Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет20/57
Дата28.04.2016
өлшемі5.8 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57

7.10 Лифтілер


7.10.1 Лифтілерді ұстауды, қызмет көрсету мен техникалық қадағалауды белгіленген талаптарға сәйкес мамандандырылған ұйым жүзеге асырып, лифтерлермен бірлесіп желілік электр механиктер (жеделсатылық қызмет көрсету) немесе (жеделсатыларды диспетчерлік пультқа қосқан кезде) - диспетчерлермен (операторлармен) және кезекші электр механиктермен (кешенді қызмет көрсету) бірлесіп желілік электр механиктер жүргізген жөн. Кешкі, түнгі уақытта және демалыс күнделі лифтілердің жұмысындағы ақауларды жоюды авариялық қызмет жүзеге асыруға тиіс.

7.10.2 биік ғимараттарда жолаушы лифтілерінің жылдамдығын 1,6-дан 7,0 м/с-ке дейін қамтамасыз ету қажет (лифтілердің паспорттық деректеріне сәйкес)

7.10.3 Егер лифтілік жүйенің көтеру қуатты 5 мин ішінде ғимаратты толтырған (немесе босатқан) кезде пайдаланушылардың пайыздық коэффициентіне: тұрғын ғимараттар үшін - 3-7%, бірнеше пайдаланушылары бар ғимараттар– 11-15% және көптеген пайдаланушылары бар ғимараттар үшін 3-7% сәйкес келетін болса, ол пайдалану үшін жарамды.

7.10.4 Пайдаланушылар саны қабатта алып жатқан пайдалы аудан мөлшеріне қарай анықталады:

- офистік ғимараттар 8-12 кв. м.\ад,

- қонақ үйлер 1,5-1,7 ад.екі орындық нөмірге,

- тұрғын ғимараттар 1,2-3 ад\пәтерге ( пәтердің мөлшеріне байланысты).

7.10.5 лифтілік шахталар мен машиналық жайларды орналастыру тұрғын жайлар мен адамдар тұрақты болатын жайлардағы шудың деңгейлері бойынша нормативтік параметрлерді қамтамасыз ету қажет.

7.10.6 Лифтілердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, паспорттық деректерге сәйкес, биік ғимараттың үстіңгі тігінне максималды есептік ауытқулар нормативтік талаптардың шеңберінде болуға тиіс.

7.10.7 Пайдаланатын ұйым (лифт иесі – сонда лифтілер орналасқан ғимараттың иесі, сондай-ақ солардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, соның ішінде кондоминумдар, серіктестіктер, тұрғын үй иелерінің бірлестіктері және өзгедей ұйымдар) тиісті қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру арқылы лифтіні дұрыс күйінде ұстауды және оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді.

Бұл мақсаттар үшін пайдаланушы ұйым қамтамасыз етеді:

Қазақстан Республикасының    федералды заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басқа да нормативтік техникалық құжаттардың сақталуын;

лифтілерді пайдаланумен байланысты жұмысшылар штатының жинақылығын;

аталған жұмыста тиісті біліктілік талаптарды қанағаттандыратын және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарды жұмысқа жіберуді;

өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмысшыларды дайындау мен аттестациялауды;

жұмыстарды жүргізу ережесін белгілейтін нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттардың болуын;

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды;

лифтілерді техникалық диагностикалау, тексеру жүргізуді және белгіленген пайдаланым мерзімі аяқталысымен лифтілерді пайдаланымнан шығаруды;

лифт жайына бөтен адамдардың кіруін болдырмауды;

өкілеттіктеріне сәйкес беретін бақылаушы органдар мен оның лауазымды тұлғаларының ұйғарымдарын орындауды;

адамдардың өміріне қауіп төнген кезде лифтіні пайдалануды өз бетімен немесе Мемқалтехқадағалау органдарының және лауазымды тұлғаларының ұйғарымымен тоқтата тұру;

лифтіде авариялар мен қайғылы оқиғалардың зардаптарын оқшаулау мен жою бойынша шаралар, лифтіде авариялар мен қайғылы оқиғалардың себептерін техникалық анықтауға қатысуғ сондай-ақ аталған себептерді жою және олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

лифтіде инциденттің туындау себептерін талдауды, сондай-ақ аталған себептерді жою мен мұндай инциденттердің алдын алу бойынша шаралар қабылдауды;

адамдардың өмірі мен лифтілерді пайдаланумен байланысты жұмысшылардың денсаулығын қорғау бойынша шараларды; мемлекеттік биліктің тиісті органдарына лифтідегі авария мен қайғылы оқиға туралы уақытында хабарлау;

лифтідегі аварияларды, инциденттерді және қайғылы оқиғаларды есепке алуды;

бүкіл пайдаланым мерзімінде лифтіде авария болған жағдайда, басқа адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру үшін жауапкершілік қаупін сақтандыруды INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image036.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image036.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image036.gif" \* MERGEFORMAT .2


8. Әр түрлі аумақтарда тұрғын үй ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу ерекшеліктері

8.1 Негізгі ереже


8.1.1 Отырғыш, ісетін, тұзды топырақта, жүзгіш- құмдарда, борпылда құмдарда, өңдіру аудандарында, сейсмикалық аудандарда қазбалы аумақтардағы топырақтарда салынған тұрғын үй ғимараттарын пайдалану көрсетілген ерекше аймақтарда жобалау мен салу бойынша арнайы және нормативтік құжаттардың және осы Ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

8.1.2 Ерекше жағдайларымен аудандардағы тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдар пайдалану барысында ғимараттар мен инженерлік жабдықтың техникалық күйіне бақылаулар жүргізуге, отырған немесе тұзды топырақтар суланған кезде төмендеудің әсерінен, ісетін сазды топырақ суланған кезде іргестастардың көтерілуінен; сумен нашар қаныққан сазды және торфталған топырақты немесе жүзгіш- құмдарды басқан кезде іргестестардың беріктілігін жоғалтудан және сейсмикалық күштердің әсерінен ғимараттардың бүзылуының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асыруға тікелей қатысуға тиіс.

8.1.3 Отырғыш топырақтағы, қазбалы аумақтардағы, сейсмикалық жағдйлардағы ғимараттың паспортына іргетастардың құрылымдық ерекшеліктері туралы қосымша мәліметтерді қосқан жөн: негіз топырақтарының сипаттамасы; салу және пайдалану кезінде топырақтарды сақтау бойынша шаралар; ғимараттың шөгуі мен деформациялануына орындалған қадағалау нәтижелері.

8.1.4 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымда тексеру құдықтарын, кірме мен жеңсырықтардың орналасуын, жекелеген телімдерде суды ағытуға мүмкіндік беретін, бекітпе құрылғыларды орнату жерлері мен жоспардағы олардың нөмірлері болуға тиіс.



Каталог: upload -> files -> 2012
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
2012 -> Әулет, қала құрылысы және құрылыс
2012 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет