Садуақасова қарлығаш орысбайқызы «АҚпаратты қОРҒау және ақпараттық Қауіпсіздік» ПӘнінен электрондық ОҚулық жасау технологиясы және пайдалану әдістемесі



бет1/7
Дата11.05.2020
өлшемі0.86 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ӘОЖ : 004.004.087.004.056
САДУАҚАСОВА ҚАРЛЫҒАШ ОРЫСБАЙҚЫЗЫ

«АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

6M011100 – Информатика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


Ғылыми жетекші:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор С.С. Үсенов

Қызылорда, 2012 ж

МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ ...............................................................................................

5

I

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ..............….........................

13


1.1

Ақпараттық технологияны оқыту құралы ретінде қолданудың теориясы мен практикасына талдау..................................................

13


1.2

Білім беру жүйесінде қолданылатын ақпараттық технологиялар.......................................................................................

26


1.3

Информатиканы оқытуда пайдаланылатын электрондық оқыту құралдарына талдау............................................................................

39


1.4

Болашақ информатика мұғалімдерін электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалануға дайындау.................................

53


II

«АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ ............

58


2.1

Информатика мұғаліміне электрондық оқулықтарды жасау технологиялары мен оларды пайдалануды оқытудың мақсаты мен мазмұны.........................................................................................

58


2.2

Электрондық оқулықтарды жасау мен пайдалануды оқытудың формалары, құралдары және әдістемесі..............……......................

73


2.3


Электрондық оқыту құралдарын жасаудың заманауи технологиялары және оларды пайдалану .........................................

84


2.4


Электрондық оқыту құралдарын жасауға және пайдалануға үйрету мақсатында жүргізілген тәжірибелік эксперимент нәтижелері...........................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................

ҚОСЫМША А

ҚОСЫМША Б


97

103



104



НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы диссертациялық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер қолданылды:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» - 27.07.2007-№319 ШЗРК заңы.

  2. Ағымды үлгерімін бақылауды, білім алушының аралық және қорытынды аттестациялауын жүргізу ережесі (ҚР БжҒМ 18.03.2008ж. №125 бұйрығы, өзгерістері және толықтыруларымен 01.11.2010ж. №506, 16.03.2011ж. №94 бұйрықтары).

  3. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру стандарты 5.04.033-2011. Магистратура.

  4. ҚР МЖМБС 7.09.101-2009, 6М011100-Информатика мамандығы. Магистратура.

  5. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ҒМС бекіткен, магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар (хаттама №2, 25.11.2009ж).

  6. 2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 11 қазан 2004ж.

7. ҚР СТ 34.017 2005.- «Ақпараттық технологиялар. Электрондық басылым», «Электрондық оқу басылымы».- Енгізу күні:01.01.2006 . -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты.

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
АҚТ-Ақпараттық және қатынастық технология

ЭОҚ-Электрондық оқыту құралдары

ЭО-Электрондық оқулық

ТОҚ-Техникалық оқыту құралдары

АОЖ-Автоматтандырылған оқыту жүйелері

ИБҚ-Инструменталды бағдарламалық құралдар

ЭҚ-Электрондық құралдар

ҰАО-Ұлттық ақпараттандыру орталығы



КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген [1].

Ақпараттық-қатынастық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының бірі. Осы ретте елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын [2].

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-қатынастық технологиялар оқулықтарын педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық оқулықтарды қолдануға ғана емес, осы оқулықтарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық технологияларын (АҚТ) меңгеру және жапай тарату үдерістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Қазіргі оқытушы АҚТ төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс. Ашық және басқа білім беру формаларында қолданылатын АҚТ оқулықтарының негізгі түрінің бірі элетрондық басылымдар болып табылады.

Білім беру үдерісін қолдайтын элетрондық оқулықтар аясындағы жүйелі зерттеулердің 30 жылдық тарихы бар. Осы уақыт аралығында АҚШ-та, Канадада, Англияда, Францияда, Жапонияда және басқа мемлекеттерде оқыту мақсатында ақпараттық және қатынастық техниканың әр түрлі типтеріне бағытталған көптеген компьютерлік жүйелер жасап шығарылды. Мұндай оқулықтар ірі өндіріс орындарында, әскери және қоғамдық ұйымдарда қолданылады [3].

Шет елдерде әдістемелік және бағдарламалық-ақпараттық оқулықтарды жасау қымбат жұмыс деп есептеледі. Себебі, бұл іс жоғары ғылымилықты және жоғары дәрежелі мамандардың: психолог, оқытушы, компьютерлік дизайнер және т.б. біріккен жұмысын қажет етеді. Осыған қарамастан, көптеген ірі шет елдік фирмалар оқу орындарда компьютерлік білім беру жүйесін жасау жобаларын қаржыландырып, осы аймақта өздерінің зерттеулерін жүргізеді. Білім беруші электрондық басылым түсінігі соңғы 30 жыл ішінде өзгеріп келе жатқан дәстүрлі болып кеткен электрондық программалық құрал түсінігінен шығады. Алғашқы электрондық программалық оқыту құралдарын жасау үшін, сол кездегі бәріне мәлім программалау тілінде программалау технологиясы қолданылды. Программалаушы рөлінде әдетте, жоғары оқу орнының студенттері немесе аспиранттар болды.

Электрондық оқыту оқулықтарын жасау мен пайдалану басынан бастап негізгі екі бағыт бойынша дамыды. Бірінші бағытта әр түрлі пәндер бойынша автоматтандыралған оқыту жүйелері жасалады және пайдаланылады. Мұндай жүйелер көп жағдайда қабықшалармен сәйкес келеді: автоматтандырылған оқыту жүйелерінің ядросы, педагогтарға мәліметтер қорына өзінің оқыту материалдарын енгізуге және арнайы тіл немесе инструментальды оқулықтар көмегімен оның оқыту алгоритмдерін бағдарламалауға мүмкіндік беретін авторлық жүйе болып табылады.

Оқу материалының негізгі көлемін ұсыну және сақтау мүмкіндігін беретін, компьютерлік желілерде таратылатын және де CD-ROM-ға жазылған мықты технологиялар – электрондық оқу басылымдар болып табылады. Олармен жекеше жұмыс істей келе материалды толық түсініп, меңгеруге болады. Бұл технологиялар бар курстарды жекеше қолдануға сәйкестендіру, өзіндік білім алу және алған білімді өзіндік тексеру мүмкіндігін береді. Дәстүрлі кітаптарға қарағанда электрондық оқу басылымдары материалды динамикалық-графикалық түрде бере алады [4].

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы оқулықтары кеңінен таралуымен байланысты, оқу үдерісін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог - психолог және оқу үдерісін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.

Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып, білім беруді қажет етеді.

Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Сыртқы эффектіні қуып кетпей, оқыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс. Компьютердің графикалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік экспериментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелермен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.

Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалық формулалар, физикалық шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе кұрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Жаңа ақпараттық технология оқулықтарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Мұндай мүмкіндіктерді қазіргі кездегі бар және жаңадан қалыптасып келе жатқан электрондық оқыту құралдары бере алады.

Ендеше мұндай оқу құралдарымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:



  • өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;

  • құбылыстарға модельдер кұра біледі және т.б.

Ақпараттық және қатынастық технологиялардың (АҚТ) мүмкіндігі қазіргі кезде күрт арта бастады, Интернет жаһандық желісінің пайда болуы және адам қызметінің барлық салаларына, оның ішінде білім саласына енуімен кеңейе түсуде. Электрондық оқыту құралдарын (ЭОҚ), Интернет желісін пайдалау қазіргі кезеңдегі Қазақстанның білім беру жүйесіне, мәдениетіне елеулі әсер етіп, оқытудың инновациялық әдістерін дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретіні белгілі.

Білім беру жүйесінде ақпараттық және қатынастық технологияларды пайдалану жөніндегі мәселелері отандық ғалымдар Е.Ы. Бидайбеков [5-11], С.Қ. Қариев [12], Т.О. Балықбаев [13], А.А. Шарипбаев [14], С.С.Үсенов [15-18], Ж.Қ. Нұрбекова [19], К.М. Беркінбаев [20], Б.Д.Сыдықов [21], С.Т. Мұхаметжанова [22-24], Н.Т. Ошанова [25-27], Д.Н. Исабаева [28], Б.А. Досжанов [29], С.К. Дамекова [30], А.М. Байғанова [31] және ресейлік ғалымдар Б.С. Гершунский [32], С.Г. Григорьев [33-39], В.В. Гриншкун [40-42], С.Д. Каракозова [43], Е.И. Машбиц [44], Е.С. Полат [45-46], И.В. Роберт [47-49] және т.б. жұмыстарында қарастырылған.

Білім берудегі көптеген пәндерге ақпараттық және қатынастық технологияларды ендіру программалармен қамтамасыз ету мен білім беру саласында қолданылатын электрондық оқулықтардың мазмұнын
толықтыру сияқты келелі мәселелерді туындатады. Соңғы бірнеше жылдар бойы осы мәселелер бойынша жүргізілген іс-әрекеттер, зерттеулер осындай құралдарды жасау мен пайдаланудың теориясын және оған қажетті нормативтік құжаттарды қалыптастыруда. Осы саладағы нормативті құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты ҚР СТ 34.0172005-«Ақпарттық технологиялар. Электрондық басылым», «Электрондық оқу басылымы» (Қазақстандық стандарттау институты 2005ж.,  авторлары: А.А. Шарипбаев, А.Н. Омаров,  Г.Г. Баймуратова, С.А. Абдыманапов, М.Р. Нургужин, К.Ж. Байгелов, А.К. Альжанов, А.С. Омарбековалар) [4]. Онда келтірілген ереже бойынша: электрондық басылым: программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез-келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар жиынтығы. Электрондық оқу құралы: құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар, практикумға, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.

Осы келтірілген ережеге сай электрондық оқулықтарды компьютерлік техника көмегімен өңделіп көрсетілетін, кез-келген электрондық тасымалдаушыда немесе компьютер желісінде жарияланған, білімнің сәйкес ғылыми-практикалық саласынан оқушыларға білімді, біліктілік пен дағдыларды шығармашылық тұрғыда белсенді меңгеруді қамтамасыз ететін осы сала бойынша жүйеленген материалдардан тұратын графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөздік, музыкалық, бейне, фото, және басқа да ақпараттар жиынтығы ретінде анықтауға болады.

Электрондық оқыту құралдары деп біз атап отырмыз, басқалар басқаша атауыда мүмкін. Қалай аталса да, анықтама осы біреу және орыс тіліндегі «Образовательный электронный ресурс» ұғымына барынша жақын.

Аталған стандартқа сәйкес электрондық оқыту құралдары жоғары деңгейде орындалуымен және көркемдік безендірілуімен, ақпаратының толықтығымен, әдістемелік құрал-саймандарының сапасымен, техникалық орындалынуының сапасымен, көрнекілігімен, мазмұндалуының қисындығы және жалғасымдылығымен ерекшеленуі тиіс [4]. Электрондық оқыту құралдары қағаз бетіне қандай да бір дидактикалық қасиетін жоғалтпай түсуі мүмкін емес.

Электрондық оқыту құралдарын жасау және оны қолдану ерекшеліктерін зерттеу мәселелері Е.Ы. Бидайбеков [11], В.В. Гриншкун [40], С.Қ. Қариев [12], М.Н Алексеев [50-52], А.А. Андреев [53], А.А. Баков [54], Д.В. Богданова [55], Л.Х. Зайнутдинова [56], С.Д. Каракозова [43], А.В. Могилев [57-59], А.А. Шарипбаев [14], Л.С. Нуракова [60], Е.С. Полат [45-46], Т.А. Полилова [61], В.П. Тихомирова [62], А.Ю. Уваровтың [63-65] еңбектерінде қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдерісіне АҚТ мен оның көмегімен жасалған электрондық оқыту құралдары қарқынды түрде енуде. Қазіргі заманда электрондық оқыту құралдарын қандай да болмасын, пайдаланбайтын бір пәнді атау мүмкін емес. Сондықтан да ең бір ақпараттандырылған мектеп пәндерінің бірі информатика болатын және болып қала береді. Бұл пәннің ерекшелігі сонда, информатикаға оқыту мен оқу тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін информатика құралдарымен бірге, білім беру русуртары қатар пайдаланылады.

Негізгі мектепте информатиканы және ақпараттық-қатынастық технологияларды оқытудың мақсаттары, мазмұны мен әдістері АҚТ мен сәйкес ЭОҚ-ты оқу үдерісінде пайдаланудың ерекшеліктері әрқашанда ескеріліп отыруы тиіс. Бұл жайтты Т.А. Бороненко [66], С.Г. Григорьев [33-39], А.П. Ершов [67], С.А. Жданов [68], А.А. Кузнецов [69-71], А.Ю. Кравцова [72], М.П. Лапчик [73], И.В. Левченко [74], Е.В. Огородников [75], Н.И. Пак [76] және т.б. көптеген ғалымдардың ғылыми еңбектерінен көруге болады.



Ақпараттық архитектура (Р. Вурман, Л. Розенфельд, П. Морвиль, А.А. Телегин) атауы мәселелерді жедел шешу мен электрондық оқыту құралы қамтитындарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін электрондық оқыту құралдарының материалын, интерфейсін, навигациясын, визуалды дизайнын ұйымдастырудың сүлбелерін үйлестіру түсініледі [77-80]. Өкінішке орай, информатика бойынша электрондық оқыту құралдарының ақпараттық архитектурасы, көбінесе, жүйесіз құрастырылып, оқушыға оқытылып отырған пәндік саланың логикалық құрылымын қажеттілікке сай қабылдамай, оның «адасуына» әкеліп соқтырады.

Шешімін таппаған тағы бір жеке мәселе информатиканы оқытуда қолданылатын электрондық оқыту құралдарының бір-бірімен байланыссыздығы болып табылады. Бұл мәселелерді шешуде электрондық оқыту құралдарын жасаушылардың, оның ішінде, әрине, мектеп мұғалімдерінің қажетті кәсіби білімі мен дағдыларының болуы көп жағынан мүмкіндік жасаған болар еді.

ЭО жасаудың зерттелген ұйымдастыру жолдарын талдау, мұғалімге тек оқу материалдарын іріктеу бойынша кеңесші рөлі ғана беріліп, ал негізгі рөл педагогикалық Web-дизайнерге (А.Ю.Уваров) және білім бойынша инженерге (Л.Х.Зайнутдинова), яғни, электрондық құралдарды жобалау бойынша маманға берілетін осындай құралдарды ұжым болып жасаудың орынды екендігін көрсетті. Бірақ, көбінесе мұғалімнің электрондық оқыту құралдарын мамандар тобымен бірлесіп жасауға мүмкіндігі болмайды да, бұл іспен өз бетінше айналысады.

Сонымен, информатика бойынша электрондық оқыту құралдарын жасау үдерісінде мұғалім қандай рөл атқармасын, оның ЭО жасауға қажет мәселелерді жеткілікті кәсіби деңгейде шеше алатындай білім мен дағдылары болуы тиіс. Алайда, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы информатика пәні мұғалімін педагогтық кәсіби қызметке дайындаудың қазіргі жүйесінде болашақ мұғалімдер информатика бойынша электрондық құралдар жасаудың негізін оқып-үйренуден тыс қалып жатады. Осы айтылғандардың бәрі информатика пәні мұғалімдеріне ЭО жасау мен пайдалануды оқытудың қажеттігін білдіреді.

Мектептегі информатика мен АҚТ-ны оқытуда қолданылатын электрондық оқыту құралдары санының өсуі мен сапасының төмендігі, информатика мұғалімдерінің электрондық оқыту құралдарын жасауға қатысуының жиілеуі, бұл бірінші жағынан, ал екінші жағынан, мектеп оқушыларын оқытудың тиімділігін арттыру үшін сапалы электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалануға информатика мұғалімдерін оқытудың әдістемелік жүйесінің жоқтығының арасында қарама-қайшылық бар екендігі айқын.

Бұл қарама-қайшылықтың шешімі, информатиканы оқытатын және мазмұны информатиканы оқыту мазмұнына сай электрондық оқулықтарды жасаушы болашақ мұғалімдерді, яғни, студенттерді дайындауға арналған әдістемелік жүйелерді жетілдірген кезде ғана мүмкін болмақ. Болашақ информатика мұғалімін электрондық оқулық жасауға қажетті болатын барлық бағдарламалық, технологиялық, инструменталдық жабдықтармен қаруландырып қана қоймай, сонымен қатар жалпы электорндық оқулықтардың ерекшеліктерін, олардың түрлі компоненттік құрамын ажыратып, жіктей білуге, оларға қойылатын барлық талаптарды сақтай білуге даярлау қажет, ал бұл зерттеу үшін таңдап алған тақырыбының көкейкестілігін білдіреді.



Зерттеу нысаны: педагогикалық жоғары оқу орындарында информатика мұғалімдерін дайындау үдерісі.

Зерттеудің мақсаты: электрондық оқулықты жасау мен пайдалануды педагогтарға оқыту мақсатында «Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» курсының тарауларын немесе болашақ информатика мұғалімінің кәсіби дайындығы бойынша пәндерді оқытудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. ЭО жасау мен пайдалану ерекшеліктеріне, мұғалімдерге информатика бойынша ЭО жасау мен пайдалануды оқытудың бар әдіс-тәсілдеріне талдау жасау;

  2. информатика мұғалімдеріне электрондық оқулықты жасауды оқыту үдерісінің моделін жасау;

  3. болашақ мұғалімдерге «Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» пәні бойынша ЭО жасау мен пайдалануды оқытудың мақсаттарын, мазмұнын және әдістерін анықтау;

  4. жоғары оқу орындарының студенттері үшін қажетті оқу құралдарын іріктеп, жетіспейтін электрондық ресурстар мен практикалық тапсырмалар кешенін жасау;

5. келтірілген болжамның анықтығын тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеулердің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

- электрондық оқулықты жасау мен пайдалануға информатика мұғалімдерін кәсіби дайындау қажеттілігі негізделді;

- электрондық оқулықты бірізді жасап, пайдалану үшін информатика бойынша оқу материалдарының мазмұнындағы иерархиялық құрылымдарды бөліп алу қажеттігі мен мүмкіндігі туралы қағидалар негізінде информатика бойынша электрондық оқулықты жасау принциптерінің жүйесі толықтырылды;

- жасалынған және пайдаланылған электрондық оқулықтардың сапасын бағалаудың негіздерін оқытуды қамтитын «Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» пәні бойынша электрондық оқулықты жасауды болашақ информатика мұғаліміне оқытудың моделі жасалынды;

- мұғалімдерге «Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» пәні бойынша ЭО-ты жасауды және пайдалануды оқытудың мазмұны айқындалып, әдістемесі ұсынылды.

Зерттеудің практикалық құндылығы:

Информатикадан ЭОҚ жасауды оқытуға бағытталған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін арнайы курстың оқыту әдістемесі анықталғандығынан, қажетті оқыту құралдары, оның ішінде, «Электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалану» атты ЭОҚ, сондай-ақ, студенттермен практикалық сабақтар жүргізу үшін тапсырмалар кешенінің жасалғандығынан тұрады.



Зерттеу базасы: тәжірибелік-экспериментік жұмыстар «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының инженерлік пәндер кафедрасында жүргізілді.

Қорғауға зерттеудің төмендегі қорытындылары ұсынылады:

- кәсіби қызметте болашақ информатика пәнінің мұғалімдеріне ЭО жасау мен пайдалануды оқыту қажет, өйткені ол мектептегі информатиканы оқыту құралдарының сапасына дұрыс әсер етіп, оқушыларды дайындаудың тиімділігін арттыруға көмектеседі;

- информатика бойынша педагогтар жасаған ЭО-тың мазмұны мен олардың визуалды көрінісін қалыптастыру оқу материалдарын иерархиялық құрылымдау қағидаларына жауап беруі тиіс;

- өзінің кәсіптік қызметінде ЭО жасау мен пайдалануды болашақ информатика мұғалімдеріне оқытудың жасалынған моделі әртүрлі АҚТ құралдарын пайдалануға қатысты инвариантты болып табылады, студенттердің оқу іс-әрекеті, жасалынған «Электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалану» атты ЭОҚ және практикалық тапсырмалар кешенін қамтитын оқыту құралдарын пайдаланумен қоса, ЭОҚ жасау бойынша мұғалім іс-әрекетінің моделі негізінде жүзеге асырылуы тиіс;

- болашақ информатика мұғалімдерін оқытудың ұсынылған әдістемелік негіздері оның ішінде «Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» курсының тарауларын немесе арнайы курсты оқытудың сипатталған мақсаттары, мазмұны, әдістері мен формалары информатиканы оқытуда электрондық оқыту құралдарын сапалы жасап, тиімді пайдаланатын педагогтарды дайындауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет