Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет13/57
Дата28.04.2016
өлшемі5.8 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57

6.10. Арнайы шаралар


6.10.1 Металды салу бөлшектің күйін бақылау, құрылғылар мен құбырларды коррозиядан қорғау

6.10.1.1 Құрылғы торабының таңдаулы бірінші ашуын үйді пайдалануға тапсырғаннан кейін 20-25 жылдан соң бастау керек. Болат бөлшектерін шамалы тот басқан кезде болат элементтерінің күйін келесі бақылауы 10-15 жыл сайын жүргізілу керек (жартылай алдында ашылған тораптарды, жартылай жаңадан ашылған тораптарда), болат бөлшектерін тот едәуір басқан жағдайда – 5 жылдан кем емес.

Егер тот басқан нәтижесінде көлдеңен қимасының ауданы 30 %-дан аса азайған бөлшек табылса онда ғимаратта ұқсас үштен аз емес тораптарды ашу керек.

6.10.1.2 Бірінші кезекте пайдаланудың ең қолайсыз температуралы-ылғалды жағдайда орналасқан негізгі салу бөлшектерін, сонымен қатар, құрылғы бетінде саңылаулар бар, қорғаныс қабатының қыртыстануы, қоңыр тот дақтары шыққан жерлерді ашу керек.

6.10.1.3 Құрылғыны ашу және бітеу бойынша жұмыстарды құрылыс-монтаждау және жобалау ұйымның қатысуымен тұрғын үй қорына қызмет көрсету жөніндегі мекемесі ұйымдастырады.

6.10.1.4 Температуралық-ылғалдылық режимі, құрылғылардың және құбырлар орнатылған жайлардағы бу-, гидрооқшаулау қорғанысы, ғимаратқа жататын жер телімінің кептірілуі, ылғалдан қорғалған каналдарда құбырларды өткізуі, адасқан тоқтардың әсерінің азайтуы және олардан жер асты құбырларды қорғау бойынша, құрылғылар мен құбырлардың қорғаныс жамылғысын орнатуды және қалпына келтіруді қамтитын шараларын жасалуы, коррозиялық токтарды басуы және бұруы (катодты және протекторлы қорғау, адасқан токтар дренажі), құрылғылардың және құбырлардың коррозияға қарсы қорғауы орнатылған талаптарға сәйкес келу керек.


6.10.2 Толық жиналған ғимараттардағы құрылымдарды ылғалданудан қорғау және панельаралық тораптар қысымына бақылау жасау.

6.10.2.1. Тұрғын үйлерді пайдалану үрдісінде тұрғын үй қорына қызмет көрсететін мекеме қоршалған құрылымдардың ылғалдануын туғызатын себептерді жою бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асырулары керек.

6.10.2.2 Жертөлелерге (еденастыларына) жерасты суының келіп түсуінің алдын алу, жерасты ылғалдылығының әсері салдарынан қабырғалардың (цоколь) төменгі бөлігінің дымдануын жою іргетастарды, цоколдар мен жертөле едендерін көлденең және тігінен гидрооқшаулау және суөткізу аймақтық қабырғада құралатын гидрофобты құрамға салуды демдеу, кептіргіш галерея, дренажды жүйе, электроосмотикалық және басқа да әдістерді қолдану арқылы қайта орнату немесе қалпына келтіру жолымен жүргізілуі тиіс.

6.10.2.3 Дренаждарды келесідей тазарту қажет: пайдалануға берілген алғашқы екі-үш жыл ішінде жылына екі реттен кем емес, пайдаланудың келесі кезеңдерінде (жерге байланысты) үш жылда бір рет.

6.10.2.4 Өзен ағысы аймағында орналасқан ғимараттар сел суының ең биік деңгейіне көтеріле жертөлелердің кіре берісінде, терезе жақтаулары қорғаушы қабырғалармен жабдықталуы тиіс.

6.10.2.5 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым оның аймағында орналасқан су құбыры құдығын, жылу желісін, телефон желісін және басқа да инженерлік желіні қарау үшін тұрақты түрде қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

6.10.2.6 Толық жинақталған ғимараттардың сыртқы қабырғалары жігінің қысымы және терезелер мен есік блоктарын периметр бойынша жанасу жағдайына бақылау жасау (таңдаулы) бірінші – герметизациядан кейін үш жыл өткен соң, кейінгі кездері – бес жылдан соң жүргізілуі тиіс.
6.10.3 Үй саңырауқұлақтары мен ағаш құртушы жәндіктерден ағаш құралымдарын қорғау

6.10.3.1 Үй саңырауқұлақтары мен ағаш құртушы жәндіктерден ағаш құрылымдарын қорғау бойынша жұмыс көлемі осы жұмыстарды орындау үшін мамандандырылған мекемені тарту арқылы тұрғын үй қорына қызмет көрсететін мекеме көмегімен анықталады.

6.10.3.2 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін мекеме ғимаратты пайдалану үрдісінде ағаштың ылғалдану көздерін уақытылы жою бойынша алдын алу шараларын орындауы, құрылымдарда кептіру тәртібін құруы, гидрооқшаулағышты қалпына келтіру, зарасыздандыру және тағы да басқа жұмыстарды орындау тиіс. Жөндеу жүргізу кезінде құрғақ органикалық материалдар қолданып, булы гидрооқшаулағыш қаббаттар құрылымын қорғап, кептіргіш тәртіпті туғызатын желдеткіш ауалы қабаттануды және олардың элементтерін жою керек.

Қабырғаларда пайда болған ағаш құртушы элементтер зарасыздандыру және гидрооқшаулау бойынша жұмыстарды орындау арқылы басқамен ауыстырылуы тиіс.


6.10.4. Жайлардағы шуды төмендету және дыбыстан оқшаулау.

6.10.4.1 Қоршалған құралымдардың дыбыстан оқшаулағыштарының, едендердегі жабындағы және оған жапсарлас жатқан қабырға мен қалқандардағы терезе мен ағаш ойықтарға толтырылған дыбыстан оқшаулатқыш төсемдер, құбырлармен, қабырғамен, қалқа, қабырғаға бекітілген қатты жабдықтардың, жабындылардың қиылысу орындарындағы гильза ақаулы болған жағдайда, соққыдан пайда болатын шудан оқшаулайтын жабындының жеткіліксіздігі, жабдықтардың, механизмдердің, құралдардың, оның ішінде қондырылған өндірістердің орнатылуы мен реттелуі қанағаттандырылмаған жағдайда уақытылы анықталып, ағымды және күрделі жөндеу (жоба бойынша) кезінде жойылуы керек.

6.10.4.2 Үйдің кіре берісіндегі сыртқы кіретін есікте әдетте есіктің тығыз дыбыссыз жабылуын қамтамасыз етуші амортизаторы бар есік жапқышы болуы керек. Есіктер мен лифт кабиналары олардың шусыз жұмысын қамтамасыз етуші қондырғылармен жабдықталуы тиіс.

6.10.4.3 Тұрғын үй құрылысы темір жол желісінен және стансасынан қорғанысты аймақ ені 200 метрден кем түспейтін жерден алшақтануы тиіс; шеткі теміржолының жол білігінен І және ІІ санаттағы темір жол желісі үшін – 150 м-ден кем емес, III және IV санаттағы темір жол желісі үшін – стансалық жолдан кемінде 100 м. Темір жол желісін қуыста немесе ең аз мөлшердегі дыбыстан қорғаушы экран жағында қондырғыны орналастыру кезінде қорғаныс аймағы енінің ең аз мөлшерлі мәні 50 м-ден кем түспейтін акустикалық есеп негізінде азаюы мүмкін.

6.10.4.4 Тұрғын жайларды теміржол магистральі жанына орналастыру кезінде дыбыстан қорғаушы экрандар, түйінділер, ойықтар, біліктер, қорғаныс қабырғалар немесе жасыл алқаппен үйлескен жапсарлар аймақта орналастырылған түрлі қызметтік белгілеулері бар экранды ғимараттар (гараждар, кісі тұрмайтын ғимараттар және т.б.) орналастырған жөн.

6.10.4.5 9 м-ге тең, жүру жолы шетінің аралық қашықтығы кезіндегі аймақ деңгейінен 1,5 м биіктікте орналасқан түрлі экранды-қабырғалардың түрлі дыбыстардан төмендетудің шамамен алғандағы ауқымы 4.1. кестеде келтірілген.



6.1. кесте Шу деңгейінің төмендеуі


Экран және есептеу нүктесі арасындағы қашықтық

Экран биіктігі, м

Дыбыстың экранмен азаю деңгейі

10

2

7

4

12

6

16

20

2

7

4

12

6

15

50

2

7

4

11

6

14

100

2

7

4

11

6

13


6.10.5. Қоршаулы құрылымдарды жылудан оқшаулау

6.10.5.1 Тұрғын жайлардағы құрылымдарды жылудан оқшаулауды қолданыстағы нормативті құжаттарға сәйкес жасаған дұрыс.

6.10.5.2 Қабырғалар мен төбелердің ақаулы телімдерін жылудан қорғауды келесі жолмен жүзеге асырған дұрыс:

- атмосфералық (әсіресе панельдер жігі арқылы), тұрмыстық және жер ылғалдылығы мен инфильтрацияның артуына мүмкіндік туғызатын қоршаулы құрылымдардың ақаулылығын жою;

- қабырғалар мен төбелердің дымданған телімдерін кептіру;

- жылу беру кедергісі жеткіліксіз қоршаулы құралымдарды қосымша жылытқыш қабаттармен, шатырлы жабындымен және өзара сыртқы қабырғамен кедергі орындарында көлденең қиғаштау қондырғысымен, сыртқы бұрыштарды және тағы басқа жерлерде жылу тік құбырлар орнату арқылы жылыту.


6.10.6 Санитарлы-гигиеналық және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін іс-шаралар

6.10.6.1 Зәулім және теңдессіз ғимараттарды және ғимарат кешендерін пайдалану кезінде МЕМСТ 30494 – 96 – ға және ережелерге сәйкес адам денсаулығын және табиғи ортаны қорғау бойынша санитарлы-гигиеналық, экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуші шараларды қарастырған жөн.

6.10.6.2 Бөлінген телімдегі зәулім ғимараттардың тұрғын жай қызметін пайдалану кезінде гамма – астарына, радиоактивті сәулелену деңгейі жағдайына баға беруді талаптарға сәйкес жүзеге асырған дұрыс.

Онымен қоса бөлінген учаскелерде топырақты микробиологиялық зерттеу бойынша бағалауды жүзеге асырған дұрыс, сонымен қатар оның мұнай өнімдерімен, ауыр металдармен, бензапиренмен және газгенерациясымен ластануына тексеріс жүргізген дұрыс.

6.10.6.3 Автотұрақтарда және жылумен жабдықтаудың автономды көздерінде лас заттардың лақтырылуын бақылау бекітілген нормативті-әдіснамалық құжаттамаға және жабдықтардың техникалық сипаттамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

6.10.6.4 Зәулім, теңдессіз, тұрғын жай, мейманхана және жалпыға ортақ ғимараттардың ішкі ауасының есептік параметрін №18 қосымша бойынша қабылдаған жөн.

6.10.6.5 Шынымен бітелген пәтерлердегі және ортақ қолданыстағы үй-жайларда ауа ластануының алдын алу үшін талаптарға сәйкес сол үй-жайларды желдетудің мәжбүрлі жүйесін орнатуды қарастырған жөн.

6.10.6.6 Жайларды инсоляциялауды қамтамасыз ету биік ғимараттардың көлемді-жоспарлы элементтерінің қызметтік белгісіне байланысты нормативті талаптарға сәйкес болуы тиіс.

6.10.6.7 Жайлардың жарықтылығын биік ғимараттардың көлемді-жоспарлы элементтерінің қызметтік белгісіне байланысты нормативті талаптарға сәйкес қабылдау қажет.

6.10.6.8 Тұрғын жай және қоғамдық орындардағы діріл параметрі санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес кесімделеді.

6.10.6.9 Сыртқы дыбыс көздерінің дыбыс сипаттамасы, құрылыс салу аймағындағы дыбыс деңгейі мен тұрғын жайларға енетін дыбыс деңгейі, олардың талап етілетін азаю ауқымы, іс-шараларды таңдау және дыбыстан қорғау құралдары қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.

6.10.6.10 Жайлардың дыбыстан оқшаулануы ҚНмЕ 2.04.03-2005 сәйкес болып, жайларға арналған келесідей рұқсат етілетін дыбыс мәнін қамтамасыз етуі керек:

- А санаты (жоғары жабдықталған жағдайда)- тұрғын жайларда және қонақ үйлерде;

- Б санаты (жабдықталған жағдай) әкімшілік үй-жайларда, мейрамханаларда, дүкендер мен тағы бас жерлерде. Көрсетілген үй-жайлар үшін жобалау тапсырысы бойынша А санатын қабылдаған дұрыс.

- В санаты (ақырғы жол берілетін жағдай) – адамдардың уақытша келуімен техникалық, өндірістік және басқа үй жайларда.

Дыбыс пен дірілдің рұқсат етілетін деңгейі мен мөлшерлі параметрі Ц қосымшада келтірілген (19 кесте).

6.10.6.11 Дыбыстың ішкі көздерінен қорғау (инженерлік жабдық, автотұрақ, жылу жабдығының құрылып жатқан автономды көздері, салқындату және т.б.) ҚНмЕ 2.04.03-2005 ережелеріне сәйкес ғимараттың қоғамдық орындары мен тұрғын жайларда дыбыстың нормативті деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.

6.10.6.12 Техникалық еденастыларынан, техникалық жертөлелер мен биік ғимараттардың цоколды қабатынан тұрғын жайларға келіп түсетін радондарды шектеу немесе алып тастау үшін норма талаптарына сәйкес арнайы іс-шаралар жүргізген дұрыс.

6.10.6.13 Зәулім ғимараттарда адамдардың көптеп шоғырлануын және «Қоршаған ортаны қорғау және санитарлы-гигиеналық талаптарды сақтау» жобасының бөлігіне сәйкес қоршаған ортадағы айрықша антропогенді жүктемені есепке ала отырып «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң ережелерін орындауды, оның ішінде адамның тіршілік әрекетіне қолайлы жағдайды, қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтыру, құрылыс әсеріне баға беру және басқа ережелерді қамтамасыз ететін бірқатар техникалық шешімдер кешені мен іс-шараларды орындаған дұрыс.

6.10.6.14 Қоқыстар мен қалдықтарға арналған контейнерлік алаңдарды балалар алаңы, демалыс орындары және адамдардың жаппай жүретін орындарынан алшақ жерде қоқыс пен қалдықтардың әр түрін жинақы және дефференциалды жинақтауды қамтамасыз ететін орындарға орналастыру қажет.


6.10.7. Қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін іс-шаралар.

6.10.7.1 Зәулім үйлер мен ғимарат кешендерін пайдалану кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келесідей кешенді іс-шаралар өткізген дұрыс.

6.10.7.2 Зәулім ғимарат аймағы доңғалақты көлік құралдарының таранды бұзып жаруды болдырмайтын физикалық тосқауылмен жабдықталғаны дұрыс.

6.10.7.3 Аймақта ғимараттан көшіруде бөліп-бөліп орналасуды қамтамасыз ететін өту жолдарын, алаңдарды және т.б. қарастыру қажет.

6.10.7.4 Кіре беріс жолдарда, ғимарат пен аймаққа кіру жолдарында Ч қосымшаға сәйкес бақылау-рұқсат беру пунктерін немесе қауіпсіздік қызметі тұрақтарын ұйымдастырған жөн.

6.10.7.5 Ғимарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқарудың орталық пункін санкцияланбай баса көктеп кіруден қорғау керек. Орталық пункт ондағы қызметкердің атқыш қаруынан пайда болудан сақталуы тиіс.

6.10.7.6 Қауіпсіздік қызметінің жеке құрамын орналастыруға арналған ғимарат орталық басқару пункт ғимаратымен тікелей жақын орналасуы тиіс.

6.10.7.7 Зәулім ғимараттардың жер асты қабаттарында тұрғындардың және жалға алушылардың тек қана жеке көліктерін қоятын автотұрақтарды орналастыруға жол беріледі. Автотұраққа кіру жолында тыйым салынған заттар мен материалдарды санкциясыз алып кетуді болдырмау үшін қарау алаңдарымен (шлюздермен) жабдықталуы тиіс.

6.10.7.8 Ғимараттың жоғарғы жағында қалаға жұмыс істейтін қоғамдық орын үй-жайын орналастыру кезінде тыйым салынатын заттарды кіргізуді болдырмайтын қауіпсіздік шараларын қарастырған жөн.

6.10.7.9 250х250 қимасы бар жерасты коммуникациясы (құбырлар және т.б.), жерасты тунельдері, шахталар, лаздар, люктер, құдықтар және басқалары тұрақты немесе қосалқы шарбақтармен, қақпақтармен, бекітпелі есіктермен жабдықталуы тиіс және күзет дабылы жүйесінің бақылауында болғаны дұрыс.

6.10.7.10 Төтенше жағдайларда адамдарды көшіруді басқару жүйесінде блокты хабардар ету және басқарманы көшіру, күзет және өрт дабылына қолжетімділікті, күзет телебейнесін, апаттық жарықтарды басқару және бақылаулар қосылуы керек. Өрт болған жағдайда жүйе қолжетімділігі қоршаудан алынып тасталуы тиіс.

Бұл жүйеде төтенше жағдайлардың сипаты мен туындау орындарына байланысты көшу варианттарын қарастырған жөн. Әр вариант үшін көшіруді уақытылы және еш кедергісіз орындалуын тексеру үшін есеп жүргізген дұрыс. (21 қосымша).

6.10.7.11 Көшіру кезінде ҚР СТ МЕМСТ Р 12.4.026-2002 талаптарына сәйкес фотолюминесцентті көшіру жүйелерімен жарақтандырылуы тиіс.

6.10.7.12. Санкцияланбаған әрекеттерді болдырмау үшін аса маңызды нүктелер (құрылыс құралымдарының тораптары, коммуникациялар, ауажиынтықтары, тораптар мен жабдықтар, қалқалы инженерлік-техникалық жүйенің өміршеңдігі) күзет дабылымен, бейнебақылаумен, қолжетімділікті басқару және басқылаумен және қажет болған жағдайда физикалық тосқауылмен жабдықталғаны дұрыс (Щ қосымша). Осы құралдармен қауіпсіздік жүйесін басқару тораптары және зәулім ғимараттардың өміршеңдігі жүйесі мен сорғылар, желдеткіш камералар, өрт сөндіру стансалары, электр қалқандары және тағы басқалары орналасқан ғимараттарға кіру жолдары бақылауға алынуы тиіс.

6.10.7.13 Тараудағы «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар» өз ішіне көпқызметті зәулім ғимараттар мен ғимарат кешендерінің жобалық құрамын, онымен қоса арнайы жоба тарауында норма талаптарына сәйкес инженерлік жүйені басқару және құрылымдық жүйе мониторингі зерттеледі.

6.10.7.14 СМИС құрамында қауіпсіздіктің ортақ қызметтегі жүйесі, инженерлік жүйе мониторингі, ғимарат құралым көтергіші, өртке қарсы қорғаныс, қолжетімділікті басқару және бақылау, төтенше жағдайлар кезіндегі көшіруді басқару, күзет және дабыл-шақыру дабылдары, күзет жарықтандырулары қарастырылуы тиіс. Қауіпсіздіктің қосымша жүйелері оның ішінде антитеррористік техникалық құралдар, ғимаратта жобалауды қарастыруға жол беріледі.

Ғимараттарда, оның үстінде олардың негізгі қызметті орындауынан басқа қауіпсіздік жүйесін жобалау қалыпты жағдайда және төтенше жағдайларда және соның зардабын жою ғимаратты көшіру алгоритмі бойынша өзара қамтамасыз етілуі тиіс.

6.10.7.15 Қауіпсіздік жүйесі кеңістікті немесе физикалық жағынан ғимараттың әлсіз токты басқа жүйесінен өз бетінше құралымдық кабельдер желісін пайдалану арқылы бірыңғай ақпараттық кеңістік базасында құрылады.

6.10.7.16 Инженерлік жүйе мониторингі өз ішіне зәулім және теңдессіз ғимараттардағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты Астана (Алматы) қаласының жедел оперативті басқармасының бірыңғай жүйесіне хабарлауды енгізу керек.

6.10.7.17 Зәулім және теңдессіз ғимараттардағы адамдар қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін аталған Ереже тарауындағы мазмұндалған арнайы іс-шаралардан басқа келесідей шараларды қарастырған жөн:

- қаланың ҚІІБ, ҚР ММ ТЖМ технологиялық жабдықтарын орналастыру ғимараты (жедел радиобайланыс жүйесі жабдықтары ЖРБЖ)– ( қосымша Ж ) и МӨҚ (мемлекеттік өртке қарсы қызмет) ҚР ММ ТЖМ;

- ғимараттың негізгі көтергіш құралымының стационарлық станса мониторингіне арналған ғимарат (диспетчерлік біріктіруге болады) және стансаның өлшеуіш пунктін орнату орыны (қосымша К).




Каталог: upload -> files -> 2012
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Әулет, қала құрылысы және құрылыс
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет