Сәләфит деп жүрген азаматтарға жағымсыз хабар!



Дата19.02.2020
өлшемі21.27 Kb.
Сәләфит деп жүрген азаматтарға жағымсыз хабар!
Мен сәл өзгерістер айтқым келеді. Барлық нәрсені өз атауымен айту керек. Меніңше Сәләфиттерге «харажит» деген тіркесті қосу керек сияқты. Өзін сәләфит деп жүрген азаматтарға жағымсыз хабар айқым келеді, «сәләф-солих» болу үшін Ислам діні пайда болған соң, алғашқы ІІІ ғасырда өмір сүре алмаса, бола алмайтынын хабарлағым келеді.

Ал қазіргі «псевдосәләфизмнің» өкілдері харажиттердің бір түрі екенін айтқым келеді. Харажиттер (араб. خوارج‎‎‎қарсы шыққандар) – Ислам әлеміндегі алғашқы діни-саяси топ өкілдері. Олар ең алғашқы болып мұсылмандардан бөлініп шықты. Мұсылмандар арасында түсініспеушілік болған кезде пайда болған. Муавией ибн Абу Суфьян мен Али (р.а) бейбітшілікке келіскен кезде, қарсы шыққан 12 мың жауынгер, ең алғашқы харажиттер болып саналады. Олар Басрада қоныстанып, халифтың қол астындағы жерлерге шабуыл жасап тұрған. Өз мақсаттарына жету үшін тіпті 661 жылы халиф Алиді (р.а) өлтіріп, Муавияны жаралаған және бүліктерге себепшілер болған. Харажиттер тек – Абу Бәкір(р.а) мен Омар ибн аль-Хаттабты (р.а) халифалар болғанын мойындайды. Осман(р.а), Али(р.а) және кейінгі халифтарды мойындамады.

Харажиттердің ең басты қағидасы үкім шығарушы тек Аллах деген ұстанымда. Қандайда бір бейбіт келісімге, саяси жағынан ұтымдылыққа, дипломатиялық келісімдерден бас тартады.. Өзінің бағытын Құранмен таразылымай, ең болмағанда ақылға да салмай, тек қарулы қақтығысқа, қарсыласын тек күшпен жоюға ғана қауқары жетеді. Али өлімі харажиттердің саяси мәселелерді тек күшпен шешу екені дәлел бола алады.

Харажиттер сүнетті ұстанып мұсылманның тұлғалық жағынан және амал жасауына қатты көңіл бөлетін. Мысалы, амалды иман шартына қосып кез-келген мұсылман намаз оқымаса, ораза ұстамаса, зкет бермесе кәпір саналып тиісті жазасын алуы керек деген ұстанымда. Негізгі қағидаларының бірі халиф лайықты тұлғалардан таңдалуы тиіс, бірақ оның билігі шектелуі тиіс. Яғни халиф тек қана атқарушы билік тиесілі болса, сот және заң шығарушы билік кеңеске (Шура) тиесілі болуы тиіс. Хажиттер өзінің идеологиясында үлкен күнә кіші күнә деп бөлмей, күнә жасаған адамның күнә жасағаны дәлелденсе ол діннен шыққан деп есептеген. Олар құлшылық жасауға құштарлық танытып, тақуалық танытқан. Құранның ауыспалы мағынасын жоққа шығарып тек қана тұра мағынасын қабылдаған.

Жалпы алғанда, олар тақуа мұсылмандар болып көрініп, бірақ сахабаларды күпірлікпен айыптап өлтіруден сескенбеді. Харажиттердің сипаттамасы қазіргі сәләфиттерге дәлме-дәл кеп тұр. Бұлардың радикалдары қазіргі таңда Сирияда жаман мұсылмандарды өлтіруде, ынсаптылары Қазақстанда өздерінің жақтастарын бидғат деген жалған жалаумен, мұсылмандарды жек көруге шақыруда. Сондықтан сәләфит-харажит деген атау лайық сияқты.
Касымжанов Б.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет