Шарттың ұғымы және жағдайлары. Шарт жасасу, өзгерту, және шартты бұзу. Шарт туралы жалпы ережелер



Дата14.08.2020
өлшемі15.2 Kb.

Шарттың ұғымы және жағдайлары. Шарт жасасу, өзгерту, және шартты бұзу. Шарт туралы жалпы ережелер.


Орындаған: Тойбай А.М

Тексерген: Бидайшиева А.Б


Шарт

Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады.

Жасалу жолдары:

ауызша

жазбаша

Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар


мiндеттемелiк

заттық


авторлық

Ақылы және ақысыз шарт


Шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады.

Бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бiр нәрсенi ұсынуды мiндетiне алған шарт ақысыз шарт болып табылады.



Егер заңдардан, шарттың мазмұнынан немесе мәнiнен өзгеше туындамаса, шарт ақылы болуы мүмкiн.

БАҒА

  •       1. Шарттың орындалуы тараптардың келiсiмiмен белгiленген баға бойынша төленедi.
  •       Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар белгiлейтiн немесе реттейтiн баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б.) қолданылады.
  •       2. Шарт жасалғаннан кейiн бағаны өзгертуге шартта, заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша жол берiледi.
  •       3. Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерiн негiзге ала отырып оны анықтау мүмкiн болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезiнде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшiн алынатын баға бойынша жүргiзiлуге тиiс деп есептеледi.

Жария шарт

  • Жария шарт
  •       1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғамен жасалған және мұндай тұлға өз қызметiнiң сипатына қарай оған жүгінетін әркiмге қатысты жүзеге асырылуға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметi, энергиямен жабдықтау, медицина, қонақүй қызметiн көрсету және т.б.) жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады.
  •       Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан басқа, жария шарт жасасуға қатысты бір тұлғаға басқалардың алдында артықшылық көрсетуге құқығы жоқ.
  •       2. Тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей болып белгiленедi.
  •       3. Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұсыну мүмкiндігі бола тұра кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi.
  •       Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған кезде осы Кодекстiң 399-бабының 4-тармағында көзделген ережелер қолданылады.
  •       4. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi жария шарттарды жасау және орындау кезiнде тараптар үшiн мiндеттi ережелер (үлгi шарттар, ережелер және т.б.) шығаруы мүмкiн.

Шарттың нысаны

оферта

акцепт

  • 1. Шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткiлiктi дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзiн сонымен байланысты деп есептеу жөнiндегi ниетiн көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулi ережелерi немесе оларды анықтау тәртiбi көрсетiлсе, ол жеткiлiктi дәрежеде айқын деп табылады.
  •       2. Оферта оны жiберген жақ ол алушының қолына тигеннен бастап байланысты етiп қояды.
  •       Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледi.
  •       3. Егер офертаның өзiнде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мәнiнен немесе ол жасалған жағдайдан туындамаса, алушының қолына тиген офертаны оның акцептi үшiн белгiленген мерзiм iшiнде қайтарып алуға болмайды.
  •       4. Жарнама және беймәлiм адамдар тобына жiберiлген өзге де ұсыныстар, егер ұсыныста тiкелей өзгеше көрсетiлмесе, оферта жасасуға шақыру ретiнде қаралады.
  •       5. Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетiлген жағдайларда шарт жасасу еркi көрiнетiн, шарттың барлық елеулi ережелерi бар ұсыныс оферта (жария оферта) деп танылады.
  •    1. Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады.
  •       Акцепт толық әрi бұлтарыссыз болуға тиiс.
  •       2. Егер заң құжатынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы iскерлiк қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды.
  •       3. Офертаны алған жақтың оның акцептi үшiн белгiленген мерзiмде онда көрсетiлген шарт ережелерiн орындау жөнiнде жасаған әрекеттерi (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиiстi соманы төлеу және т.б.), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетiлмесе, акцепт деп есептеледi.
  •       4. Егер акцептi қайтарып алу туралы хабар оферта жiберген жаққа акцептiң өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледi.

Шартты өзгерту және бұзу негiздерi

Егер осы Кодексте, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн.

  • Егер осы Кодексте, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн.
  •       2. Тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт:
  •       1) екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде;
  •       2) осы Кодексте, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
  •       Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады.
  •       3. Шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда (шарттан тиiсiнше iшiнара немесе толығымен бас тарту (осы Кодекстiң 404-бабы) шарт өзгертiлдi немесе бұзылды деп есептеледi.

Шартты орындаудан бiржақты бас тарту (шарттан бас тарту)

  • Шартты орындаудан бiржақты бас тарту (шарттан бас тарту)
  •       1. Шартты орындаудан бiржақты бас тартуға (Шарттан бас тартуға) осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген жағдайларда жол берiледi.
  •       2. Тараптардың бiрi, атап айтқанда:
  •       1) шартқа негiзделген мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған (осы Кодекстiң 374-бабы);
  •       2) егер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;
  •       3) шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттiк органның актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
  •       3. Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi.

Назарларыңызға рахмет.

Назарларыңызға рахмет.



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет