Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


Сабақ типі: Жаңа сабақ. Әдісі



бет55/60
Дата25.04.2016
өлшемі8.21 Mb.
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60

Сабақ типі: Жаңа сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер, карта

Барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. «Кәсіптік мерекелер» – оқыту, мазмұнын айтқызу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. - Қандай мерекелер мерекеленуде?

- Бүкілхалықтық мерекелерді атаңдар.

2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Астана

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:1. Мұғалімнің түсіндірмесі - Қазақстан сенің туған жерің, атамекенің. Қазақстан – қазақ елі. - Астана қаласының рәміздері жайлы әңгімеле. 2. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту 173-174 бет

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру - Отан деген не? - Қазақстан неше елмен шектеседі? 3. Физикалық картамен жұмыс 4. Мақал-мәтел оқып, мағынасын түсіндіру



VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 173-174 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау


Тақырыбы: Ел рәміздері. Мемлекеттік тіл.

Мақсаты: Оқушыларға ел рәміздері және мемлекеттік тілмен таныстыру; тілін, сөздік қорын дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. «Біздің Отанымыз – Қазақстан. Астана» – оқыту, мазмұнын айтқызу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1. Сұрақтарға жауап алу. - Астанада қандай мәнді істер істеледі? - Астананың Қазақстан халқы үшін рөлі қандай? 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Ел рәміздері.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Мемлекеттік Ту, мемлекеттік Елтаңба, Гимн мәтінін хормен орындау. 2.Бейне таспамен жұмыс. 3. Тілдің тарихи рөлін айтып таныстыру. 4. Мақал – мәтелдер оқып, мағынасын түсіндір. 5. Оқулық бойынша жұмыс 177-181 бет оқу. 6.Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту 177-181 бет

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

  2. VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

VІІІ . Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 177-181 бет оқу, мазмұндау.

2. Бағалау


61. Тақырыбы: Егеменді ел қорғаны – Қарулы Күштер



Мақсаты: Оқушыларға Егеменді ел қорғаны – Қарулы Күштер туралы жалпы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. «Ел рәміздері. Мемлекеттік тіл» – оқыту, мазмұнын айтқызу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. - Біздің елімізде мемлекеттік тіл ретінде қандай тіл қабылданған? - Өздерің тұрған жерде қандай ұлт өкілдері тұрады?

2. Қорытындылау



ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Егеменді ел қорғаны – Қарулы Күштер. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі

Отанды қорғау үшін Қарулы Күштер ұйымдастырылады. Республика Күштерінің жоғарғы Бас Қолбасшысы – Президент. 2.Оқулық бойынша жұмыс 181-184 бет. 3.Сергіту сәті



VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту 181-184 бет

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау



VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 181-184 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау
62. Тақырыбы: Елді басқару органдары. Тест.

Мақсаты: Оқушыларға елді басқару органдары жайлы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер,

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1. «Егеменді ел қорғаны – Қарулы Күштер» – оқыту, мазмұнын айтқызу.



ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. - Өздерің тұрған жерде қандай батыр бабаларыңның есімдері сендерге таныс? - Сен өз Отаныңды қорғауға дайынсың ба?

2. Қорытындылау



ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Елді басқару органдары

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі

Біздің елімізді Президент басқарады. Ол – ел басқару саласындағы ең жоғары лауазымды тұлға. Президент мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілеп отырады.

Сенат Президент

Мәжіліс Министрлер кабинеті

2.Сурет бойынша жұмыс 3. Оқулық бойынша жұмыс 184-186 бет оқу. 4.Сергіту сәті

VІ . Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту 184-186 бет. 2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. Тест

1. Қазақстанмен шектесетін мемлекеттер:

а) Канада, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Франция;

ә) Ресей, Украина, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан;

б) Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан;

в) Өзбекстан, Қытай, Ресей, Франция, Канада.

2. Астананы көшіру туралы шешім қай жылы қабылданды?

а) 1997 жылы;

ә) 2007 жылы;

б) 2008 жылы;

в) 2009 жылы.

3. мемлекеттік рәміздер:

а) ескерткіш, ту, елтаңба, ақша;

ә) ту, әнұран, елтаңба;

б) елтаңба, ту, әскер;

в) ту, парламент, елшілік.

4. Қазақ тілі –

а) мемлекеттік;

ә) ұлтаралық;

б) жалпыхалықтық;

в) қатынас тілі.

5. Әскери қатарына алынатын жас жеткіншектердің жасы:

а) 16 жас;

ә) 25 жас;

б) 20 жас;

в) 18 жас.

6. Республикада заң шығару ісімен:

а) Президент;

ә) Министрлер кабинеті;

б) Жалпыхалықтық ұйымдар;

в) Парламент айналысады.



VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 184-186 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау
63. Тақырыбы: Ел болу тарихымыздан. Қазақстан халқы.

Мақсаты: Оқушыларға еліміздің тарихы жайлы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. «Ел басқару органдары» – оқыту, мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. - Неліктен Президент ел басшысы деп аталады? - Үкімет қандай жұмыстар атқарады? Оны кім басқарады?

2. Қорытындылау



ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Ел болу тарихымыздан. Қазақстан халқы. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі

1969 жылы алматы облысындағы Есік Қаласының маңындағы қорғанда жүргізілген қазба жұмыстары бүкіл дүние жүзін таңқалдырды. Қорғаннан 7 м тереңдікте жерленген жас сақ көсемінің сүйегі табылды. 2.Сергіту сәті



VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1. Оқушыларға оқыту 188-191 бет

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру



VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 188-191 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау
64. Тақырыбы: Ақ күрішті аймақ. Еліміздің інжу-маржаны.

Мақсаты: Оқушыларға ақ күрішті аймақ туралы түсіндіру; тілін, сөздік қорын дамыту; ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. «Ел болу тарихымыздан» – оқыту, мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу - Қазақ хандығы қай уақытта құрылды? - Алтын адам туралы не білесің? - Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері қоныстанған? 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Ақ күрішті аймақ.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі

Арал теңізінің шығысынан басталып, Сырдария өзенін бойлай Қызылорда облысы созылып жатыр. Оның ең басты қаласы – Қызылорда. Бұл аймақтың табиғаты шөлді. Жерінде үлкен-үлкен құмды жондар жиі кездеседі. Республикамыздың ең ыстық шөлді өлкелерінің бірі. 2. Сурет бойынша жұмыс. 3.Сергіту сәті



VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқулықпен жұмыс 192-195 бет.

2. Сұрақтарға жауап алу. - Қызылорда облысының ең басты байлығы не? - Неге ақ күрішті аймақ дейміз? - Күріш өсіруге қолайлы жағдайларды ата.



VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 192-195 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау

65. Тақырыбы: Өзгерген өлке.



Мақсаты: Өзгерген өлке жайында оқушылар ұғымын кеңейту; тілін, сөздік қорын дамыту; адам еңбегінің құнын түсінуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі . Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Өлкенің ең негізгі байлығы неде – оқыту, мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу. - «Кенді Алтай» деп неге айтады? Алтайды неге Еліміздің «інжу-маржаны» дейді? - Өндірілетін пайдалы қазбаларды ата. Олардың шаруашылық маңызына тоқтал. - Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері қоныстанған?

2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Өзгерген өлке.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі

Өндіріс өркендеді. Маңғыстау же жүзінде мұнайды көп өндіретін мекендердің қатарына қосылды. Өңірде үлкен-үлкен қалалар тұрды. Жергілікті ұлу тастан салынған қырмыздай құлпырған қала – Ақтау осы облыстың орталығы. 2. Сурет бойынша жұмыс. 3.Сергіту сәті



VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқулықпен жұмыс 195-196 бет

2. Сұрақтарға жауап алу



VІІ .Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 195-196 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау
66. Тақырыбы: Астықты алқап.

Мақсаты: 1. Баланың еңбекке бейімділігі, отбасы «қоры» туралы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. «Өзгерген өлке» – оқыту, мазмұнын айтқызу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру. 2. Дәптермен жұмыс. 3. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Астықты алқап.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі

Нанның қайдан келетіні бәрімізге белгілі. Бірақ ол дастарқанға жеткенше қанша тер төгілетінін еңбек еткен адам ғана біледі. Оның дәмін, құнын сол адам ғана өз мәнінде сезінеді.

«Көзін сатып жеген нан,

Кептеледі өңешке.

Терін сатып жеген нан,

Балдан тәтті емес пе?!» -

деген сөз өте орынды айтылған.

2. Асар деген не? Оқып беру, түсіндіру. 3.Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1. Оқушыларға оқыту. 2. Сұрақтарға жауап алу. VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 197-198 бет оқу, мазмұндау 2. Бағалау
67. Тақырыбы: Мал шарушылығы

Мақсаты: Мал шарушылығ туралы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау. ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Мал шаруашылығы V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі

Қазақстан – ауыл шаруашылығы дамыған республика. Мал өсіруге жайылымдық жерлері де мол. Оған қоса астықты аймақтарда мал азықтық дақылдар да егіледі. Әсіресе, жүгеріні көктей орып, турап, тұздап, сүрлеп мал азығын жасайды. Жүгері сүрлемін жеген сиыр малы тез семіреді, сүтті мол береді. Астық сабаны да – мал үшін құнарлы азық.

2. Сурет бойынша жұмыс 3.Сергіту сәті



VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1. Оқушыларға оқыту 2. Сұрақтарға жауап алу - Бунақденелілердің қандай ерекшеліктері бар? - Буанқденелілердің табиғаттағы және адам өмірінде маңызы қандай?

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 199-200 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау
68. Тақырыбы: Қазақстан – мәдениеті мен өнері өркендеген ел.

Мақсаты: Қазақстан мәдениеті жайлы түсінік беру; танымдық қабілеттерін дамыту; байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. «Мал шаруашылығы» – оқыту, мазмұнын айтқызу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу - Республикада мал шаруашылығының дамуына қандай қолайлы жағдайлар бар? - Ірі қара малының пайдасын айт. - Сүттен жасалатын тағамдарды ата. Ол тағамдарды сенің отбасың қайдан алады?

- Еттен жасалатын тағамдарды ата. 2. Қорытындылау



ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қазақстан – мәдениеті мен өнері өркендеген ел.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі

Біздің республикамызда жастарға жалпыға бірдей міндетті орта білім беріледі. Сонымен қатар әр оқушының икемділігіне қарай арнаулы білім беретін де мектептер бар. Олар: музыка, математика, спорт, шет тілдері мектептері. Бұларда осы аты аталған пәндер тереңдетіліп оқытылады.

2.Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Тақырыпты оқыту. Іштей, дауыстап-тізбектей оқыту. 2. Сұрақтарға жауап алу



VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 200-203 бет оқу, мазмұндау.2. Бағалау.
3 –сынып. Еңбекке баулу.

1. Сабақ тақырыбы: Кіріспе (оқулықпен таныстыру)


2. Тақырыбы: Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері.

Мақсаты: Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру, есте сақтау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындық.

ІІ Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру. - сабаққа арнаулы киіммен келу /алжапқыш, жеңсе немесе халат, жаулық немесе телпек/; - құрал жабдықтарды, сурет, сызба, жазу жазатын жұмыс дәптерлерін ретке келтіріп отыру; - тек дұрыс құралмен ғана жұмыс жасау, оларды өзінің тиісті жерінде ғана пайдалану; - техника қауіпсіздігінің ережесі бұзылған жағдайда, жараланғанда дереу мұғалімге хабарлау.

Сергіту сәті. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей; 2. Сұрақтарға жауап алу . 3. Тапсырмаларды орындау.



Бекіту кезеңі:Қорытындылау.Үйге тапсырма беру кезеңі:1. 4-5бет түсініп оқу.2. Бағалау

3 Тақырыбы: Оқуға шақыру . Ахмет Байтұрсынұлы



Мақсаты: А.Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып, ойын қорытып түсіндірп айта білуге ықпал жасау; оқуға, білімді алуға ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, пікір ағашының суреті, сызба, өлең жолдары

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) кітаптағы суреттер сыры неде?



ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білгеніңді пайдаланып «Пікір ағашын» толтыр. 2. Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке- жеке оқу, түсті бояумен жазылған сөздерге көңіл бөлу. 3. Дәптермен жұмыс ( түсті бояумен ерекшеленген сөзерді теріп жазып, түсіндір) 4. Сөзік жұмыс жүргізу «Іздеп тауып алалықбұл жерде: үйрену, оқу, іздену.»

IV. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Өлеңді бөлімге бөліп оқу. а) оқуға шақыру. ә) еңбек іс - әрекеті. б) даналық . 2. Даналық сөзін басқаша қалай айтуға болады? Алмастырып көр. (өлеңді қайталап оқып көр.) 3. Ақын ойын енді түсіндің бе? Ахмет Байтұрсынұлы балалрды неге шақырады? Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.

V. Қорыту : Сызбамен жұмыс: зер сал, өз сөзіңмен түсіндір.

1.Даналық, оқу, білім, т.б сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың?

2.«Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық» қалай түсінесң? Сызба арқылы көрсете аласың ба? VІ Үйге тапсырма: жаттап ал, «Ахмет» сөзжұмбақ құрастырып көр. Бағалау.
5. Тақырыбы: Өздік жұмыс. Схема бойынша көжек құрастыру.

Мақсаты: Көжек құрастыру жайлы түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.Тақырыпты оқыту. Мазмұнын сұрау.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. Табиғат және адам қолымен жасалған әлемнің байланысын түсіндір.

IV. Мақсатын қою кезеңі: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Схема бойынша көжек құрастыру. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:


  1. Ұлу қабыршағының екі жартысын желімдеу үшін «момент» желімін пайдаланған дұрыс. 2. Ұлу қабыршағынан ойыншықтар, жапсырмалар және әдемі әшекейлер жасауға болады. Қоян туралы әңгіме құра (2 – сурет). Құраған әңгімеңе халық ертегілерінен үзінділер, мақал – мәтелдер кіргізуіңе болады.

Материалдар: көлемі мен түсі әртүрлі ұлу қабыршағы, гүл тұқымы, ермексаз.

Керек заттар: лак, қатырма қағаздан жасалған тұғыр немесе тақтай, қылқалам. 1. Бұйым жасаудың реті схема түрінде берілген. 2. Барлық бөліктер біріктірілгеннен кейін құйрығын жалғау керек. 3. Ең соңынан дайын болған бұйымға лак жағылады.



VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Әр түрлі материалдан композиция жаса. Композиция мазмұны «Дала» деген тақырыппен үндесуі тиіс. 2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Схема дегеніміз не? Онымен қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндір.

VІI Бекіту кезеңі:Қорытындылау . VIII Үйге тапсырма: 1. 12 – 13 бет оқу. 2. Бағалау.
8 Тақырыбы: Мозайка. Қарындаш жаңқаларынан жасалған мозайка.

Мақсаты: 1. Оқушыларға мозайка туралы тұсінік беру. Қарындаш жаңқаларынан мозайка жасау тәсілін көрсету. 2. Ой – өрісін,білімін дамыту. 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер,қағаз,әр түсті қарындаш,бояу.

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық. IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Мозайка – бір немесе одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет. Мозайканың алғаш пайда болған уақытын дәл айту қиын. Азияда қазба

жұмыстары кезінде көктас пен бақалшақтан жасалған мозайкалар табылған. Негізінде мозайкамен жауынгерлердің жорықтары бейнеленген.

Римде әр түрлі тастардан жасалған мозайкамен еден,қабырғаларды сәндеген. Соған қарағанда мозайканы ерте кезде – ақ құрастырған екен. 1,2,3 – сурет бойынша түсіндіру

Кез– келген пайдаланылған қарындаш жоңқаларын алуыңа болады. Жоңқа неғұрлым ұзын және бірдей болса, мозайка да соғұрлым әдемі болады. Жоңқаларды бояп, қиып, мозайка жасауға пайдаланамыз. 1.Оқулық бойынша жұмыс: 14-15 бет



  1. Сергіту сәті.

Өздік жұмыс. Қарындаш жоңқаларынан жасалған мозайкамен ормандағы жаңбарлы күнді немесе гүлге қонған көбелекті бейнеле.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Сұрақ – жауап: 1.Негізгі жұмыс кезеңін ата? 2. Қарындаш жоңқалары немен боялғанын түсіндің бе? 3.Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

  1. Көрме ұйымдастыру.

VII. Қорыту: VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 14 – 15 бет оқу. 2. Бағалау
9 .Тақырыбы: Дән тұқымынан мозайка құрастыру.

Мақсаты: 1. Оқушыларға дән тұқымынан мозайка құрастыру. 2. білімділікке тәрбиелеу. 3. Әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, дән тұқымдары, ермексаз, қағаз.

Сабақ барысы: I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

IV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мозайка деген не?Мозайка – бір немесе одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет.2. Ваза (1сурет ) мен табақшаны (2 сурет) қандай дән тұқымымен әшекейлеуге болады? (бидай, күріш, арпа). 3.Оқулық бойынша жұмыс 16 бет 1-5 суреттермен жұмыс

Сергіту сәті. Өздік жұмыс. Өз ойыңа сүйеніп, дән тұқымынан көлемді мозайка құрастыр.

Алдымен қағаз бетіне мозайканың нобайын сызып ал. Одан кейін қатты негізге бір қабат ермексаз төсе. Оған дәндерді жасаған нобайдың бойынша орналастыр.


Каталог: upload -> maps
upload -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
upload -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
upload -> Приложение к части а1
maps -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты
maps -> 1. Общие сведения Тип – дошкольное
maps -> Информация об обеспеченности обучающихся
maps -> Сведения о педагогических кадрах мадоу детский сад №7 на 2013-2014 учебный год


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет