Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері



бет59/60
Дата25.04.2016
өлшемі8.21 Mb.
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Дорба тігу. Дорбаны құрастырудың және тігудің ретін еске түсірейік. 1. Үлгі пішімін дайындаймыз. Тік төртбұрыштың пішінін негізгі сызықпен белгілейміз. Өлшем сызықтарды негізгі сызықтан үш есе жіңішке етіп сызамыз. 2. Матаға белгі саламыз. Пішілген үлгіні матаның теріс жағына түйреуішпен қадайтынымыз сендерге белгілі. Арнаулы қаламмен, бормен, сабынмен салынған белгінің таңбасы матаның өң жағына өтіп кетпейтіндей болуы керек. Жиегін айналдыра кесеміз. Түйреуішті қыстырған кезде еңбек қауіпсіздігі ережесін қадағалаңдар. 3. Дорбаның теріс жағынан (шетінен 10 мм дей кеңдеу етіп алып) көктеп тігеміз. 4. Дорба дұрыс тігілмесе, ол пайдалану кезінде тез сөгіледі. Егер жиегін жөрмеп тіксек, дорба өте әдемі және тігістері мықты болады. 5. Дорбаның жоғарғы жиегін өңдеу. Дорбаның жоғарғы жиегі әдемі және сәнді болуын ойланыңдар. Жоғарғы жиегіне кесте таспасын, шілтер, матаның үшкіл қиықтарын тігуге болады. Біз кестемен жиек салуды да білеміз. 6. Дорбаны сәндеу: Алдымен қағазға композиция сызып алыңдар. Сол бойынша тігуге, жапсырма жасауға болады. Дорбаны түрлендіріп сәндеңдер. Дорбаға өзгеше сәнді бау тағыңдар. Дорба дайын. Ол – пайдалы, ыңғайлы әрі әдемі. Сендер өздерің жасаған бұйымның дизайншысы болып табыласыңдар.

Дизайншы – бұйымның сыртқы көрінісін әсем, көрікті, әшекейлерін тартымды және пайдалануға ыңғайлы етіп жасайтын адам. Дизайншы көркем құрастырумен шұғылданады. Кез келген дорба жаса

ІV.Сергіту сәті.V.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Сұрақтарға жауап алу.

  1. Дизайншының міндеті не? 2. Дорбаның элементтерін өз бетіңше қалай өзгертер едің? 3. Қиылған жерді не үшін торлап тігеді? Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 129-131 бет оқу. 2. Бағалау
50. Тақырыбы: Қуыршаққа арналған киімдерді модельдеу.

Мақсаты: Қуыршаққа арналған киімдер тәсілін үйрету. Танымдылық қабілеттерін дамыту. Тазалыққы тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: мата, қайшы, ине , жіп. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Қуыршаққа арналған киімдерді модельдеу. IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Маталар әр түрлі болады: тықыр және түкті, жеңіл және ауыр, тығыз және босаң тоқылған.

Олардың қандай ортақ қасиеті бар?

Барлық маталардың жіптері белгілі бір ретпен тоқылады. Оларды тоқу станоктарында тоқиды. Бұдан көп жылдар бұрын адамдар қолмен тоқу станоктарын пайдаланған. Қазір маталар тоқыма фабрикаларында тоқылады. Жартылай автоматтандырылған арнаулы станоктар қолданылады. Матаны жіптен тоқиды. Жіптердің мақта, жүн, жібек, зығырдан, әйнектен жасалатын және синтетикалық түрлері болады. Синтетикалық және жібек жіптерден басқа барлық жіптер иәру машиналарында шүйкеленіп, иіреді. Киімдерді дизайншылар сияқты модель дейміз. Бұл спорттық киім болғандықтан, сен материалды дұрыс таңда. Киім моделін қиып ал. Баулықтарды бүктеп, оларды желімде.

Сергіту сәті.



IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Свитер мен шалбарды өз ойыңша безендіруіңе болады. Қағаздан аппликация жаса. Сен қуыршаққа арналған бұл киімдердің құрастырушы – сәнгері екеніңді ұмытпа. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

V. Қорыту: Қуыршаққа арналған киімді қалай модельдеуге болады?

VІ. Үйге тапсырма: 132- бет оқу. Бағалау.
51 Тақырыбы: Қуыршаққа арналған киімдерді модельдеу.

Мақсаты: Қатырма қағаздан қуыршақ қию тәсілін үйрету. Ой – өрістерін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Көрнекілігі:Қағаз түрлері, қайшы, желім, қуыршақ үлгісі. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қатырма қағаздан қуыршақ қию.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: қуыршақ пішінін 1 – 2 суреттер бойынша қалып үлгімен қиып ал. Оларды біріне – бірін беттестіріп, желімде. Қуыршаққа көйлек кигіз, оны желімде. Қуыршақ орнықты тұру үшін не істеу керек екенін ойлан. 1 – суреттегі қуыршақ бантигі 3 – суреттегі көйлек түсімен үйлесе ме?

Сергіту сәті. IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. 2. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.



V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 133 бет оқу. Бағалау.

52. Тақырыбы: Дизайншы жұмысы. Дизайн дегеніміз не?



Мақсаты: Оқушылады дизайншы жұмысымен таныстыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Көрнекілігі: Суреттер. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Кез – келген қобдиша немесе панно өзінің әсемдігімен, ыңғайлылығымен, пішінімен, құрылымымен, яғни сыртқы түрімен көз тартады. Дизайн – бұйымның сыртқы көрінісін әдемі, тартымды, сәнді етіп жасайтын (көркем құрастыру) іс – әрекет.

Не себепті дизайнды көркем құрастыру дейміз? Дизайн сөзі ағылшын тілінен аударғанда «жоба» деген мағынаны білдіреді. Көркемдіктің өзі әсемдікті жасаумен тығыз байланысты. Сонымен дизайн дегеніміз көркем құрастыру. Олай болса көркем құрастырумен шұғылданушы – дизайншы. 2. Бірдей екі жарты бөліктен қуыршақ киімін модельдеу кезінде көйлектің әсем сырт көрінісін, тартымды әшекейлерін жасап үйрен.

Суреттегі көйлектің моделін қиып, қуыршаққа кигіз. Берілген үлгі бойынша костюм – шалбардың моделін жаса. Түсті қағаздан жасалған аппликацияны пайдалануыңа немесе суретін салуыңа болады. Сергіту сәті.

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. 1. Қуыршақ киімінің қай моделі саған көбірек ұнады? 2. Киім таңдағанда саған кім кеңес береді? 2. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

V. Қорыту: Бүгін сабақта не істедік?

VІ. Үйге тапсырма: 134 – 135 бет оқу. Бағалау.
53 Тақырыбы: Дизайншы жұмысы. Дизайн дегеніміз не?

Мақсаты: «Ертегілер әлемінде» композиция құрастыру тәсілін үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: ермексаз, мата, қағаз, қайшы Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Дизайншы жұмысы.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Адамның табиғаттан үйренері көп. Табиғатта «әсемдік + пайда» заңы мүлтіксіз сақталады. Біз табиғаттағы заттардың әсемдігі туралы әңгімеледік, енді пайдасы туралы сөйлесейік. Қабыршақтар бүріне, ал дәндері масағына қалай орналасқан?

Қабыршақтар мен дәндер тек әсем пішін тудырып қоймайды, оған қоса ылғал мен жылу, жарықтың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Ешбір қабыршақ, ешбір дән жылу мен жарықсыз, ылғалсыз қалмайды. Мұндай мысалдар өте көп. Сондықтан да дизайншы оның идеяларын меңгеруге тырысады. Сендер де дизайншылар сияқты табиғатты зерттеуге кірісіңдер.

Дизайншылардан үйренеміз. «Ертегілер әлемінде» деген тақырыпқа композиция құрастыр. Композиция дизайншысы ретінде түсінің үйлесімді болуына жауаптысың.

Сергіту сәті.



IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Композицияның қай бөлігі ермексазды созу, кесу арқылы, ал қайсысы жапсырмалау тәсілімен жасалғанын анықта. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

    1. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 136 – 137 бет оқу. Бағалау.

54 Тақырыбы: Табиғат әлемінен заттар әлеміне. Адам – жасаушы. Мақсаты: Табиғат таңғажайыптар тәсілін үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Көрнекілігі: табиғат бейнетаспа, суреттер. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Табиғат таңғажайыптары.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Әсемдікті көре білу керек. Табиғат тамашаларына бір сәт көз салыңдаршы. Мұндай шеберліктің сырына бойлап, әсемдікті бағалай білген де жақсы.

Гүл – жердің жаратылыс берген сәні. Ал көбелек болса жиегі иректелген, таңбалы өрнектері бар «әдемі көйлек» киген табиғат туындысы. Қанатындағы тамшыдай дақтарына назар аударыңдаршы. Мұның бәрі тылсым бір сұлулық!

Құс пен балыққа қараңдаршы! Жанарыңды жаулайды!

Табиғаттың барлық таңғажайыптарын түгендеп шығу мүмкін емес. Біз одан әсемдікті үйренеміз. Ойланып, қорытынды жаса. Табиғатта бәрі де керемет, пайдалы!

«Табиғат таңғажайыптары» аппликайия құрастыру. Сергіту сәті.

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Сұрақтарға жауап алу.1. Суретшілер мен дизайншылар өз суреттері мен өрнектерін неге сүйеніп жасайды? 2. Сенің айналаңда табиғи материалдардан жасалған бұйымдар бар ма? 3. Адам табиғатты ластай ала ма? 4. Баршамыздың ортақ үйіміз – Жерді сақтап қалу үшін бізге не істеу керек?

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 138 – 139 бет оқу. Бағалау.
55. Тақырыбы: Табиғат әлемінен заттар әлеміне. Адам – жасаушы.

Мақсаты: Оқушылаға адам – жасаушы туралы түсінік беру. Білімін дамыту. Еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, қатырма қағаз, қайшы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Адам – жасаушы.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жасаушы – құрастыру, жасап, ойлап шығару ісімен шұғылданып, бұрын – соңды болмаған, жаңалық ашушы адам. Ол әрқашан байқампаз, білмекке құмар. Сен де айналаңа қара. «Қалай?» деген сұрағыңа жауап ізде. Табиғаттан өзіңнің жасайтын бұйымыңа балама тап. Сонда біртіндеп шеберлікке үйренесің.

1 – 2 суреттерге қарашы. Бұл бұйымдардың түсі көздің жауын алады!

Бұйымдар сабаннан жасалған өрнектермен әшекейленген. Олар шаршы, шеңбер, сопақша немесе ромб түрінде де бола береді. Сабаннан панно жасамас бұрын оның нобайын сызып ал. Жасалған панноны қайда ілесің, қабырғаның немесе жиһаздың түсі сәйкес келе ме? Қандай көлемдегі кеңістікті сәндеу керек екендігін ойлан. Осы шарттарға сәйкес сабаннан жасалатын композицияның көлемі, түсі таңдалады. Өрнектің бірнеше композициясын құрастыр. Сергіту сәті.

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. – Қатырма қағаздың қағаздан қандай айырмашылығы бар? – Қатырма қағаздан не жасауға болады? – Қатырма қағаздан жасалған қораптарды қалай пайдалануға болады? 2. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, желім)

V. Қорыту. VІ . Үйге тапсырма: 139 – 140 бет оқу. Бағалау
56 Тақырыбы: Сабаннан көркем өрнектер құрастыру.

Мақсаты: Сабаннан көркем өрнектер құрастыру, жасап үйрету. Білімін, ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа,еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, сабан, пышақ, үтік, парақ, желім. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сабаннан көркем құрастыру.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Сабаннан жасалған өрнектермен кілем, картина, қобдишаларды сәндейді. Қобдиша мен паннодағы сұлы, бидай сабақтары алтын тәрізді өзгеше бір өрнектерге айналған. Біз панно жасау үшін сабаннан өрнек композициясын құрастырамыз.

Қайшымен әрбір сабанның буынаралығынан қиып, қураған жапырақтарын алып таста. Сабандарды қайнаған суға (20 мин) салып қой, одан кейін оны кескіш немесе пышақпен байлай кес. Оны ішкі жағынан қызған үтікпен (үлкендердің қадағалауымен) үтікте. Сабаннан жасалған таспалар дайын болды. Енді таспаларды тор көз параққа желімде. Парақтың екінші бетіне кез келген геометриялық пішіндер сыз. Сызылған пішіндерді қиып алып, панно негізіне желімде. Сергіту сәті. Геометриялық композициясын аяқта.



IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей 141 – 142 бет. 2. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ)

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 141– 142 бет оқу. Бағалау
57. Тақырыбы: Сабаннан көркем өрнектер құрастыру.

Мақсаты: Сабаннан панно жасап үйрету. Білімін дамыту. Еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, қатырма қағаз

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сабаннан панно жасау.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Сабаннан панно жасау.

Панно жасау үшін қатырма қағазды қиып аламыз. Панно – шаршы пішінді. 2 – схема бойынша өрнек элементтерін (шаршылар) желімдеп, өзің ойлаған өрнек композициясын құрастыр. Панноның жақтауын жаса.

Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қосулы үтікті қараусыз қалдырма; Үтіктің ыстық жағын ұстама; үтіктеп болған соң (үзілісте) үтікті тігінен немесе арнайы үтік қойғышқа қой; түріне қарай матаны қажетті температурада (қыздыру шкаласына қара) қыздырып үтікте; үтіктеп болған соң үтікті өшіруді ұмытпа; үтікті үлкендердің қадағалауымен ғана пайдалан.

Сергіту сәті. Сабаннан өз ойыңнан қобдиша немесе панно құрастыр.



IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Сұрақтарға жауап алу. 1. Панноны қайда ілетініңді шештің бе? 2. Сабанмен жұмыс істеу барысында қандай қиындықтар болды? 3. Сабаннан бұйым жасау кезінде сурет, схема және өрнек құрастырудың рөлі қандай?

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 143 бет оқу. Бағалау
58 Тақырыбы: Шиден жасалған бұйымдар.

Мақсаты: Қағаз тілшелеріне әшекейлер жасауды үйрету.Білімін, ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз кесінділері, қайшы, желім, ши. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Шиден жасалған бұйымдар.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Шиден бұйымдар жасау тәсілін түсіндіру. – шиден не істеуге болады? (кесуге, өруге, бұрауға, әртүрлі құрастырма заттар жасайды); 2. Сурет бойынша жұмыс. 144- бет.

Шиден жасалған бұйымдар тәрізді, сопақша бұрыш пішіндер жасауға болады. Қызықты, сәндік композицияларды ойша да құрастыра аламыз. Мына картиналардан ши тоқудың мүмкіндіктерін байқайсыңдар. Мысалы, шебер шимен тоқу арқылы табиғат көрінісі мен аққудың сұлулығын көрсете білген. Сергіту сәті.



IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: 145 бет. Сұрақтарға жауап алу. 1. Мына картиналардан ши тоқудың мүмкіндіктерін байқайсыңдар. Мысалы, шебер шимен тоқу арқылы табиғат көрінісі мен аққудың сұлулығын көрсете білген. Суреттерде шеберлер ши тоқу арқылы нені бейнелегенін әңгімелеп бер.

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 144 – 145 бет оқу. Бағалау
59. Тақырыбы: Шиден жасалған бұйымдар. Шиден ыдыс қойғыш тоқу.

Мақсаты: Оқушыларға шиден ыдыс қойғыш құрастыруды тоқуды үйрету. Ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, ши, жіп.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Шиден ыдыс қойғыш тоқу.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қажетті материал: ши. Сен табиғи материалды дайындау тәсілін білесің. 1) Материалды жұмысқа дайындап ал. 2) Өз ыдыс құйғышыңның құрылымын таңда. Өлшемдерін біліп ал. 3) Жіпті дайындап ал. Жіп дайын бұйымнан 3 – 4 есе ұзын болуы керек. Ши түсімен үйлесуі үшін жіптің қандай түсін таңдар едің? 4) бірінші шиді үстелге жабысқақ таспамен (скоч) мықтап бакіт. Шетінен 4 см қалдырып, жіпті екі рет байлап түй (2 – сурет). Бұйымның екі жиегі түзу болып тоқылуы үшін 4 – 5 см қалдырады. Ши қалыңдығының әр түрлі болатынын есіңе сақта. Соңғы шиді екі рет түйіп, байла. 5) Ыдыс құйғышты безендір. 1. Қосымша тоқыма өруіңе болады. Жіп ұзындығы мен қалыңдығын өзің таңда. Бұйым жиегінің оң және теріс бетін тепшу тігісіне ұқсатып тоқы. Бұйымның дизайнына қарап, қатар санын өзің анықта. Ортасына әдемі өрнек салуыңа да болады (6 – сурет). 2. Ыдыс құйғыштың жиегін түзуле.

Сергіту сәті.



IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, ине); 2. Өздік жұмыс. Шиден ыдыс қойғыш тоқу.

V. Қорыту: Бүгін сабақта нені тігіп үйрендік?

VІ. Үйге тапсырма: 145 – 147 бет оқу. Бағалау
60 Тақырыбы: «Музыканттар». Кепкен өсімдіктерден гүл шоғын құрастыру.

Мақсаты: Оқушыларға кепкен өсімдіктер туралы түсінік беру. Білімін, ой – өрісін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, кепкен өсімдіктер. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Құрастыру реті: 1. Ағаш саңырауқұлағын, фезалис гүлін, кепкен өсімдік сыпыртқысын, қандағаш бүрін, ермексаз, лак, пышақ дайында. 2. Саңырауқұлақты жу, құрғатып, лакты жақ. 3. Ағаш саңырауқұлағының ішін кеуле. 4.Кеуекті ермексазбен не көк шөппен толтыр. 5. Кеуекке өсімдіктің сабағы орнатылады. Оқулық бойынша жұмыс 148 – 149 бет. Сергіту сәті.

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу. - Бұйым жасаудың технологиясы дегеніміз не? – Жерде жатқан жапырақтарды не үшін жинаймыз?

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 148– 149 бет оқу. Бағалау
61. Тақырыбы: Гүл шоғын дайындау технологиясы.

Мақсаты: Гүл шоғын дайындау тәсілін түсіндіру. Білімін, ой – өрісін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, ермексаз, гүл шоғы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Гүл шоғын дайындау технологиясы.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Гүл шоғын дайындау технологиясы. 1. Құрамақ дайындау мақсатын анықтау. 2. Материал дайындау. 3. Құрал – сайман мен жабдықтарды таңдап алу. 4.Бұйымның композициясы мен құрылымын құру. 5. Құрылымның жекелеген бөліктерін орындау: себет қатырма қағаздан жасалады. 6. Бөліктерді біріктіру: себеттің түбіндегі көк шөпке не ермексазға өсімдік орнықтыру. Себеттің құлағын оның негізіне желімдеп бекіту (құлақты сабаннан өрілген таспадан не қағаз жолағына желімдеп жапсырылған қатырма қағаздан жасауға болады).

Сурет бойынша гүл шоғын құрастыр. Сергіту сәті.



IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқулық бойынша жұмыс

- оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу



V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 150 бет оқу. Бағалау
62 Тақырыбы: Сымнан құрастыру

Мақсаты: Сымнан құрастыру. Танымдық қабілеттерін дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ . Көрнекілігі: суреттер, үлестірімдер

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Тақырыпты оқыту 2. Түсінгендерін айтқызу.

ІІІ. Білімдерін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. 2.Қорытындылау

IV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Сымнан құрастыру

Сым - диаметрі 10 мм –ге жетпейтін металдан жасалған жіп. Сымнан болат арқан, тігін ине, музыка аспаптары ішегін және зергерлік бұйымдар жасайды. Оның құрамында темір, болат, мыс, күміс, алтын, алюминий бар.

Қандай сыммен жұмыс істеген дұрыс? Құрамақ құрастыруға майыстырғанда түзеуге келетін жіңішкесымды пайдалануды ұсынамыз. Жұмысқа қажетті құрал –саймандармен 1-сыныптан таныссыңдар. Олар: қайшы, тістеуік. Алдымен жұмыстың нобайын жасап ал.

Пішін тұлғасын дайындау. Бейненің қаңқасы сым темірден жасалады. Қол, аяқ бөліктерінің және тұтас дене бітімінің сәйкестігін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Екі иықтың арасын өлшеп алып, иық, тізе, шынтақ буындарын белгілеу керек. Сергіту сәті



V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу.

  1. Тапсырмаларды орындау.

VІ. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. VII. Үйге тапсырмаберу кезеңі: 150-151 бет
63. Тақырыбы: Сымнан құрастыру. Қысқы спорт түрлері.

Мақсаты: Оқушыларға қысқы спорт туралы түсінік беру. Білімін, тілін дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: суреттер, сым, ермексаз, кемпірауыз. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қысқы спорт түрлері.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

  1. Мұғалім түсіндірмесі: Қысқы спорт түрлері.

2011 жылы қысқы Азия ойындары біздің елімізде, Астана және Алматы қалаларында өтеді. Бойыңдағы мақтаныш сезімі мен қуанышыңды құрастыру арқылы көрсет. Қатыстырушылардың спорт түрлері: таудан сырғанау, шаңғы, коньки тебу.

Сым темірден қаңқа жасау.

Жұмсақ ойыншықтар жасау үшін, адам мен жануарлар мүсінін жапсырмалау үшін керек қаңқаны біз өзіміз дайындаймыз. Қаңқа (бейненің негізі) – бұл ойыншық пен мүсінінң негізі.Сым темір қаңқасынсыз адам мен жануарлар пішіндері орнықты тұра алмайды. Қаңқаның йілгіш, икемділігінің арқасында, адам мен аңдардың пішіндері өзінің кейіп-қалпын оңай өзгертіп, әр түрлі жағдайға түсе алады. Мүсін жасау үшін оқушыларда мыналар болуы керек: 1. Сым темір (40-50 см) 2. Ағаш тұғыр 3. Ермексаз


  1. Оқулық бойынша жұмыс. Сыммен жұмыс істеу барысында еңбек қауіпсіздігі ережесін есте сақта. Сергіту сәті

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Оқушыларға оқыту: а/ іштей ә/ дауыстап-тізбектей. Сұрақтарға жауап алу

  2. 2-3оқушыға әңгімелету. V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Бағалау.

64 Тақырыбы: Биші қыздар.



Мақсаты: Оқушыларға биші қыздар жасап үйрету. Білімін, ой-өрісін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: суреттер.

Каталог: upload -> maps
upload -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
upload -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
upload -> Приложение к части а1
maps -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты
maps -> 1. Общие сведения Тип – дошкольное
maps -> Информация об обеспеченности обучающихся
maps -> Сведения о педагогических кадрах мадоу детский сад №7 на 2013-2014 учебный год


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет