Сценарий Музыка :(сахнада «күз» туралы музыка ойнап тұрады.)



Дата22.07.2020
өлшемі38 Kb.
«Аяулы күз, Алтын күз» мерекесіне арналған сценарий

Музыка :(сахнада « күз» туралы музыка ойнап тұрады.)



Жүргізуші:Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Мектептегі дәстүрлі .

Мерекеміз бұл да бір.

Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Күзгі балды тойлауға ,

Шақырамыз сіздерді.

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Ата – аналар!

                        Бармысыздар, жадыраған жас достар!

                        Береке, бақ дарыған

                        Жомарт көңіл, жарқын жаз,

                        Сары алтынға малынған,

                        Жетті міне алтын күз!



Сахналақ қойылым.

Сахнаның шетінде « Алтын күз» тақырыбына арнап шығарма жазып отырған оқушы отырады. Кітап, дәптерлерін ашып, сабақ қарайды.Кітап оқып, әрі , бері бері жүріп үстелге отырады.

Еңілік: (Дамир)

-Достым, Диана , мұғалім үйге күз тақырыбында шығарма жазуға берген.-Көмектесші.

Диана: (Ажар)

-Еңілік оған қиналатын несі бар. Күз айы –өте бір тамаша мезгіл.Күздің бізге берер сыйы да мол. Өзің ойланып отырып жаз , содан кейін маған оқып бересің (Еңілік ойланып жаза бастайды.)

Диана: (Ажар)

Дауыстап оқып, отырып жазады.

Еңілік: (Дамир)

Күз келді,күн суыта бастады.Ба-ла-лар да өз-де-рі-нің ал-тын ұя мек-теп-тер-іне о-рал-ды-ыыыы. –(деп ұйқыға кетеді.дауысы біртіңдеп бәсеңдейді)

Әр сынып тақпақтарын айтады.(көкеністер мен жемістер)

(Диана мен Еңілік сахнаға шығып аң - таң болады.Таңданып )

Диана: (Ажар)

-Біз қайда келдік?

(Күз киімін киген қыз бала келеді.)

Күз (Альмира)

-Мен күзбін . Өте еркемін . Сәл нәрсеге ренжіп. Бұртыйып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп , көз жасымды алмай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақ көңілдігімді бәрі де ұнатады.

-Менің айларым -еңбек ерліктің айы . Отан қоймасы , алтын астыққа толады. Диқандар еңбек жемісіне келетін береке айы , берекесін тойлайтын , мереке айы . Сондықтан да мені жұрт « Алтын күз» деп теңейді.

Әр сынып билерін билейді

3- сынып (Күзгі вальс)

1- сынып

4- сынып (Қамажай)

2- сынып

Диана: (Ажар)

-Еңілік күздің ең керемет байлығын көрдің бе?

Еңілік: (Дамир) Таңырқай - Ол не Диана?

Диана: (Ажар)

-Ол деген егін . Егін дегенім-дән . Дән дегенім нан емес пе? Біздің бар байлығымыз нанға толды. Нан –бақытты өмірдің бастауы, нан ән мен жырдың өзегі . Нан қасиет, нан -береке , нан-мереке емес пе !

Сахналық көрініс:

Сахнада әр түрлі жануарлар киіммен киінген аңдар алма, алмұрт, жемістерді себетке жинап жүргенін көрген

Диана: (Ажар)

-Оу кірпі , сен не істеп жүрсің?

Кірпі: (Аяжан) Сен айналаңа қарашы, жемістер, көкөністер пісіп , жерге түсіп жатыр, соны жинап , қысқа дайындалып жатырмыз.

Еңілік: (Дамир) - Араларыңда аю жоқ қой?

Кірпі: (Аяжан) - Аюлар қысқы ұйқыға дайындалып жатыр. Мен қазір күзгі көкөністер, жемістер туралы жұмбақ жасырамын. Ал шешейік:

Дөп-дөңгелек доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай. (қарбыз)

2.Тәтті, тәттінің іші қатты,

Қатының іші тәтті. (өрік)

3.Бұл недеген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді.(орамжапырақ)

4.Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр.(қызылша)

Кірпі: (Аяжан) - Рахмет, балалар! Күн суытты, бізге азық жинап үлгеру керек. Сау болыңдар!

Жүргізуші:



- Балаларымыздың көріністерін тамашалауға шақырамыз.

2- сынып


4- сынып

3- сынып


Жүргізуші: Ойынсыз мереке бола ма?. Мен сіздерді ойын ойнауға шақырамын. Жеміс жидек жеу.(3-4 бала), Шар жару (3-4бала).

Әр сынып сән үлгілерін көрсетеді.

Диана: (Ажар

Еңілік , сен не, ұйықтап қалғансың ба? Сенің шығарма жазғаның қайда?

Еңілік: (Дамир)

-Диана, мен күздің кереметін енді түсіндім.

-Күзді береке дейміз. Өйткені күзде барлық жеміс -жидектер ,егін пісіп , мал семіреді.

Күзді-байлық дейміз. Өйткені піскен егін , жеміс-жидектер дүкендерге толады. Молшылық болады.

-Күзді мереке дейміз-адамдар өз еңбегінің жемісін көріп қуанады , мерекелейді.

-Енді мен шығармадан «5» алатын болдым.

Жүргізуші:

Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын.

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,



Береке бірлікпенен ортақтассын.

Құрметті көрермендер! Осымен «Аяулы күз, Алтын күз!» атты мерекеміз аяқталды. Келгендеріңіз көп көп рахмет!
Каталог: uploads -> doc
doc -> Фио: Сабитова Лилия Фэргатовна
doc -> Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!
doc -> Знаменитые трезвые люди планеты
doc -> Апарат верховної ради україни інформаційне управління відділ інформаційно-бібліотечного забезпечення
doc -> Технические характеристики горелок газовых серии гкс
doc -> Региональная энергетическая комиссия свердловской области
doc -> М. Ушачи Белоусов Степан Гаврилович
doc -> Городской поселок россоны захоронение в мемориальном сквере
doc -> Райффайзен Банк Аваль модернизировал контактный центр


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет