Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет11/18
Дата03.04.2016
өлшемі3.22 Mb.
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

5. Топырақтың құнарлылығын кемiтетiн табиғаттың бiр апаты - топырақ эрозиясы.Топырақтың құрылу процесiнің ұзақ екендiгiн түзушi аналық тау жынысынан құнарлы 18 см топырақ қабаты пайда болу үшін өте қолайлы табиғи жағдайдың өзiнде 1400 жылдан 7000 жылға дейiн уақыт керек екенiн айтса жеткiлiктi. Ал бұл қабатты желдiң ұшырып әкетуi оп-оңай.
Топырақ эрозиясының екi түрi бар: жел эрозиясы және су эрозиясы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Топырақтану институтының зерттеулерi нәтижесiнде рес:публикада эрозияга бейiм жер 70 Млн гектардан астам немесе республика аумағының 26 %-ы. Оньң 52 млн гектары жел эрозиясына бейiм, 17 Млн-нан астамы су эрозиясына бейiм. Жел эрозиясының басым болуы, бiрiншiден, Қазакстан жерiнiң көп бөлiгiнiң жазық және ашық болуы; екiншiден, күштi желдiң жиi соғуы; үшiншiден, топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңiл (құмды, құмдауытты) топырақтардың молдығы.Сондықтан мұндай жерлердi игеру өте жауаптылықты қажет етедi. Қазақстанда тың және тыңайған жерлердi игерген кезде эрозияға бейiм жерлер жыртылып, бекерге эрозияға ұшырады. Мысалы, Павлодар облысында (1955—1958 ж.) күңгiрт қара қоңыр. топырақты аймақ жыртылып, 805 мың гектар жер эрозияға ұшырап, егiске жарамай iстен шығып қалды. Қостанай облысының Әулиекөл ауданының коп жері осындай жағдайға ұшырады. Аққан судың топырақтың беткi қабатын шайып кетуiн, жыра мен сай-саланың, жар мен олардың пайда болуы топырақтың су эрозиясы деп атайды. Нөсер жаңбырдан немесе мөлшерден артық суарған топырақтың беткi қабаты тыйылады. Басында ‚ұсақ жыралар пайда болып, олар суарған сайын ойылып, тереңдеп, сайға айналады. Жалпы топырактың су, жел эрозиясы адамның жер ресурстарын тиiмсiз пайдаланудың салдары деп ұғамыз. Топырақтану институтында топырақ эрозиясы бөлiмi ашылып, солтүстiк, оңтүстiк аймактардың су эрозияларын зерттеп, олармен күресу шаараларын ұсынды. 1) агротехникалық шаралар; еңiсi үлкен беткейлерде жердi су ағысының бағытына көлденең жырту, қыста қар тоқтату, топырақты қайырмасынсыз соқамен жырту, т.б; 2) Мелиорация шаралары: жыра мен сай, өзен жағаларына, суару түрлерi бойынша ағаш және бұта отырғызу; З) гидротехникалық шаралар: жыралардың бекiтетiн инженерлiк құрылыстар салу, арықтар мен каналдардың түбiн су өткiзбейтiн бетондалған тақта, пленкаларымен қаптау, т.б. Бұл шаралар топырақтың су эрозиясына ұшырауын азайтады.

Бақылау сұрақтары:
1.Топырақ дегеніміз не?

2.Топырақ құрушы факторларды атаңдар.


3.Топырақтың қарашiрiгi қалай пайда болады?
4.Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады?
5.Құрылымды топырақ,қандай топырақ.?

6. Қазақстанда қандай топырақ түрлерi кездеседi?


7.Топырақтың гумусы деген не?
8..Топырақ эрозиясы деген не?
137- сабақ

Тақырыбы: Қазақстанның өсiмдiктерi мен жануарлар дүниесi

Жоспары:

1.Қазақстанның өсімдіктер жамылғысы

2.Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер түрлері

3.Қазақстанның жануарлар дүниесі



4.Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген жануралар түрлері

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның өсiмдiктерi мен жануарлар дүниесiн қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Қазақстан өсiмдiктерi жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негiзгi бөлiгiн су басып жатқан кезден, бор дәуiрiнiң аяғы мен палеоген деуiрiнiң бас кезiнен басталады. Палеогенде бүкiл Тұран ойпатын теңiз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы аркылы Батыс Сiбiр теңiзiмен жалғаскан. Теңiз Қазакстанға қараған құрлықты екiге бөлген. Торғай бұғазынан Батыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негiзiнен жалпақ жапырақтылары мен маңгi жасыл қылқан жапырақты өсiмдiк түрлерi (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар,Жалпы Сырт, Жем үстiртi) маңгi жасыл субтропиктiк түрлер (полтава флорасы) дамыған.
Неогенде Торғай буғазының суы тартылып, кұрғағаннан кейiн екi жағы қосылған.Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан колiне дейiн жеткен. Керiсiнше, шығыста өскен өсiмдiктер батысқа ауысқан. Соның натижесiнде Қазакстанда Торғай флорасы деп аталатын өсiмдiк түрлерi қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.
Теңiздiң шегiнiп, құрлық көлемінiң ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дауiрден) бастап, Иран аркылы Африка флорасы кiрген. Олардыц ішінде эфемерлi өсiмдiктер, жоңышқа,қараған бұталары мен ағаштардың кейбiр түрлерi болған.
Палеоген дәуiрiнде алғашқы жартысында жазык ойпаңдарды теңiз басып жатқан тұста.оньң жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктiк жалпақ жапырақты ормандар тараған. Палеоген дәуiрiнiң екiншi жартысында, теңiз суы тартылып, құрғап, орныққан осы куггi iрiлi ұсақты көлдер пайда болған.
Неоген деуiрiнде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу суйгiш өсiмдiктер жойылып кетiп, қазiргi орман типтерi қалыптасып, грек жанғағы, өрiк, алма сиякты өсiмдiктер сақталып қалған. Сiбiр жақтан ауысып, арктикалық, альпiлiк е\өсiмдiктер тараған.Қазақстан осы өсiмдiктер жамылғысы осылай бiртiндеп ұзақ кезеңдi басынан өткiзiп қалыптасқан. Қазiргi өсiмдiктердiң қалыптасуына жергiлiктi өсiмдiктермен қоса сырттан келген түрлер де едәуiр әсер еткен.
Казiргi Қазакстанның өсiмдiк жамылғысы 6000-дай өсiмдiк түрлерiнен тұрады. Баска кершi елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерiнде шөлдi, шөлейттi аймактардың көптiгi, топырақ пен климат есер етедi. Екiнiшiден, Қазақстанның едәуiр бөлiгi геологиялык тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңiз астынан неоген деуiрiнде ғана босаған. Үстiрт пен Бетпакдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердiң өсiмдiк жамылғысы толык калыптасып үлгермеген.
Өсiмдiгi жағынан бай өлке Қазакстанның таулы аймактары болып саналады. Әсiресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия Мен Жерорта теңізінің бай флорасы сакталған. Онда палеоген деуiрiнен қалған грек жаңғағы, ,платан,бадам, түркістан үйеңкісіi,алмұрт және т.б. түрлерi кездеседi. Сырдария-Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсiмдiк түрi, оның 150 түрi тек осы ауданға ғана тең, басқа жерде ‚ұшыраспайтын өсiмдiктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетiсу Алатауыньң тау беткейлерiнде қылқан жапырақты ормандар таралғаң. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай.,самырсын турлерi өседi. Биiк таулы белдеу шымды-шалғанды бұталы шалғынды болып келедi. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсiмдiктер өседi. Алтайдың таулы даласында итмұрын. долана, бөрiжидек бұталары мол. Жетiсу Алатауы мен Тянь-Шань. тау жүйесінiң тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдiктер (қияқкөлең, қоңырбас, көкнар, қызғалдақ жене т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректi, кайыңды, жабайы ағашты, алма, өрiк, доланалы ормандардан турады.
Солтүстiктен оңтүстiкке дейін 1600 км-ге созылып жатқан Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсiмдiктерi басым. Шөлдi аймақтарда (Сарыесiк Атырау, Мойынқұм, Бетпақдала, т.6) сексеуiл,, өзендер бойында жыңғыл,жиде,тораңғы тоғайлары кездеседi.
2. Қазақстанда өсiмдiк дүниесiнiң 303 түрi қызыл кiтапқа енген және оның сақталуына Мемлекеттік қорықтар қамқорлык жасайды. Өйткенi шөп қоры Мал жайылымы есебiнде бағалы, ал орман өндiрiс үшін керектi материал болыпп саналады. Қазақстан дүние жүзi бойынша ормады аз елдердiң қатарына жатады. Бүкiл аумағының 11,4 млн гектар жерiн (4,2%) ғана ормандар алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозиядан сақтап, оның тамырын бекiтуде, егiндiк-шабынды жерлердi қорғау мен құм кеөшкiндерiн бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Ауаның шаң-тозаңнан тазартып, аңызақ желден. құрғақшылықтан сақтауда да ормандар Мен жасыл өсiмдiктер пайдалы. Қазақстандағы қазiргi өсiмдiктер түрлерi қылқан жапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман- тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсiмдiктерi, сексеуiл, шөлдiң бұтiалы өсiмдiктерi, дала өсiмдiкт ерi, субтроаиктiк өiмдiктер. шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдьқ өсiмдiктерi болып бөлiнедi. Оларға ботаникалық жағынан Еуразияның қылқан жапырақты орманы (Оңтүстiк Алтай) Еуропа, Сiбiрдiң орманды даласы (Солтүстiк Қазақстан), Еуразия даласы (Едiл-Жайық, Мғалжар-Торғай, Есiл-Нұра, Қарағанды, Ұлытау-Сарысу, Жайсан бойы), Азиянъң шөлдi аудандары (Тұран ойпаты, Солтүстiк Тянь-Шань, Қаратау) кiреді.
3.Жануарлар дуниесiнiң дамуы жағынан Қазақстан палео архстикалық-зоогеографиялық облысқа кiредi. Ондағы жануарлар дүниесiнiң пайда болуы мен қалыптасуы өсiмдiк жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуiрiнде Қазақстанды тропиктiк жене субтропиктiк жануарлар мекендеген.Олар Үндiстан жене Африка жануарларының түрлерiмен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуiрiнде жылы климатқа бейiм жануарлардың кей түрлерi қырылып, бiразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбiр түрлерi Қазақстанның оңтүстiк-шығысындағы таулы аймақта (Жетiсу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуiрiнен кейiн қайтадан дамып өскен. Қарақйрық, жолбарыс,қабан, марал. бұғы, аққұтан. қызылқұтан сияқты жануарлар түрлерi осы топқа жатады.
Мұз басу дәуiрiнде Қазақстанға материктiң солтүстiгiнен суыққа төзiмдi жануарлар ауысқан. Олардың кейбiр түрлерi таулы аудандарда әлi де сақталған. Оларға тундра кекiлiгi, жапалақ, т.б. жатады. Мұз дәуiрiнен кейiн Қазақстанга Орталык Азия жануарлары мен кұстары өткен. Оларға құр, тоқыдақ, самырқұс, ор қоян жатады. Кейiн олар дала жене шөл зоналарына ауысқан.
Қазақстанның жануарлар дүниесi қазiр сүтқоректiлердiң 178, құстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерiнен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендерi бiрнеше зоогеографиялық аудандарға бөлiнедi. Оларға дала және орманды дала (Солтүстiк Қазақстан, Ертiс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңiзiнiң солтүстiк жене шығыс жағалары, Жайық бойь.Торғай, Қызылқұм, Балқаш пен Жайсан көлiнiң жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы,Үстiрт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетiсу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктерiне икемделiп, түсi де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен сарышұнақтардың көптеген түрлерiне тән.Даланы тышқан,алақоржын,қасқыр, борсық мекендейдi.Киiк жиi ұшырасады.Дала құстарынан дуадақ, тырна, торгайдың әр түрi (қараторғай,бозторғай. шымшьқ) кездеседі.

Орманды даланың сүтқоректiлерiң қатарына ,қоян, аккiс, елік кіредi. Қасқыр мен түлкi мұнда да жиi кездеседi.Құстардан құр,шiл кең тараған, кайыңды ормандарда ,қырғи. Бөктергi,ителгi сияқты жыртқыш құстар мекендейдi. Ашық далалардарда ,қарғаның түрлерi,бұлдырық бар.Орман iшiнде жылан аз кездеседi, кесiрткенiң бiраз түрлерi ұшырасады.


Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейiмделген. Олардың бiразы күндiз терең қазылған iнде жатып, түнде жемiн аулауға шығады.Күндiз жүретiн аңдар тым ерте және кешкі мезгiлде ғана далада болады. Күндiз көлеңкеде,бұта түбiнде жатады. Шөл хайуандары жүйрiк келедi,алыс жерлерден су iшiп қайтады, құстары да қонбай, алысқа самғап ұша алады. Көбi шөлге шыдамды келедi. Олар (суыр. құм тышқандары, торғайдың кей түрлерi) ылғалы мол өсiмдiктермен қоректенедi. соны қанағат тұтады. Көктемде жаздың басында жерде ылғал бар кезде өмiр сүрiп, жазғы ыстықта ұйыктайтын да жануарлар бар. Саршұнақ осылай тiршiлiк етедi. Олар маусым айынан бастап жазғы ұйқыға кетедi. Дала тасбақасы ұйқыны одан да ертерек бастайды.
Шөлдiң де түрлерi көп.Олар құмды, ұсақ тасты, тақырлы-сорлы болып келедi. Жануарлар да сол жерелердің табиғи ерекшелiктерiне қарай бейiмделе дамыған. Құмды шөл далала рда әр түрлi бұталы өсiмдiктердiң, сексеуiлдiң ақ гүлдi қарағанның өсуiне байланысты соларды қорек ететiн хайуандар мекендейдi Ала жертесер,сарышұнақтың,құм тышқандарың кей түрлерi, кiрпі,құм қiояны, құстардан сексеулi жорға торғайы/ кездеседi. Жылан, кесiртке ‚ сияқты жоргалаушылар шөлдi далаларда көп. Құстар сексеуiл бұтақтарына ұя салады, олардың iшiнде дала бүркiтi, бөктергi, ақ құйрық,сауысқан бар. Даланың аңдары бiр зонадан бiр зонаға ауысып, кейде сол жерлердi мекендеп қалады. Жайық өзенi бойы мен Каспий маңы ойпатында Еуропадан ауысқан орман сусары, тогай бұғысы, Үстiртте оңтүстiк және батыс облыстарға тән үстірт қойы (үстірт муфлоны),сiлеусiн жене т.б. жануар түрлерi ұшырасады.
Қазақстандық таулы аймақтарының да өзiне тән жануарлары бар. Мұндай аймақтар қатарына Алтай, Жетiсу Алатауы Тянь-Шань және Сарыарқаның аласа таулары жатады. Олардың мекедейтін жануарлар түрi де бiркелкі емес. Негiзiнен,оларда солтүстiктен және оңтүстіктен Жерорта теңiзiнен Қытайдан ауып келген аңдар көбiрек кездеседi.Таулы аудандардыдың жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ағаштарынан қорек алатын, грек жаңғағын шағатын, пiсте, бадам жемістерiн жейтiн аңдар (тиiн,құдыр орман тышқаны, саңырау құр,қарарабауыр шiл,үкi,қаршыға, тоқылдақтың кей түрлерi, т.б.) мол. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундрасы, тау ұлары кездеседi. Жерорта теңiзiнен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай (Барқытбел) шекарасына жетпей қалған құстар қатарына гималай ұларын, күшігендi, байғызды атауға болады. Жетiсу Алатауы, Күнгей Алатауы бойын бұғы, сiлеусiн,шиқылдақ торгай,тышқiан, шымшық!, Батыс Тянь-Шаньды ұзын құйрық тышқан, жайра, көк қарға, суықторгай, шыбыншы торгай, ақтамақ бұлбыл мекендейдi. Бұлардан басқа Орталық Тянь-Шаньда алтай суыры,имектұмсық балық,қызыл мойын бұлбыл ұшырасады.Іле Алатауының төменгi шөлмен ұласып жатқан зонасынан бастап, суармалы егiстігi бойында, одан жоғарғы альпі шалғынында, мәңгi қар жататын тау басында өсiп-өнген жануарлар түрiнде де өзiндiк ерекшелiктерi бар. Алма, өрiк, долана, шетен және т.б. бұталы жемістер алқабында кемiргiштер мен құстардың iрi түрлерi коныстанған.Шыршалы орманда бұғы, сiлеусін, елiк, альпі шалғынында таутеке. барьс, арқар кездеседi құстардың да әр түрi ұшырасады.
Қазақстанның шөлдi аймактарын, тоғайлы, бұталы жерлерде мекендейтiн жануарлар түрi де әр алуан. Оларда құстар уя салады Қазақстан далаларында омыртқасыз жәндiктер де көп кездеседi. Олардың iшiнде зияндыларда аз емес. Шегiртке егiн мен шабындық шөптердi жейдi. Қарақұрт, бүйi,қоян,жылан, кененiң түрлерi адам өмiрiне қауiп туғызады. Көбелек құрттары ағаштар мен жемiс-жидектi сорады. Ағашты, сулы жерлер мен қалаларда маса ұрық таратады.

4. Қазақстанның жануарлар дүниесiн қорғау, олардың адам өмiрiне, халык шаруашылығына келтiретiн зиянына қарсы күресу мемлекеттiк шара болып табылады.Жануарлардың сирек және кұрып кетуге таяу аз турi «Қазақстанның Қызыл кiтабына»енгiзiлiп, ерекшле қорғауға омыртқалылардың 125 турi, омыртқасыздардың 96 түрi алынған.Олардың iшiнде сүтқоректiлерден (қараұйрық, құлан, арқар, кабылан, қар барысы, тянь-шань қоңыр аю, шағыл мысығы,күзен жене т.б), құстардан қоқиқаз. бұйра және қызғылт бiрқазан,қара жене ақ ләйлек,сұңқылдақ аққу,дала бүркiтi, дуадақ, қырғауыл,ұлар және т.б., жорғалаушылар, қосмекендiлер мен балықтың бiрнеше түрлерi бар.Елiмiзде бұрын көп болған құлан, қарақұйрык, ақбөкен сияқты аңдардың санын қалпына келтiру, сырттан әкелiнген жануарларды жерсiндiру бағытында да жұмыстар жүргiзiлуде. Өзен бойларында ондатр, Алтай тауларында қара күзен мен бұлғын, Каспий жағалауында ит тәрiздес жанат өсiру қолға алынған.Өзендер мен көлдерге балықтың жаңа тұқымдары жiберiлуде.
Қазақстан табиғатының байлығы мен жануарларын қорғау мақсатында ұлттык парктер (Баянауыл, iле Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел,Ордабасы) мен қорықтар (АқсуЖабағылы, Наурызым. Алматы, Барсакелмес,Үстiрт, Қорғалжын, Батыс Алтай. Алакөл) ұйымдастырылған.

Бақылау сұрақтары :
1.Қазақстандағы өсімдiктердiң негiзгi типтерiн атаңдар?.
2.Республика аумағында жануарлардың таралуына өсiмдiк жамылғысы қалай әсер етедi? Мысал келтiрiңдер.
3.Өсiмдiктер мен жануарлар дуниесiнiң қалыптасуына климаттың
қандай әсерi бар?
4.Таулы аудандарда өсiмдiктер мен жануарлардың биiктiк белдеулерi байқалуының себебi неде?
5.Өсiмдiктер мен жануарлардың қандай түрлері Қазақстанның Қызыл кiтабына енгiзiлген?.
Табиғат зоналары

138- сабақ



Тақырыбы: Орманды дала және дала зоналары

Жоспары:

1.Орманды дала зонасының физикалық –географиялық орны

2.Орманды дала зонасының топырақ түрлері

3.Өсімдік және жануарлар түрлері

4.Дала зонасының физикалық –географиялық орны

5.Орманды дала зонасының топырақ түрлері

6.Өсімдік және жануарлар түрлері

Сабақтың мақсаты: Орманды дала және дала зоналарын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Қазақстан жерiне орманды дала зонасының тек оңтүстiк шетi суйiрленiп кiредi.Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседi. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сiбiр жазығы мен Жаллы Сырт қыратының аз ғана бөлiгiн алып жатыр. Жалпы көлемi 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4 орманды дала зонасының жер бетi тегiс. Онда шағын ойпаттар кездеседi, бұлардың кейбiреулерiн көл алып жатыр. Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасына климаты басқа зоналарға қарағанда бiршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшерi 300-350 мм,оның көбi жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шiлденiң орташа температурасы 18°-20*.Қысы едеуiр суық, кей күндерi қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53С- қа дейiн темендейдi қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.

2. Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабаттың қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның құрамының 9 пайызына жуығы шірінді болады.Зонаның оңтүстігіне қарайқара топырақтың қалыңдығы кеми түседі,шіріндінің мөлшері 6 пайызға азаяды.

3.Өсiмдiк жамылғысы жыртылмаған үлескiлердi жауып туратын қалың және әр түрлi шөптер, дәнді дақылды өсiмдiктерден тұрады. Мұнда қызғылт сабақты боз,шоқ түпті бетеге, бұралган жер бидайық өте көп. Бiраз жердi қарабас шалғын мен қылқансыз арпабас алып жатыр. Астық тұқымдас өсімдiктерге сәбiзшөп, жұпар иiстi алтын түстес гулдер өседi. Бұршақ тұқымдастардан сары гулдi беде бар. Батыс Сiбiр жазығының ормандарында қайың мен көктеректер өседi. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпак жапырақты ағаштар емен жөке, қандыағаш басым болады. Шоқ-шоқ болып бiткен қайыңды, кектеректi ормандар арасында өсетiн бұталарға тал, долана,итмұрын,қарақат жатады. Сабағы жiңішке,шырынды, қызыл күрең түстi жемiсi бар тошала жиi кездеседi. Орман шетiнде аңқыған иiсi бар, қызыл күрең түстi итблдiрген көздiң жауын алады. Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстын орманды даласын Шығыс Еуропа даласына ұқсайды.


Орман өсiмдiктерi өзен аңғарларын бойлай оңтүстiкке де таралады. Мәселен, дала зонасындағы Жайық өзенiне аңғарында шоқ-шоқ ормандар, Ертiс жағасын бойлай құм шағылдары үстiнде жiңiшке алқапта қарағайлы ормандар сарыарқаның Көкшетау, Қарқаралы,Баянауыл және т.б. тауларын граниттi массивтерiне Қарағайлы ормандар таралған.Олар тау шоқтары мен беткейлерiндегi көлдердi қоршап жатқан далада ерекше көркем табиғат көрiнiстерін бейнелейді. Орман байлықтары -шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар және бұталар 10 Млн гектардан астам ауданды алып жатыр. Дуброва, Мамлют қорықшаларындағы ормандар мемлекет тарапынан қорғауга алынған. Орманды дала зонасы - Қазақстанның ең жақсы игерiлген табиғат зоналарының бiрi. Онда дала үлескiлерiнiң көп бөлiгi жыртылған.Бұл жерлерде дәндi дакылдардан бидай,жүгері т.б. дақылдар егiледi. Мұнда көптеген жаңа елдi мекендер бой түзедi. Зонаның жыртылмаған бөлiгi - шүйгiн шабындық, пен балаусалы жайылым, сондықтан мұнда еттi-сүттi бағыттағы Мал шаруашылығы басым дамыған.

4. Дала зонасы 77 млн га жерге тараған Қазакстанның бiраз аумағын, дәлiрек айтқанда, 27%-ынан астамын алып жатыр. дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстiгiнен басталып, батыстан шығыска карай 2200 км- ре созылған алкапты қамтиды, шамамен 54-50° с.е. аралығында орналасқан.дала зонасының Батыс Сiбiр жазығыньң оңтүстiк шетi, Торғай үстiртiнiң солтүстiгi, Муғалжар тауы түгелдей дерлiк, жалпы сырт сiлемдерi, Каспий маңы ойпатының солтүстiк жартысы, Орал етегi, Жем үстiртi, Сарыарқаның солтүстiгi мен орталық аудандары жатады.Дала климаты континентті, жазы ыстық жерi құрғак, жиi-жиi аңызақ желi соғып тұрады. Ал қысы қатаң, қары жұқа болады. қаңтардың орташа температурасы -16 -18С, шiлде айында солтүстiгінде 18°С-тан, оңтүстiгiнде 23С-қа дейiн жетедi.Жылына 220-310 мм-те дейiи жауын-шашын жауады, бiрақ мұның мөлшерi солтүстiктен оңтүстiгі қарай азая туседi.Климат жагдайлары егiн шаруашыл ығымен шұғылдануға толық мүмкiндiк бередi.
Дала зонасы өзендерiндің деңгейi төмен. Зонаны Ертiс. Есiл, Тобыл, Жайық, Нұра,Торғай, Шар, Ырғыз және бiрнеше шағын өзендер кесiп өтедi.Олардың жылдык ағысының 80 -ы көктемгi су тасу кезеңiне келедi.Егiн шаруашылығы және өнеркесiбi дамыған бұл аудандарда су әлi де болса жеткiлiксiз. Сондықтан да бөгендерде су жинап,оны су құбырлары мен каналдар (Ертiс-Қарағанды) аркылы пайдаланады.
5.Дала зонасының топырағы қара және қызыл қоңыр топырақ типіне жатады.Зонаның солтүстігінің топырақ қабатында жоғары өнім жинауға жеткілікті 6 пайызға жуық шірінді бар.Оңтүстікке қарай топырақтағы шірінді кеми түседі де, бірте –бірте қуаң далаға тән қызғылт күрең топыраққа айналадаы.Бұл арада сортаң топырақты жерлер көбірек кездеседі.Қызғылт күрең топырақтың құнарлы жерлері егін шаруашылығы үшін жарамды.

6.Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда боз, бетеге, атқонақ, еркекшөп, кермек, қаңбақ басым өседі.Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі.дала өсімдіктерінің арасында дәрі –дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы , жанаргүл, шайшөп, итмұрын, дәрілік валериан кездеседі Ашық дала кеңiстiгiнде тiршілiк етуге бейiмделген көптеген түрлi жануарлар кездеседi. Қоршаған ортасының түсiне ұксас келетiн,жылдам жүгiретiн әрі тез уланатын, жылдың колайсыз мезгiлдерiнде де ұзақ ұйқыға кететiн жануарлардың да түрлері бар.Дала сүтқоректiлерiне саршұнақ,қосаяқ, дала тышқандары Бұлар егiнге көп зиян келтiредi.Мұнда саршұнақ тұқымдасынан iрi суырлар (салмағы 10 кг-га дейiн) болады. Суырлар мен саршұнақтар iн қазып, топырағын сыртқа шығарып, үйiп тастайды. қосаяқтар, саршұнақтар,дала тышқандары тiршілік ететiн жерлерде жырткыштардан күзен, ақкiс. тулкi кездеседі.Олар терiсi бағалы кәсiптiк жануарлар қатарына жатады.Даланың оңтүстiк аудандарында түлкi тұкымдасынан қарсақ кездеседi. Ол iнiнен тек тунде ғана шығып, жортады. даланың барлық жерiнде осы зонаның негiзгi жануары қасқыр көп болады. Далада ақбөкендер кездеседi. Бөкен басы үлкен, қошқар тұмсық, денесi ыкшам, алды жiңiшке келедi. Бөкеннiң жүгiргенiне көз iлеспейдi. Бұдан едәуiр бұрын далада үйiр-үйiр болыл жүретiн бөкендер қазiр халықтың жиi қоныстануына байланысты бiртiндеп шөлейт және шөл зоналарына қарай ауды.Далада құстардан дуадақ бар, бұлардың кейбiреулерiнiң салмағы 16 кг жетедi. Одан 6асқа безгел дек,тырна. балықшы, бозторгай кездеседi, әсiресе қараторғайлар көп. Жыртқыш құстардан дала бүркiті дала құлабыны, кезқұйрық бар.Далада көлдер көп, әдетте олар терең болмайды, жағалары жазық, жайпақ келедi. Көп көлдердiң жағалауларында қамыс-кұрғак пен ұсақ бұталар өседi. Онда суда және батпақта тiршiлiк ететiн құстар көп кездеседi. Бұлар - қаз, уйрек, тырна, шағала. балшықшы,қiамыс торгайлары, аққұтан. Сарыарқаның ұсақ шоққылар арасындағы бытыраңқы орналасқан кездерде суда жақсы жузетiн құстар — сүңгуiр, гагара, крохаль. тұрпан болады.

Қазан төңкерiсiне дейiн дала зонасы ғасырлар бойын көшпелi мал жайылымы ретiнде пайдаланылып келдi. Тың және тыңайған жерлердi игеру жылдарында (1954-59 ж.) дала зонасының 28 млн га жерi жыртылды.



Бақылау сұрақтары:
1.Орманды дала мен дала зоналарын қандай жануарлар мекендейдi?
2.Қазақстанның орманды дала мен дала зоналары көршілес елдердің аудандарындағы Орманды дала мен дала зонасынан қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар?
3.Дала зонасының топырағы қандай типтерге бөлiнедi?
4.Орманды дала және дала зонасының топырақтары кандай шаруашылықтыы дамытуға қолайлы?

139- сабақ



Тақырыбы: Шөлейт және шөл зоналары

Жоспары:

1.Шөлейт зонасының климаты

2. Шөлейттiң негiзгi топырағы

3.Шөлейт зонасының өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

4. Шөл зонасының климаты

5. Шөлдің негiзгi топырағы



6.Шөл зонасының өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

Сабақтың мақсаты: Шөлейт және шөл зоналарын қарастыру

Каталог: cdo -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2
Tar -> Лекция: 30 Лаборатория: 15 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет