Тақырыбы: Біздің ауыл немесе қала. Ауылдағы еңбек . Ауылдағы тәрбие көзі. Күнделікті өмірдегі көліктер.

Мақсаты: Ауылды жердегі шарушылық түрлерінің сан-алуандығы, ауыл еңбегі, еңбек адамдары жайлы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. «Шеберлігіңді шыңда» – оқыту, мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: - Біздің мектепте қандай кабинеттер бар? - Әр пән кабинетін неге жеке-жеке бөледі? - Үйірмелерге қатысу не үшін керек? 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Ауыл еңбегі. Жаңарған еңбек. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1.Оқушылардың өздеріне ойларын айтқызу арқылы алғашқы түсініктер алу.- Ауыл еңбегі- Еңбектің түрлері- Шаруашылыққа байланысты кәсіп түрлері. - Шағын ұжым - Еңбекті жаңаша құру 2. «Ауыл еңбегі. Жаңарған еңбек» - оқып, түсіндіру 3. Сурет бойынша жұмыс. 4. Сергіту сәті

VІ.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1.Оқулықпен жұмыс161-167 –бет. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу:- Ауылдың еңбек түрлерін ата. Өз ата-анаң қайда жұмыс істейді? Қандай жұмыс атқарады? Фермер деген кім? - Отбасы мердігерлігін қалай түсінесің? Шағын жеке меншік ұжымның тиімділігі неде? - Алғаш мектепке келгенде көңіл күйіңді есіңе түсіріп, айтып бер 3. Мақал-мәтелдерді талдау

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 161-167 бет оқу. 2. Бағалау

Тақырыбы: Жалпыхалықтық және кәсіптік мерекелер. Тест.

Мақсаты: Оқушыларға жалпыхалықтық және кәсіптік мерекелер туралы түсіндіру; тілін, сөздік қорын дамыту; білімділікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. «Ауылдағы еңбек» – мазмұнын айтқызу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Жалпыхалықтық және кәсіптік мерекелер. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:1. Мұғалімнің түсіндірмесі

- Наурыз, Конституция күні, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні, Жаңа жыл

Бұл мерекелер Республикадағы бүкіл халыққа ортақ. 2. Мәтінді оқыту 167-169 бет

3. Сергіту сәті



VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Дәптермен жұмыс. Тест

1. Асар жасау:

а) той;


ә) елді жинап, ас беру;

б) түрлі жарыс ұйымдастыру;

в) туыс-туған жиналып бір іске көмектесу.

2. Білім ошағы:

а) сынып бөлмелері;

ә) географиялық алаң;

б) спорт залы;

в) компьютер, теледидар.

3. Шаруа қожалығы:

а) салық төлейтін ұйым;

ә) ұжымшар;

б) шаруашылық жүргізу жүйесі;

в) шаруашылық ұжымы.

4. Наурыз, Тәуелсіздік күні, 8 наурыз:

а) кәсіптік мереке;

ә) отбасылық мереке;

б) жалпыхалықтық мереке;

в) ауыл шаруашылық мерекесі.



VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 167-169 бет оқу. 2. Бағалау
Тақырыбы: Біздің Отанымыз Қазақстан. Астана

Мақсаты: Оқушыларды біздің отанымыз Қазақстанмен таныстыру; тілін, сөздік қорын дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Каталог: upload -> maps
upload -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
upload -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
upload -> Приложение к части а1
maps -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты
maps -> 1. Общие сведения Тип – дошкольное
maps -> Информация об обеспеченности обучающихся
maps -> Сведения о педагогических кадрах мадоу детский сад №7 на 2013-2014 учебный год


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет