Сарқан аудандық білім бөлімінің 2012-2016 жылдары атқарылған жұмыстарға талдауы



Дата17.05.2020
өлшемі66.68 Kb.
Сарқан аудандық білім бөлімінің 2012-2016 жылдары атқарылған жұмыстарға талдауы
Қазір мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын жаңа өкілдерін қалыптастыру мәселесі тұр. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Бәсекеге лайық маман тәрбиелеп, бәсекеге лайық ұлт жаса» деген бастамасының өзі стратегиялық негізгі құралға айналып отырғандығы да сондықтан. Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында. Мемлекет жастардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайды жасап отыр. Өйткені жас ұрпақ білімді, талапты, талантты болуы керек.

Оқушыларымызды білімді, парасатты, отансүйгіш етіп қалыптастыру- басты міндетіміз. Бұл, егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздіктің көк байрағын еркін желбіреткен мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Осы бағытта білім беруді дамытудың 2016-2019 және 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама әлемдегі озық тәжірибелерге сүйенген жаңашылдығымен, болашақты жоспарлауымен ерекшеленеді.

Ұстаз жоғары технологияларға бейімделе алатын, әлеуметтік ыңғайланған тұлғаны қалыптастыру барысында бірінші кезекте өзі оқытатын пән бойынша білімді болуға міндетті. Сондай ұстаздардың бірі:

2008 жылы облыстық «Жылдың үздік мұғалімі» байқауының жеңімпазы болып М.Жұмабаева атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұқашева Күлшат Қалиқызы атанып, ұстазға Алматы облысы әкімі 2 бөлмелі пәтердің кілтін ұсынды.

2012 жылы №1 мектеп гимназиясы директорының оқу ісінің жөніндегі орынбасары, химия, биология пәндерінің мұғалімі Станкевич Татьяна Михайловна халықаралық «Моя энергоэфиктивная школа» байқауының грантын жеңіп алса, 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурызындағы № 394 қаулысына сәйкес республикалық «Үздік педагог-2013» байқауына қатысып 1 731 000 теңге грантын иеленді.

2015 жылы Абай атындағы мектеп гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алжанова Жадыра Тлеуғожақызы облыстық «Үздік инновациялық шет тілі сабағы -2015» байқауына қатысып, жүлделі І-орынға ие болды.

2015 жылы Н.Островский атындағы орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Қабдешова Нургүл Сериковна «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауына қатысып, жүлделі ІІІ-орынға ие болды.

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік меңгерушісі -2016» облыстық байқауына балабақша меңгерушісі Г.Иргебекова қатысып II дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Ақтөбе қаласында Халықаралық экология және инженерия академиясының ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік тәрбиеші - 2016» III Республикалық байқауына «Балдырған» балабақшасының тәрбиеші М.Суранчева мен К.Кунчаева III дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2016 жылы Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Имангазиева Акбота Меделбековна, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мамраева Жулдыз Амантаевна, республикалық «Білім шыңы - ғылым сыры» журналының «Жылдың үздік 100 мұғалімі» конкурсында жеңімпаз атанып, ұсынған озық іс- тәжірибесі енгізіліп, ҚР көлемінде таралған үшін және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін «Жылдың үздік 100 мұғалімі» медаль және құрмет грамотасымен марапатталды.

2012 жылы Алматы облыстық білім басқармасы тарапынан өткізілген «Ең үздік қосымша білім беру мекемесі» байқауында Сарқан қаласындағы Балалар шығармашылық үйінің педагогикалық ұжымы жүлделі І орынды иеленді.

2013 жылы облыстық «Үздік ауыл мектебі-2013» байқауына қатысқан Новопокровка орта мектебінің ұжымы (директоры Құлахметова Жамал Ағабдолдақызы) іс-тәжірибелерін жан-жақты насихаттап, ІІ орынды иеленіп, үздіктердің қатарынан көрінді.

Алматы облыстық «Үздік ауыл мектебі-2015» байқауына Қарауылтөбе орта мектебінің ұжымы қатысып, жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.

Ауданда дарынды балалармен жүйелі жұмыстар жүргізілу нәтижесінде 2012 жылы халықаралық экологиялық «Ломоносов-2012» олимпиадасына қатысқан №1 мектеп гимназиясының 8 сынып оқушысы Станкевич Евгений ІІ орынмен, «Табиғатты қорғау – болашақты қорғау» атты облыстық экологиялық форумға қатысқан №1 мектеп гимназиясының оқушысы Соломатова Дарья «Фоторепортаж» номинациясы бойынша І орынмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Таза болса табиғат- аман болар адамзат» атты республикалық конкурста «Үздік зерттеу жұмысы» номинациясы бойынша Ақын Сара атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Темірхан Ақтоты І орынмен марапатталды.

2012 жылдың 22 ақпан күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ректорының гранты үшін ұйымдастырылған «Ы.Алтынсарин - 2012» пәндік олимпиадасына ауданнан 49 оқушы қатысып, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушысы Мұхтарова Әйгерім ІІІ орынмен марапатталып, 2 млн. теңгелік сертификатқа ие болып, ректор грантын жеңіп алды.

2013 жылы ауданда дарынды балалармен жүйелі жұмыстар жүргізілу нәтижесінде облыстық пән олимпиадасына қатысқан 35 оқушының 33-і жүлделі орындарды иеленіп, республикалық олимпиадаға қатысқан 2 оқушы Қарғалы орта мектебінің оқушысы Жұмаш Әділет ІІ орынмен, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушысы Жалел Рауан ІІІ орынмен марапатталды.

2013 жылы Н.Островский атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Жұмағали Тоғжан мен Новопокровка орта мектебінің оқушысы Абсейіт Аяулым Оңтүстік Кореяға бейіндік ауысымды мектепте оқып, білімдерін толықтырып қайтты.

2014 жылдың қаңтар айында № 1 мектеп гимназиясының оқушысы Станкевич Евгений Стокгольм қаласында (Швеция) «Молодые репортеры для окружающей среды» бағдарламасы аясында өткен «Меньше мусора» атты халықаралық семинарға қатысты. Ал Москва қаласында өткен халықаралық «Светозар» байқауына қатысқан Н.Островский атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Кашкидько Елена сертификатпен оралды.

Егер 2014 жылы халықаралық байқауларда 7 оқушы қатысса, ал 2015 жылы Халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғылыми жоба байқауына қатысып, жүлделі 3-ші орынды иеленіп, мемлекеттік грант иеленген Новопокровка орта мектебінің 11 сынып оқушылары Абсейіт Аяулым мен Каберова Мадина. Соңғы 5 жылда алғашқы рет халықаралық білім додасында ауданымыздың атын шығарып, қуанышқа бөледі.

Одан басқа тағы 8 оқушымыз халықаралық деңгейде жеңіске жетті. Яғни, халықаралық деңгейдегі жетістіктердің санының өсуі байқалады.

Республикалық «Дарын» ғылыми жоба байқауында Н. Островский атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Жұмағали Тоғжан І дәрежелі дипломды иеленіп, мемлекеттік грант иегері атанды.

2016 жылы Халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғылыми жоба байқауына қатысып, жүлделі 3-ші орынды иеленіп, Абай атындағы мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Құрметжан Әділет мемлекеттік грант иеленсе, Н.Островский атындағы мектеп лицейінің 10 сынып оқушсы Сакен Арай жүлделі ІІІ орынды жеңіп алып үздіктер қатарынан көрінді.

Новопокровка орта мектебінің 11 сынып оқушысы Төлебай Диас биология пәнінен «Дарын» ғылыми жоба байқауынан облыстан ІІ дәрежелі диплом, Ресей мемлекетінің Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша ХІІ халықаралық ғылыми жарыстарының сертификаты, «Дарын» грамотасының иегерлері. «Қазақстанның үміт артарлары. ҚР-ның алдыңғы қатардағы оқушылары» республикалық «Ғылым» баспасы кітабының тізіміне енді.

Республикалық XVII Абай оқуларына Сарқан ауданы Абай атындағы 9-сынып оқушы Шайзат Алижан «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша III орынды жеңіп алды.

Талдықорған қаласында «KATEV» қоғамдық қоры ұйымдастырған облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті пәндік олимпиадасы Абай атындағы мектеп-гимназиядан 2 оқушы қатысып, «Жас ғалымдар» конкурсы бойынша 8-а сынып оқушысы Серғалы Гүлім және «Тілші-әдебиетшілер» конкурсы бойынша11-а сынып оқушысы Бейсенхан Самал өзінің білімінің терең екеніні көрсетіп, ең жоғарғы балл 100 болса, соның 93 балллын жинап, 100% жеңілдікті иеленіп, университеттің ГРАНТ иегері атанды.

«Адам ұрпағымен мың жасайды»,- дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман»,- деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтін сияқты, жас ұрпағымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.



Ендеше, егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен, білім мен тәрбиенің бастауы болатын ұстаз қолында. Ал үнемі осы мүддеден көріну - әрбір ұстаздың абыройлы борышы.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет